Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары: шығарылым, тіркеу, нарықтық баға, облигациялар және дивидендтік саясат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Лекция № 5

Акционерлік қоғамның бағалы қағазы

Ресейлік заңға байланысты бағалы қағаздар бланка немесе шоттағы жазба түрінде болады . Егер акционерлік қоғам акцияны бланка түрінде шығарса, онда оған қаржылық Министрлігінің рұқсаты керек ; акцияны сол Министрліктің лицензиясы бар баспа кәсіпорынында теру керек . Ал дайын бланклерді шет елге шығару үшін бланкні шығару жөнінде лицензия қажет . Лицензия алу үшін міндетті түрде төмендегі құжаттарн қажет :

  1. Еркін түрдегі бланктің санымен мәлімдеие .
  2. Кәсіпорын даярлығы жөнінде түсіндірме .
  3. Бағалы қағаздың үлгісі .
  4. Бланк дайындау шартының көшірмесі .
  5. Лицензия үшін төлемнің ( 2% ) банктен алынған анықтама көшірмесі .

Егер қоғам бланк шығарса, акционерге акция беріледі ; егерде тізімде жазу орындалса, реестрдан шығу қағазы беріледі .

Акционерлік қоғам облигация шығаруға құқылы . Номинал бойынша облигация өлшемі тұрақты капиталдың және қамтамассыздандыру сомасынан аспау қажет . Егер камтаммассыздандыру сомасы болмаған жағдайда, акционерлік қоғам облигация шығаруға құқы бар .

Облигация дегеніміз құнды қағаздар, ол жеке және заңды тұлғалардың сол қоғамға қарызы жөнінде куәлік . Облигация иелері акционерлік қоғамның мүшесі болып есептелмейді және оның басқару ісіне араласпайды . Облигация иегері мынадай құқықтарға ие :

  1. Облигацияның номиналдық бағасын алуға .
  2. Облигацияның белгілі бір пайызын алуға .

Сонымен қатар облигация иесі қоғам ликвидацияланған жағдайда оның қорының бөлігін алуға және пайдасын қолдануға құқылы . Облигация төмендегідей екі түрге бөлінеді :

  • атаулы ( арнайы реестрде есепке алынады )
  • көрсетілуші ( рынокта еркін айналымда болады )

Облигация акция секілді қаржылық рынокта айналымға түсуі мүмкін . Облигация пайызы квартал бойынша, жарты жылдық және жылдық бойынша төленеді . Егер пайыз белгіленген уақытта төленбесе төлеуге қаблетсіз деп жарияланады немесе мүлік уақытша жарамсыз болып табылып, кредитті төлеу мақсатында сатылуы мүмкін . Пайызды төлеудің негізгі көзі таза пайда және арнайы сақталған қор болып табылады .

Акционерге акция сертификаты берілуі мүмкін . Сертификат шығару қорды үнемдеу мақсатында орындалады . Сертификат - акцияның белгілі бір бөлігіне ие жайында куәландыратын бағалы қағаз .

Акционерлік қоғамның тәртібі бойынша акция санына екі түрлі шарт анықталған :

  1. Тәртіп бойынша бір акционердің акция саны және дауысы шектелуі мүмкін .
  2. Акционерлердің акция сатып алуға мүліктік құқы бар заңдылықтар бойынша бекітілген . Бұл заңдылық ашық акцинерлік қоғамға да жабық акционерлік қоғамға бірдей . Ашық акционерлік қоғамда мүліктік құқы қосымша акция түрінде пайда болады .

Барлық бағалы қағаздар шығарылу түріне қарамастан тіркеуден өту керек . Мемлекеттік тіркеу 2 жолмен орындалады :

  1. Қаржы Министрлігі - тіркеуді жүзеге асырады, егерде құнды қағаздың бір түрінің бағасы 50 миллиард рубльден кем болмаса, жәнеде эмиссия мемлекеттік органдармен, жергілікті басқару органдарымен немесе сақтандыру компанияларымен жүзеге асырылса .
  2. Сол облыстың қаржылық басқарылуы :
  • Шығарылған барлық бағалы қағаз тіркеуге алынады, шығарылу бағасы 50 млрд рубльден кем болмаса ;
  • Шығару бағасына байланыссыз тіркеуге алынады .

Егер эмиссия бағасы 50 млн рубльден көп немесе қосымша шығару кезінде осы сомадан асып кеткен жағдайда антимонополиялық саясат комитетінің рұқсаты болуы тиіс .

Эмиссияны тіркеу үшін келесі құжаттар қажет :

  1. Тіркеуге өтініш .
  2. Кәсіпорын құжатының көшірмесі .
  3. Эмиссия проспектісі .
  4. Құнды қағаздармен орындалған операциялар үшін төленген салық жайында анықтама ( 0, 8 % ) .

Бағалы қағаздар жоғарғы және төменгі бағалы қағаздар рыногында сатылады және сатып алынады . Бірінші рыногта сатып / стып алу және бағалы қағаздарды орналастыру оның алғашқы иесімен іске асырылады . Екінші рынокта ерте орналастырылған бағалы қағаздарды қайта сату оның жаңа қожайынымен іске асырылады ( жай рынокта немесе қорлық биржа арқылы ) .

Бағалы қағаздар курстық баға бойынша сатылады ; курстық баға рыноктык бағамен сәйкес келуі мүмкін жәнеде керісінше бағаға әсер ететін факторларға байланысты өзгеше болуы мүмкін . Ол фактор екі түрлі :

  1. Қалыпты факторлер : дивиденд және ссуда пайызы .
  2. Тұрақты факторлер :сұраныс және қаржылық - кредиттік саясаты . дезинформация

Курстық баға дивидентке тура пропорционал ссуда пайызына кері пропорционал .

Рубльдік дивиденд

Ра = * 100%

Банктің депозиттік пайызы

Курстық баға шарт жасау барысында бағдар болады. Нақты бағаның айналысындағы негізгі көрсеткіш болып табылады . Формула банктен депозит бойынша алынған пайда түсіретін акцияны қандай бағаға алуға болатынын көрсетеді .

Заңға сәйкес рынокте алынған акционерлік қоғамның 15 % акциясына қаржылық Министрлігінің рұқсаты қажет . Ал 35 % акцияға 50 % дауысқа міндетті түрде Министрліктің де антимонополиялық саясат комитетінің де рұқсаты қажет ( капиталы 50 млн асатын акционерлік қоғамға берілмейді ) .

Баға қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар . Бұл ерекшеліктер 1994 жылдың 1 - нші шілдесінен бастапжария ету бағдарламасында көрсетілген . Мүліктік қаржылық салым, коммерциялық конкурс және аукцион арқылы қалыптастырған акция құны номиналдық бағадан 70 % төмен, 200 % - дан жоғары болуы мүмкін емес . Ол құн мемлекеттік атқару органымен анықталынады . 1994 жылдың 1 шілдеге дейінгі жария ету процесіне дейін құрылған акционерлік қоғамның акциясының номиналдық құны мүліктік қормен ұлғаюы мүмкін ( алайда бұл көрсеткіш 20 есе көбеюден аспауы тиіс ) . Бағалы қағаздың бастапқы бағасы жай акцияның бағасынан 10 % - ке қымбат, ал басқа жағдайларда номинал бойынша құрылады. Ең соңғы жағдайға сүйенер болсақ мүліктік қорда акция қалмаған жағдайда бағаны рыноктык құнмен қарастырған жөн .

Акция қорлық биржа арқылы сатылады және сатып алынады . Акциялық келісім шарт 2 негізгі түрге бөлінеді :

  1. Нақты салымдық келісімдер :Кассалық келісім - шұғыл түрде есептеу ; Шұғыл келісім

Кассалық келісім пирамидалық келісім, ал шұғыл келісім репорттық және депорттық келісім болып табылады .

  1. Спекулятивтық келісімдер :Кәсіпорындық пайда алу

Кәсіпорындық пайда - шығарылған акцияның номиналдық бағамен сатылған бағаның айырмашылығы .

Акционерлік қоғамды құру негізінде дивидендтік саясат өте маңызды кез болып табылады .

Дивиденд - акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігі . Ол акционерлер арасында акция санына пропорционал түрде бөлінеді . Дивиденд көлемі түскен пайдадан салық төленгенде, кәсіпорын ұлғаю қорына аударғанда, сақтандыру резерві толтырылғанда, облигация бойынша пайызы төленгенде анықталынады .

Салық төленгеннен кейін қоғамның түскен пайдасы өзінің иелігінде болады және директорлар кеңесімен мыналарға бөлінеді :

1 . Облигация бойынша пайызын төлеу .

2 . Резервтік қорға аудару .

3 . Келісім - шарт бойынша жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақысын төлеу .

4 . Акционерлерге дивиденд төлеу .

Директолар кеңесі дивиденд төлеу көлемін анықтайды . Соңғы және аралық дивиденд төленуі мүмкін, егер соңғы дивиденд болмай аралық дивиденд болған жағдайда тығырықтан шығудың үш жолы бар :

  • Аралық дивиденд соңғы дивиденд ретінде есепке алынады .
  • Аралық дивиденд тездетілуі мүмкін .
  • Акционерлер аралық дивидендті қоғамға қайтарады .

Аралық дивиденд оның төленуі жайында шешім қабылданғаннан 30 күн өткен соң беріледі . Соңғы дивиденд жылдық көрсеткіш бойынша төленеді . Дивидендтің жалпы дәрежесінде директорлар кеңесі анықтайды .

Бұл кеңесте дивиденд ұлғаюы мүмкін емес, алайда төмендетілуі мүмкін .

Егер акционерлік қоғамның пайдасы төмен болса дивиденд төлеуге рұқсат етілмейді .

Қажетсіз дивиденд компанияның капиталы болып есептелінеді .

Негізінде эксдивендтік деген мерзім деген ұғым бар . Осы мерзімге дейін барлық акционер иелері дивидендке тең құқылы . Бұл уақыт өткенсоң транакция болған жағдайда дивиденд бұрынғы иесіне беріледі . Сондықтан бұл уақытта акция бағасы төмендейді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары: нарық, түрлері және бухгалтерлік есебі
Дивидендтік саясат пен табысты үйлестіру принциптері: KEGOC акционерлік қоғамының талдауы
Акционерлік қоғамдардағы дивидендтік саясат пен пайда үлестіру: теориялар, факторлар және төлеу түрлері
Акционерлік қоғамдардың тиімділігі: капитал құрылымы мен дивидендтік саясат (Қазақтелеком АҚ мысалында)
Қазақстандағы акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығы: акциялар, облигациялар, туынды құралдар және реттеу
Бағалы қағаздардың маңызы, қызметі және шығару механизмі: жіктелуі мен облигациялар
Дивидендтік саясат: теориялар, әсер ететін факторлар және қалыптастыру әдістері
Нарықтық ортадағы акционерлік қоғамның қалыптасуы, басқару құрылымы және қызмет ерекшеліктері
Кәсіпорындардың қаржы менеджменті: ақша ағындарын басқару, тәуекелдер және дивидендтік саясат
Қазақстандағы бағалы қағаздар мен олардың нарығы: акциялар, облигациялар, вексельдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz