Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде


Жоспар:
ІІ. Негізгі бөлім
- Хрущев Н. С. - Өмірбаяны
- Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде.
- Өнеркәсіптің дамуы.
- Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
ІІІ. Қорытынды
ХРУЩЕВ Никита Сергеевич (1894-1971) - Кеңес мемлекеті мен партия кайраткері. Еңбек жолын Донбастың зауыттары мен шахталарында слесарь болып бастаған. 1931 жылдан Мәскеуде партиялық жұмыс істеді. Украина КП(б) ОК-нін бірінші хатшысы болды. 1953 жылдан бастап КОКП ОК-нің бірінші хатшысы, 1958-1964 жылдары бір мезгілде КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ішкі жөне сыртқы саясаттағы «жылымықтың », қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстардың бастамашысы болды. Партиялық-мемлекеттік жүйеге өзгерістер еңгізу әрекеттерін жасады. Партиялық және мемлекеттік аппараттың артықшылықтарын шектеуге, халық тұрмыс және материалдық жағдайын жақсартуға, қоғамды неғұрлым ашық қоғамға айналдыруға тырысты.
Партияның XX (1956) және XXII (1961) съездерінде И. В. Сталиннің қызметі мен жеке басына табынушылықты ашық сынады. Алайда елдегі тоталитарлық тәртіпті сақтауға тырысу - басқаша ойлауды басып-жаншу, жұмысшылар демонстрациясын атқылау (Новочеркасск, 1962 ж. т. б. ), интеллигенция өкілдеріне қысым жасау, егеменді елдердің ішкі істеріне араласу (Венгриядағы карулы интервенция, 1956 ж. ), Батыспен әскери қарама-қарсы тұрудың шиеленісуі (Берлин дағдарысы, 1961 ж., Сариб дағдарысы, 1962 ж. ), саяси асыра сілтеушілік («Американы қуып кетіп, басып озу!» ұраны, 1980 жылы коммунизм орнатуға уәде ету) оның саясатын дәйексіз етті. Мемлекеттік және партия аппаратының наразылығы 1964 жылы 14 казанда КОКП ОК-нің пленумы Хрущевті Бірінші хатшы қызметінен, КОКП ОК Президиумының мүшелігінен босатты.
Өнеркәсіптің дамуы
1946 жылға қарай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, 7500 өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, калалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллиондаған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Осындай әскерден қайтқандардың қатарында Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов та болды. Жауапты қызметтерді аткарған кешегі жауынгер өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, ауылды жандандыруда көп еңбек сіңірді, депутат болып сайланғаннан кейін ең маңызды заңдарды қабылдауға тікелей катысты.
Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмыска орналастыруға, әскери өндірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жұмыстар жүргізді.
Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта кұру басталды: халық комиссариаттарының мақсаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нұсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артық жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалык бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді.
1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халык шаруашылығын қайта калпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі каржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуғаға, ауыл шаруашылық дақылдарының өніміділгін арттыруға жұмсау қарастырылады. Соғыстан кеінгі құрылстың болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды.
Бұл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалыпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржыларының есебінен халыққа арналған тұрғын үй құрылысының саны көбейді. Алайда өкінішке қарай жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік корғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын канағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен кызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетті, сондықтан олар артық еш нәрсе сатып ала алмағанын атап өту керек.
Сол уақыттағы кең қолданған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайын нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшы айына орташа 16, 4 сом, яғни жұмысшы мен кызметші өз еңбегі үшін алатын жалақыдан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азық-түлік өнімдерін өте төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінің тұрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан ісініп, өле бастады. Бірақ бұл елден мұқият жасырылды.
Соғыстан кейінгі коғамда пісіп-жетілген өзгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай тұншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ.
Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінті алғашқы жылдардың өзінде коғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953-1954 жылдары өзіне коғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік коғамдағы қарама-кайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылықтың ұжымдылығы т. б. сияқты көкейкесті проблемалар жөнінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақ-тарға жауап іздеуде КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді.
Денсаулығының күрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы 1 наурызда И. В. Сталиннің миына қан құйылды. Қажетті кезеңде диктаторға ешкім көмек көрсете алмады, өйткені оны емдейтін дәрігер Виноградов жалған айыпталып тұтқындалған еді. Өз серіктерінің (Л. Берия, Г. Маленковтар) көмек көрсетуге шамалалары келмеді немесе көмекке ұмтыла қоймады.
Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі КСРО Ішкі істер халкомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасынын бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметінің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскүнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды. Л. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және Л. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси корытынды - жеке басқа табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялық және мемлекеттік кызметтерге Л. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылық идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903-1953) құжатында маңызды міндет болып танылды.
Одан әрі демократиялық қайта құру процесі неғұрлым белсенді өте бастады. Алайда И. Сталиннің өлімі ол құрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жок. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып койды, Сталиннің өзі сияқты адам құкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, Л. Каганович т. б. ) жоғарғы мемлекеттік кызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО-дағы түрмелерде 5, 5 млндай тұтқындар балды.
Қоғамдық ойдағы екі бағыттың күресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нұсқауларымен аныкталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бұл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына та-бынушылықты айыптауы болды. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке басқа табынушылыктың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съездің көптеген делегаттары үшін жаңалық Сталиннің жеке басына берілген Лениндік баға болды. Партия тарихында Лениннің «өсиеті» ретінде белгілі болған хат XXсъездің делегаттарына таратылды. «Біз бұл мәселеге байыпты қарап, дұрыс талдауға тиіспіз, -деп атап қөрсетті Н. С. Хрущев, -Сталиннің көзі тірісінде орын алған өзіне қайшы келгеннің бәріне шыдамсыздық көрсету, қарсы шыққандарға өрескел күш көрсету, кірпияздығы мен деспоттығына наразы болғандардың басшылык ұжымнан шыгарылуы, кейіннен моральдық тұрғыдан тапталып, көзі жойылған жағдайлардың, оған ұксас құбылыстардың қайталану мүмкіндігіне жол бермеуіміз керек».
Баяндамада И. Сталиннің, Н. Ежовтың, Л. Берияның өкімет билігін асыра пайдалануының көптеген фактілері келтірілді. Сонымен бірге НКВД-ның «қылмысты» істерді қозғау «тетігі» ашып көрсетіліп, айыпталудың жалғыз дәлелі айыпталушының өз айыбын қинау, азаптау жолымен «мойындауы» болғаны айтылды. Н. Хрущев Сталиннің көптеген коммунистерді, адал, тәртіпті адамдарды, КСРО-дан саяси баспана іздеген шетелдік коммунист-антифашистердің көзін жоюдағы рөлі мен кінөсін жан-жақты баяндады. Миллиондаған кеңес азаматтары соғыс алдында оның асқан күдікшілдігінің кұрбанына айналды.
«Фактілер көрсеткеніндей, - деп жалғастырды сөзін баяндамашы, - жеке баска табынушылықтың құбыжықтық мөлшерге дейін есуі, негізінен, Сталиннің өзі жеке басын асыра дәріптеушілерді үнемі колдап, ынталандырып отыруынан болды . . . »
Алайда И. В. Сталиннің жеке басына табынушылыққа, шағын топтың шексіз билігіне қарсы күреске күш тапқан Н. С. Хрущев пен оның жақтастарының батылдығы мен ерлігін атап өте тұрып, авторитарлық жүйені қиратудың белгіленген жоспары соңына дейін жеткізілмегенін ескеру қажет. Іс бірнеше адамның жеке басына табынушылықты сынау, әшкерелеумен ғана шектелді. Хрущев куғын- сүргін әрекеттеріне өз басының катысы жөніндегі мәселені қозғамай, КОКП ОК Президиумының жаңа құрамын, оның ішінде адал лениншілдер деп атап, Молотов, Каганович, Ворошиловтарды саналы түрде жауапкершіліктен құтқарды.
Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім кабылдады. Тек КОКП ОК-нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) каулысы дайындалды. Онда жеке басқа табынушылыкка байланысты туған қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мөтіні жарияланды Ал бұл мәтін көбейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ақ шетелде жарык көрген еді
Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған мыңдаған адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б. ) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат кеп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойып, қуғын-сүргіннен қазатапқан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілді.
Елдің экономикалық жағынан артта қалуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
Кеңес үкіметі мен КОКП ОК 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталыктандыруды жою мен одактас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін жүргізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында калып койды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басып жаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашык, көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды брынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазакстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құкыктарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылықтар, казақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т. б. өкімет орындары жүргізіп отыр-ған саясаттағы олқылықтар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазакстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің куғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан әрі бағынбаған мұғалімді психиатриялык ауруханаға жапты, ол аштық жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Ден-саулық сақтау министрлігі кызметкерлерінің деректері бойынша психикалык емдеу жолымен елде 90 мыннан астам «баскаша ойлайтындар» жазаланды.
50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жөнінде заңды сұрак туындайды.
Негізгі себептердің бірі- саясатта ғылыми негізделген болжаманың жоқтығы, Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мәдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының әсері де
Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шықкан кұбылыстарын гана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын калған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау жөніндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущев социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік қоғам құрылысын кең көлемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Марксистер мен олардың жолын қуушылардың утопиялық көзкарастарын сынаған философ Николай Бердяев көп жайттарға байсалды баға берді. Большевизм басшыларының утопиялық көзкарастары жөнінде өз уакытында Мұстафа Шоқай, Смағүл Сәдуақасов т. б. да айтқан еді.
Басталған саяси реформалар әкімшілдік жүйенің экономикалық базасын өзгерте алмады.
Батыс державаларымен «кырғи қабақ соғыс» жағдайында болған КСРО соғыстан кейін Семейде ядролык полигон салуға кірісті. Полигонда 1949 жылдан бастап өте құпия жағдайда ядролық сынақтар жүргізіле бастады. Бұл жөнінде жергілікті халыққа еш-қандай мәлімдеме жасалған жоқ.
50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялық байланыска түсті. Бұл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы кызметі жаңа серпін алды. Халыкаралық шиеленістің бәсеңдеуі КСРО-ның халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар көтеруіне жағдай жасады.
Қазақстанның индустриялык дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметтік-таптық қүрылымында терең өзгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жұмысшылардың, шаруалардың, зиялылардың үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды.
50-жылдардағы Қазакстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Майда әр түрлі үлт өкілдерінің әзін-өзі халықтарға байланысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ.
1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн-дай адам келді. Осымен бірге бүл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең көлемді жұмыс жалғас-ырылды. 1954-1965 жылдары Қазакстан халкына 0, 5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл тенденция жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халык пен баска халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшактыкка әкелді. 1962 жылы казақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазак ұлты елдің 85%-ы еді. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктерінің деңгейі, ана тілдің жағдайына әсер етті.
Сталиннің өлімінен кейінгі алғашқыы жылдары үкіметтің ішкі саясатында адамдардың қажеттіліктеріне қарай бет бұру сарыны байкалды. Бұл Сталин кайтыс болғаннан кейінгі төртінші күні Мавзолей мінбесінен Г. М. Маленков сөйлеген сөзден айкын көрінді, ол жұмысшылардың, колхозшылар мен зиялылардың материалдык хал-ахуалын үнемі жақсартып отыруға кол жеткізу - партия мен үкімет үшін заң болып есептелінетінін жариялады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1953 жылғы тамыздағы мәжілісі мен КОКП ОК-нің кыркүйек (1953) Пленумында қуатталып, одан әрі дамы-тылған бұл міндетті жүзеге асыру еңбекшілердің әкономикалык мүдделерін барынша есепке алуға, шаруашылық жүргізудің қолайлы экономикалық әдістерін колдануға бағытталды.
Бірақ болашағы зор жаңа саяси шешімдер жүзеге асырылмады. Әкімшілік жүйенің әрекет етуі мен халык шаруашылық жоспарларын жасауда одақтас республикалардың ролін темендету жағдайларында басқаша болуы мүмкін емес еді. Экономиканы экстенсивті сипатта дамыту бағыты республиканы шикізат шылауы ретінде пайдалануға әкеп соқты. Республика аумағында жаңа өнеркәсіп алыптарын сала отырып орталық ведомстволар, одақтық министрліктер оның әлеуметтік базасының дамуы мен экологиялық тепетеңдікті сактауға көңіл бөлмеді.
Әлеуметтік проблемаларға осындай селқос көзқарас өз ізін қалдырды. Үлкен наразылықтың бұрк етуі 1958 жылы жазда болып өтті. Теміртауда салынып жаткан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды, 1958 жылдың соңына дейін облыска 132 мың адам келді. Келесі жылы бұған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірак олар жетіспегендіктен жмысшыларды палаткаларға (шатырларға) орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындыктар, ауыз су жетіспеушілігі, нашар ұйымдастырылған тамактандыру адамдардың заңды наразылығын туғызды. Жұмыссыз тұрып қалу да жиі кайталанды. Әлеуметтік жарылыс үшін қандай да бір сылтау керек болды. Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының қоғамдык тамақтандыру нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп төртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке қарай жұмысшылардың наразылығын қылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Тобыр дүкендерді, базарды, әмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәртіпсіздіктер үш күндей жалғасты. Шектен шығудың алдын алу үшін әскер әкелініп, кару колданылды.
.
Алайда КСРО-ның партиялык-саяси басшылығы сталиндік дәуірдің мұрасын соңына дейін жоя алмады. Мұндай сабактастық сыртқы саясат қызметін демократияландыру жолында қиыншылықтарға әкеп сокты. Дүние жүзі бұрынғыша бірнеше топқа бөлінді. Мұндай бөлінудегі басым бағыт - КСРО мен АҚШ-тың, олардың одактастарының бір-біріне қарама-қарсы тұруы болды. Неғұрлым қуатты мемлекеттердің бір-біріне қарсы топтарға белінуі бірнеше әскери-саяси топтардың: Батыс Еуропалық одақ, СЕАТО, Бағдат пактісінің құрылуына әкеп соқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz