Қала экологиясы жайлы


ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ

Қалалардың саны мен олардың тұрғындарының тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық тез өсіп келеді. Латынша «urbs»-«қала» деген сөз ертеден белгілі болғанымен, «урбанизм» немесе «урбанизация»түсінігі соңғы жылдары жиі қолдана бастады.

Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы кенеттену (урбанизация) процесінің күшеюіне алып келді. Қазақстан Республикасы да дүние жүзілік кенеттену әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе өнеркәсіп орындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қала саны, оның ішінде, ірі қала саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қала саны жақын арада көп өзгере қоймады, ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарғанды, Шымкент қалаларында 1км-ге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялықжағдайдын үнемі нашарлауына себеп болуда.

Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан асатын 4 қала болса, 1920жылы олардың саны 25-ке өсті, 1950 жылы 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті.

Қазақстан Республикасы 2724, 9 мың км аумақты иемденіп жатвр. Қазақстанда 14 облыс, 86 қала (сонын ішінде, облыстық маңызы бар 39 қала, аудандық маңызы бар 45 қала), 181 кент, 168 ауыл шаруашылығы ауданы бар. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі 13-кестеде келтірілген.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

(2004 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет)

:
Аумғымың км:

Аумғы

мың км

Аудан-дары:

Аудан-

дары

Қала: Қала
Елді мекендер: Елді мекендер
: барлығы
Аумғымың км: Соның ішінде
Аудан-дары: кент
Қала: ауыл
:

облыстық

маңызы

бар

Аумғымың км:

аудандық

маңызы

бар

:

Қазақстан

Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс

Қазақстан

Жамбыл

Батыс

Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік

Қазақстан

Оңтүстік

Қазақстан

Астана қаласы

Алматы қаласы

Аумғымың км:

2727, 9

146, 2

300, 6

224, 0

118, 6

283, 2

144, 3

151, 3

428, 0

196, 0

226, 0

165, 6

124, 8

98, 0

117, 3

0, 7

0, 3

Аудан-дары:

168

17

12

16

7

15

10

12

9

16

7

4

10

13

12

2

6

Қала:

86

10

8

10

2

10

4

2

11

5

3

3

3

5

8

1

1

Елді мекендер:

39

2

1

3

1

6

1

1

9

4

1

2

3

1

4

-

-

45

8

7

7

1

4

3

1

2

1

2

1

-

4

4

-

-

181

15

2

15

12

26

12

5

39

12

12

6

7

3

13

2

-

7681

710

438

810

190

855

367

498

558

757

269

50

494

753

932

-

-

Жеке қалалар мен олардың тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, қазіргі қалалар бір-бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса көп аймақтар пайда болуда. Оларды мегаполис (грекше megas-үлкен, polis-қала) деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оңың ұзындығы -850км, халық саны-35 млн. Тынық мұхиты жағасында ұзындығы - 120км, ені - 60км Лос-Анджелес-Сан-Франциско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокохама қалалары) мегаполисінде 25 млн-нан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де Мәскеу, Владимир, Төменгі Новгород қалалары бір-біріне қарай «жылжып», аралары жақындап келеді.

Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда. Қала тұрғындарының ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.

Алдын ала болжамдар бойынша, XXI ғасыр соңына қарай Халықтың ¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырланған қалалар мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде олардың жартысына жуығы қалаларда тұратын болады.

1 млн-ға жуық халқы бар қала тәулігіне өте көп су қорын, азық-түлік, жанар-жағармай қорларын пайдалану нәтижесінде көптеген газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады.

Соңғы кездері үлкен қарқынмен дамыған мұнай өндіру, өңдеу кәсіпорындарының да табиги қоршаған ортаның экологиялық климатын өзгертуде, ауаны ластауда алар орны ерекше. Табиғат өзіне жасалған қиянатты ешқашан «кешірмейді». Оны дер кезінде тоқтатпаса, есесі үлкен шығындармен, орны толмас өкінішпен қайтатыны анық.

:
:

« ҚЫЗЫЛ КІТАП » ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ

Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттілігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандармен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін «патша қазынасы» деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3 км-ге дейінгі жердегі ағашты кескендерді қатаң жазалаған.

Мұндай көзқарастар кеіннен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа, Ресей, Кытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі - Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) еді. Ол 1948 жылы құрылды. (ХТҚО 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Дүниежүзілік табиғат қорғау деп аталады. ) Мақсаты - Дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скот айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, содан соң 1966 -1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-нің алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арнлған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды. (14-кестеде)

«Қызыл кітапты»ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институтының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми - практикалық конференциялар ұйымдастытрылды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір ғылыми түрге сипаттама беріліп, талқыға салынды.

Шыққанжылдары:

Шыққан

жылдары

Қорғалатын организмдер:

Қорғалатын организмдер

Шыққанжылдары:

Балық-

тар

Қорғалатын организмдер:

Қосмекен-

ділер

Бауырымен жор-

ғалаушылар

Құс-

тар

Сүтқорек-тілер

өсім-

діктер

Шыққанжылдары:

1978

1981

1991

1996

Қорғалатын организмдер:

4

-

16

16

1

-

3

3

8

-

10

10

48

-

58

56

31

-

42

40

-

306

-

506

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Әлеуметтік экология пәні баса ғылымдармен байланысы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологияның негізгі бағыттары
Есіл қалалық экологиясы
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Экология ғылымы туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz