Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы



1. Құқықтық жүйелердің ұғымы және түрлері
2. Мұсылмандық құқықтық жүйе
3. Роман . германдық құқықтық жүйе
4. Англо . саксондық құқықтық жүйе
5. Дәстүрлі құқықтық жүйе
6. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құкықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан қуұық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.
1. И.Ю.Богдановская. Закон в английском праве. М., 1987.
2. РенеДавид, Камима Жоффре-Спинози. Основные правовые сис¬темы современности. М., 1999.
3. Ф.М.Решетников. Правовые системы стран мира. М., 1993.
4. Н.Ө.Өсеров, Ө.Қ.Копабаев. Мұсылмандық құқық. Алматы, 1998.
5. Н.Өсеров. Жеті Жарғы. Алматы, 1995.
6. Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және Қазақтың әдет-ғұрпы. Алматы, 1992.
7. З.Кенжалиев. Көшпелі Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1997.
8. Т.М.Культелеев. Уголовное обычное право казахов. Караганда, 2004.
9. К.А.Алимжан. Вопросы теории обычного права. Алматы, 2003.
10. Проблемы казахского обычного права. М., 1989.
11. С.Сартаев, С.Созакбаев (С.Узбекұлы) Материалы по истории государства и права. Алматы, 1994.
12. Л.Р.Сюкияйнен. Мусульманское право. М., 1986.
13. Л.Р. Сюкияйнен. Шариат и мусульманско-правовая культура. М., 1997.
14. Аятолла Хамени. Исламское правление. Алматы, 1993.
15. З.Қари. Өлмес өсиет. Алматы, 1996.
16. Г.М.Керимов. Шариат и его социальная сущность. М., 1978.
17. А.Х.Саидов. Сравнительное правоведение. М., 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Жоспар:

1. Құқықтық жүйелердің ұғымы және түрлері
2. Мұсылмандық құқықтық жүйе
3. Роман – германдық құқықтық жүйе
4. Англо – саксондық құқықтық жүйе
5. Дәстүрлі құқықтық жүйе
6. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқықтық жүйелердің ұғымы және түрлері
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне
тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық
жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық
жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына,
этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты
болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құкықтық жүйелер жалпы ұғым
ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық
ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан
қуұық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие
болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің
жиынтығы.
Дүниежүзілік құқықтык жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:
1. Мұсылмандық құқықтық жүйе (діни);
2. Роман-германдық құқықтық жүйе;
3. Англо-саксондық құқықтық жүйе;
4. Дәстүрлік құқықтық жүйе;
5. Көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі.

2. Мұсылмандық құқықтық жүйе
Дүние жүзі мемлекеттерінде ислам діні кең тараған елдерде қалыптасқан
жүйе ретінде Сауд Арабиясында кең көлемде және барлық талаптарға сай
орныққан. Ливия, Тунис, Йемен, Біріккен Араб Эмиратгары, Иран, Пәкістан,
Ауғанстан, Индонезия сияқты мемлекеттерде қалыптасқан. Мұсылман құқының
пайда болуы ислам дінінің негізін салушы, Мұсылмандық сенімімен Құранның
уағызы бойынша, Алланның жердегі елшісі, ұлы пайғамбар Мұхаммедтің
(570—632) есімімен тікелей байланысты. Алланың сөзі өлмес өсиет ретінде
Қасиетті Құран пайғамбарымызға аят беру арқылы түсірілген. Онда
мұсылмандардың барлық мінез-құлықтары реттелген.
Мұсылман құқына тән мынандай ерекшеліктер бар:
1. Құқықты жасаушы жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау
бәріне міндетті. Құқық бұзушылыкқа бару алла қойған талаптарға қарсы шығу
болып саналады, құдай алдында кешірілмейтін күнә.
2. Мұсылман құқының қайнар көздері ретінде құран, хадис, иджма, тәфсир,
қыяс танылады.
а) Құран адамдарға Мұхаммед пайғамбар арқылы түсірілген алла сөзі
Жәннәттан бәріңде түсіндер, — деді — сендерге менен тура жол (кітап,
расул) келеді. Кімде-кім сол жолмен жүрсе, оған қауіп-қатер жоқ және олар
ешқашан өкінбейді (38). Ал, аяттарымызға күпірлік келтірушілердің және оны
өтірікке шығарушылардың орны тозақ. Олар тамұқта мәңгі қалады (39). Құран
алла сөзі ретінде адамдарға жазылған заңдар.
б) Хадистер (сунна) - жаңалық, хабар. Мұхаммед пайғамбарымыздың өз
ауызымен айтқан ұлағатты сөздері мен істерін баяндайтын, сунниттер аса
құрмет тұтатын, ереже, қағидалардың жиынтығы.
в) Иджма (келісім, бір ауыздан пікір білдіру) - қаралған, талқыланған
іс бойынша беделді мұсылман құқының білгірлері шығарған, қабылданған
қорытынды пікірлері.
г) Тәфсир - құранды оқу барысында оның мазмұнына, аяттарына берілген
доктриналдық түсініктемелер жиынтығы.
д) Қыяс (ұқсастық) - қаралатын, шешілетін мәселелерді бұрын шешімін
тапқан істермен салыстыру арқылы Құран, хадистер негізінде шешім қабылдау,
прецедент жасау.
3. Мұсылман құқықтық шариғат заңдары құқықты жариялық және жеке деп
бөліп қарамайды, реттеу жүйесі біртұтастық мағана ретінде танылады.
4. Адам құқықтарында Алла алдында міндеттіліктің басымдылық танытуы,
тыйым салынған әрекеттерді бұлжытпай орындау.
5. Мұсылман құқы дін, өмір, сана, ар-ождан және тұқым жалғастыру,
меншік сияқты бес құндылықтарды қорғауға бағытталған.

3. Роман – германдық құқықтық жүйе
Роман-германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында рим
құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық
кесімдердің қабылдануы. Бұл құқықтык жүйенің қалыптасып және дамуына VI
ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинианың Corpus iuris
civilis деп аталатын құқықтық құжаты ерекше рөл атқарады. XVIII-XIX
ғасырдың бас кезеңінде континенталдық Европа мен АҚШ-та Конституциялар мен
салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың
1789жылы,Францияның 1791 жылғы Конституциялары 1804 жылы Францияда
қабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Роман-германдық құқықтық жүйенің
өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Мемлекетте міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның
болуы.
2. Құқықтық жүйенің жариялылық (мемлекеттік, әкімшілік, қаржы,
қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық) және жеке болып бөлінуі (азаматтық,
неке, сауда).
3. Мемлекетте парламент қабылдаған заңдарды іс жүзіне асыру үшін заңға
сәйкес нормативтік кесімдердің қабылдануы (жарлық, қаулы, ереже, шешім және
т.б.), заңнаманың делегациялануы.
4. Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелінетін негізгі салаларды
кодекспен реттеледі.
5. Құқықтың қайнар көздері ретінде нормативтік құқықтық кесім болып
саналады, құқықтық әдет ғұрыпты пайдалану жоққа тән немесе мүлдем
қолданылмайды.
6. Судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық кесім негізінде
ғана шешім, үкім шығарады.
7. Сот прецеденті құқықтық қайнар көзі бола алмайды және сот
тәжірибесінде қолданылмайды.

4. Англо - саксондық құқықтық жүйе
Дүние жүзінің кейбір мемлекеттерінде англо-саксондық құқықтық жүйе
қалыптаскан. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және
басқа да Англияның бұрынғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Англо-
саксондық құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдірі
мен үкімдерінің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын
қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде пайдалануы. Негізінде англо-
саксондық құқықтык жүйе Ұлыбританияда пайда болды.
Англо-саксондық құқықтық жүйесінің өзіне тән мынандай ерекшеліктері
бар:
1. Жариялық және жеке құкық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.
2. Сот прецедентінің кең колданылуы және оның құқықтық кайнар көзі
ретінде танылуы.
3. Судьялар құқық жасайтын субъект ретінде танылады.
4. Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқы болып бөлінуі.
5. Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы.

5. Дәстүрлік құқықтық жүйе
Дәстүрлік құқықтық жүйе қалыптасқан мемлекеттерде құқықтың мазмұнына
және қалыптасуына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина жасау мамандығы
Ақпараттық жүйелердің құрылымы
Саясат тарихы туралы ақпарат
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Социалистік құқықтық жүйе
Кәсіпорын экономикасы
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Құқықтық жүйе
Өнім өндіруді оптимизациялау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Пәндер