Кәсіпкерлік құқық негіздері


Кәсіпкерлік құқық негіздері.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтық пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіакермен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері.
Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлект тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрәкетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарға негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген еқыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар; 2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық теңдігі; 3) бәсекеге еркіндігі және монополияны тежеу; 4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу; 5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық; 6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кәсіпкерлік құқыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; 7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық; 8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) эканомикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекетті құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету, баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін эканомикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай - ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, қазақстан Респуюликасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынандай шарттардың біріне сәйкес келетін:1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын; 2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндіріістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен жаңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқыла жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік - азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуғеа бағытталған бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиеслі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзгеде құқыққа байланысты жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті түрлеріне мыналар жатады: 1) Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Жай серіктестік бірлескен шарушылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шарушылық қызмет туралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Шаруа шарушылығы (фермерлік шаруашылық) .
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пейдаланумен, сондай - ақ сол өнімді ұқсату өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылык шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Фермерлік шаруашылықтық (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:
1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылык кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы; 2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық; 3) бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде үйымдастырылған фермерлік шаруашылық, болып табылады. Казақстан Республикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндіқ кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі бизнес субъектілері. Жеке кәсіпкер: 1) еңбек зандарына сәйкес жал-дау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісім шарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға; 2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігуіне кедергі жасамауға; 3) жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңгейде төлеуге; 4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экалогиялық қауіпсіздікті, еңбек қоргауды , қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны камтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға; 5) салықтарды және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді дер кезінде және толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жата-тын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға; 7) Қазақстан Республикасының зандарында қөзделген өзге де талаптарды сақтауға, міндетті.
Занды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке түлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Занды түлға қүрмаған жеке түлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, кызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
Занды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіңдегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпысмың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын занды тұлғалар шагын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Занды тұлға кұрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын . занды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерінің жалпы құны бір жыл ішінде үш жүз жиырма бесмың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын занды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.
Занды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: занды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестік.
Жарғылық капиталы кұрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міңдеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Серіктестіктің міндетгемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толык серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.
Қатысушылары серіктестік міңдеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Өзінің кызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz