КСРО-ның экономикалық дамуының кезеңденуі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

КСРО-ның экономикалық дамуының кезеңденуі

КСРО және одақтас республиалардың экономикалық дамуының кезеңденуі ұдайы өндірістік циклдерге негізделген. КСРО-ның экономикалық дамуында келесі 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады:

  1. Қазан революциясы, елдер экономикасының құлауы және қалпына келтіруі (1917-1926/27-жылдар) ;
  2. дамудың тез қарқыны мен (соғыс жылдарын санамағанда) әміршіл-әкімшіл жүйеге, экономиканың жоғары индустриялануы және милитарландырылуына өту кезкңі (1928-1953 жылдар) ;
  3. экономикалық өсу қарқынының баяулауы, резервтерді тауысу және жүйе дағдарысы (1954-70 жылдардың аяғы) ;
  4. Экономикалық өсудің тоқталуы, жүйенің таралуы және әміршілдік экономикадан рыноктық экономикаға өту (1980-90 жылдар) .

Кез келген экономикалық жүйенің қалыптасуы мен жұмыс істеу процесі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі- жүйенің бірте-бірте қалыптасуы (пайда болуы), бұл соның қоғамда үстемдік етуші ретінде бекуіне (пайда болуына) әкеледі. Екіншісі-толысу кезеңі, жұмыс істеу процесіндегі оның барлық мүмкіндіктерінің тарихи басымдылықтарының толық көрінуі. Үшіншісі- жаңа келешектегі жүйе элементтерінің тууы және дамуы жағдайындағы бірте-бірте «өлуі».

Әр жүйенің тарихи сипаты (қалыптасуы, толысуы, өлуі) қоғам дамуындағы ерекше-өтпелі жағдайдың пайда болатынын ескереді. Бұндай жағдайлардың ерекше белгілері болып болып мыналар табылады:

  1. Жаңа және ескі жүйенің элементтерінің қатар өмір сүруі;
  2. Қарама-қайшылықтарының ерекше сипаты-өлейін деп жатқан және жаңа туушы экономика элементтерінің күресі;
  3. Қоғамның өзінің өзгеруімен және келешектегі оның нұсқаларының (варианттарының) болашағымен көрінетін тұрақсыздық.

Өтпелі экономикасы бар көптеген елдердің тәжірибесі жоспарлы шаруашылықтың рыноктыққа айналуымен қатар жүретін трансформациялық құлдыраудың (өтпелі кезеңнің) анық көрінетін беталысы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Осы тенденция индустриялы типті экономикасы басым болатын елдерде көрініс береді (шығыс Еуропа ТМД елдері) трансформациялық құлдыраудың негізгі себептері, меншік нысандары мен шаруашылық тәсілдерінің радикалды өзгеруі, сонымен қатар экономиканың рыноктық емес бағдары болып табылады. ТМД елдерінде меншік қатынасстарының жоспарлы жүйесі мен шаруашылықты жүргізудің әдістеріне тән терең дағдарыспен байланысты трансформациялық құлдырау КСРО-ға тән индустриялы даму моделінің ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарысына дәл келді (халық шаруашылығы құрылымының шикізат салалары мен әскери-өнеркәсіптік кешенге қарай кенеттен ауытқуы, негізгі қрлардың жаппай тозуы) . Құлдыраудың күшеюіне қысқа мерзімді сипаттағы факторлар да көмектесті: 1) макроэкономикалық тұрақтандыру (мемлекеттің шығындар мен өндірістік сфералар кәсіпорындарын орталықтан несиелуін шектеу әсерінен төлем қабілеті сұраныстың кенеттен қысқаруы) ; 2) КСРО және СЭВ шеңберіндегі кооперациялық байланыстардың тарауы; 3) өндірістің сұранысқа бейімделуінің қиыншылықтары. Осының барлығы өндірістің құлдаруының көлемін ұлғайтты, дағдарысқа ерекше тереңдік пен қиыншылық берді, экономиканың дағдарыстық жағдайын уақыт бойынша созып жіберді.

КСРО-дағы социализмнің мемлекеттенгені: негізгі қасиеттері мен қарама-қайшылықтары

КСРО-да құрылған нақты социализм социализмнің теориялық моделінен елеулі ерекшеленеді. Бұл жерде социализмнің маңызды қасиеттерінен ауытқуы орын алды.

Біріншіден, социализм кезіндегі өндірістің тікелей қоғамдық (бірқалыпты) сипаты еңбек пен өнімнің әр түрінің еңбекті қоғамдық бөлу жүйесіндегі орнын алдын ала анықтады. Шынында бірқалыптылық нақты кері бйланыстарды, қызметкер еңбегіндегі бастама мен уәждеме мүмкіндігін жоққа шығаратын біржақты дерективалық басшылыққа ұласты.

Екіншіден, өндіріс құралдарына деген жалпы халықтық меншік халықтың өндіріс құралдарының қожайнына айналғанын білдіреді. Бірақ, іс жүзінде өндірістің негізгі құралдарының мемлекет қолына өтуі болып, ал халық тотаритарлық режим дерективаларына бағынуға мәжбүр болған жалдамалы қызметкерлерге айналды.

Үшіншіден, жоспарлы экономианың жоғары мақсаты халықтың әл-ауқатын үздіксіз өсіру еді. Бірақ, іс жүзінде тауар тапшылығы, өндіріс үшін, халық тұтынуы өсуін шектеу сияқты нәрселер орын алды.

Төртіншіден, социализм принципі материялдық және рухани игіліктерді еңбегі бойынша бөлу болып табылады. Іс жүзінде халықтың көпшілігі үшін басқару топтарға арналған орасан басымдылықтар қатар жүретін салыстырмалы бөлу орын алды.

Бесіншіден, социализм халықты әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесін көздеді. Іс жүзінде осы міндеттер қарапайым деңгейде шешілді.

Жоспарлы экономиканың ұзақ уақыт әрекет етуі жоспарлы экономиканың бірқатар жағымды қасиеттері мен олар іске асырылатын тиімді жағдайларға ие болумен түсіндіріледі. Бұл ресурстардың елеулі шоғырлануы, бұйрықтың тез орындалуы сияқты қасиеттер. Осы басымдылықтардың көрінуі үшін шаруашылық жүргізудің тиімді шарттары: өндіріс құрылымының қарапайымдылығы, экономика өсуінің экстенсивті типінің басым болуы.

Әкімшілік экономика дағдарысы-бұл оның жүйе ретіндегі дағдарысы. Оның мәні жоспарлы экономиканың, қоғамдық өндірістің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ете алмауында болып отыр. Осы дағдарыстың көріну нвсандары:

  • жоспарлы экономиканың ғылыми техникалық процесті қабылдамауы;
  • өндіріс факторларының тиімділігінің төмендей беруі;
  • экономиканы интенсивті даму жолына аударудың іске аспауы;

КСРО-ның тарауы және одақтас республикалардың егемендік алуы

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырауы салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі- ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондайақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әссіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты (1955 жж. ) арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің (капиталистік және социалистік) теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплеспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орсан зор зардаптарға ұшыратты.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси- идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар ұлттық сипат ала бастады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлт аралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қан төгіске әкеп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бір қатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егемен мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген републикалар Одағы ыдырады.

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік гемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды.

1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төржақты шарт жасау жөнідегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияныңорнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде ьолуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. 1991 жылдың қыркүйегінен бастап Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатысуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды Республика үкіметінің қарамағына беру, мемлееттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т. б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы Жарлығымен Қазақ КСР атауы Қазқстан Республикасы өзгертілді.

1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 7-ші сессиясында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. заңның бірінші бабында ҚР тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жаайды деп көрсетілді.

ТМД елдерінде (соның ішінде Қазақстанда) рыноктық экономиканың негізін қалыптастыру

ТМД-ның басқа елдері сияқты Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйесінен рыноктық жүйеге өтуді іске асыруда. Еуропаның социалистіктен кейінгі елдерінің тәжірибесі өтпелі кезеңнің үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезең-дағдарыстың даму кезеңі, өндірістің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция және инвестициялық белсенділіктің төмендеуінің қатар келуімен сипатталады.

Екінші кезең-макроэкономикалық тұрақтандыру (ең алдымен инфляцияның төмендеуі) кезеңі. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарысқа өтеді, бірақ, сонымен қатар экономиканың жекеленген салаларында өсу нүктелері пайда болады.

Үшінші кезең-экономикалық өсудің жандану кезеңі төмен инфляция, іскерлік белсенділіктің артуы, рынокқа негізделген материалдық өндіріс көрсеткіштерінің жалпы өсуін қамтамасыз етеін салалардың тез дамуымен сипатталады.

Рыноктық қатынастарды қалыптастыру белгілі бір заңдылықтардың іске асырылуымен байланысты:

  1. Мемлекеттен алу және жекешелендіру процесі негізінде меншіктік қатынастарының өзгеруімен:

Мемлекеттен алу меншіктің барлық нысандарын қамтиды. Мемлекеттік меншік шеңберінің өзінде ең алдымен ол оның нақты монополиясын жоюмен, меншіктің басқа нысандарына «рұқсат беруімен» көрінеді. Сақталып қалған мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялау жағдайына көшу керек. Сонымен қатар бұл облыстағы мемлекеттен алу жолдарының бірі-жекешелендіру, яғни меншіктің мемлекеттік нысанын жекеге ауыстыру.

  1. Үш кезбен байланысты ішкі экономикалық қатынастарды ырықтандыру (либерализациялау) :

а) жеке және заңды тұлғалар үшін сауда еркіндігін енгізу;

ә) өндірушілер қызметін рынок талабына бағындыру.

3. Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру ол:

а) шетелдік инвестициялардың елге енгізуін кеңейту;

ә) сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекетке беруді жою;

б) экспортты ырықтандыру;

в) ұлттық валюта өнімділігін іске асыру.

4. Рыноктық инфрақұрылымды қалыптастырумен (тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, банк жүйесі, сауда үйлері, аудиторлық компаниялар мен рыноктық экономика субьектілеріне қызмет көрсететін басқа мекемелер түрінде) .

Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-дағы жүйелік экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады:

Бірінші кезең-1992 жылдан 1993 жылдың қарашасына дейінгі өз валютациясы жоқ жағдайдағы экономиалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды. Осы кезеңдегі республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданатын шешімдерге тәуелді болып, Қазақстан Үкіметіне іс жүзінде макроэкономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. Инфляция қарқыны өте жоғары болды. Алдыңғы жылдың желтоқсанындағы тұтыну бағаларының индексі 1992 жылы 3060 %, 1993 жылы 2265 % болды.

Елдегі рыноктық өзгерістердің екінші кезеңі - 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу және макроэкономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты басталады. Ол салық салу облысындағы, бюджеттік және банктік сфералардағы сыртқы экономикалық қызметтегі қатынастарды, оның ішінде шетелдік капиталды тарту, кеден ісі, рыноктар мен рыноктық инфрақұрылымды дамытуды реттейтін нормативтік құқықтық базаларды құрумен сипатталады. Инфляцияға қарсы қатал саясатты жүргізу нәтижесінде қаржылық тұрақтылық бойынша алғашқы елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, теңгенің валюталық бағамын салыстырмалы түрде нығайтуға, бюджет тапшылығын азайтуға, өнеркәсіптің экспортқа бағытталған бірқатар салаларында өндірісті біршама жандандыруға мүмкіндік туды.

Реформалардың екінші кезеңінің басты нәтижесі принциптілік жаңа экономикалық жағдай болды. Оның нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рынокқа айналдыру процесі негізгі жүйелік өзгерістер негізінде тұрақты сипатқа ие болды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • экономиканы ырықтандыру әлеуметтік-экономикалық процестердің рыноктық реттеушісін пайдалану, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру, елді шетелдік капитал үшін ашу, валюталық режимді салыстырмалы тұрақтандыру, биржалық сауда дамуымен қатар шаруашылық өмірдің мемлекеттік реттеу нысандары елеулі қысқарды;
  • жеке сектордың басым бөлігін басым көп укладты экономика негізінде қалыптастыру;
  • рыноктық экономика және инфроқұрылым институттарын дамыту. Қысқа мерзім ішінде республика экономикасыда банктер, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және шаруашылықты жүргізуші субъектілерге қызмет көрсетуге, олардың өндірген товарларын өткізуге көмектесу, жұсым ісиеу сенімділігін арттырумен коммерциялық тәуекелдікті азайтуға бағытталған басқа объектілер желісін қамтйтын рыноктық инфроқұрылым негізі қалыптасты;
  • салыстырмалы тепе-иең тұтынушылық рыноктарды құру;
  • қаржылық тұрақтылық. Мемлекеттің қаржылық тұрақтандыруына қол жеткізу жөніндегі жасалған шаралары табысты аяқталды. Бұл инфляция қарқынымен қаржылық рыноктың проценттік мөлшерін төмендетуде көрініс тапты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Постсоциалистік елдердегі өзгерістер
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау әдістері
Өзін –өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы туралы
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Халықаралық қылмыстық құқық
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Халықаралық қылмыс құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz