ХVі ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы


Мазмұны:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім.
2. 1. ХVІ ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы . . .
2. 2. Швейцария кантондарының саяси құрылысы . . .
2. 3. Швейцариядағы Реформацияның алғы шарттары . . .
2. 4. Цвинглияндық Реформация кезіндегі
Швейцариядағы әлеуметтік саяси күрес . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе.
XVI ғасырдағы XVI ғасырда Швейцария одағының территориясы таны да үш кантонның - Базель, Шаффгаузен (1501) және Аппепцелляның (1513), сондай-ақ Бернаның Савойямен жүргізген күресінің барысында қосылған кейбір жеке жерлердің (Ваадт және басқалары) есебінен ұлғайды. Одаққа енді ол үш толық праволы кантондар еніп, елдің халқы 1500 жылға қарай шамамен 850 мың адамға жетті. Щвейцария одағының саяси құрылысы бұрыңғысынша - орталық өкіметтің тұрақты органдарынсыз және біріккен қарулы күштерінсіз - конфедерация болып қала берді. Жалпы мәселелерді одақтық сеймдерде - тагзатцунгтарда кантондардың толық праволы уәкілдік депутаттары шешті. Калтондар сонымен бірге өздерінің одақтық жерлерін билеп отырды. Ал жеке кантондардың немесе тұтас алғанда, конфедерацияның жаулап алған фогтстволарын тиісінше конференцияның немесе кантон өкіметтерінің тағайындап қойған фогттары басқарды. Бұл жерлердің ешқандай саяси праволары болмады және олар кантондардың билеуші олитархиясының жасайтын озбырлықтары мен қанауларының объектілері болып табылды.
Швейцария кантондарының экономикалық құрылымы мейлінше ала-құла болды. Бірақ олардың едәуір бөлігі үшін феодалдық қатынастардың дамығандығы, қауым-марканың ұзақ уақыт сақталып қалуы және басқа елдермен салыстырғанда ерікті шаруалар топтарының тым көп болуы тән нәрсе болды.
1. ХVІ ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы.
Ормандық кантондар - Швиц, Ури, Уятервальден, Цуг және Люцерн - бұлардың қалың орман-тоғайлардың, адам жетпес таулы шыңдардың және биік тау шалғындардың аудандары еді. XVI ғасырда сауданың өріс алып, жолдардың жақсартылуына байланысты егіншілік енді тиімсіз салаға аяналды да, өнімі Швейцария мен европа елдері рыноктарына жөнелтілетін сүтті мал шаруашылығына жол берді. Әсіресе Швейцария сырының даңқы жер жарды, тіпті Орыс мемлекетінде де оған сұраныс көп болды. Жергілікті сиырлардың өнімділігі мол асыл тұқымдарын сақтау мақсатымен қатаң шек қоюшылық енгізілді, яғни ірі қараны тірідей сыртқа шығаруға немесе сырттан әкелуге толық тыйым салынды. Ормандық кантондарда астық тіпті шаруалардың оздеріне де жетпеді, сондықтан қажетті астықты Цюрих пен Люцорн арқылы шетелдерден әкеліп отырды. [1]
XIII-XIV ғасырлардағы азаттық күресінің барысында ормандық кантондардағы шаруалар қауымдарының көпшілігі дүнияуи және діни феодалдардың жерлерін басып алды, болмаса олардан сатып алынды. Бұл жағдай мұнда ерікті шаруалар шаруашылықтарының басым болуына мүмкіндік берді. Бірақ оның есесіне феодалдық сеньорлардың орындарын жекелеген кантондар немесе түгел сфедерациялар басып алған жағдайлардың өзінде де, фогтсволықтардағы феодалдық-крепостниктік тәртіптер қаймағы бұзылмастан ел сақталып қала берді. Жер пайдалануда үш танапты егіс жүйесі үстемдік етті, мұнда еріксіз ауыспалы егіс басым болды да өнім қалып болғаннан кейін бұл алқап мал жайылымына
1. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» 97 бет
айналдырылды.
Қауым-марка, әсіресе, егіншілікті аудандарда едәуір ыдырады. Ормандар, балық аулайтын жерлер, биік тау шалғындары бірлескен түрдеде пайдаланылды. Бірақ қауымның толық праволы, толық үлесті мүшелерінің саны азайды да, ал жартылай жабдықты, жері аз және жерсіз шаруалардың саны көбейетүсті. Соңғы екі категориялардағылар альмендамен тек қауымның пайдасына, ягни ең алдымен оның ауқатты тобының пайдасына міндеткерліктер атқарып, жұмыспея өтеу шарттарымен ғана пайдалана алатын болды. Ауқатты шаруалар альмендамен пайдалануды бірте- бірте озбырлықпен иемденіп алып, оны деревняның кедейлерін кіріптарлыққа салудың құралына айналдырды.
Басқа ел патшаларының жалдамалы әскерлерінде офицерлік қызмет атқарған шаруалардың жетекші топтарының көпшілігі дворян атағына ие болды. Рас, бұл оларға өз отанында ресми артықшылықтар бермеді. Бірақ солай бола тұрғанымен де, бұл жағдай орманды кантондарда экономикалық және саяси жағынан үстемдік етуші бай жер иелері олигархиясының құрылуына себепші болды.
Ормандық кантондардың қалаларынан Люцерн ерекше көзге түсті. Мұнда жергілікті қажеттерді қанағаттандыратын шұға тоқу кәсіпорындары қанат жайды және олар XV ғасырдың аяғынан бастап сауда-тарату кеңселеріне кіріптар болып қалды. Қала халықтарының атқаратын қызметінің ең басты саласы Сон-Готард асуы арқылы жүретін транзитті саудаға, атап айтқанда, сауда жүктерін тасымалдау жұмысына қызмет істеу болды. Қалған жағдайларда жердің аздығы мен патриархтық қалдықтардың сақталуы, сауда және өнеркәсіп жүйелері орталықтарының жоқтығы ормандық кантондарда өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтірді және халықтың өндіріс қызметі саласында өзіне орын таба алмай бос сенделген қоғамдық топтарын туғызды. Мұның нәтижесі «түздегі кәсіпшіліктің» бір түрі - әскерге жалдануға әкеп соқтырды. Ал мұның қоғамға әлеуметтік және саяси зардаптары тимей қоймады. Қалалық кантондар - Цюрих, Базедь, Берна және Сен-Галлеа Женева сияқты одақтық жерлердің экономикалык, құрылысы мүлдем басқаша болды. Бұлардың далалық алқаптарында егіншілік өріс алды. Бернаға тәуелді Ваадт аймағы астықты өңірдің бірі деп саналды. [2]
Цюрих пен Женева округтарында (бұл қалалар, әсіресе оларда реформациялық қозгалыстың дамуымен байланысты көңіл аудартады), ормандық кантондарға қарағанда, фөодалдық жер қатынастары анағұрлым көбірөк дамыды. Атап айтқанда, рөформацияға дейін Цюрнх каптонында 270 сеньорийлер болды. Қауымдық қатынастар белгілі бір дәрежеде ыдырады және альменданың көлемі де кеміп, ол жердің тек 25%-ін ғана құрады. Ормандардың үлкей массивтері жайылымдарға айналдырылды. Бүкіл пайдалануға жарамды жерлердің 21%-ін шалғындықтар алып жатты. Тәуелді шаруалар чинши мен деснтина төледі, кейбір заттай міндеткерліктер мен жұмыспен өтеу борышын атқарды. Шаруалар астығын тек өздерінің кантондың қалаларының рыноктарында сатуға міндетті болды. Женевәның және басқа қалалардың селолық округтарында, сондай-ақ Цюрих көлі ауданында XVI ғасырда өкіметтердің ерекше
2. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» 99 бет.
қамқорлығына алынған жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі кең етек жайды. Мұнда аренданың үстем формасы жарма-жаршылық болып табылды. Бұл жерде арендаторлардың қатарына жүзім егушілердің арнаулы цехтарына біріктірілген қала халықтары да қосылды.
Көптеген кантон қалаларыньгң және одақ жерлерінің экономикалық өмірінің орталығы ауыл шаруашылық саласында емес, қол-онер кәсібі мен сауда саласында болды. Конфедерацияның аса ірі қаласы, Берн маңызды сауда және қолөнер кәсібі меы финанстың орталығы ретінде қалыптасты. Оған таяу тұрған Берндік Юреде Швейцариядағы ең ірі темір кендері шахталары орналасты. Бұларға 1520 жылы 400-ге жуық кен қазушылар қатысып, рудниктермев көршілес Лауфенбург қаласында 18 ұста дүкені жұмыс істеді. Кен қазуға қатысушылардың едәуір тобы өздеріне қаржы беретін ірі купецтерге тәуелді болды. Көлемі жағынан конфедерацияның (XVI ғасырда 15 мыңға жуық тұрғындары болған) екінші қаласы саналған Базель, көбінесе транзитті сауданың ірі орталығы ретінде қалыптасты. XV ғасырда және XVI ғасырдың бірінші агарегінде мұнда Германия, Англия, Нидерланды және Италияда операциялар жүргізген бірнеше ірі сауда компаниялары жұмыс істеді. Цехтық қолөнеркәсібі әжептәуір дамыды, ал кейбір салаларда, мысалы, қағаз өндірісінде капиталистік мануфактура да қалыптасты. XVI ғасырдың бірінші ширегінің аяқ шетіне таман әлденіп алған цехтар бағаларды, атап айтқанда, нанның бағасын өсіруде монополиялық артықшылық-тармен пайдаланушы сауда компанияларының көпшілігін жою жөнінде үлкен табыстарға жетті.
Цюрихтың экономикалық базасы ең алдымен цехтың тоқыма қолөнер кәсібі болды. Қала маңында қосалқы кәсіпшіліктер, соның ішінде таратып берушілердің заказдарын үйде отырып істеушілер кеңінен дамыды. 1336 жылы саяси өкіметті цехтардың басып алуы, қаланың шетіндегі саяси тірес және Цюрихтың орман кантондарымен қақтығысып қалуы салдарынан, тоқыма қолөнер кәсібінің барлық салаларының құлдырауына әкеліп соқтырды. [3]
XV ғасырдың аяғына дейін ең маңызды сауда-қолөнер кәсібі мен финанс орталығы, кері кетіп құлдыраған орта ғасырлық гаампан жәрмеңкелерінің мұрагері - Женева болғанды. XVI ғасырдың бас кезіне таман Женевада 10 мыңға жуық адам болды. Оның жыл сайын жеті рет болатын жәрмеңкесіне Италия, Франция, Германиянын, әр турлі товарлары бар купецтері жиналатын. XV ғасырдың аяғында жылына 10 мың кесекке дейін шұға тоқитын цехтың фрейбург шұғашылары өз өнімінің ең көбін осы Женева рыногына шығарып тұрды. Женеваның ақша рыногында ең ірі итальян банкирлері - Медичи мен Перуцци және Сосеттидің агенттері белсенді түрде әрекет жасады. Қалада жібек тоқитын, зергерлік бұйымдар жасайтын және басқа қолөнер кәсіптері біраз
дамыды. Олардың бәрі де цехтық бұғаулардың құрсауынан азат етілді. Лион жәрмеңкелерін ұиымдастыру Женеваның бүкіл шаруашылық өміріне жәнс Фрейбургтің шұға өндірісіне қатты
3. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» 101 бет
соққы болып тиді. Мұның шығаратын өнімінің көлемі XVI ғасырдың басында 75 процентке қысқартылды.
XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырдың басында Сен-Галлендө зығыр кездемесі өнеркәсібінің және Луганода шұға тоқудың дамығандығын айта кету қажет. Бұлардың шығаратын өнімдері экспорт салаларына арналды. Осынау іске цехтармен қатар купецтік капитал да белсенді қызмет атқарды. [4]
Тұтас алғанда егіншілікте, қолөнер кәсібінде, саудада жәнс XV ғасырдың аяғында Швейцария өнеркәсібініц кейбір салаларында прогрессивтік тепденциялармен (алғашқы капиталистік) қатар реакциялық тендендиялар да орын алды. Олардың өзара күресі кантопаралық қайшылықтармен және жанжалдармен астаса келіп, Швейцария одағының келешектегі әлеуметтік-саяси дамуы бағытын белгілеп берді.
4. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы, 1979ж.
2. Швейцария кантондарының саяси құрылысы.
Швейцария кантондарының саяси құрылысы олардың әлеуметтік-экономикалық бейнесіне сәйкестендіріліп жасалынды. Орман каптон-дарында марканың ыдырап, әскерге жалданушылықтың өрістеуі барысында қауымдар советтері барған сайын жер иелерінің билеуші тобының құралына айнала бастағаны айқын аңғарылды. Бұл билеуші топ жері аз қауым мүшелерін, қауым шеңберінен тысқары тұрған присельниктер «татвнерлерді>> және фогтствольгқтардағы тәуелді шаруаларды рақымсыз қанады. Каитондық советтердің қатары сайлаусыз-ақ толықтырылып отырды; олардағы лауазымдар өмірлік болды. Туған-туысқандық және бірлесіп заңсыздықтар жасау арқылы бір-бірімен тығыа байланысты болған билеуші олигархия өздерінің отандастарын ешбір аяусыз қанады.
Әскерге жалданушылық 1516 жылы Францияның королы I Францикспен жасалған шарттан кейіп бүкіл мемлекет көлемінде ұйымдасқан кәсіпшілікке көшіп, бостандық сүюші Швейцария халқының қарғысына айналды. Әрбір кантон әскерге жалданушыларды тауып, жеткізіп беріп тұрғаны үшін басқа елдердің билеушілерінен ақша алып, олардың бір бөлігін қауымдардың арасына, бір бөлігін қалалардың магистраттары мүшелерінің арасына бқліп беріп отырды. Бұл жағдай өз отандастары азаматтарының қанымен, елдің мүдделерімен санаспай сауда жасау кәсібін туғызып, ақыры коррупцияға әкеліп соқтырды. Парақорлық, бөтен елдерде қаза тапқан жалданушылардың арттарында қалған жетім-жесірлерінің пенсияларын иемденіп келушілік кантоналдық өкіметтердің әдеттегі істеріне айналды.
Цюрихтың магистратында цехтар үстемдік етті. Сырттан қара-ғанда бұл басқарудың демократиялық формасы сияқты болып көрінді, ал іс жүзінде, цех мастерлері мен бай бюргерлердің мүдделерін қорғады. Қалалық магистрат орта ғасырдың корпоративтік құрылысты сақтап қалып, нығайту және жаңа прогрессивті бастамаларды тұншықтыру саясатын жүргізді. Әскерге жалданушылық пен коррупция мұнда да әдетке айналды.
Бернде, Базельде, Фрейбургте, Женевада саяси артықшылық патри-циандық фамилиялардың қолдарында қалып отырды. Бұлардың ең басты байлығы - жер мен рента және ақша болды. Кантондардың арасында кейбір сауда-қарым-қатынастары бола тұрғанмен, Цюрях, Базель, Винтертур, Шаффгаузен, Фрейбург пен Бернның цехтары өзара қалааралық одақтар жасасқанмен, кантондардың экономикалық байла-ныстары әлсіз болды және мұнда жалпы щвейцариялық рынок қалып-таспады. Негізінен соғыс - саяси және ең бастысы кантондардың көрші-лес державалардан, әсіресе, австриялық Габсбургтерден өздерінің тәуел-сіздігін сақтап қалу мақсатымен біріккен әр түрлі тілдерде сөйлеуші конфедерацияның ұлттық ортақтықы нығайтуға қажетті айтарлықтай алғы шарттары болмады. Өздерінің экономикалық қуаттылығымен, орманды кантондардың мешеулеп артта қалуларымен, олардың астық және товарлармен жабдықталу жағынан басқа қаладардан тәуелді екендігімен дайдаланған Цюрих, әсіресе, Берн конфедерациядағы үстемдік жағдайға талаптанды және кейінде бұл мақсаттарына жетті де. « . . . Альпінің қайсар бақташылары., , - деп жазды Энгельс, - цюрихтық, люцерндік, берндік және базельдік мешандардың езгісіне түсу үшін австриялық дворяндардың үстемдігінен сытылып шықты».
3. Швейцариядағы Реформацияның алғы шарттары.
Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік-экономикалық жағынан баяу даму, патриархтық дәстүрлерді бүркемеленген бір топ дәулетті жер иелерінің саяси үстемдігі, «мазасыз элементті» басқа елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі тартушылар: католиктік Франция корольдарына, австриялық және испандық Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды. Тек билеуші топтардың өзара күресі орманды калтондардың саяси өміріндегі керенаулыққа сәл де болса серпін беріп отырды. Кантондардың қол астындағы фогтсволықтарда езілген шаруалар оқтын - оқтын көтерілістер жасап тұрды, бірақ олар мейірімсіздікпен жазаланып, тойтарыс тауып отырды. Орманды кантондар негізінен сол бұрынғы күйінше Реформацияға және онымен қоса жүргізілген таптық шайқастарға қатыспастан шеткері қала берді. [5]
Қалалық кантондар мен даму дәрежесі жағынан соларға жақын тұрған одақтық жерлердегі жағдай басқаша болды. Мұнда капиталистік қатынас бой көрсете бастады. Қалалардың билеуші цехтық және патрициалдық олигархияларына қарсы оппозицияда болған бюргерліктің алдыңғы қатарлы топтары жұмысқа жарамды жүрттың бәрінің де әскерге жалдана беруіне тыйым салуды барған сайын
5. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» 102 бет
батылырақ талап етті. Әскерге жалданудың өзі жалдамалы отрядтарда офицерлік қызмет атқарып жүрген және қалаларға дшпан дворяндардың топталушылығын күшейте түсті. Бұл мәселенің оңай болмағанын 1519 жылдың қарсаңында Цюрих халқының 25 процент кеміп кеткендігінен де айқын көруге болады.
Мүдделері жекелеген кантондардың тар шеңберлерінен асып кеткен бюргөрліктің прогресшіл топтарының арасында Швейцарияны орталық өкіметі бар федерацияға айналдыру ниеттері пайда болды. Олардың ойынша басшылық, етуші жетекші орынды қалалық кантондар өз қолдарына алуға, шіркеудің жерлерін конфискелеп мемлекет қарауына беруіне тиісті болды. Қалалық плебс билеуші топтың озбырлығы мен шіркеудің ашқарақ тойымсыздығынан азап шекті аз де, қалалық кантондар мен фогтстволықтарға тәуелді шаруалар одалдық езгінің бұғауын сыпырып тастаудың сылтауын ғана күтіп отырды.
Жұртқа қиянат етушілік нен жезөкшелік жасаудың және клириктердің топас надандығының салдарынан католиктік дін иелерінің беделі түсіп кетті. Ал шіркеудің идеология саласындағы монополиялық жағдайын дүнияуи білім беру жүйесі мен гуманизмнің табыстары мейліпше әлсіретті. Бұлардыц мықты тірегі 1460 жылы негізі қаланған Базель университеті болды. XVI ғасырдың алғашқы отыз жылында көрнекті гуманистер Иоганн Рейхлиннің, Эразм Роттердамскийдің, Себастьян Бранттың, Беатус Ренанустың және басқаларының есімдері осы университетпен байланысты болды. Гуманистік үйірмеге қосылган баспа иелері Фробэн жәяе Амербах гмаинстердің еңбектерін жарыққа шығарып отырды. Гуманистердің бәрі дерлік католицизмге адал беріліп, Базельде реформация жүрзілгеннен кейін оны тастап кетті. Олардың қызметі католицизмнің догматтарын сынауға, поптар мөн монахтардың надандықтарын әшкерелеуге көмектесті.
Кантондарда түбінде таптық шайқастарға соқтыратын әлеуметтік-саяси қайшылықтардың өрістеуі жағдайында Ульрих Цвинглидің (1481 - 1531) Цюрихтегі реформациялық және саяси қызметі кеңінен қанат жайды. Деревня старостасының баласы од Вена университетін бітіргеннен соң, Базельде латын тілінен сабақ берді және гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атақ алып, Гларусте священник болып істеді. Ал 1515 жылы полктың священнигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцарлар үшін қайғылы қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның әскерғе жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген рөформациялық қағидаттарды өзіне қатты әсер еткен Лютер шыққанға дейін-ақ, 1516 жылдан бастап айтып жүрді. 1518 жылы Цюрихқа қайтып келгеннен кейін, Цвингли катиликтік шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді. [6]
Цвинглидің діни догматикасының лютерандықпен ортақ ұқсастығы көп болды. Лютер сияқты, Цвингли де өзінің ілімін, папаның кейінгі қаулылары мен схоластикалық теологтардың еңбектеріне емес, қасиетті кітаптың, таураттың қағидаларына сүйеніп негіздеді. Ол индульгенцияны, дін иелерінің некесіздігін, «әулиелерге» табынып, бас июшілікті, шіркеу клирінің верархиясын, монахтықты, құдайға құлшылық етудің католиктік сән-салтанатын теріске шығарып, Лютерге
6. Сказкин С. Д. «Орта ғасырлар тарихы» 103 бет
қарағанда, «арзан қолды шіркеудің» идеясын анағұрлым дәйекті түрде жүргізді. Бірқатар жагдайларда мистикалықтан қол үзе отырып, Цвингди догматтар мен құпияшылықтарды тәптіштеп талдап, түсіндіруге тырысты. Атап айтқанда, ол христиандық діннің ең басты сиқырлы құпиялығынан, яғни причащениеден «құдайдың рахымын» емес, тек «құпия кеш» туралы естелікті ғана көрді. Бұл кеште інжілдік аңызға сәйкес, Христос адамзаттың кінәларын жуып-арылтуда өз басын қандай азапқа байлап отырғаны жайында шәкірттеріне әцгімелеп, айтып беріпті-міс. Бірақ лютеранлықңа қарағанда, цвинглидің шіркеуді ұйымдастырудың негізіне республикалық принцип алынды. Бұл принципті уағыздаушылар дүнияуи адамдар болды. Қауымның басшыларын шіркеуге келуші діншілдердің өздері сайлап қойды. Тұтас алғанда шіркеу сайланып қойылғап өкіметтерге -- Цюрих қаласының магистратына бағынды. Осы және басқа да жағдайлар кейіннен Цвинглидің бюргерлік-республикалық рсформациясының кпязьдыққа айналған Лютердің реформациясынан алшақтап кетуіне себепші болды.
Цвннглиандық көзқарастардың экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесі де лютерандықтан едәуір басқаша болды. Цвинглиан-дықта Цюрихтың бюргерлік оппозшгиясының арман еткен мүдделерінің ішкі қайшылықтары бейнеленді. Цвингли монастырьлардың жер иеленушілігін жәнс шіркеудің алымқорлығын, өсімқорлық процент пен крепостниктік тәртіптерді мойындамай қатты сынады. Бірақ ұсақ меншікті қорған, нағыз рсспубликашыл болды. Ол княздар мен монахтарды тирандар деп санады. Ал әскерге жалдану мен бөтен елдердің билеушілерінің беретін пенсияларын және басқа да қайыр-садақаларын сатылғыщтықтың және әр түрлі моральдық азғындаушылықтың қайнар көзі деп білді. Цвингли мінез-құлық пен әдет-гұрыптың тазалығына, «бұрынғы замандагы» өмірдің қарапайымдылығына (бұл шақыру оның өмір сүрген кезіндегі буржуазиялық ұқыптылықтың идеалымен үйлестірілді) және цюрихтық қауымның өзімен-өзі болушылығына қайтып оралуға шақырды. Бірақ ояың осы соңғы талабы Цвинглидің нақ өзінің күшті швейцариялық федерацияны (Германияның дротестанттық князьдарымен одақтаса отырып) құруға бағытталған жоспарларына мүлде қайшы келді.
Цвкнглядің ілімі бюргерлік яен қалалық плебстің СО ндай-ақ шаруалардың, әсіресе фогтстволықтардағы шаруалар арасынан қызу қолдаутанты. Осы қағиданы жақтаушылардың қысымымен 1522 жылы магистрат оразаны, дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлық беріп, Цюрихты епископ Констанцскийдің діни өкіметінен тәуелсіз деп жариялады. 1523 жылы январьда Цвингли, Лютерге еліктей отырып, өзінің «67 тезисін» жариялап, оларда өз ілімінің негіздерін баяндады. Реформаның ісін магистраттың қолына тапсыра отырып, Цвингли өзінің тезистерінде, шіркеудің дұнияуи өкіметті өзі иемдену жөніндегі талаптарының қандайы болса да негізсіз деп мәлімдеді. Қорытынды тезисінде, Цвингли «алым-салықтар мен десятинады, балаларды шоқындыру мен причащениенің дәлелділігі жөнінде мәселе көтеруші адамдардың қай-к, айсымен болса да емін-еркін пікір алысуға дайынмын» деп жариялады. Мұның өзі оның шаруалардың феодалдық міндеткерліктерді жою туралы қойған талаптарыяа, сон-дай-ақ Цюрихте бой көрсете бастаған анабаптистердің аса радикалды программасына көнуге даяр екендігін көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz