Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Турлыбекова А. Ж.

Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру

Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең тараған төлем құралдарының біріне төлем карточкасы жатады. Төлем карточка бұл электрондық терминал немесе электрондық құрылғы көмегімен қолма-қол ақша алу, төлемді жүзеге асыру валютаны айырбастау және басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін негіз болатын есеп айырысу операцияларының құралы. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету барысында туындайтын төлем міндеттемелерінің орындалу гаранты болып банк-эмитент табылады.

Коммерциялық банктер төлем карточкаларын шығару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банк тарапынан берілген лицензия болу керек. Төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар екінші деңгейдегі 19 банкте бар. Төлем карточкаларының эмитенттері “Қазақстан Халықтың банкі” ААҚ, “Туран Әлем банкі” ААҚ, “Казкоммерцбанк” ААҚ, “АТФ банкі” ААҚ, “Нұрбанк” ААҚ, “Банк Центр Кредит” ААҚ, “АБН АМБРО Банк Казахстана” ЕАБ ЖАҚ, “Сити банк Қазахстан” ЖАҚ, “Альфа банк” ЕБ ААҚ, “Банк Каспийский” ААҚ, “Қазақстан Наурыз банкі” ААҚ, “Texakabank” ААҚ, “Евразийский банк” ЖАҚ, “Темір банк” ААҚ (3) .

Төлем карточканы беру туралы келісім шарт негізінде төлем карточкасы беріледі. Келісім шартта мыналар көрсетіледі:

  1. Төлем карточканы беру талабы;
  2. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру талабы.
  3. Қосымша карточканы беруге арналған тұлғалардың тізімі
  4. Төлем карточкаларын алу және оқшаулау толық немесе жартылай түрде төлемдерді жүзеге асыруға уақытша тыйым салу
  5. Төлем карточканы пайдалану мерзімі және төлем карточканы беру туралы келісім шарттың мерзімі
  6. Екі жақтың міндеттері құқыптары және жауапкершілігі

Төлем карточкасын ұстаушыға берген кезде эмитент төлем карточкасын пайдалану ережесімен таныстыруы керек.

Төлем карточкасымен жасалған барлық төлемдер карт-шотта көрсетіледі. Карт-шот тенгеде және шетел валютасында жүргізіледі.

Есеп айырысудың бір құралы болып табылатын төлем карточкасы арқылы есеп айырысудың ерекшеліктер:

  1. Қолма-қол ақша айналыста болады
  2. Кез келген уақытта қолма-қол ақшаны алу мүмкіндігі
  3. Шет елге шыққанда карт-шоттағы ақша сомасын мағлұматтауды қажет етпейді
  4. Сатып алынған товарлар, көрсетілген қызмет үшін қолма-қолсыз түрде есеп айырысу
  5. Шығын лимитін көрсете отырып қосымша карточканы сенімді тұлғалары (туысқандары) үшін ашу

Отандық және шетел тәжірибесінде шетел карточкалар мынадай белгілер бойынша жүктеледі

І. Ақпаратты жазу тәсілі бойынша:

1 . Графикалық жазба- барлық карточкаларда қолданылады. Бастапқы кезде карточкада ұстаушының аты-жөні және эмитент туралы ақпарат болатын. Кейінірек қол қою үлгісі қарастырылған

2 . Эмбосинглеу -төлем операциялары тез арада ресімделеді (слип арқылы)

3 . Штрих-кодтау арқылы карточкаға ақпаратты жазу магнитті жолақ пайда болғанға дейін пайдаланылған және төлем жүйесінде кеңінен қолданылмаған

4. Карточкадағы магниттік жолаққа кодталған түрде карточканың номері, қызмет ету мерзімі және карточканы ұстаушының ПИН-коды жазылады. Магниттік жазба кең тараған әдіс болғанымен да алаяқтықтан қорғау деңгейі төмен.

5. Ақпаратты жазудың ең қолайлы әдісі болып ЧИП (ағылшын Chip-интегралдық схемасы бар кристалл) немесе микросхема табылады. Чиптік карточканың басқа карточкалардан айырмашылығы болғанымен де қолданылу көлемі шектеулі болған, бұның себебі-магниттік жолаққа қарағанда чиптік карточканы пайдалану қымбатқа соғады. Соңғы жылдарда магниттік карточка бойынша алаяқтықтан туындайтын шығынның өсуі салдарынан чиптік карточкаға өту туралы шешім қабылданған. Барлық чиптік карточкалардың микро процессоры болады.

  1. Лазерлік жазба-WORM технологиясы қолданылады. Магниттік жолақты карточкаға қарағанда ақпаратты сақтау жадының көлемі және жазылған ақпаратты қорғау деңгейі жоғары болып табылады.

ІІ. Төлем карточкасының тағайындалу сипатына қарай:

1 . Идентификациялық карточка ( кәсіпорынға кіру үшін көрсетілетін пропуск болып табылады)

2 . Ақпараттық карточка ( карточканы ұстаушы туралы маңызды ақпараттар кодталған түрде жазылуы мүмкін)

3. Қаржылық операциялар үшін арналған карточка (есепе айырысу қызметін атқарады)

ІІІ. Эмитенттері бойынша:

1. Банктік карточкалар, қаржы компаниялары және банк шығаратын карточка

Жеке карточкалар, компаниядағы сервистік және сауда желілерінде есеп айырысу үшін коммерциялық компаниялар шығаратын карточкалар

IV. Операциялардың экономикалық мәні бойынша:

1. Дебеттік карточкалар- клиенттің карт-шотындағы қаражат шеңберінде төлемдерді жүзеге асыратын төлем карточкасы

2. Кредиттік карточка- Банк пен клиент арасындағы жасалған банктік займ бойынша келісім-шарт негізінде эмитенттің берген займы шеңберінде төлемдерді жүзеге асыруға негіз болатын төлем карточкасын білдіреді

V. Карточканы ұстаушыларына қарай:

  1. Корпоративтік карточка-заңды тұлғалар үшін
  2. Жеке карточкалар-жеке тұлғалар үшін

VI. Айналыстағы карточкалар:

  1. Жергілікті карточкалар-үш жылға шығарылады
  2. Халықаралық карточкалар-бір жылға шығарылады

Қазақстандық эмитент банктердің төлем карточкалары санының өсу үрдісі болғанымен алайда, олар негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. Төлем карточкаларын бөлшек саудада пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жедел дамытуға кедергі келтіретін негізгі себеп тауарға немесе қызмет көрсетуге ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда және сервис кәсіпорындарының жеткіліксіз саны болып табылвады. 01. 01. 03 жыл 1763 кәсіпорын төлем карточкаларын товарға немесе қызмет көрсетуге ақы толеуге қабылдады. Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін 3234 төлем терминалдары және 2051 импринтер, қолма-қол ақша алу үшін 702 банкомат пайдаланылды, яғни мына кестеде көрсетілген

Кесте № 1

Төлем карточкаларына арналған жабдықтардың саны (4)

Негізгі көрсеткіштер: Негізгі көрсеткіштер
2001 жыл: 2001 жыл
2002 жыл: 2002 жыл
Негізгі көрсеткіштер: POS-терминалдар
2001 жыл: 2580
2002 жыл: 3234
Негізгі көрсеткіштер: Импринтерлер
2001 жыл: 1789
2002 жыл: 2051
Негізгі көрсеткіштер: Банкоматтар
2001 жыл: 539
2002 жыл: 702

Кесте № 2

Төлем карточкаларының айналысы туралы мәліметтер

Негізгі көрсеткіштер: Негізгі көрсеткіштер
2001 ж: 2001 ж
2002 ж: 2002 ж
Негізгі көрсеткіштер: Төлем карточкалары қолданылған төлемдер саны барлығы мың
2001 ж: 14096
2002 ж: 20957
Негізгі көрсеткіштер: Соның ішінде
2001 ж:
2002 ж:
Негізгі көрсеткіштер: Сауда терминалында
2001 ж: 400
2002 ж: 579
Негізгі көрсеткіштер: %-бен жалпы санға қатынасы
2001 ж: 2, 8
2002 ж: 2, 8
Негізгі көрсеткіштер: Қолма-қол ақша беру бойынша
2001 ж: 13696
2002 ж: 20378
Негізгі көрсеткіштер: %-бен жалпы санға қатынасы
2001 ж: 97, 2
2002 ж: 97, 2
Негізгі көрсеткіштер: Төлем карточкалары бойынша төлемдер көлемі-барлығы, млн. тенге
2001 ж: 143786
2002 ж: 551008
Негізгі көрсеткіштер: Соның ішінде
2001 ж:
2002 ж:
Негізгі көрсеткіштер: Сауда терминалында
2001 ж: 5789
2002 ж: 9589
Негізгі көрсеткіштер: %-бен жалпы көлемге қатынасы
2001 ж: 4, 0
2002 ж: 3, 8
Негізгі көрсеткіштер: Қолма-қол ақша беру бойынша
2001 ж: 137996
2002 ж: 241418
Негізгі көрсеткіштер: %-бен жалпы көлемге қатынасы
2001 ж: 96, 0
2002 ж: 96, 2

Осы кестеде көрсетілгендей төлем карточкалары қолданылған төлемдер саны - барлығы 2002 жылы 20 957 мың дана құрап отыр. Оның ішінде банкоматтардан қолма-қолақшаны беру 20378 мың дананы, алсауда терминомдарында 579 мың дананы құрап отыр. Ал төлемдер көлемі 2002 жылы барлығы 251 008 млн. теңгені құрап отыр, оның ішінде қолма- қол ақшаны беру бойынша 241 418 млн. теңге, ал сауда терминалдарында 9 589 млн. теңге құрап отыр. Сонымен төлем карточкалар саны және көлемінің өсу үрдісі болғанымен де олар негізінен қолма- қол ақшаны алу үшін пайдаланылған.

2002 жылдың басында айналасындағы төлем карточкаларының саны 1495, 9 мың дана болды. Оның ішінде жергілікті төлем карточкалары - 235, 7 мың және халықаралық төлем карточкалары - 1260, 2 мың дана, яғни жергілікті карточкаларға қарағанда халықаралық карточкалардың айналыстағы жалпы үлесі 84, 2 % құрап отыр (3) . Ұстаушы карточканы алғаннан кейін карточканың келесі бетіне қалып қояды. Карточканы кепілдік ретінде басқа бір тұлғаның пайдалануына болмайды. Карточканы ұстаушыға карточкамен бірге ПИН-коды (дербес идентификациялық нөмір) бар конвертті ұсынады. ПИН-код электрондық құрылғының дисплейінде шартты белгі ретінде көрсетіледі.

Карточка бойынша операцияны жүзеге асыру үшін ұстаушы қызмет көрсету орнындағы кассирге карточканы ұсынады немесе өзі банкомат арқылы орындауға болады. Банкоматтан қолма-қол ақшаны алу үшін алдымен банкомат қандай карточкаларды қабылдайтынын тексеру керек. Егер де банкоматтағы және карточкадағы лаготип сәйкес келмесе онда операция орындалмайды. ПИН-код үш рет дұрыс терілмесе, терминалда көрсетілген нұсқаулықты 10-20 сек. ішінде уақытылы орындамаса, карточкалар бүлінген болса, банкомат карточканы алуы мүмкін. Көбнесе карточкалар қайтарылмайды, яғни банкоматтың кейбір түрлері карточканы алған сәтте жояды. Бірақ карточканы ұстаушы екі күн ішінде банкомат көрсеткен банкпен хабарласуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару
Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері
Төлем карточкасының реквизиттері
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Корпоративтік төлем карточкалары
Төлем карточкаларының есебі
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz