Бухгалтерлік есептің мәні мен есептің әдістері және қағидалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МӘНІ МЕН ЕСЕПТІҢ
ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
Тексерген: Цааганху Г. З.
Орындаған: Тыныштықова Айгерім
Курс: ІІ
Группа: АЖ-204
Алматы 2007
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МӘНІ
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің бъектілеріне мына процестер жатады:
- Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
- Өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объетілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарының есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
- Өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау) ; субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндк құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер - бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыноктағы да сату-сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер» (Салық кодексінің 105-бабы) белгіленген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар - субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлесті қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.
Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш субъектінің басқа бір субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мезгіл өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады.
Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.
Кәсіпорырын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу
Бұл сызбаның мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың келесі көрсетілген бөліктерге бөлінетіні байқалады:
Меншікті капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (жарғы капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс) .
Жарғылық капитал - құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастарған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал - пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) - барлық шығыстар мен салық төлегеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған соммасы.
Қарыз қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде щикізаттың, материалдардың, отынның және тағы басқа маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен пайдалануға тиісті.
Бухгалтерлік есептің әдістері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістер мен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады: құжаттау, түгендеу, шоттар, екі жақты жазу, бағалау, калькуляциялау, бухгалтерлік баланс, есеп беру.
Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні, т. б. деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
Түгендеу
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кему мөлшеріне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа кәсіпорындардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып отырады.
Шоттар
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз - шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтер мен олардың қолдану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай шоттар түрінде жазады. Жалпы айтқанда ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есептеу қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz