Қаржы құқығының негіздері жайлы



Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.

Ақша қорларын жинау тәсілдері:

1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
1. Баққұлов С.Д. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы – 1998ж.

2. Сапарғалиев С. «Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері». Алматы – 1997ж.

3. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы – 1998ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сүлейман Демирел атындағы Университет

Тақырыбы: Қаржы құқығының негіздері.

Қабылдаған: Раисова Ш.
Орындаған: Әбдірәсілов Е.
Мамандығы: Қазақ тіл мен әдебиеті
Курс: 2 курс
Тобы: 1А

Алматы 2006
1. Қаржылық және бюджеттік қатынастар.
Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету.
Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік
ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.

Ақша қорларын жинау тәсілдері:

1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен
бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция,
субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің
құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік,
салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда
болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің
заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
2. Салықтық құқық негіздері.
Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем,
қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық
мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық
қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген
қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды
және әлеуметтік – экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға
айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін
орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызмеиінің ең
маңызды, басты түрі – мемлекеттік кіріс болып табылады. Сол мемлекеттік
кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге
бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн
салығы , акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және олармен жасалған мәмәлелерді, радиоэлектрондық құралдарды
және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен
тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе
кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін
алынатын алымдар; автокөлік құралдарын ҚР аумағы арқылы жүру алымы;
аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен
айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизиялық және радио
хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат
бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су
ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны үшін, жануарлар дүниесін, орманды,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожиілілік спектірін, кеме жүретін
су жолдарын пайдаланылғаны, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін
алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж салығы.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік
кесімдердің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта,
заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз
негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен
баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін
мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.

Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:

1. Фискалдық – салықтардың және де басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке толығымен және уақтылы мерзімде түсіп отыруын
қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әр түрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының
белгілі бөлігін мемлекет пайдасынақайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу – салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық
түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу
арқылы немесе ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге
асырылатын мемлекеттік қызметін айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне
алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады.
Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12
жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық
мәселелері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және ь.б.
есептеледі.
Төменде салықтардың әр қайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра
отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен
мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан
Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды
тұлғалар болып табылады.
Жылдың жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері,
соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден
түсетін табыс иен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан
(дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және т.б. жатады.
Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық
табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар мен
амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар және т.б. (СК 92 –
114 баптары) шегерімге жатады.
Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі
өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, ал резидент
еместерден 15 % салық ұсталады.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып
табылады. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің
тұрып жатқан орны бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жұлдызынан кешіктірмей)
жүзеге асырады.
2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке
тұлғалар және жеке табыс салығының субьектілері болып табылады,
ал обьектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем
көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.

Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
- еңбек ақы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Салықтық құқық бұзушылықтың экономикалық негіздері мен ерекшеліктері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Пәндер