XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты


XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Жоңғар шапқыншылығы
XVIII ғасырдың басында Әз-Тәуке ханның кезінде Казақ хандығы біраз мықгы мемлекет болды. Қазақхандығының Орта Азиядағы белді мемлекет ретіндегі аты шықты. XVIII ғасырдағы қазақ тарихында Жоңғар шапщэіншылығы үлкен орын алады. Жалпы, XVII ғасырдын, 40 жыл-дарынан бастап Жоңғар мемлекеті Қазақстан жеріне басқыншылық мақсатта басып кірген. Бұл жағдай XVIII ғасырдың басында қатты шиеленісіп кетті. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын жоңғар-лардьщ негізгі мақсаты казак, жерін басып алу болды. XVIII ғасырдьщ басында Жоңғар қоңтайшысы Цеван Рабданның әскері Жетісудың біраз бөлігін басып алып, Орта жүз аумағындағы Сарысу өзеніне дейін жетті.
- жылы Тәуке хан ордасында (Қаракұмда) жауға қарсы азаттык, күрес ұйымдастыруынын, жолдарын талщ>Ілау үшін үш жүздің өкіддері бас қосты. Қазак, қолының бас сардары болып Әбілқайыр бекітілді.
- жылы жоңғар әскерлері қазаққолынан жеңілді, бірақжоңғарлар тез арада естерін жинап алды.
- жылы казак, әскерлері Жонғарияның, шебіне дейін барды. 1713 жылы жоңғарлар казақ, әскерлерінен тағы да жеңілді.
1718 жылы Аягөз өзенінің бойында Кдбанбай батырдың басшы-лығымен болған шайқаста қазақ әскерлері жеңіске жетті. Бірақ қол баскарған Әбілқайыр хан мен Қайып ханньщ арасындағы алауыздыктың кесірінен жоңғарлар қазақтарды қапы қалдырды
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
1723 жылы Қазақ хандығындағы хан, сұлтандардың арасында алауыздықтуды. Осьгжылы Кішіжүзге Әбілқайырханжеке билікжүргізе бастады. Сонымен қатар көктемде қазак, даласын жұт жайлады. Осынын, бәрін пайдаланған жоңғардын, 70 мьщ әскері қазақжеріне басып кірді. Жоңғар әскерлері қазақжеріне 7 бағыттан шабуылжасады.
1. Іле өзенінің батысын бағытка алған жонғар әскерін қоңтайшы Цеван Рабдан басқарды.
2 . Валқаш көлі мен Қаратауға бағытталған жоңғар әскерін Қалдан Церен басқарды.
3. Алтай мен Емілге бағытталған жоңғар әскерін Құлан Бату баскдрды.
- Нұра өңіріне бағытталған жоңғар әскерін Әмірсана басқарды.
- Шелек өзеніне бағытталған жоңғар әскерін Церен Доржы басқарды.
- Жетісу арқылы Ыстықкөлге бағытталған жоңғар әскерін ЛамаДоржы басқарды.
7. Шу бойына бағытталған жоңғар әскерін Даба Доржы басқарды.
Жонғар қолынажалпы басшылықты ШұнаДабажасады.
Көктемнен әзер шыккан көшпелі қазақтарға бұл өте қиын тиді. Қазақауылдары орасан зор шығынға ұшырады. Бұл кезең тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп атадцы. Халық арасында бұл қасірет туралы «Елім-ай» әні таралды. Дерек бойынша бұл әнді Қожаберген жырау шығарған.
1723-1725 жылдар аралығында жоңғарлар Түркістан, Ташкент қалаларын, Жетісу, Сырдария, Алтай, Ертіс өңірлерін басып алды. Жығылған үстіне жұдырық болып осы кезде қазақ ауылдарына жоңғарлармен қатар Еділ қалмақтары, қарақалпақтар, хиуалықтар да тұтқиыдцан шабуылжасап, ойрандап отырды
Қазақтардың жоңғарларға қарсы азаттық күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіне Кдракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Малайсары, Баян, Ер Жәнібек, Наурызбай, Райымбек, Саурық, Көкжал Барақ батырлар қолбасшылық жасады.
1726 жылы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі басталды. 1726 жылы Бұланты өзенінің жағасында қазақ қолы жоңғар әскерін тас-талқан етіп жевді. Мұнда қалмақтар ойсырай жеңілгендіктен, осы жер кейін «Қалмаққырылған» деп аталды. Осыдан кейін жоңғарлар қазақ жерінің солтүстік-батыс өңірінен ығысты.
1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлері тағы да жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталды. Үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басшылықжасады. Бұл жеңісті әрі қарай жалғастыруға, Қазақстанның оңтүстігін жоңғарлардан азат етуге сол кездегі ел басындағы хан, сұлтандардың алауыздығы кедергі жасады. Бұл хандыққа қолы жетпеген Әбілқайыр Кіші жүз әскерін бастап, ұрыс даласын тастап кетті
Қаракерей Қабанбай батыр (1691-1769)
1691 жылытуған.
Шыққан тегі - Орта жүздің найман тайпасы, қаракерей руы.
Шын аты - Ерасыл. Кдбанбайдың «Сардар», «Дарабоз» деген аттары да болған.
Қабанбайдың әйелі Гауһар (Майсара) да батыр болған.
Қаракерей Кдбанбай батыр қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіне басшылықжасаған. Қабанбайдың ерлік жолы әкесі Қожағұл мен ағасы Есенбайды өлтірген жоңғар батырлары Арслан мен Өлжежырғалды өлтіріп, кек қайтарған 15 жасынан бастадцы. Қабанбай біраз уақыт қазақ қолының бас сардары болды.
Қабанбай қатысқан шайқастар:
1721 жылы Түркістанды қорғауға қатысты;
1725 жылы Алакөл маңындағы шайқасқа басшылық жасады;
- жылы Шұбар теңіз маңындағы шайқасқа қатысты;
- жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болған Аңырақай шайкасынақатысты;
1730 жылы Іле өңірінде жонғарлармен болған шайқасқа қатысты;
1750 жылы жоңғар әскерлерінің негізгі күшін қазақ қолының тас-талқан етіп жеңген жоңғар қакдасындағы соғысқа басшылық жасады.
Қабанбай батыр барлығы 103 соғысқа қатысты.
1769 жылы қайтыс болды.
Қанжығалы Бөгенбай батыр (1690-1775)
1690 жылы туған.
Шықкдн тегі - Орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы.
Әкесі - Ақша батыр.
XVIII ғасырда өмір сүрген Бөгенбай батырдың өмірі көбінесе жоңғар басқыншыларына қарсы күреске арналды.
1708 жылы Бөгенбай батыр батыстағы Еділ бойында казак-орыстарды жеңеді.
1726 жылы Бұланты өзенінің бойындағы шайқаста қазақ әскеріне басшылықжасап, жоңғарларды жеңеді.
1730 жылы Іле өзені бойындағы шайқаста қазақ әскерлеріне бас-шылық жасады.
Атақты батыр шебер дипломат болған. Бөгенбай бастаған елшілер Шын-Машын (Қытай) еліне барып, келіссөз жүргізген.
Бөгенбай батыр 1775 жылы қайтыс болды
Шапырашты Наурызбай батыр (1706-1781)
1706 жылы туған.
Шыққан тегі - Ұлы жүздегі шапырашты тайпасы, асыл руы.
Туған жері - Алматы.
Ұлы жүз тайпалары жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен көп тартқан. Шапырашты Наурызбай батырдың аты жоңғарларға қарсы күресте шығады. 1729 жылы Наурызбай батыр жоңғар батырлары Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіреді. Наурызбай батыр жоңғарларға қарсы күресте ¥лы жүз жасақтарына басшылықжасайды. 1750-1752 жылдары Наурызбай батыр Бәсентин Малайсары батырмен бірге жоңғарларды Жетісу жерінен куып, Тұрпан асуынан асырып тастайды.
Шапырашты Наурызбай батыр 1781 жылы қайтыс болады
Райымбек Түкіұлы (1730-1829)
1730 жылы туған.
Шыққан тегі - Ұлы жүздің албан тайпасы, алжан руы.
Райымбектін, әкесі Түкі шаруа адамы, ал атасы Хангелді қол бастаған батыр адам болған. Райымбек жоңғарларға қарсы күреске 17 жасынан бастап қатысқан. Райымбек Алтынемел, Қаратау, Іле бойында жоңғар әскерініңтас-талқаны шыққан ұрысқақатысып, ерекше ерлік көрсетеді. Райымбек Түрген өзенінің жағасында қалмақ батыры Коренді жекпе-жекте өлтіреді. Осыдан кейін Ойран тебе аталған жерде Райымбек бастаған жасақтар жоңғарларды жеңіп, калмақбатыры Секерді өлтіреді. Райымбек батыр бұдан кейін де жоңғарларға қарсы қазақ қолын басқарып, бірталай күреске кіріседі. Жоңғарларға қарсы күресте ол «Райымбек» деп ұран шақырады. Осыған байланысты албан руының ұраны «Райымбек» болады
Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі
Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:
- Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;
- башқұрттардың қазақжеріне шабуылын тоқтату;
- казақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан тағынаотыру;
- Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы мал жайылымдарын реттеу;
- батыс пен шығысты жалғастыратын керуен жолдарынын, қауіпсіз-дігін қамтамсыз ету.
Кезінде Тәуке ханның Сібір генерал-губернаторы М. П. Гагаринге көмек сұрап жіберген елшілігі, Ресейдін, Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады. Мысалы:
1716 жылы Омбы, Жәміш;
1717 жылы Железинск;
1718 жылы Семей;
1720 жылы Өскемен, Коряков бекіністері салынды.
1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құн-дағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырады. Вұл ұсынысты Анна Иоанновна қабыл алды.
Анна Иоанновна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А. И. Тевкелев (Теуіпкел) бастаған елшілерді жібереді.
1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшины Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақжерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И. К. Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұр-ғызу сияқты мақсатпен қазақжеріне аттанды.
1735 жылы Ор бекінісі салынды.
1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін
Кіші жүз әскерін пайдаланды
1730-1740 жылдардағы Кіші жүз бен Орта жүз
1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің
25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз
деп тағы да ант берді. Кдзак, сұлтандарының антын Орынбор комис-
сиясының басшысы В. Н. Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұлжолға жоңғар шабуылынан қорғану үшін барған еді.
1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.
1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И. Неп-лоев қоңтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдын, II жартысында подполковник И. Д. Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақжерін жоңғар-лардан қорғауда ерекше рөл атқарды.
Ал Ресей үкіметі қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақ-станның солтүстік-шығысында әскери шептерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы, Ертіс өзенінің бойына 31 әс-кери форпост салды.
Сонымен қатар Ресей үкіметі Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды. Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайырдың арасындағы қатынас біртіндеп салқьшдай бастады.
1748 жылы Ор бекінісінде Әбілқайыр А. И. Тевкелевпен кездеседі.
1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді
Кіші жүздегі жағдай
Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, Кіші жүздіңханы болып оның баласы Нұралы бекітідці. Алайда Нұралының билігі Кіші жүздің барлық жеріне бірдей жүрмеді. Батыр сұлтан Кіші жүздің екінші ханы болды.
1755 жылы болған башқұрттардың азаттық көтерілісіне қатысқан-дарды паналатқаны үшін, Ресей империясы мен Кіші жүз қазақтарының арасы ушыға түсті
Қазақ жеріндегі әскери шептер
... жалғасыXVIII ғасырдың ортасында патша үкіметі қазақжеріне әскери шептерді көптеп сала бастады. Олар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz