Банк жұмысының аудиті


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік- әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан- таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елден ғылыми- техникалық саясат, маңызды теориялық және іс- тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік- экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
- БАНК ЖҰМЫСЫНЫҢ АУДИТІ
Ақшалай қаражат аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы (есептік), корреспонденттік, жинақ шоттрында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта ресімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар жөніндегі талап- тілікпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады. (1. 1- кесте)
- Банктік операциялары аудитінің бағдарламасы
2. АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР АУДИТІ
Ағымдағы шоттағы лперациялардың аудитінде келесі жағдаяттарға назар аудару қажет:
1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
- Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі.
- Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртабанының бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізген жөн.
- Банкке тапсырылған ұолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорнының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
- Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы (депозитке салынған еңбекақы, алименттер және т. с. с. ) аударудың дәйектілігі, сондай-ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекеме-жайының анықтығы.
- Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
- Бухгалтерлік өткізбе желелердің банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе. Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына (есеп айырысу шоттарын жолай өтіп) есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
- Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру анықталған құжаттардың толық сенімділігі. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізіміндегі ескерілмеген түзетулер мен азартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпаса тексеріс өткізу керек.
Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттарының мәнділігі бойынша зерттеп білумен үйлеуі тиіс. Сонымен бірге аудтор мыналарды анықтауы керек: заңсыз банктік операциялар жасала ма, мысалы, тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәіпорынның борышын өтеу емесе басчқа кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтардың түгелдігі мен уақтылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ қаржылық жағдай мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және заңды қолдана ма; олар есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдармен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдармен сальдо есебіне сәйкесе ме және т. с. с.
Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негіздігін тексеругк тиісті. Кісәпорындар, меселен, сауда кәсіпорнына сатып алынған азық - түлік тауарларына ақша аудару мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен оқиғалар болады. Кәсіпорындар орындалмаған құрылыс- монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай- ақ детальдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама- қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеріп өткізу талап етіледі.
Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
- Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
- банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
- сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
- Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
- Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
- Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
- Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың 2 журнал- ордермен Бас кітап жазбаларына сәйкестігі.
- Резидент болып саналатын ұйым экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттраға қосудың толықтығы мен уақыттылығы.
- Экспортерлерде ҚР Ұлттық банктің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есеп бар болу фактісінің тексеруі.
- Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма- қол шетелдік валюта мен материалдық құндылықтың сақталуы.
- түсетін тауарлардың (материалдардың, жартылай өнімдердің жабдықтардың және т. б. ) сату бағасы мәміледе (шартта) қарастырылған құнға негізделіп кәсіпорындағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу, тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай- күн жылындағы импорт бойынша кәсіпорынның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
- Тауар алмастыру операцияларын жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай- күн, жылға және мәміледе қарастырылған құн бойынша жасалуын.
- Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің нарықтық бағаларына сүйеніп, есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т. б.
- аудитор банктегі: 421 «аккредитвтердегі ақша», 422 «Чек кітапшаларындағы ақша », 423 «карт- шоттардағы ақша», 424 «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша » 42 бөлімшесінің «Банктегі аккредитвтегі, чектердегі, карт- шоттардағы және басқа шоттардағы ақша қаражаттары » арнайы шоттардағы ақша есебін ұйвмдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар аударғаны жөн.
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруді қажет:
а) егер есеп айырысудың формасы шартпен белгілесе және жабдықтаушы сатып алушыны есептесудің есеп айырысудың аккредитвті түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе. Әрбір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептесуге арналған. Ол пошта немесе телефон бойынша ашылады. Аккредитивтің іс- әрекет ету мерзімін тараптар келісі- шартта белгілейді. Аккредитивтен қолма- қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңнамамен тийым салынады;
ә) мекен тұрағы бойынша дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшенің ағымдағы шот ашуының заңдылығы мен дұрыстығы. Ағымдағы шоттарды есеп шот ашуға мүмкіндік беретін белгілері жоқ кәсіпорындар: өндірістік және ғылыми- өндірістік бірлестіктердің өндірістік бірліктеріне; олардың мекен тұрағынан тыс жерлерге орналасқан, кәсіпорынның шаруашылық есептегі басқа бөлімшелеріне ашылады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz