Кіші жүз қазақтарының көтерілісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе.

  1. Көтерілістің басталуы және себептері.
  2. Көтерілістің барысы және сипаты. 1792 жылы Елек қаласына шабуылы, көтерілістің маңызы.
  3. «Игельстром реформасы».

Қорытынды .

Сілтемелер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Тақырыптың өзектілігі.

Бүгінде егеменді ел болып отырған Қазақстаннның тарихын, әсіресе осы жердің иесі қазақ дейтін халықтың ешкімге де тәуелсіз ел болу жолындағы ұлт -азаттық қозғалыстың тарихын сол қозғалыстарды басқарған ірі - ірі тарихи тұлғалардың біздің азаматтық себептермен салдарынан астарлауда не жабдықпен зерттеу, бағалау қорытындыларды пікір айту тарихшылардың еншісі екені бәріне мәлім немесе аян.

Тақырыптың мақсаттары мен міндеттері.

Тақырыптың мақсатымен міндеттеріне келетін болсам, яғни тақырыптың мақсаты яғни Негізгі бөлімді 3 кезеңге бөліп қарастырамын. Оларды атап өтетін болсам,

а) Көтерілістің басталуы және оның шығу себептері.

ә) Көтерілістің барысы мен сипаты және де 1792 жылғы Елек қаласына шабуылы, көтерілістің маңызына келсек, яғни толық қамтамасыз ету.

б) «Игелстром реформасы».

Міне, осы 3 кезеңді бөліп тереңірек тоқталу.

Тақырыптың зерттелу тарихы.

Тақырыптың зерттелу тарихына келетін болсақ, яғни тарихта Сырым Датұлының алатын орны ерекше. Яғни оның көтеріліске қосқан үлесі. Зерттеуде баға бергенде қорытынды пікірлер тұжырымдағанда баяғы бір қосаң қағидаларының қалыбында қалып қоймай заманымыз әкелген жаңа леппен жаңаша көзқарастық немесе көзделген зерттеу, бағалау тұжырым жасау бүгінде ауадай қажет болып отыр. Мұндай іргелі еңбектердің үлгілерін біз дәріптейміз. Сондықтан мына шағымдағы курстық жұмыста Сырымның қозғалысын ашып, зерттеу.

Түйін.

Сонымен тақырыптың түйіні негізінен Ұлы тұлға басшылығымен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының кері тигізген әсерімен тамамдалды.

  1. Көтерілістің басталуы және себептері.

Кіші жүзді отарлаудың ұлғаюы, хан билігінің сақталуы, этно - саяси бірлікке көшпелі халықтың қатысуы әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара қайшылықты қатынастарына алып келді. Аграрлық дағдарыстың тереңдей түсуі Әбілқайыр әулетіне қарсы ішкі оппозицияны күйшейтті. ХҮІІІ ғасырдың 70 - 80 жылдарының бас кезінде Кіші жүзді екі хан арасындағы күрес жаңа тарихи жағдайда да бәсеңдемеді, Кіші жүздің көп бөлігі Нұралы ханды, бір бөлігі Қайып ханның баласы Батыр сұлтанды қолдады. Дәл осы кезде қазақтардың 1773 - 1775 жылдардағы шаруалар соғысына жаппай қатысуы Нұралы бағытының әлсірегеннін көрсетті. Беделді сұлтандар жеке - дара бағыттарын белгілей бастады. Елдің оң жағалауындағы қалмақтар да қазақтарды мазалауын қоймады. Қазақтарды талқандай алмағанымен, олар Жайық казактардың басшылығымен бірлесе қимылдап, патша әкімшілігіне сүйеніп, қазақтарды әлсіретуге тырысты.

Хан өлімі елдегі жағдайдың тұрақсызыдғын да көрсетті. Нұралы және оның інілері Айшуақ, Ералы, жақын туысы - Досалының Орынбордан жалақы алып тұруы хандық биліктің күні еңкейе бастағанын білдіреді. Кіші жүзде өз билігін күшейту үшін патша үкіметі Оңтүстік Оралдағы әкімшілік басқаруға бірқатар өзгерістер енгізді. Нелюпевтің кезінде 1744 жылы құрылған Орынбор губерниясы таратылды. Жүздің көпшілік бөлігі Уфа және Сібір басқармасына бағындырылды.

Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды. Халық биліктің әлсіреуі, орыс помещиктерінің, Жайық казак әскерлерінің зорлық - зомбылығы, ішкі өзара тартыс елдің экономикалық жағдайына нұсқан келтірді. Шекаралық істер коммисиясы да патша үкіметінің нұсқаулары жүзеге асуын қамтамасыз етуді бақылады.

Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі, Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленісітіріп жіберді, көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардаптары салдырының болғандығын атап өткен жөн. Осындай жағдайда тарихи оренаға Пугачев қозғалысына қатысушы батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Еділ жағалаунан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы үн қосты. /1

Көтерілістің басты қозғаушы күші - қазак шаруалары, старшындар, билер, ру басшылар болды. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам деп топшылады. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғандығы да анықталуда. Сырым, Жланқұр, Жанболаттың қол астында Елек өзені ауданында 200, Тополинск қорғанысына жақын 2 -топта әрекет еткен 300, Индер тауына жағын 3 - топта 800 көтерілісші болған. Көтерілістің негізгі ошағына айналған Сағыз өзені ауданында 2700 сарбаз шоғырланған. Барлығы 5800 адам деп көрсетуге болады. Орынбор өлкесінің жаңа губерниялары барон О. Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға тырысты, қолынан келетін бар мүмкіндікті пайдаланған. Ол ІІ Екатерина императрицаның жан - жақты қолдауына сүйеніп, қазақтардың бірлігін іштен ыдыратуға кірісті. ХVІІІ ғ. 80 жылдарының басында Нұралы ханнның әлі де Әбілқайыр әулетінің билігін қорғау үшін күші аз емес еді. Ол өзінің бауырларымен бірге Кіші жүздің біраз аймағын оның әулеті 16 руды, Ералы 2, Айшуақ 7 ұстап отырды. Мұны Отто Игельстармның өзі де мойындағын.

Барон шындығында өлкедегі басты билеуші болды. Орал казактары губернатордың рұқсатымен қазақ жерлерін басып алып, өз иелігін кеңейтіп отырды.

Сырым Датұлы бастаған көтерілістің бір себебі - казактардың осы озбырлығына қарсы бағытталды. 1762 жылы 10 ақпанда қазақтардың қол астынан Жайықтың оң жағалауынна ешқандай қиындықсыз өтіп кеткендігі туралы хан Орал казактарының атаманы Андрей Бородинге мәлімдеген. Халық қозғалыстың алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және казактарға қарсы соққы беру болды. /2

1778 жылғы мәліметтерге қарағанда, Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды. Соған қарамастан С. Датұлы патша үкіметіне қарсы күреске әлі де болса белсене араласа қоймады. Батырдың Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі 1783 жылдың күзінен басталады. Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылдың маусым айында басталды.

Көтерілістің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Старшындар - Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер топтары Жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының төңірегінде шоғырланды. 1784 жылы Елек қалашығының төңірірегінде шоғырланды. 1784 жылдың қараша айында Сағыз өзені бойында күшін біріктірген С. Датұлы жеке топтастарының қатарында 1000 адамға дейін жетті. Патша өкіметімен ауыз жаласқан Нұралының көтерілісті қолдаған руларға қырғи қабақтығы оның Сырымммен араласқанын үзе бастады. Сағыз өзені бойында көтерілістің басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындады.

Қазақтардың Жайық бо йындағы бекіністерге қыр көрсетуі мен патшаға жағымды Нұралымен қатынастың суып кетуі, Орынбор билеушілері тарапынан әскери шара қолдануға түрткі болды. Жазалаушы топтар көтерілісшілерді талқандай алмай, алаңсыз жатқан тыныш ауылдарға тиіп, халықты қан қақсатты. 1785 жылдың ақпанында көтерілісті басу үшін арнайы аттандырылған генерал - майор Смирновтың тобында үш жүзге жуық Орынбор қазағы, 2 мыңнан астам башқұрт, бірнеше зеңбіректер бөлінді. 1785 жылдың көктемінде көтерілісшілер күрес қимылдарын барынша кеңейтті. Көтерілісті барынша қолдаған байтақты тобын, тама руларының сүйенген Сырым көтеріліс өрісін кеңейтуге тырысты. 1787 жылы науырызда көтерілісшілерді талқандау үшін 1 мыңнан астам қаруланған күш Орал казак әскерлерінің старшыналары Колпаков пен Понамаревтың басшылығымен жорыққа шықты.

Әскери коллегияның президенті Г. А. Потешкиннің нұсқауына сай жазалау тарбына «қырғыз - қайсақ» қарақшыларын Жем өзені бойындағы жүктелген болатын. Патша жазалау тобының қимылдарын қиындату үшін Сырымның сарбаздары суы тапшы, шөлейтті, тақыр жерге шегінді. 1785 жылы көктемде жайлауға көшуге әзірленіп жатқандығын пайдалып, көтеріліске соққы беруде тездетуге бұйрық берді. Майор Назаровтың басқаруымен 405 Орал қазақтарынан тұратын топ наурыз айында табын руына шабуыл жасады. С. Датұлы бастаған қазақтардың бір тобы сахарния бекінісін алуға ұмтылды. Айшуақ сұлтанның баласы Атақтың тобы ерлікпен соғысты. Жас сұлтан (ның баласы) ұрыс даласында қаза болды. Айшуақ сұлтанның өзі Назаровтың қолына түсті, Орал қаласында тұтқынға ұсталды. Патша жазалаушыларының Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатының өзгеруіне әсер етті. Айшуақ сияқты ірі сұлтанның жазалаушылар қолында қалуы патша үкіметіне арқа сүйеген Нұралы ханның, оның жақтастарының жағдайын қиындатты. /3

Көтерілістің барысы және сипаты. 1792 жылы Елек қаласына шабуылы көтерілістің маңызы.

Кіші жүзде Ресейдің басқару системасына жақын жаңа басқару система орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан соң патша өкіметі хандық билікті қайта қалпына клтіруге, қазақ қоғамының жоғары сұлтандар тобымен арадағы одақты нығайтуға бағытын ұстанды. Үкіметтің нұсқау бойынша жаңа генерал - губернатор Нұралының інісі Ералы сұлатанмен байланыс жасады. Оралдың казак әскерлерінің старшиналары қазақ ауылдарына шапқыншылықтарын қайта бастады. 1790 жылы қыркүйекте Сырым Датұлы ІІ Екатеринаға әскер атаманы Д. Донсковтың «1500 солдатымен Сіздің қарауыңыздағы жазықсыз қырғыз - қайсақтарға тап беріп, 225 үйді талқандады, барлық мал - мүлкін алып қойды, 150 адамды өлтірді, 57 адамды тұтқынға әкетті және көп жылқы, түйе, сиыр, қой малын айдап әкетті» деп баяндады.

Нақ сол жылы төртқара руының бір топ басшылары мен билері сыртқы істер коллегиясына Жайық әскер атаманы Дансковтың үстінен шағым берді. 90 жылдардың басында ру басылары Россиямен ажырасқысы келмей, Жайық әскерлерімен қатынастарын реттеуге тырысты. Атап айтсам, Сырым батыр ІІ Екатеринаға баяндау жолдап, онда жаңа генерал - губернаторға ренішін қатар былай деп жазды: Жоғарыда баяндағанды ескеріп, сіздің мейіріміңізге сенім артып, өз қарауыңыздағы Кіші Ордасына тыныштық орнату үшін, бізге генерал - поручик бар. Игельстром мырзаны 2 - ші рет жіберуіңізді сұраймын». 1790 жылдың тамызда патша үкіметі орындары қазақ феодалдарына Уфада Нұралы хан өлді деп хабарлады. Билер мен ру басыларының жиналысы Кіші жүздің ханы етіп Есім сұлтанды жариялады. Патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай үкіметтің бекітуіне Нұралы ханның інісі Ералы сұлтанның кандидатурасын ұсынды. Формальдықтарды сақтау үшін 1791 жылы тамыздың аяғында сұлтандар мен ру басыларының жаңа жиналысы болды. Сайлау Орск қамалына жақын жерде генерал - губернатордың қатысуымен болды. Хан «сайлайтын» жерге әскерлер - жеті жаяу әскер ротасы, үш атты әскер эскадроны және 400 казак әкелінді. /4

Халыққа жеккөрінішті Ералы сұлтан хан болып «сайланды». Халық қозғалысының жаңа өрлеуі кезеңінде сырым Датұлының толқуы мен дәйексіздігі көрінді. Ол хандық билікті жою талабынан бас тартып, билер мен рубасыларының көпшілігінің «өздерінің дегеніне құлақ асатын ханды сайлау» талабына қосылды. Ералы ханға қарсы күрес жүргізе отырып, ол сұлтан Әбілғазиз Қайыповтың қолдауына сенім артты, ол бұл сұлтан кіші жүздің ханы болуға үміттеніп, Хиуа ханымен тығыз байланыста болған. Әбілғазизбен байланысын нығайту үшін С. Датұлы Сырдарияға қарай көшті. Сырымның Бұхара мен Хиуаның хан - феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазиз сұлтан мен жақындасуы халық мүдделеріне қайшы келді.

Осының бәрі орыс - түрік соғысының (1787 - 1791 жж) аяғына қарай болған еді. Бұл екі арада Кіші жүзде көтеріліс жаңа күшпен өрістеп, 1792 жылдың жазында жүзді түгел дерлік қамтыды. Еңбекші қазақтар хандық биліктің қалпына келтіруіне қарсы күресті жалғастырды. Көтерілсшілер қозғалысқа опасыздық жасаған билер мен ру басыларының ауылдарына шабуыл жасады. Қырға жаңа жазалау экспедицияларының жіберілуі көтерілісшілердің шекаралық бекіністерге жауап ретінде шабуыл туғызды. Сырым Датұлы көп ұзамай көтерілісшілердің лагеріне оралды. С. Датұлы және оны жақындаушылар - халықпен бірге болған ру басылары правалық тәртібін түгел жоюға бағытталған саясат жүргізбекші деп генерал - губернатор Пеутменгке хат жазды.

1792 жылдың күзінде көтерілісшілердің негізгі күштері Елек қалашығына жақындап келіп, қамалға шабуыл жасауға әзірленді. Бұған дейінгі сұлтандар шеаралық өкімет орындарына көтерілісшілер отрядтарының жиналған жерлерін хабарлап, осы себепті қамалдардың горнизондары көтерілісті тойтаруға күн ілгері қам жасады. 29 қыркүйкете Сырым Датұлы бастаған мыңға тарта адамы бар отряд Елек қалашығына шабуыл жасағанымен, қамалды ала алмады. Қарулы күрес батырдың 1000 - ға тарта өз адамдарымен Елек қорғанысы бекінісіне шабуыл жасаумен басталды, бірақ көтерілісшілерге тойтарыс берілді, содан кейін Сырым Красногор бекінісіне шабуыл жасауға әрекет етті, бірақ бұнан да ешнәрсе шықпады, оның үстіне Сырым Бұхарадан уәде етілген қолдауды алмады. Енді олар патша әскерлерімен бірлесіп, біріккен күштермен Сырымға қарсы шыға бастады. Жергілікті әкімшілік қазақ аылдарының қатысуды, оларды талап - тонап, 1793 жылдың күзінде 5000 - ға жуық шаңырақ Жайықтан көшіп кетуге мәжбүр болды. Қазақ ауылдарының ауыр жағдайын қиындатты. Сырымға қарсылас сұлтандар да белсене қатысты. 1793 жылдың көктемінде құжаттарда атап өтілгендей, Жайықтан көпір арқылы мал аудап өту кезінде «содан соң казактар ол көпірді алып тастап, Есім сұлтанмен бірге Данила 2000 жылқы мен 100 000 қойды, 26 000 қозыны айдап әкетті». /5

Халықтық қозғалыстың жаңа өрлеуі кезеңінде С. Датұлы жалтақтығы мен солқылдақтығы көрінді. Ол хан билігін жою талабынан бас тартты және билер мен ақсақалдар көпшілігінің «өздерінің дегеніне көнетіндей хан сайлау» жөніндегі талаптарына қосылды. Ералы ханға қарсы күрес жүргізе отырып, ол Кіші жүз ханы атағына үміттенген және Хиуа ханымен тығыз байланыста болған Әбілғазиз Қайыпов ханның қолдауына бағдар ала бастады. Әбілғазизбен байланысты нығайту үшін Сырым Датұлы Сырдарияға көшіп барды. Бұхараның және Хиуаның хан - феодаолдарымен араласқан Әбілғазиз сұлтанмен Сырымның жақындасуы халық бұқарасының мүдделеріне қайшы келді. Сонымен бірге 1794 жылдың жазынан бастап патша әкімшілігі Жайық казак әскерінің әрекеттерін біраз шектеді. Сол 1794 жылдың жазында Ералы хан қайтыс болды, сөйтіп жаңа хан туралы ұзаққа созылған келіссөздер жүргізіле бастады. Орынбор әкімшілігі Нұралының баласы Есімді хан етіп тағайындады. 1795 - 1796 жылғы аса қатты жұттан кейін 1796 жылыдң күзіне қарай қозғалыстың жаңа өрлеуі басталды. Сырым бір кезде Есімді белгілі бір дәрежеде өзінің одақтасы деп санаған еді, ал өзіне Есімнің қолдау көрсетпейтіні анықталған кезде, 1796 жылдың қыркүйегінде Сырым өзіне бағынышты ақсақалдарды жинап алып ханмен, демек, патшалық үкімет орындарымен одақтасу немесе соғысу туралы мәселе қойды. Сырымның ымырасыз көзқарасы одан көптеген ақсақалдарды аулақтатты. Қайтадан Орынбор губернаторы болып тағайындалған Игельстром 1797 жылыдң көктеміне сырыммен оны бейтараптандыру үшін келіссөз жүргізе бастады. Алайда Сырымның ымырасыздығы көтерілісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеп соқты, яғни қозғалыстың көрінеу қайта жандануы басталды. Соның салдарынан Игельстром жаңа хан сайламай, жүзді басқаруды хан кеңесіне тапсыруға әрекет жасады, оның орналасатын жері Кіші Қобда өзенінің өңірі болып белгіленді. 1797 жылыдң тамызында хан кеңес жұмысын бастады, оның төрағасы Айшуақ сұлтан болып тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай, Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады, бұл қайтадан күрт тайтамол туғызды, осы жағдайда Сырым ақсақалдармен тайталасуға барған сайын ығайы танытып, Сырдария ауданына көшіп барды, бұл хан Кеңес беделінің өсуіне көмектесті. Осындай жағдайда Игельстром Қаратайды емес, Айшуақты хан етіп сайлауға көнді, сол арқылы Сырымның бұдан кейінгі қимылын бейтараптандырып тастайды, өйтені Айшуақтың беделі жоғары болаты. /6

Қаратай Сырымның хиуаға көшіп бара жатқан кезінде оны өкшелеп қуды, ол Сырымнан ақсақалдардың көпшілігі де сырттай айналып кеткен еді. Сонымен бірге ол өзі қолдау таба алатын өз қоныстарының шегінен тыс қалды. Көп кешікпей Әмударияның төменгі ағысы жақтан Сырым Датұлының у беріп өлтіргені туралы хабар жетті. Оның қайтыс болуы жөнінде берілген ас орасан зор оқиғаға айналды, мұның өзі батырдың қазақтар арасында зор беделі болғанын және оның саяси қызметін олардың жоғары бағалағанын дәлелдейді. Аса күшті ұлт - азаттық қозғалыстар санатындағы Сырым Датұлы басшылқ еткен қозғалыс осылай аяқталды . . .

Халық көтерілісінің жеңіліс табуына сұлтандармен мәміле жасасқан билер мен ақсақалдардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда сырым Датұлының солқымдақтығы мен жалтақтығы себепші болды. Оның үстіне патша үкіметінің Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарды рұқсат етуі жайылымдар туралы мәселенің өткірлігін уақытша бәсеңдетті, көтеріліс сеьептерінің бір маңызды мәселесін алып тастады.

1783 - 1797 жж Халық бұқарасының күресі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол хан билігінің негізін шайқалтты, оның беделін түсірді және сол арқылы оның біржола жойылуына себепші болды.

М. П. Вяткиннің атап өткеніндей: «Бұл халықтың ең белсенді бөлігінің отаршылдық езгі мен феодалдық зорлық - зомбылыққа қарсы ұйымдаспаған наразылығының бытыраңқы көріністері болды». Сонымен бірге Сырым патшалық режимнің отарлау саясатына 14 жыл бойы қарсы тұра білді. Батырдың іс - әрекетінің бәрі - бірдей дәйекті сипатта бола қойған жоқ, ол саяси биліктің дәстүрлі жүйесін сақтауға ұмтылып, патша өкіметінің іс - шараларына шеберлікпен қарсы қимылдады, алайда күш тең емес еді. Патша үкіметі Орынбор әкімшілігі арқылы көтеріліске шыққандардың қимылын көп жағынан бейтараптандыра білді, ол дәтүрлі демократиялық билік қалдықтарының сақталуы қозғалыс нәтижелерінің бірі болатын. Сол арқылы мемлекеттіліктің қалдықтары және дәстүрлі тұрмыс салты сақталып қалды. Тұтас алғанда, қозғалыс ұлттың сана - сезімінің артуына көмектесті және ұлт - азаттық сипатта болды. /7

«Игельстром реформасы».

Жүзде қалыптасқан жағдай патша әкімшілігін ханнан асып түсіп көтерілген рулардың басшыларымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр болды. Генерал - губернатор барон Игельстром көтерілісшілерге өзінің өкілі ахун Құсайыновты жіберді. Ол 1785 жылдың маусымында ру басыларына егер күресті тоқтатса, көтеріліске қатысушыларға кешірім беруге уәде еткен «ашық қағаздар» әкелінді. Генерал - губернатор ру басыларын мұны тыңдамағандарға тыныштықты бұзған қылмыстар ретінде заң бойынша қатаң жаза беріледі. 1785 жылдың жазында көтерілісшілердің кеңінен қатысуымен болған ру басшыларының съезі патша өкімет орындарының үндеуін талқылап, генерал - губернаторға сайламшылар арқылы жауап берді. Ру басылары қазақтарға Жайық пен Волга арасындағы қоныстарды беруді, Жайық казак әскерлерінің басты талаптарының бірі көтерілісшілердің Нұралы ханды алып тастау болды. Бұл шешеімге 50 -ден астам рудың, бөлімдер мен кіші бөлімдердің басшылары қол қойды.

Съездің шешімін алған генерал - губернатор Игельстром императрицадан: «Қазір басқарып тұрған ханның билігін қолдау керек пе әлде олардың ісіне араласпай, көріп қана отыру керек пе?» - деп сұрады. Ол ІІ Екатеринаға ру басылары мен халықтың ханға деген өшпенділігінің зор екендігі соншалық оны «бүлдіруші және тыныштығын бұзушы деп атайды» деп жазды, көп ұзамай императрицаның Кіші жүзді 3 бөлікке бөлу керек, оларды басқару үшін билер мен ру басыларын қою керек. /8

1784 жылы симбирск және Орынбор наместнигі болып, О. А. Игельстром тағайындалды, оған Орынбор губерниясыда бағынды. Орынбор өлкесінің басқа әкімшілерінен айырмашылығы, Игельстром отарлау саясатын, әсіресе Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кезеңінде неғұрлым икемді амаладармен жүргізуге тырысты. Ол императрица ІІ Екатеринаға былай деп жазды: «Мен бүлікке қатысушы қырғыз - қайсақтырды тыныштандырып, оларды өз жағымызға тарту және солар арқылы хан қарсы болып келген жағдайды орнықтыру үшін жоспар жасадым». Игельстромның аз күш жұмсап, үлкен нәтижеге жетуге тырысқан - қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттігінің аса маңызды элементі ретінде хан билігін жоюға ұмтылды. Осы мақсатпен Игельстром бірқатар реформа жүзеге асырды. Игельстром өз реформасына: «бөліп ал да, билей бер» принціпін басшылыққа алды.

Игельстром хан билігі мен дәстүрлі қазақ қоғамының саяси құрылысын шын мәнінде империялық билік шеңберіндегі провинциялық жергілікті өзін - өзі басқару деңгейіне дейін төмендеткен реформаны жүргізе білді. 1785 жылыдң күзінде 208 ақсақалдың «ұлы мәртебелі императорлыққа адалдыққа» ант беруі соның нәтижесінде болытын. Кіші жүз ақсақалдырының 1785 жылғы Игельстром іскерлікпен дайындаған съезінде ең басты екі мәселе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Нұралы хан
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нүрмұхамедов басқарған көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz