Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы



Ертеңгі мұғалім бүгінгі студент оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновациялық педагогикалық технологиясын игерген шығармашыл мұғалім, яғни өз кәсібінің маманы болып шығуы қажет. Бұл талап кәсіби педагог кадрларын дайындап отырған оқу орындарының білім беру жүйесіне, оқытушылар қауымына үлкен міндеттер жүктейді. Атап айтқанда білім берудің түсіндірмелі-иллюстрациялы жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшуді, оқытуды әлемдік стандарттарға жақындатуды талап етеді.
Ғалым Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны “оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы” деген түйінді тұжырымға келеді. Жаңа технологиямен оқытуға берілген осындай ғылыми-теориялық тұжырымдар мен негіздемелер білім берудің барлық сатысындағы шығармашыл ұстаздардың нәтижелі еңбектенуіне ықпал етеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы

Ертеңгі мұғалім бүгінгі студент оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновациялық
педагогикалық технологиясын игерген шығармашыл мұғалім, яғни өз кәсібінің
маманы болып шығуы қажет. Бұл талап кәсіби педагог кадрларын дайындап
отырған оқу орындарының білім беру жүйесіне, оқытушылар қауымына үлкен
міндеттер жүктейді. Атап айтқанда білім берудің түсіндірмелі-иллюстрациялы
жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшуді, оқытуды әлемдік стандарттарға
жақындатуды талап етеді.
Ғалым Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны “оқу үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал, технологиялық үрдісті нақты
педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі және
педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес,
қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының
өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы” деген түйінді тұжырымға келеді.
Жаңа технологиямен оқытуға берілген осындай ғылыми-теориялық тұжырымдар мен
негіздемелер білім берудің барлық сатысындағы шығармашыл ұстаздардың
нәтижелі еңбектенуіне ықпал етеді.
Өмірдегі қатаң бәсекелестік кезеңі білім алушы жастардың, болашақ
маманның тұлғасы:
- ол шын мәніндегі қоғамдық-педагогикалық жүйеге ие болатын, ынталы,
шығармашыл ойлау қабілеті жетілген, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан,
еңбек пен тәртіп ережесін бойына сіңірген, гуманистік, тілдік қарым-
қатынасты орната алатын маман;
- болашақ мамандығына қажетті азаматтық, адамгершілік қасиеттерді жоғары
бағалайтын және оны өз бойына қалыптастырумен бірге оларды шәкірттеріне
дарыта білетін іскер де қабілетті маман;
- қазіргі нарықтық экономикаға байланысты кәсіпкерлік көрсетіп, қоғам
талабын тез сезіне білетін, соған орай әрекет ететін, өз ісінің нәтижелі
болуына ынталы жасампаз маман.
Бүгінгі студент, ертеңгі болашақ бастауыш мектеп маманына қазақ тілінен
жүйелі білім беру маңызды мақсаттардың бірінен саналады.
Өзім сабақ беретін педагогика және психология факультетінің Бастауыш
оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Бастауыш мектепте
қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен студенттерге ҚР
мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес тілді оқытудан әдістемелік білім,
білік, дағды қалыптастыру көзделеді. Типтік оқу бағдарламасында:
“Әдістемеден білім беру – бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары кәсіптік
деңгейде дайындаудың қажетті шарты”- деп көрсетілген. Сондықтан оқу
үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізіп, студенттерді өз бетімен
ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге үйретуге ерекше мән беріп келемін.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәні -
Сауат ашу, Әдебиеттік оқу, Грамматика мен орфография, Тіл дамыту, Жазуға
үйрету т.с.с бөлімдерді қамтиды. Жоғары кәсіптік білімнің типтік оқу
бағдарламасында көрсеткендей, Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы
мен технологиясы пәні мынадай міндеттерді көздейді:
-“Әліппені”, “Әдебиеттік оқуды”,”Қазіргі қазақ тілі” грамматикасын
үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарын таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу технологиясын;
- әдебиеттік оқу технологиясын;
- жазуға үйрету технологиясын;
- грамматиканы оқыту технологиясын;
- тіл дамыту технологиясын;
- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу технологиясын
көрсету.
Кейінгі жылдары ғалымдар оқыту әдістерін негізінен 3 топқа бөліп
қарастырады:
1) оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске
асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау,
әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру
әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа
сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте
сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға
негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері
(қиялға, ерікке негізделеді). Ал ІІ топқа оқушылардың қызығу мүддесін
туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері;
ІІІ топқа ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық-практикалық
тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі лекция, практикалық
семинар, лабораториялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмыстары және
педагогикалық практика арқылы іске асырылады.
Лекцияда әдістеменің негізгі теориялық қағидалары, ең соңғы зерттеу
жұмыстарының нәтижелері және озат мұғалімдер тәжірибелері айтылады.
Практикалық семинар сабақтарында бағдарламалар, оқулықтар, оқу-
әдістемелік құралдар талданады. Оқушыларға арналған әдістемелік материалдар
жасалады, сабақ үлгілері жобаланады, негізгі әдістемелік еңбектер оқылады
т.с.с.
Лабораториялық сабақтарда сабақ үлгілері көрсетіледі, студенттер сабаққа
қажетті материалдар жинайды т.б. Студенттердің өзіндік жұмыстарында
лекцияда ұсынылған әдебиеттерді оқып, конспект жасап, ауызша баяндайды, өз
пікірін, көзқарасын білдіреді, жарыссөзге қатысады.
Студенттердің білімі, білігі мен дағды деңгейін байқау мақсатында әрбір
тақырыптан кейін колоквиум өткізіледі. Әрбір бөлімді оқып біткен соң,
бақылау жұмыстары (бақылау сұрақтары, тест, түрлі тапсырма орындау т.б.)
жүргізіледі. Бақылаудың негізгі түрі – емтихан. Емтихан – Қазақ тілін оқыту
теориясы мен технологиясы бойынша дайындалған 300 тест үлгісінен тұрады, ол
компьютерлік орталықтан немесе ауызша дайындалған сұрақ-тапсырмалардан
дайындалған билеттер бойынша алынады.
Қазақстанның білім беру жүйесінде жаңа технология арқылы оқыту мәселесі
Қабдықайыров Қ., Баймұқанов Б., Қараев Ж.А., Құсайынов Г., Тұрғынбаева Б.,
Жампейісова М., Мусин М., Мәлібекова М., Барсай Б., Жақсылықова К.,
Қадашева Қ., Шаханова Р., сияқты ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды.
Технология нысаны студентке тән ынта (мотив), белсенділік, іскерлік,
кәсіби- теориялық білім мен дағды дидактикалық, психологиялық,
физиологиялық факторларды ескеру барысында қалыптасады. Дидактикалық үрдіс
– ынта (мотив), танымдық іс-әрекет және басқару қырларының бірлігінен
тұратын жүйе, ол студенттің өзіндік жұмысын анықтайтын оқу үрдісіне
негізделеді. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) біріншіден, оны өз бетінше
мақсатты түрде әрекет етуге ұмтылдырады, екіншіден, кәсіби теориялық-
практикалық дағдыларын қалыптастырады, үшіншіден, шығармашылықпен жұмыс
істеуге бағыттайды. СӨЖ жұмысын ұйымдастыруда жоспарлы түрде, жүйелі,
бірізділікпен, жаңа технологияларды қолдану, кәсіби ұстанымды бағдар ету,
жұмыстың орындалуын үздіксіз, жүйелі бақылау сияқты дидактикалық талаптар
ескеріледі.
Соңғы жылдары университетте оқу-таным үрдісі барлық пәннен технология
талаптарына сай дайындалған дидактикалық құрал – оқу-әдістемелік кешен
(Силлабус) бойынша ұйымдастырылады. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
теориясы мен технологиясы пәнінен дайындалған кешен мазмұнында типтік оқу
бағдарламасына сай жұмыс бағдарламасы, жұмыс жоспары тақырыптарына сәйкес
дәрістер мен семинар материалдары, СӨЖ және ОСӨЖ (Оқытушымен бірлескен
студенттің өзіндік жұмыстары) тапсырмалары, білімді тексеру мен бағалауға
арналған тестілеу жүйесі, оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
т.б.қарастырылды.
Қазақ тілін оқыту технологиясы бойынша семинар сабақтарында оқытушылар
көбінесе деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігіне көз
жеткізуде. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізі деңгейлік
тапсырмалар болып табылады. Психология ғылымында бүгінде қалыптасқан 4
деңгей - оқушылық, алгоритмдік, ізденушілік, шығармашылық деңгейлер –
студенттің интеллектуалдық дамуын көрсетеді. Оқушылық деңгейдегі
тапсырмаларды орындау арқылы студент білім мазмұнын қорытады, талдайды,
жинақтайды. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмалар күрделене түседі, яғни
“оперативтік ес”пен “ұзақ уақыттық жадының” байланысы күшейеді. Ізденімдік
деңгейдегі тапсырмалар студенттің ізденісін, ойлауға бейімділігін қажет
етеді. Шығармашылық деңгей – студенттің интеллектуалдық ойлау дәрежесінің
өскендігін көрсетеді. Студент І деңгейде – білімді қабылдаушы, ІІ деңгейде
– орындаушы, ІІІ деңгейде – ізденуші, ІҮ деңгейде өз пікірі, өз ойы бар
жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі.
І-ІІІ деңгейлердегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың
жауаптары нақты болуы көзделсе, ІҮ деңгейдегі тапсырмалар студенттердің
өзіндік көзқарасына, дүниетанымына, жеке қабілетіне және дарындылығына
байланысты түрленген, бейімделген болады. Бұл деңгейде студенттердің
шығармашылық қабілетін дамытатын түрлі тапсырмалар (әңгіме, ойтолғау, өлең
т.б.), ғылыми көзқарасын қалыптастыратын жұмыстар (реферат, рецензия,
баяндама т.б.) және проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушының оңтайлы
шешім алуын қамтамасыз етуді көздейтін сұрақтар беріледі. Айталық
студенттерге І деңгейге мынадай тапсырма беруге болады: 1) Диалект сөздер
ойлап, олардың басқы дыбыстарынан лексикалық термин сөз шығар; ІІ деңгейге:
Берілген диалект сөздерді мағынасына қарай топтап жазып, кестеге түсір; ІІІ
деңгейге: Берілген диалект сөздердің әрқайсысын қай аймаққа тән екенін
ажыратып, бағанмен жаз, немесе картаға түсір; ІҮ деңгейге: “Диалект” сөзі
шығатындай етіп сөзжұмбақ немесе ребус құрастыр. т.б.
Кәсіби педагог кадрларын дайындауда дамыта оқыту технологиясының
нәтижесінде білім алушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі
көзделеді. Осы ретте ұстаз тұлға дамуына қолайлы жағдай туғызып, білім беру
үрдісін білікті ұйымдастыра алса ғана нәтижеге қол жеткізеді. Айталық,
соңғы кезде дамыта оқытуды жүзеге асыруда топтық жұмыстарды ұйымдастырудың
тиімділігі артып отыр. Топ мүшелерінің қабілет-қарымына, білім деңгейіне
сай сараланған топтық жұмыс таңдап алынып, әр топқа алдын-ала тапсырмалар
дайындалады. Студенттерге тапсырмаларды орындаудың шарттары түсіндіріледі.
Студенттер топқа бөлінеді, топ жетекшісі сайланады, әр топтың аты, айдары -
білім тақырыбы, білім қалыптастыру көзі болады. Әр топ жетекшісі топ
мүшелерімен кеңесе отырып, өз тақырыбына сай материалдар жинақтайды.
Тақырып мазмұнын ашарлық материалдар дайындауда студенттер ұсынылған ғылыми-
әдістемелік еңбектерден басқа өзбетінше әдебиеттер іздеп табуға күш салады,
мақалалар мен естеліктерді, озық сабақ үлгілерін талдайды, мемлекеттік
құжаттарды ақтарып, зерттеушілік жұмыстар атқарады.
Жалпы тапсырмаларды мынадай топтарға жіктеуге болады: 1) білімдік
тапсырма; 2) проблемалық тапсырма; 3) пәнаралық тапсырма; 4) шешендік
тапсырма; 6) танымдық тапсырма; 7) интеллектуалдық тапсырма.
1. Білімдік тапсырма. Оқушының теориялық білімін бекітетін, жаңа
материал туралы негізгі білік дағдыларын қалыптастыратын
тапсырманың түрі.
2. Проблемалық тапсырма. Оқушыға проблемалық жағдай туғызып,
соған байланысты оңтайлы шешім қабылдауға үйрететін
тапсырманың түрі.
3. Пәнаралық тапсырма. Өтілетін тақырыпты басқа пәндермен, ғылым
салаларымен байланыстыра отырып, оқушыға материалды терең, әрі
жан-жақты меңгертуге арналған тапсырманың түрі.
4. Шешендік тапсырма. Оқушының айтар ойын жүйелі жеткізе білуг
дағдыландыратын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, кез келген
жағдайда сөз тауып, оны орынды қолдануға жетелейтін
тапсырманың түрі.
5. Танымдық тапсырма. Оқушының ойлау қабілетін, дүниетанымын, ой-
өрісін дамытуға арналған тапсырманың түрі.
6. Интеллектуалдық тапсырма. Оқушының жеке ойын, пікірін,
қалыптастырып, өзінің ұсынысын ашық айтуға бағыттайтын
тапсырманың түрі.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы пәні
бірнеше бөлімді қамтиды. Солардың бірі – сауат ашу әдістемесі. Бастауыш
сыныптарда сауат ашу барысында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
әдістемесі психологиялық, физиологиялық және педагогикалық аспектілер
тұрғысынан жалпы әдістеме ғылымының ең күрделі де қиын саласы. Әлемдік
педагогика теориясында сауат ашудың дыбыстық аналитико- синтетикалық әдісі
күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Жалқылаулы-жалпылау әдісі негізінде
қазақ мектебінде сауат ашу жұмысын оңтайлы жүргізу мәселесін А.Байтұрсынұлы
өз мақаласында алғаш рет талдаған еді. Кейіннен Қ.Жұбанов, Ғ.Бегалиев,
С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев, І.Кеңесбаев, М.Жұбанова, С.Рахметова,
Ш.Әуелбаев, сынды ғалымдар өз еңбектерінде сауат ашу мәселесіне әр
қырынан тоқталып отырды.
Студенттерге сауат ашу әдістемесінің даму кезеңдерінен, сауат ашу
жүйесінен, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, психо-физиологиялық
негіздерінен, сауат ашу әдістемесінің қазіргі проблемаларынан білім
меңгертуде жаңа технологиямен оқыту мүмкіндіктерін пайдалану тиімді болып
табылады. Сауат ашу әдістемесін оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына
негізделген оқытудың әдістерін - проблемалық, эвристикалық, зерттеу
әдістерін түрлендіріп қолдану дидактикалық міндеттерді шешуде оң нәтиже
береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұндағы басымдылық
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер