Витамин тәрізді заттар


С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРАБиохимия
Р Е Ф Е Р А Т
ТАҚЫРЫБЫ:Витамин тәрізді заттар.
Студенттің аты-жөні:
Факультет: Жалпы медицина
Курс:II
Топ:
Оқытушы:
Алматы, 2008- 2009 оқу жылы
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Витамин тәрізді заттар туралы түсінік
б) Медицинадағы маңызы
в) Витамин тәрізді заттардың түрлері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Витамин тәрізді заттар деп аталу себебі, жануарлар мен адам организмінде синтезделуімен ерекшеленеді, олардың жеткіліксіздігінен авитаминозға тән сыртқы белгілер байқалмайды. Дегенмен осы заттардың жеткіліксіз мөлшері түзілуі жануар организміндегі алмасу процестерінің бұзылуына әкеп соғады. Әр түрлі химиялық заттар тобы бар, соның ішінде адам ағзасында синтезделетін, бірақ витаминдік қасиетке ие; адам және жануар тектес ағза үшін аса қажет витамин тобын витаминтәрізді заттар тобына біріктірілген. Оларға:холин, липой қышқылы, витамин В 15 (пангам қышқылы), орот қышқылы, инозит, убихинон, парааминобензой қышқылы, карнитин, линол және линол қышқылы, витамин U және құс, тышқан, балапан, тіннің және т. б. өсу факторының қатары жатады.
Витаминтәрізді заттар.
Парааминобензой қышқылы.
Парааминобензой қышқылының тарихи ашылуы мен зерттелуі химиотерапиялық дамуымен микроағзалардың өсу факторының негізі және де сульфаниламид препаратын тәжірибелік қолдануының бастамасы болып табылады. Өсу факторын ең бірінші таза күйінде ашытқы экстрактынан бөліп алған және парааминобензой қышқылын келесі құрылымдай етіп идентификациялаған:
Н 2 N СООН
n-Аминобензой қышқылы
Жоғарыда айтылып кеткендей, парааминобензой қышқылы витаминнің қасиетімен тығыз байланысты, себебі, ол фоли қышқылының молекулалық құрамына кіреді. Парааминобензой қышқылы кристалдық зат, суда нашар ериді, эфир мен спиртте жақсы еритін қасиетке ие. Химиялық қасиеті жағынан тұрақты, автоклавта бұзылмайтын, қышқылды және сілтілі ортада ыстықты ұстап тұрады. Парааминобензой қышқылына микроағзалардан басқа, (туберкулез микобактериясы оны өзі синтездей алады) жануарлар да қажетсінеді. Парааминобензой қышқылы шаштың қалыпты пигментациялық процесіне, теріге өзінің ықпалын тигізеді. Бұл витамин түрінің тирозиназға да активті әсер ететіні дәлелденген. Атап айтатын болсақ, тері меланин биосинтезі мен оның қалыпты түсін сақтауы. Адам организмінде атқаратын басты функциясы-коферменттік. Фолациннің құрамына кіреді, шөжелерді өсіруші фктор болып табылады, ішек микрофлорасының тіршілік етуі үшін қажет. ДНҚ, РНҚ синтезіне және тирозиннің меланинге айналуына қатысады. Фотоқорғаныштық әсерге ие.
Парааминосалицил қышқылының антагонисті, соның әсеріен бактерияларда В с витаминінің синтезі бұзылады, сондықтан актериялардың көбеюі тоқталады. Күнге күюден қорғайтын косметикалық заттарда қолданылады.
Медицинада парааминобензой қышқылы кең қолданысқа ие, соның ішінде антибактериальды қасиетке ие сульфаниламид болып табылады. Сульфаниламид
препараты микроағзалардың өсу және көбею факторына парааминобензой қышқылы ферменттік жүйе әрекеттесу кезінде әсерін тигізетіні дәлелденген. Бұл қышқылдың коферменттік функциясы анықталмаған, бірақ фоли қышқылының коферменті болып табылғандықтан, парааминобензой қышқылы көптеген алмасу процесіне қатысады.
Адам ағзасы үшін парааминобензой қышқылының қайнар көзі бауыр, бүйрек, ет, ашытқы; аз мөлшерде сүтте, жұмыртқада, нанда, шпинатта, сәбізде, картопта кездеседі.
В 15 Витамині
Глюкон қышқылының N-диметилглицин эфирі. Витамин В 15 (пангам қышқылы) 1950 жылы ең бірінші бұқаның бауыр экстрактінен табылған; кейін өсімдіктен табылды. Адам ағзасында гипервитаминоз да, авитоминоз да сипатталмаған, бірақ кейбір ауру кезінде бұл препаратты медицинада кеңінен қолданылады. Әсіресе, алмасу процесінің бұзылуы кезінде сұранысқа ие. Пангам қышқылы препараты бауырды май басу мен оттектік аштықта жақсы емдік әсер береді. Метионин сияқты метил топтарының көзі болып табылды. Холиннің, ФЛ, креатин және т. с. с. боситезіне қатысады. B 15 витаминін енгізгенде оттектік тапшылыққа деген төзімділік артады, тканьдерде оттегінің пайдаануы күшейеді. Дене еңбегі кезінде бауыр гликогені сақтаады және лактат артық мөошерде жиналмайды, бауырдың май инфильтрациясы баяулайды. Детоксикациялық эффект байқалады. Экспериментальдық атеросклероздың дамуы тежеледі. Бауыр аурулары кезінде, атеросклерозда липотроптық зат ретінде қолданылады. Химимялық құрылымы жағынан пангам қышқылы глюкон қышқылы мен диметилглицинге жақын болып келеді:
ОН Н ОН ОН CН 3
НООС С С С С СН 2 -О-СО-СН 2 -N
СН 3
Н ОН Н Н
Пангам қышқылы
В 15 витаминінің биологиялық рөлі жеткілікті зерттелмеген. Холиннің биосинтезіне қатысуы, метионин және креатин метильді топтың негізгі көзі. Көптеген тағамдардың құрамында бар.
Адам ағзасы үшін В 15 витаминінің көзі бауыр, өсімдіктер және ашытқы болып табылады. Тәуліктік қажеттілігі анқталмаған.
Инозит
Жауарлар организмінде инозит лип
отропты заттың рөлін атқарады. Оның жеткіліксіз болуы нәтижесінде ФЛ синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып, бауырды май басу дистрофиясы дамиды. Тышқандарға тәжірибе жасау барысында егер, тағамда суаралас факторы кездеспесе, өсу қарқыны тоқтатылуынан басқа, тері жабындысының бұзылуы, бауыр май басу инфильтрациясымен, қатар холестериннің жиналуы байқалған. Жануар тағамына бауыр экстрактын қосу кезінде бұл белгілердің қайта бастағаны анықталған. Дәрілік қасиетке ие, бұл фактор алопецииге қарсы және кейін фосфорлы эфир инозитпен идентификацияланған; витаминдік қасиетке ие - фитин
инозитфосфатты қышқыл тұзына ие.
Бұлшық ет дистрофиясында липотропты препарат ретінде қолданылады.
Инозит циклогексанның алты атомды циклдік спирті:
ОН ОН
НО
ОН
НО НО
Инозит ми липидінде табылған. Инозиттің биологиялық рөлі фосфоглицериннің алмасуымен байланысты. Инозиттің биологиялық рөлі фосфоглицеридтің алмасуымен байланысты.
Инозит бауыр, ет жұмыртқа белогы, нан, картоп, саңырауқұлақта көп. Тәулктік қажеттілігі 1, 0-1, 5.
Коэнзим Q (убихинон)
Коэнзим (немесе кофермент Q, KoQ) кең таралған кофермент тобына жатады. Екінші аты убихинон осыған байланысты шыққан. Убихинон тірі ағза жасушасы-өсімдік, жануар, саңырауқұлақ, микроағзаларда кездеседі. Жасушаның ішінде убихинон локалданған.
Химиялық құрылымы жағынан убихинон 2, 3-диметокси -5-метил -1, 4-бензохинон изопренді.
Н 3 CO O
CH 3
і
CH 3
(CH 2 -CH=C-CH 2 ) n -H
H 3 CO
O Убихинон
Адам және жануар митохондрия жасушасында убихинон кездеседі. Убихинон суда ерімейді. Убихинон өсімдік хлоропластта табылған, ол бензол сақинасымен ерекшеленеді. Митохондрияның тотығу тізбегіндегі электронды ДГ дан цитохромдарға тасымалдап тотығу тотықсыздану реакцияларына қатысады. Организмде синтезделеді. Бұлшықет дистрофияларында, жүректің жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кейбір түрлерін емдеуге қолданылады.
Витамин U
Витамин U 1950 жылы ең бірінші көкөністе, сүтте, бауырдан табылған. Активті метил топтарының доноры, холин, креатин және т. б. метилі бар заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабатының регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған. Асқазан және он екі елі ішектің жарасыен емдеуге қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.
Витамин U химиялық табиғаты жағынан S-метилметионин:
CH 3
НOOC-CH-CH 2 -CH 2 -S Cl -
CH 3
NH 2
Витамин U.
Витамин U суда жақсы ериді. 100 o C та өте тез бұзылады, әсіресе сілтілі және нейтральді орталарда. Қышқылды ортада төзімді. Биологиялық жағынан бұл витамин
Тышқандарда метиониннің орнын толық алмастырады. Ол метионин, холин және креатиннің синтезделіне қатысады. Метильді топта бактериялар донор ретінде қолданылады.
Витаминнің қайнар көзі орамжапырақ, сәбіз, пияз, көк шәй, банан, шикі сүт және т. б.
Липой қышқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz