Білім беру жүйесінің басты міндеті



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Білім беру жүйесінің басты міндеті
б) Ұлттық білім . рухани сабақтастықтың негізі
с) Білім беру процесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру
Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға, білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді. «Білім туралы» Заң 1999 жылы 7-маусыма қабылданды. Осы заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы алдағы мемлекет саясатттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім – адамзаттың жинақталған тәжірбиесі, заттармен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
1. Амангелді Айталы. «Ұлттану» 2-ші басылым. Алматы: «Арыс» баспасы, 2003, -226 бет.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002-384 бет.
3. Крупская Н.К: Детское управление в школе Пед. Соч. В десяти томах. Т.З. Изд-во АПН, М. 1959.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Білім беру жүйесінің басты міндеті

б) Ұлттық білім – рухани сабақтастықтың негізі

с) Білім беру процесі

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру

Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға, білім беру мекемелерін
дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және
материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін
арттыруға кепілдік береді. Білім туралы Заң 1999 жылы 7-маусыма
қабылданды. Осы заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді, осы алдағы мемлекет саясатттың негізгі принциптерін белгілейді
және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық
құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім – адамзаттың жинақталған
тәжірбиесі, заттармен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану
нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау
операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы
терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа
айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі б.т.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері

Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жән жалпы адамзаттық
қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Білім беру
процесінің жүйесі – белгілі бір құрылым бөліктерімен сипатталады. Олар
ғылыми білімнің іскерліктің дағдының жүйесі.

Мұғалім оның көзқарасы оқушылармен қарым-қатынасы. Білім беру процесі-
бұл мұғаліммен оқушылардың ақыл-ойы, танымы практикалық іскерлігі және
дағдысы қалыптасады. Оқыту әрекетінің барлығы оқушылардың білімін,
іскерлігін және дағдысын қалыптастыруға бағытталады.

Білім дегеніміз – адамзаттың жинақтаған тәжірбиесі заттармен
құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Білім берудің өзіне тән функциясы бар:

1. Оқушылардың білім беру функциясы – бұл адам баласының білім
байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлікпен дағдыны
игеруге даярлады. Қазіргікезде білімді толық игеру үшін мынандай негізгі
талаптарды еске алған жөн.

а) Білімнің толықтығы.

б) Білімнің жүйелігі

в) Білімнің ұғымдылығы

г) Білімнің әрекеттілігі

Білім берудің ерекшелігі

1) Білім беру процесінде тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай
басқарылатын, тез іске асырылатын нәтижесі тезтексерілетін процесс.
2) Білім беру процесіне, мұғаммен шәкірттің іс-әрекетіне сыртқы факторлар
әсер етпейді. Ал тәрбие процесіне сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.

Ұлттық білім – рухани сабақтастық негізі

Білім – ұлттық мәдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының берік негізі.
Ол - өмір сүрудің мәні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын,
болмысын айқындайтын бірден бір жүйе.

Қоғамның білімділігінің деңгейі, адамдардың ғылыми және техникалық
сауаттылығы – дүние жүзін ойландырып отырған проблема.

Білім жүйесін жетілдіру, оның мазмұнын тереңдету – заңды талап. Білім
ұлттық мәдениетті ұдайы жаңарту, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыру
құралынан сол мұрадан шеттету, жатсыну құралына айналады да, оған қауіп
төндіреді. Социализм тұсында білім саласында Қазақстан үлкен табыстарға
қол жеткізуі. Елімізде сауатсыздықты жою үшін жүйелі шаралар іске
асырылады. 1920 жылдары жалпыға бірей бастауыш, кейін жеті жылдық және
сегіз жылдық, ал 1970 жылдары жалпыға бірдей орта білім берілді. 1960
жылдардың басына дейін қазақ мектептерінің санының ұдайы өсуі, оқулықтар
дайындау, ұлттық мұғалімдер тәрбюиелеу қазақ халқының білім деңгейін
биікке көтеруі, ол білікті ұлттардың қатарына қосты.

Оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары

Оқытудағы басты мәселе тек оқушының игеретін білім деп қарауға
болмайды. Мәселе бүкіл мектептегі оқыту барысында оқушының бойында қандай
қасиеттердің қалыптасатынында, олар дамудың қандай деңгейінде
жететіндігінде.

Білім беру функциясының мазмұнын прогаммалық оқу материалын оқыту
процесінде оқушының меңгеретін білімі, біліктілігі мен дағдылары құрайды.
Оқу пәндерінің жиыны, олардың оқу программасында көрсетілген мазмұны
оқушыға берілетін білім деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру
функциясын жүзеге асыру оқу пәндері мен программалар мазмұнының шартын
білдіреді.

Тәрбие функциясының мазмұны оқыту процесінде совет адамының қоғамдық
мәніне тән көзқарас мен сенімдерді, диалектикалық материалистік
дүниетануды, саяси - идеялық, адамгершілік, ерік, эмоционалдық,
эстетикалық, денсаулық сапаларын қалыптастыруды қамтиды. Бастауыш оқыту
адамның қоғамдық мәнінің жан – жақты, үйлесімді дамуының негізін қалайды.

Дамыту функциясының мазмұны танымдық психикалық процесиер мен адамның
қоғамдық мәні қасиеттерінің, логикалық тәсіл, операция, пікір, ақыл- ой,
қорытындысының, танымдық белсенділік, мүдде, қабілеттерінің қалыптасуын
қамтиды. Бастауыш оқыту процесінде оқытудың функциясын жүзеге асыру жоғары
нерв іс - әрекеті қасиеттерінің, баланың танымдық және интеллектуалдық
мүмкіндіктерінің дамуын қамтамаыз етеді.

Оқушының білім алуы, тәрбиеленуі дәне дамуы үздіксіз байланысты.
Бірін екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие,
дамыту функцияларының бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан – жақты,
үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

Білім меңгеру процесі және оқудың себептері

Педагогикада оқытудың мәні оқушылардың танымдық іс - әрекетін
ұйымдастырудағы дәстүрлі қалыптасқан кезеңдер тұрғысынан да қаралады.

Бірінші кезең – оқу материалын қабылдауды қамтиды. Оқушылар танымдық
міндетті объектіні бақылау немесе наұты материалмен алдын ала танысу
негізінде ұғынады. Екінші кезеңде теориялық тәуелділіктер мен оқу міндетін
шешудің тәсілдерін мағыналы ойлау жүреді. Оқушылар оқу материалын түсіну
деңгейіне келіп, жаңа білім алады. Үшінші кезеңде алған білімдерін
жаттығулар, өз бетімен жұмыс, қосымща түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту
жүреді. Төртінші кезеңде игерілген материалды білім мүмкіндігіне қарай
оқушылардың мектеп учаскесіндегі, тұрмыстағы, өндірістегі практикалық іс -
әрекетіне қосылады.

Барлық кезеңдерде де оқушылардың білімі бақыланып, тексеріледі. Бұл
мұғалімге оқыту процесіне танымдық іс - әрекеттің бірінші кезеңінен
келесілеріне қарай қозғалыстың жалпы барысын сақтай отырып түзетулер
енгізуге мүмкіндік береді.

Оқытудың мәнін дұрыс түсіну мұғалімге оқу – тәрбие процесін тиімді
басқаруға көмектеседі.

Оқу себептері оқушының қоғамдық мәнінің бағыттылығын, оның
жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтайды. Бастауыш мектеп оқушылары
оқуының орынды себептері білімге ұмтылу, жақсы баға алу ынтасы, мұғалім мен
ата-ананың алғысын алу, Отанға пайдалы азамат болу ынтасы, сүйікті
ұстаздарына, көркем әдебиет кейіпкерлеріне еліктеу т.с.с. болып табылады.
Мақсат – осы себептерді дамыту және бекіту.

Бастауыш класс оқушыларының оқуын тежейтін себептер де жеткілікті.
Мысалы, солардың ішінде оқуға ынтасының болмауы, оқи алмауы, оқу еңбегін
ұйымдастыра білмеуі, оқудан артта қалуы, білім, білік дағдыларының
жеткіліксіздігі, тәртіпсіздігі, жолдастарының және семья жағдайларының
теріс ықпалы т.с.с. болуы мүмкін. Кейде мұғалімнің балаларға деген
құрметінің жеткіліксіздігі оқуға теріс қатынасты қалыптастырады. Бұның бәрі
үлгермеушілікке, білімнің үстірттігіне әкеліп соғады. Ең бастысы – оқушының
қоғамдық мәнінің адамгершілікті дамуына кері ықпал жасайтындығы. Осыдан
оқушы өзінің орта дәрежедегі немесе үлгермеуші екендігіне дағдыланады,
оқудағы кемшіліктерін жоюға, оқу еңбегін және өзінің моральдық сапаларын
жетілдіруге белсенді күш- жігерін жұмсамайды.

Нәтижесінде, мұғалімнің алдында оқушыны қайта тәрбиелеу сияқты қиын
міндет пайда болады. Оқушыны қолдау, оған өз кұшіне деген сенімге ие
болуына көмектесу – мұғалімнің басты жұмысы. Жалпы нашар оқығысы,
үлгермеуші болғысы болғысы келетін оқушы жоқ. Мұғалім өз ісін осы қағиданы
басшылыққа алып бастауы керек.

Оқудың орынды себептерін дамыту мен қалыптастыру негізгі оқу іс -
әрекетін, оқудағы танымдық қызығуды дамыту болып табылады. Бастауыш
мектепте балалардың өзін - өзі басқару, тәрбиелеу тәжірбиесі жеткіліксіз.
Сондықтан мұғалім шешуші роль атқарады. Педагогикалық шеберліктәі игерген,
класс оқушыларынң мүддесін, олардың жеке қабілеттері мен бейімдіктерін
жақсы түсінетін мұғалім танымдық қызыгуды дамытуға себепші болатын тамериал
мазмұнын оқушылардың жеке тәжірбиелерімен орынды байланыстырады. Сабақ
мазмұны оқушы тәжірбиесіне жақын, түсінікті, қызық бола бастайды.

Оқушылардың оқу ынтасына қызық ұйымдастырылған практикалық жұмыс,
экскурсиялар, бақылаулар, сонымен қатар, балалардың кластан және мектептен
тыс жұмыстарға белсенді қатынасуы айрықша көмектеседі.

Өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқытудың қоғамдағы және баланы жеке дамытудағы ролі қандай?
2. Оқыту процесінің ерекше белгілерін атаңыз. Оқу процесінің адамның
қоршаған әлемді танудың жалпы заңдылықтарына тәуелділігін ашып
көрсетіңіз.
3. Оқыту процесінің негізгі қарама – қайшылықтарын ашып көрсетіңіз.
4. Оқыту – танымдық іс -әрекет түрі; оқыту танымның жалпы
заңдылықтарына негізделеді; бастауыш оқытудың методологиялық
негізгі диалектикалық материализмнің таным теориясы деген
қағидаларының өзара байланысы қандай?
5. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс - әрекетінің қарама –
қайшалықтары неден көрінеді?
6. Бастауыш оқытудың білім бері, тәрбие және дамыту фнукцияларының
мазмұны қандай?
7. Білімді меңгеру процесін және оқудың себептерін түсіндіріңіз.

3- лекция. Тақырыбы: Оқыту принциптері. Оқыту принциптері туралы түсінік.

Оқыту принциптері мұғалім іс - әрекеті және оқушылардың танымдық іс -
әрекетінің сипатын анықтайтын бастапқы, негізгі алынатын қағидалар болып
табылады. Оқыту принциптері мұғалім мен оқушылар іс - әрекеттерінің ішкі
елеулі жақтарын бейнелейді, кез келген мазмұнда және ұйымдастырылу
формаларында оқытудың тиімсділіг анықтайды. Олар оқытудың нақты обьективті
заңдылықтарын көрсетеді.

Оқыту принциптерінің саны мен аттары жөнінде біртұтас пікірдің
жоқтығына қарамастан, олар негізінен оқыту заңдылықтарын түсінуде бір
мазмұнды, бір ой мен мақсатты көрстетеді. Осы заңдалақтар тұрғысынан
қарағанда оқуға және білім беруге қойылатын белгілі бір талаптар шығады.
Оқыту принциптері осы талаптарды көрсетеді. Әрбір оқыту принципі оқытудың
нақты заңдылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Бастауыш және орта кәсіптік оқыту
Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі және даму тенденциялары
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың теориялық мәселелері
Болашақ бастауыш білім беру мазмұны
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІН ШЕТ ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ
Пәндер