Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі



Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі

2. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыстарының негізгі кезеңдері, қорытындылары және проблемалары

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыс кезіндегі Қазақстан шаруалары қозғалыстарын зерттеушілер Ресей империясы халықтарының ұлт азаттық күресі тарихындағы тарамның бірі деп қарайды. Алайда Ресейдің отарлау саясатына қарсы қазақ халқы күресінің сипаты, ерекшеліктері жөнінде ғалымдар арасында әлі күнге дейін бірыңғай пікір жоқ.
Зерттеліп отырған кезеңдегі халық азаттық қозғалысының аса маңызды мәселелері бойынша көзқарастардың ең алдымен соның қарсаңындағы, өткен уақытындағы және көтерілістерді басып жаншығаннан кейінгі әлеуметтік экономикалық қатынастардың жеткілікті зерттелмеуінен болып жүр. Қазіргі Қазақстан тарихында кейде бір біріне тікелей қарама қарсы пікірлердің сақталғандығын кейде бірсыпыра дәрежеде байыпты құжаттық жинақтар мен материалдардың жоқтығымен түсіндірген жөн. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ынтасымен Абылай ханның 280 жылдығына, Кеңесары Қасымов ханның туғанына 190 жыл толуы және оның басшылығымен болған көтерілістің 150 жылдығына арналған конференциялар өткізілді. Ғалымдардың осы проблеманы зерттеудегі күш жігерін біріктірген « Отаршылдық жағдайындағы (Қазақстан, Орта Азия және Солтүстік Кавказ) ұлттық қозғалыстар» тақрыбына ұйымдастырылған аймақтық конференция творчествалық байланыстардың кеңеюіне, өзара пікір алмасуға, жаңа концептуалдық шептерді (көзқарас жүйесін) белгілеуге әртүрлі аймақтағы азаттық қозғалыстарының ерекшеліктерін ашып осы аспектіде орныққан жағдайды талғап қорытуға көп мүмкіндік туғызады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



1. Қазақстан тарихы очерктер. Алматы. 1993 жыл. 204-210б.

2. Қазақстан тарихы. ІІ том. Алматы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі

2. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыстарының
негізгі кезеңдері, қорытындылары және проблемалары

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі азаттық қозғалыс кезіндегі
Қазақстан шаруалары қозғалыстарын зерттеушілер Ресей империясы халықтарының
ұлт азаттық күресі тарихындағы тарамның бірі деп қарайды. Алайда Ресейдің
отарлау саясатына қарсы қазақ халқы күресінің сипаты, ерекшеліктері жөнінде
ғалымдар арасында әлі күнге дейін бірыңғай пікір жоқ.
Зерттеліп отырған кезеңдегі халық азаттық қозғалысының аса маңызды
мәселелері бойынша көзқарастардың ең алдымен соның қарсаңындағы, өткен
уақытындағы және көтерілістерді басып жаншығаннан кейінгі әлеуметтік
экономикалық қатынастардың жеткілікті зерттелмеуінен болып жүр. Қазіргі
Қазақстан тарихында кейде бір біріне тікелей қарама қарсы пікірлердің
сақталғандығын кейде бірсыпыра дәрежеде байыпты құжаттық жинақтар мен
материалдардың жоқтығымен түсіндірген жөн. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих
және этнология институтының ынтасымен Абылай ханның 280 жылдығына, Кеңесары
Қасымов ханның туғанына 190 жыл толуы және оның басшылығымен болған
көтерілістің 150 жылдығына арналған конференциялар өткізілді. Ғалымдардың
осы проблеманы зерттеудегі күш жігерін біріктірген Отаршылдық
жағдайындағы (Қазақстан, Орта Азия және Солтүстік Кавказ) ұлттық
қозғалыстар тақрыбына ұйымдастырылған аймақтық конференция творчествалық
байланыстардың кеңеюіне, өзара пікір алмасуға, жаңа концептуалдық шептерді
(көзқарас жүйесін) белгілеуге әртүрлі аймақтағы азаттық қозғалыстарының
ерекшеліктерін ашып осы аспектіде орныққан жағдайды талғап қорытуға көп
мүмкіндік туғызады.

Негізгі бөлім.

1. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі
(1783-1797)
Е. И. Пугачевтің басшылығымен болған қазақтар оған белсенді қатысқан
1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783
жылы Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы да бұрқ етті. Көтерілісшілерге
ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол
1773уалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға жер мен
су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж. 7
қарашадағы жарлығымен сыртқы істер коллегиясы қазақтарға қысқы уақыттары
Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Жайық
Ертіс өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі Сағыз өзендері аудандарындағы
жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Бірақт патша үкіметінің бұл
көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді., сондықтан аймақтағы позициясын
нығайтуға қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынады.
Қазақтардың жер мен суға деген құқығының кеңейтілуіне Орал әскері белсенді
шықты. 1782 жылы 27 желтоқсанда үкіметтің жоғарыда көрсетілген аудандарға
қатысты мал жайлауға қазақтардың ол жерлерді тек жалға алған жағдайында
ғана рұқсат етілетіндігі туралы жарлығы шықты. Орал казактары бұл жарлықты
өз мүдделеріне пайдаланып казак жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тиым
салды. Бекіністің Орал желісінде кордондық күзет күшейтілді., оның үстіне
жалға алатын жері үшін қазақтар ақысын төлеумен бірге, аманаттарын
қалдыруға тиісті еді.
Пугачевтің шаруалар соғысына қатысуына Кіші және Орта жүздегі
тәуелділік қатынастарының одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды. Айталық,
Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірті бірте іргелерін
аулақ салып патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ ақсүйектері
арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті, мұның өзі
феодалдық бытыраңқылықты күшейтті. Қазақ аристократиясы мен ру
ақсүйектерінің Пугачев көтерілісіне әртүрлі көзқарасы ХVIII ғасырдың 80
жылдарында аристократия мен ру ағамандары одағынығңажырауына және XVIII
ғасырдың 70-90 жылдарының аяғында хандық биліктің күйзелуіне әкеліп
соқтырды. Нұралы ханның кіші жүздегі ықпалы бірті бірте төмендей бастады,
мұның өзі оның саяси оқшаулауына, халық бұқарасының қайтадан көтеріліп,
Кіші жүзде хан билігін жоюға алғашқы әрекеттер жасалуына алып келді.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шапқыншылығы
басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьяль
бекінісіне шабуыл жасап солдаттарды тұтқынға алды малдарын айдап кетті
Орынбордан солтүстік шығысқа қарайғы жерде тама руының ағамандары Қадыр мен
Садыр басқарған жасақтар әрекет жасады. Олар Красногор бекінісі мен татар
қыстағына шабуыл жасауға дайындалып жүрді.
Орныбор коменданты Ладыменский далаға Орынборлық казактардан құралған
жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың 1500
адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды
қарсылық көрсетті, бірақ казактардың тастан қалап тұрғызған бекінісі сол
отрядтың баса көктем шабуылдаумен алынды. Тұтқынға түскен 56 адам қазына
жұмыстарын атқаруға жіберілді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына
табанды қарсылық көрсетті, бірақ қазақтардың тастан қалап түрғызған
бекінісі сол отрядтың баса көктеп шабуылдауымен алынды. Түтқынға түскен 56
адам қазына жұмыстарын атқаруға жіберідді. Қазақтардың бекіністері мен
сауда керуендеріне шабуылдары жаз айларында жиілей түсті, мұның өзі
ортаазиялық хандықтармен сауданың нашарлап кетуіне екеп соқты. Қарғай
бекінісіне шабуыл жасалды, Орынбор мен Илецк қорғанысы аралығындағы
қозғалыс бақылауға алынды. Әсіресе, Орск бекінісі мен Нижнеуральск
дистанциясы аудандарындағы әрекеттер белсенді жүргізілді2. Серкеш руынан
шыққан қазақтарды ағаман Дулат басқарды. Бірақ бұлар әзірше біріктірстін
орталығы жекелеген әрекеттер етті.Сол кезде халық қозғалысынын, басына
Байбақты руының ағаманы Сырым Датов келді. Орыс жазба материалдарында Сырым
Датов туралы алғашқы деректер Е. И. Пугачев қозғалысының тұсында
келтірілді. С. Датов 1774 ж. Е. И. Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын
басқарған деген Орал казағі ф. Курицынның хабары бар. А. В. Суворовтың граф
П. И. Панинге 1775 ж. 22 маусымда жеткізген хабарламасы сақталған. Онда ол
С. Датов туралы Е. И. Пугачев кетерілісінің белсенді бір қатысушысы болған
деп хабарлайды. Бірақ 1776 ж. күзінен бастап С. Датов бұл қозғалыстан
кетіп, патша әкімшілігі жағына өткен. Тек 1783 ж. ғана ол қайтадан
көтерілісшілерге қосылып, Орал казактары әскеріне қарсы күреседі. 1782 ж.
желтоқсанында С. Датовты оралдық казактар Тополихинск форпосты маңында
тұтқынға алған болатын, 1784 ж. көктемінде оны қарындасына үйленген Нұралы
хан тұтқыннан сатып алып босатады. Оны сатып алу сомасы 70 жылқыдан және
ақшалай 350 сомнан тұрды. 1784 ж. мамыр айынан С. Датов оралдық казактармен
кескілескен ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск желісі
ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында С. Датовтың
жасағында 1000 қазақ болды. Бұл кезде С. Датов Нұралы ханнан іргесін аулақ
салды.
Дәл сол кездері жазалаушы экспедицияның даладағы әрекеттері күшейе
түсті. Елек өзенінің бас жағына 237 орынборлық казактар мен 2432 башқұрттан
тұратын отрядты басқаруға генерал-майор Смирнов жіберілді.
11785 ж. қазақтардын патша отрядтарымен кескілескен шайқастары
Нижнеуральск желісі ауданында одан әрі жалғасты. С. Датов—2700, старшин
Барақ — 2000 және Тіленші —1500 қазақтан тұратын жасақтарды басқарды.
Оларға қарсы казактардың Орал әскерлері старшындары Колпаков пен Пономарев
және премьер-майор Назаров командалық еткен үш отряды жасақталды. Бұлардың
соңғысы Сахарный бекінісі мен Антонов қамалына шабуылдаған С. Датовтың
жасағына қарсы шайқасты.
1785 ж. бастап ру ағамандарының Нұралы ханмен және оның
төңірегіндегілермен күресі күшейе түсті. Ағамандар патша үкіметінен Нұралы
ханды биліктен тайдыруды және Кіші жүзді басқару ісін жаңа негізде құруды
талап етті. Жүзді үш бөлікке немесе ордаға — Байұлындық, Жетірулық және
Қаракесектік етіп бөлу ұсынылды. Олардын, әр қайсысында ағамандар мен халық
жиналысы сайлаулары өткізілді: Қаракесек бөлігінде ағаман болып Сегізбай
би, Байұлында — Тормамбет би, Жетіруда — Тіленші батыр сайланды. Сырым
Датов барлық үш орданың кеңесшісі болып сайланды, оған көмекшілікке
ағамандар Кеккөз би мен Қаратау би берілді. Ағамандар салтанатты жағдайда
патша үкіметіне адалдығына ант қабылдады. Осымен Қазақстандағы отаршылыққа
және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Патша үкіметі ағамандар жиналысына шекаралық сот ұймдастыруға келісім
беруді ұсынды. Мұның өзі дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін жою жолындағы қадам
болган еді. Ағамандар Шекаралық сот жөніндегі мәселеге абайлап қарады, оны
шещуді болашаққа қалдырды. Ағамандардың бір бөлігі хан билігін сақтауды,
жаңа хан сайлауды қалады. Ағамандар патша үкіметінің алдына қысқы
жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды.
1786 ж. көктемінде Нұралы хан Кіші жүзден қуылды, сөйтіп, Калмыковск
бекінісіне жасырған патша екіметі өз қорғаушылығына алды.
Патша үкіметінің алдында Кіші жүзде мемлекеттіқ билікті ұйым-дастырудың
жаңа формалары туралы мәселе тұрды.
Екатерина II Орынбор губернаторы Игельстром талдап жасаған реформаны
мақұлдады. Нұралы хан Уфаға жіберілды. А. Игельстром әлімұлы, байұлы,
жетіру ұрпақтарына Орынбордағы шекаралық сотқа бағынатын соттар (сот
кесімін орындаушылар) құруды ұсынды. Сот кесімін орындаушыларды жалақы
алатын төраға мен ру ағамандарынан екі заседатель басқаруға тиісті болды.
Жүзде екі немесе үш қала, мешіттер және ақсүйектердің балалары үшін
мектептер салу ұсынылды. Бұл шаралар Қазақстанның Ресейден саяси
оқшауланушылығын жоюға тиісті еді. Игельстромның жобасы ханды жүзден қуып
шығуды ескерді, бірақ император әйел жанында кеңес құрылатын жаңа ханды
сайлау жөніндегі ұсынысты үзілді-кесілді қабыл алмады.
Даладағы ықпалдарынан айырылғылары келмеген хан мен сүлтандардын, ру
ағамандарымен дау-жанжалдары үдей түсті. Қыркүйек айының басында олар Сырым
Датовты тұтқынға түсіріп, бұғаулап тастады, сөйтіп, жүзге Уфадан Нұралы хан
оралмайынша оны өздерінде ұстап тұруға шешім қабылдады. Қазақ қауымдарында
зор бедел ықпалы бар Сырым батырдың тұтқындалуы туралы хабар Орынбор
әкімшіліпнде алаңдаушылық туғызды. Игельстром реформаны жүзеге асыруда С.
Датовқа сенді, сондықтан оны босату үшін батыл күшжігер жұмсады. 1786 ж.
күзінде С. Датов тұтқыннан босатылды. Алайда, осы кезде ру ағамандарының
Кіші жүзде хан билігінің сақталуын жақтайтын бөлігі күшейіп кетті. Олар
Қайыпты хан жариялады.1786 ж. қыркүйекте ағамандардың съезі болды. Онда тек
шекаралық соттың құрылуына ғана келісім берілді, оның құрамына ықпалды
рулардың өкілдері есептелмейтін қазақтың алты ру ағамандары сайланды.
Патша өкіметінің екілдері шешуші күш құрды. Шекаралық соттың терағасы
премьер-майор С. Петрушевич, мүшелері секунд-майор И. Қапустин, Сеитов
Посадтың кепестері С. Салеев және М. Мырдабаев, башқүрт жорықтық старшыны
А. Аккулянов және Мишарск жорықтық старшыны З. Абдусалямов болды.
Сот кесімін орындаушыларға сайланғандардың арасында қазақтың ықпалды
ағамандары Тіленші, Жәнібек, Тілеп жүрді. Сонымен әкімшілік қызметтерде
сүлтандар ру ағамандарымен алмастырылды. Бірақ сайлау Кіші жүздің тек үш
руында ғана етті. Шекаралық сот өз кесімін орындаушылар арқылы Кіші жүздің
барлық руларымен байланысты бола алмады, міне, мұның өзі оның жүздегі саяси
жағдайға ықпал жасауына, сүлтандардың ықпалын шектеуге кедергі келтірді.
Сүлтандар далада сот кесімін орындаушылықтың ұйымдастырылуына қарсы қатты
наразылық білдірді.
Шекаралық соттың құрылуын ағамандар өз мүдделері үшін пайдаланып қалды.
Олар жер туралы, Жайық пен Еділ аралығындағы және Каспий теңізі
жағалуындағы жеке иеліктер есебінен қысқы жайылымдарды кеңейту жөнінде
мәселе қойды. Генерал-губернатор тек бос жатқан жерлерді пайдаланғаны үшін
ақы төлеуді ғана жойды, жеке иеліктердеп жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеу
жойылған жоқ. Оның үстіне ол жақтарға өту үшін ашық орындар алу және
аманат қалдыру қажет болды.
1786—1787 жж. қысында қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінін, аралығына
жаппай өтуі басталды.
1786 ж. күзінде ағамандар қашып кеткен құлдарды жүзге кері қайтару
жөнінде де мәселе қойды. Ру ағамандарының бұл талабы олардың шын мәніндегі
жалпыхалықтық мақсатты — қазақ мемлекеттілігін нығайту мен жер меселесін
шешуді тарылтқандығын дәлелдеді. О. А. Игельстром ағамандардың талабын
ішінара орындады, бірақ шекаралық шапқыншылықты доғару жөнінде шарт қойды.
Мұндай жағдайда қазақ ағамандары желілер маңайы әкімшіліктері мен орал
казактары тарапынан қазақтарға жасалатын зорлық-зомбылықты тыюды талап
етті.
Генерал-губернатор Игельстром басқарудың жаңа жуйесін бүкіл жүзге
тартудың сәті түспейтінін мойындады. Рулардың оір бөлігінде сот кесімін
орындаушылар құрылғаннан кейін де патша үкіметі танымаған Қайып хан
тарапындағы хандық билік сақталып қалды. Сот кесімін орындаушыларды құру
жүзді басқарудан сүлтандарды шеттетуде өз рөлін атқарды. Бірақ нақты билік
сот кесімін орындаушыларға емес, ал бас ағамандарға көшті. Сондықтан О. А.
Игельстром бас ағамандардың өкілеттігін айқындап, ез реформасына елеулі
қосымша жасады. Бұл Кіші жүзді басқарудағы 1775 ж. Зандар жинағына дейінгі
ұқсастықты жойды.
Бас ағамандар генерал-губернатордың, шекаралық экспедицияның, сот
кесімін орындаушылардың барлық жарлықтарын орындауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Нұралы хан
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Сырым Датұлының өмірі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
Сырым Датұлы кім
Пәндер