Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы



І. Кiрiспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы
2. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны
3. Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру:
А. Бас прокуратура
Б. Облыстардың прокуратуралары.
В. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
4. Прокуратураның құқықтық актілері
5. Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi
6. Азаматтық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Прокуратураның пайда болу және даму тарихы ежелгi дәуiрлерден басталады. Оның негiзгi қызметтерiнiң белгiлерi ежелгi Шығыс, Греция және Рим мемлекеттерiне таныс болған. Мысалға “Прокуратура” түсiнiгi латын сөзi “procuro”, “қорғаймын, қамтамасыз етемiн, алдын аламын” деген мағынаны бiлдiредi. Мемлекет пайда болғалы, үстем таптардың мүдделерiн қорғау үшiн “procuro” қызметiн атқаратын институттар пайда болды.
Ежелгi және Орта ғасырларда дәлме-дәл прокуратураға ұқсас институттар болған жоқ. “procuro” қызметiн ақсақалдар, ру басшылары, монархтар тiптi мемлекеттiң азаматтары да жүзеге асырған болатын. Бiртiндеп заңды қорғау механизмi дамыған сайын прокуратураның белгi үлгiлерi қалыптаса бастады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы.
2. Құқық қорғау органдары. Заң актілерінгің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2004ж.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 9.12.98.
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексi
5. Прокуратура туралы Қазақстан Республикасы Заңы 21.12.1995ж.
6. Бекбергенов Н. А. “Правоохранительная система в Республике Казахстан”, Алматы: 2000.
7. Халиков Қ.Х. Құқық қорғау органдары. Оқулық.
8. Б.Х. Толеубекова, К.Ж. Капсалемов, Б.К. Шнарбаев, Д.К. Бекишев. “Уголовно процессуальное право Республики Казахстан“ Алматы: “Данекер“ 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны :

І. Кiрiспе

ІІ.Негізгі бөлім.

1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы

2. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны

3. Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру:

А. Бас прокуратура
Б. Облыстардың прокуратуралары.
В. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген өзге де
прокурорлар мен прокуратуралар

4. Прокуратураның құқықтық актілері

5. Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi

6. Азаматтық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кiрiспе

Прокуратураның пайда болу және даму тарихы ежелгi дәуiрлерден
басталады. Оның негiзгi қызметтерiнiң белгiлерi ежелгi Шығыс, Греция және
Рим мемлекеттерiне таныс болған. Мысалға “Прокуратура” түсiнiгi латын сөзi
“procuro”, “қорғаймын, қамтамасыз етемiн, алдын аламын” деген мағынаны
бiлдiредi. Мемлекет пайда болғалы, үстем таптардың мүдделерiн қорғау үшiн
“procuro” қызметiн атқаратын институттар пайда болды.
Ежелгi және Орта ғасырларда дәлме-дәл прокуратураға ұқсас институттар
болған жоқ. “procuro” қызметiн ақсақалдар, ру басшылары, монархтар тiптi
мемлекеттiң азаматтары да жүзеге асырған болатын. Бiртiндеп заңды қорғау
механизмi дамыған сайын прокуратураның белгi үлгiлерi қалыптаса бастады.
Прокуратура институтының құқықтық жүйедегi алатын орны айқындалған
кезде. Мемлекет оғаннақты қызметтер мен өкiлеттiктердi бере бастады.
Мысалы, ежелгi Грециядағы халық жиналысында арнайы номофилактар коллегиясы
заңдарды қорғау қызметiн атқарған, синофактар институты сотта айыптаумен
айналысқан. Римде патрицийлерден қорғану үшiн халық трибунаты құрылды
плебейлiк магистратура. Оның қызметiне заңдарды қорғау мен соттағы
бәсекелестiктi қамтамасыз ету кiрдi. Бiр уақытта, әр түрлi лауазымды
тұлғалар мен институттар арасындағы бытырап жатқан “procuro” қызметi бiрiгу
жолына түскенде. Прокуратура институты толық құрылып, бүкiл қоғам
мүдделерiн қорғай алады.

1. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы.

Прокуратура қызметiнiң, мемлекеттiң құқықтық жүйесiндегi алатын орны,
заңнамада көрiнiс табады. Қазақстан Республикасының конституциясының 83-
бабы, прокуратураның орны, мақсаттары, принцитптерi, құрылымы мен
функцияларын белгiлейдi. Бұл тәртiптердi жүзеге асыру құқықтың әр түрлi
салаларына шығып кетедi. Сондықтан прокуратура құқықтық қатынастардағы
субъектiлерiмен қарым-қатынастарға түсу, өз қызметiн ұйымдастыру тәртiптерi
әр түрлi салалардағы заңдарда белгiленiп қорғалады.
Жоғарыда қарастырылған мәселе Прокуратура туралы 21.12.1995ж
қабылданған Қазақстан Республикасының Заңында 2 бабымен қарастырылады. Осы
бап бойынша Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның
қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы
Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасы заңдарымен,
халықаралық шарттармен, сондай- ақ Республика Бас прокурорының
бұйрықтарымен айқындалады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттiң құқықтық жүйесiнiң көптеген
салаларына тығыз байланысы бар. Мысалы прокурор қылмыстық, азаматтық,
әкiмшiлiк iстердегi статусы мен өкiлеттiктерi сәйкесiнше қылмыстық iс
жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
кодекстерiнде белгiленедi. Сондықтан белгiлi бiр саладағы қадағалауды
зерттегенде арнайы заңдарда белгiленген прокурорлардың қызметiмен танысу
керек.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында
заңдардың, Қазақстан Республика Президенті жарлықтарының және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына, жедел-
іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық
істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде
шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін
заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің
мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен
шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғары
тұрған прокурорларға және ҚР-ң Бас прокурорына бағынатын органдармен
мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды. Прокуратура өз
қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауызымды адамдардан, саяси
партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады. Және де өз
қызметін жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметіне араласуға
тыйым салынады. Прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті.
Прокуратура органдары республика азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы
келмейтіндей деңгейде жариялы іс-қимыл жасайды.
Прокуратура органдарын қаржыландыру – Қазақстан Республикасының
Қаражат есебіне жүзеге асырылады

2. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан
Республикасы Конституциясының, заңдардың және Президенттің Жарлықтарының
және өзге де нормативтік актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокаратура мемлекет атынан:
1. Конституцияның, Заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің
бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады ;
2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің,әкімшілік және
атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асарады;
3. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
4. Республиканың Коституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және
басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
5. заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және
жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы
қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және
арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге
асырады.

3 Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін
Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар
қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық,
қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандырылған прокуратуралар
құрайды.
Республиканың Бас прокурорын - Парламент сенатының келісімімен
Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Ал қызметтен
Республика Президенті босатады. Ол Республика Президентіне есеп береді және
оны өкілеттігі мерзімі ішінде қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс
жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп
әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазаға, қылмыстық
жауаптылыққа тартуға болмайды.
Республика Бас прокурорының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
болады. Оларды Бас прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президенті
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Республика Бас Прокурорының
орынбасарлары Бас Прокуратураның тиісті департаментінің бастықтары болып
тағайындалуы мүмкін.

Республика Бас прокурорының өкілеттігі:
1. Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлығының және өзге де
нормативтік актілердің қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгі
прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді;
2. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келген заңдар мен
өзге де құқықтық актілерге оларды қабылдаған органдар мен лауазымды
адамдарға наразылық жасайды;
3.Жоғары Сот кеңесінің мүшесі болып табылады;
4. Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру мен оның
қызметінің мәселелері мен материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру
шараларының тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы прокуратурасының
органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті
бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелермен нұсқаулықтар шығарады.

Бас прокуратура.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республикасының Бас
Прокуроры басшылық етеді.
Республика Бас Прокурорының бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Сотта мемлекет мүддесін білдіру― прокуратура қызметінің бағыты ретінде
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оған қылмыстық сот өндірісінің негізгі бастамалары
Прокуратура органдарының тарихы
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың процессуалдық нысаны
Пәндер