Қаржы саясаты туралы


Қаржы саясаты.
Қажы саясаты қоғамның әлеуметтік экономикалық даму жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оың нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау прцесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экононмика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Қоғамдық
экономикалық
формация
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатын өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясаты қамтиды. Өзкезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы ролді орындайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын аеықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізлеледі. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.
Қаржы стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамды, қаржыны қолдану ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылыжасалған және қабылданған экономиеалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының қажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.
Қаржы тактикасы - ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттерінің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталған қаржылық қатынастырды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономиеа мен қоғамның әлеуметтік жамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етті.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясытның нақтылы қаржы қатынастарының үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін. Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде щаралар жүргізу.
- Дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру.
- Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатын нақты тарихи жағдайларға байланысты отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеркі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қолдвп отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне, инфляциялық процестерге ұрындырады.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- инвестициялаудың ауқымы
- негізгі қорларды жаңартудың қарқындары
- еңбек өнімділігінің өсуі
- халықтың тұрмыс деңгейі
- мемлекет бюджетіеің тапшылығы
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
- инфляцияны тоқтату
- бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2 дейін төмендету
- мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48 дейін жеткізу
Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі- Ұлттық банк кредиттерін беру жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
- тұрақты бағалар. Алайда инфляция жылына шамамен 1, 8 тең болатын дамыған елдерде де болады.
- бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3 аспайды
- мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және ЖҰО-нің өсуімен өсуі тиіс
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезенінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы механизмі.
Қаржы механизмі қаржы қатынастарын айқындайтын әдістер, тәсілдер, түрлер мен нысандар жиынтығынан тұрады.
Өзара қаржы байланыстарының көптігі қаржыны ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен нысандарын айқындайды. Қаржы механизмін жасаудың қаржылық саясаттың орындалуында маңызы зор. Қаржы саясатын жүргізу үдерісінде жағдайларды есепке алу алдында қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті әлеуметтік қамтамасыз ету, салықтық реттеу, ғылыми-техникалық үдерістің дамуы мен өндірістік үдерісмәселелерін шешеу, мақсатты бағдарламаны қаржы ресурстармен қамтамасыз ету және барлық аймақтық щаруашылықты дамытуға байланысты әдістер мен тәсілдерді анықтауды талап етті.
Қаржы механизмі былай бөлінеді:
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі
- мемлекеттік қаржының қызмет ету механизмі.
Әр бөлім қаржы жүйесінің звенолары бойынша құрылымдық түрлерге бөлінеді:
Аумағына қарай:
а) республиканың қаржы механизмі
б) жергілікті органдардың қаржы механизмі
Қоғамдық өндірістерге ықпалы бойынша:
а) қаржы ресурстарын жұмылдыру механизмі
б) қоғамдық өндірістік ынталандыру механизмі.
Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарының топтпамсы тұрғысынан қаржы жүйесін сипаттайды және өзара байланысты бес блоктан тұрады.
1 блок. Шаруашылық үдерісіндегі қаржы қатынастарына әсер ететін қаржы әдістері мен тәсілдері. Олар келесі элементтерлен тұрады:
Жоспарлау
Болжау
өзін-өзі қаржыландыру
инвестициялық бағдарлама
несиелеу
бағалы қағаздар шығару
салық салу
Жал
Есептеу жүйесі
Сақтандыру
Кепіл операциялары
Траст
Лизинг
Факторинг
трансферттер
2 блок. Құқықтық қамтамасыз ету:
құқықтық актілер, заңдар, жарлықтар, үкімет қаулысы, бұйрықтар, үкімдер, Қаржы министрлігінің хаттары.
табыс(пайда)
амортизациялық аударымдар
қаржылық санкция
Баға
Жылдық төлем
Дивиденд
Пайыздық ставка
дисконт
3 блок. Қаржы тұтқасы:
4 блок. Нормотивтік қамтамасыз ету:
-инструкция
-әдістемелік нұсқау
5 блок. Ақпаратпен қамтамасыз ету:
- компьютерлік бағдарлама
- бухгалтерлік есеп-қисап
- статистскалық есеп-қисап
- жедел есеп-қисап.
Қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделермен байланысты жұмыс жасайтын экономикалық тұтқа- қаржылық ынта табылады. Ұдайы өндірістің сапалы жақтарын ынталандырғанда қаржы экономикалық мүддені ынталандыруды қамтамасыз ету бағытында қолданылады.
Қаржылық ынтаның төмендегідей топтарын жіктеуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz