1917 -1928 жылдардағы Қазақстан экономикасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

1917 -1928 жылдардағы Қазақстан экономикасы.

Ресейдегі 1917 жылғы революцияны және кеңес өкіметінің құрылуын еске түсіріңіздер.

Кеңес өкіметінің алғашқы экономикалық шаралары. 1917 жылғы революция карсаңьшда Ресей экономикасы әбден күйзелген еді. Ал революциялық оқиғалар, үкіметтердің ауысулары шаруашылықгы күйреуге жеткізді. Апаттық жағдайдан шығу үшін Кеңес өкіметі бүкіл шаруашылық өмірді мемлекеттендіру әдісін тандады, яғни негізгі өндіріс құрал-жабдықгары мемлекепің меншігіне айналдырылды. 1917 ж. 1 желтоқсанда Халық шаруашылығаның жоғарғы кеңесі (ХПІЖК) күрыяды. Бұл мекеменің алдьіна бүкіл халық шаруйшылығьін басқару, бағыттау, реттеу міндеті қойыяды.

1917 жылдың қарашасынан 1918 жылдың наурызына дейін көсіпорындар, банктер, тасымал жолдары национал изацияланды. 1918 жылдың сәуір айында сыртқы саудаға мемлекеттік монополия енгізшді. Алайда шаруашылықты бейбіт мақсаттарға сөйкес кайта құру, ұсыныс пен сұранысты шамаластыру, т. б. экономикалық мәселелерді шешу қажеттілігі Кеңес өкіметінің шаруашылық саясатына өзгеріе енгізуді талап етті. 1918 ж. көктемде Ленин өнімді өңдіру мен белуге бақылау және есептеуді енгізу, еңбекке карай ақы төлеу, ең6ектерін және жалпы еңбек міндеткерлігін енгізу буржуазиялық мамаңдарды пайдалану міндеттерін қойды. "Солшыл" коммунистер бұл идеяны қолдамады, өйткені бұл қадамдар елде ка-питализмді қалпына келтіру деп есептеді. Сондықтан Лениннің ұсыныстарының аз бөлігі ғана қабылданды. Негізгі саясат - меншікті мемлекеттендіру болып «ала берді. 1918 ж. 28 маусымда ХКК өнеркөсіптің барлық салаларындағы ірі кәсіпорындарды национализациялау туралы шешім қабылдады, Жеке меншікте ұсақ кәсіпорындар мен кейбір орташа кәсіпорындар қалды. Осылайша жаңадан ғана құрылған, нығайып үлгерме-ген кеңес өкіметі өзінің мойнына бүкіл өнеркәсіпті қаржымен қамтамасыз ету, ұйымдастыру және дамыту міндетін алды. Қаржы мен мамандардың болмауынан, кеңестік қызметкерлердің білім мен тәжірибесінің

аздшынан 1918 жылдың. аяғына карай кесіпорындардың көпшілігі жабылып кдлды. Соған орай халыктың тұрмысы да нашарлап кётгі. Ірі калаларда жұмысшы ереуідцері де болды.

Кеңес өкіметінің экономикалық саясатының маңыз-ды бағыттарының бірі аграрлық реформа болды. Кеңестердің II съезі қабылдаған Жер хуралы декрет негізінен щаруаларға жерді бөліп беру туралы әсерлердің бағдарламасына негізделген болатын. Ал большевиктер жерді национализациялауды көздейтін. Алайда кеңес өкіметі халықтың ең көп бөлігін қүрайтьщ шару ал ар -дың мүддесімен санаеуға мәжбүр болды. І918 ж. 19 ақпанда Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитет! (БОАК) "Жерді социализациялау туралы" заң қабылдады. Жер туралы декрет пен осы заң бойынща бүкіл жер мемлекеттің меніцігі болып жарияланды, ал шаруалар жерді пайдаланушы болып есептелді. Большевиктердің түпкі мақсаты ұжымдық шаруашылықтар құру еді. Алайда кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында бұл мақсатты іске асыру шаруалар дың наразылығын туғызатын болғандықтан, кеңес өкіметі жерді шаруаларға бөліп берді.

"Соғыс коммунизм!" саясаты. 1918 ж. жазда азамат соғысы қызу жүріп жаткан кезде калаларды және майданды азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туды. Сондықтан кеңес өкіметі жұмысшылардан карулы отрядтар құрды, олар деревнядан күшпен азық-түлік жиңады. Азық-түлік диктатурасы "соғыс коммунизм!" саясатына негіз салды. 1919 ж. 11 каңтарда астық пен жерге салғырт салу туралы декрет жарияланды.

1919 ж. жекеменшік . Соғыс жағдайына баиланысты еркін саудаға тьшым салынды, салғырт барлық азық-түлікке салынатын болды.

Өнеркөсіпте басты рөлді национализацияланған кәсіпорындар атқарды. Қорғаныс өнеркәсібі бірінші кезекте шикізатпен және жүмыс күшімен қамтамасыз етілді. Өнеркөсіпті басқару орталықгандырылды, бүкіл жұмыс әмір-бұйрық жүйесімен жүргізілді. Жалақы төлеуде материалдық ынталандыру мүлде жойылды. Еңбек өнім-ділігі төмендеп кетті. Совдықган жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді. Еңбек төртібін бүзғаңдарға өкім-шілік шаралар қодданылды.

"Соғыс коммунизм!" саясатының ең күшейген кезі 1920 жылдың аяғы - 1921 жылдың басы болды. Бұл кезде кеңес үкіметі Мемлекеттік банкті жапты, азық-түлік, киім-кешекті тегін берді, пөтерақы мен кала көлігіне ақы төлеуді жойды, жалақы тауарлар түрінде берілді. "Соғыс коммунизм!" саясатын кеңес басшылары азамат соғысына байланысты туған мөжбүр жағдай деп түсіндірді. Алайда 1919 ж. наурызда РКП(б) VIII съезінде қабылданған партияның бағдарламасында национализациялауды толық аяқгау, саудадан - тауар алмасуға, жеке шаруа шаруашылықтарынан - ұжымдық шаруашылықка, акдіа қатынастарынан - ақшасыз шаруашылықгарға, нарықтық шаруашылыктан - орталықтандырылған жоспарлы шаруашылықка өту міндеттері қойылды. Демек, "соғыс коммунизм!" саясаты соғыс қажеттідтнен туса да^ болыпевиктердің коммуниетік қиялдарына сай кедді. Сондықтан бұл сая-сатты коммуниетік қоғам құру мақсатындағы алғашқы төжірибе деуге болады.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Азамат соғысы, негізінен, аяқгалды, елде тыныштық орнады. Алайда елді жайлаған аштық, токтап кдлған кәсіпорындар, бос қалған егістіктер экономиканың күйзеліске ұшырағанын көрсетті. Кеңес өкіметі соғыста женді, »нді шаруашылықгы дамыту міндетін іске асыруға тиісті болды. 1921 ж. наурызда партияның X съезі жаңа экономикалық саясатка көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясат мынадай шараларды камтыды:

  • азық-түлік чгаліыртын салықпен ауыстыру;
  • жалпыға бірдей еңбек міндеткерлшн жою;
  • ұсақ және орташа кәсіпорындарды жеке меншікке беру;
  • саудаға еркіндік беру;
  • кәсіпорындарда шаруашылық есеп енгізу;
  • экономикаға шет ел капиталын жұмсауға рүқсат беру;
  • ауыл шаруашылығында кооперацияларды дамыту;
  • еңбектің мөлшері мен сапасына орай өр түрлі жалақы телеу жүйесін енгізу;
  • пәтерге, көлік пен байланыс қызметіне ақы төлеу;

өндірісті дамытуды жоспарлай бастау. Жаңа экономикалық саясат болыпевиктер партиясының экономика мөселелеріне көзқарасыньщ күрт өзгеруі болды.

Жаңа экономикалық саясат бірден-ақ жақсы нөтиже бере бастады. Шаруалар белгіленген салықты қарсылықсыз төлеп жатты; қалаларда азық-түлік көбейді; жұмысшылар кесіпорындарға келіп, жұмысқа тұрды; халық тынышталды.

1921 ж. күзде Мемлекеттік банк қайта қалпына кел-тірілді. Кәсіпорындарды мемлекетгің қаржыландыруы қыс-қартылды; басқару аппаратының құрамы қысқартылды. Осы шараларды іске асырғаннан кейін күн тәртібіне акдіа реформасы қойылды. Ақша реформасы 1922-1924 ж. бірте-бірте жүргізілді.

Ірі өнеркәсіп түгелдей мемлекеттің меншігінде болды. Мұндағы нвгізгі саясат - өндірісті ірілеңдіру, трестер куру болды. Трестер өнеркәсіптің барлықсалаларында кұрыдды, олар өнеркәсіпті бір орталықтан басқаруға мүмкіндік берді.

Индустриаландыру. 1924 ж. елдің экономикасын калпына келтіру аяқгадцы. Енді экономиканы дамытудың жаңа жолдарын іздеу керек болды. Кеңес өкіметінің бас-шылары бірінші кезекте индустриаландыруды іске аеыру қажет деп тапты. Индустриаландырудың мақсаттары: елдің техникалық-эконймикалық жағынан артта қалушылығын жою; елдің дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтан тәуелсіз болуын кдмтамасыз ету; өнеркәсіптің жаңа сала-ларын дамыту; елдің әскери-өнеркөсіптік куатын кұшейту. БКП(б) XIV съезіңде индуетриаландыруга бағыт алу туралы шешім қабыддады.

Индустриаландыру біркдтар дамыған елдерде барлық салаларды техникалық жағынан жаңартуды халықгың тұр-мысын көтеру, ғылым мен мөдениетті дамытумен ұштас-тыра жүргізу төжірибесі ретінде іске аеканын білеміз. Ал кеңес өкіметі индустриаландыруды қоғамды қайта қүру, социализм орнату сияқты қиялшыл мақсаттардың құралына айналдырды.

Индустриаландыруға қажетті қаржы халық шаруашылығьшьщ баска салаларынан, соның ішінде ауыл шаруашылығынан түекен кадцетер жөне заемдар арқылы халықгың қолындағы каржыны іске қосуда құралуға тиісті бодцы. Иңцустраяландыру ауыр өнеркәсіптен басталды.

1929 жылдан бастап елдің шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарлары енгізілді. Бірінші (1928-1932 жж. ), екінші (1933-1937 жж. ) және үшінші (1938-1942 жж. ) бесжыддық жоспарларда ең негізгі назар ауыр өнеркесіпті дамытуға аударылды. Бірінші бесжылдықта 1500 жаңа өнеркәсіп орыңдары салынып, іске қосылды. Елдің шығысында жаңа көмір-металлургиялық база (Орал-Кузбасс) пайда болды. Горькийде, Москвада автомобиль шығаратын, Сталинградта, Харьковта, Челябинскіде трактор шығаратын

ірі кәсіпорындар салынды. Алайда жетістіктер мол болғанмен, бесжылдық жоспарда көрсетілген міндеттер толық орындалған жоқ. 1928-1929 жж. индустрияның даму қарқыны 23, 7% болса, 1933 ж. ол қаржының жетіспеуі салдарынан 5% ғана бодды. Жаңадан салынған кәсіпорындар толық қуатымен іске қосыла алмады. Маман жұмысшылардың жетіепеушілігінен жаңа техника толық иге-рілмеді. Ауыр өнеркөсіпке ерекше көңіл бөлу халық шаруашылығының өр түрлі салалары арасындағы тең шамаластық мөлшерін бұзды: жеңіл өнеркөсіп артта қальш қой-ды, ал ауыл шаруашылығы мүлде құддыраи кетті. Сондықтан екінші бесжыдцықга жеңіл өнеркәсіпке бөлінетін каржы көбейтілді, еңбек өнімділігін арттыруға көңіл бөлінді. Ауыр өнеркөсіп орындарын Оралда, Сібірде, Қазақстанда, Орта Азияда салу жоспарлаңды.

1:929 жыэдың ортасында Кеңес Одағында әскери-өнеркәсіптік кешен қалыптасты. 1936 ж. Қорғаныс өнеркәсібінің Халық Комиссариаты құрылды. Оған қорғаныс өнеркәсібімен катар ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары және орта арнаулы әскери оқу орындары бағындырыдды.

1939 ж. наурыз айында қабыдцанған үшінші бесжылдықта тағы да ауыр индустрияны басым дамыту мақсаты қойылды. Алайда 1937-1938 жылдардағы оазалау экономиканы мамандармен қамтамасыз етуді қиындата түсті. Дүниежүзілік соғыстың басталуы қорғаныс мақсатына бөлінетін қаржыны көбейтуді талап етті, Карулы күштер қайта көбейтілді, елдің щығыс аудаңдарында қорғаныс өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аудырыдды.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Индустриаландырудың бүкіл қиыншылықтары еңбекшілердің, соның ішінде шаруалардың мойнына түсті. Жаңа экономикалық саясат нәтижесінде жеке шаруа шаруашылықтары нығая бастап еді. Алайда индустриаландырудың жедел қарқынмен жүргізілуі, қалалардың көбеюі азық-түлік өнімдерін молайтуды талап етті, оның үстіне мемлекет ауыр өнеркәсіпке керекті қаржыны шетке астық, ағаш т. б. ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізат шығару арқылы жинақтауға ұмтылды. Мұньщ өзі тағы да шаруаларды азық-түлікті мемлекетке өткізуғе мәжбүр ету, күштеу өрекетін туғызды. Кеңес өкіметі 1927-1928 жж. астық дайыңдау дағдарысына басты айыпты кулактар деп тапты. Астық дайындау науқанына зиян келтіргені белғілі болған кулактарды сотка тартуға

Біріншісіне - Волга бойындағы жерлер жөне Солтүстік Кавказ кірді, онда үжымдастьфу бір жылдан кейін аяқгалуға тиіегі болды. Екінші белдеуде - Украинада, Орталық қара топьфақгы ауданда, Сібірде, Оралда, Казақстанда екі жылда аяқгалады. Қалған аудандарда (үшінші белдеу) үш жылда аяқгалады. Үжымдастыруды қарқындату зорлықпен, күіп қолданумен жүргізідді. Партияның кулактарды тап ретін-де жою туралы ұраны жағдайды өбден шиеленістірді. Ұжымдастыру басталғаңға дейін бүкіл шаруа шаруашы-лығының 3%-ы ғана кулактардың меншігінде болатын, ал кулактарды жою науканында шаруа шаруашылықгарыңың 10-15%-ы жойылды. КулактарДың қатарыңа орта шаруалар, кей жерлерде, кедейлер иргізілді.

Кулактарды жоюдың рет-жүйесі КСРО Орталық Атқару Комитет! мен Халық Комиссарлары Кеңесщің 1930 жылғы акдандағы күпия нүскауларында белгіленді. Кулактарды Оралға, Сібірге, Солтүстік өлкеге, Қазақстанға, Қиыр Шығысқа жер аударды. Бұл науқан шаруалардың қатарындағы неғүрлым сауатты, төжірибелі, іскер топтарды жойып, ауыл шаруашылығын ауыр зардапкд ұшыратты. 1933 жылға қарай шаруашылықгың 60%-ы, егістіктің 80%-ы үжымдарға бірікті. Үжымшарлар мен кеңшарлар астық өнімінің 80%-ын берді. Алайда күштеп ұжымдастыру ауыл шаруашылығын күйзеліске үшыратып, елді азық-түлікпен, шикі-затпен қамтамасыз етуді қиындатты, Өкімет ; енді ұжымшарлардың мемлекетке өткізгеннен қалған азық-түлік қорын тартып алуға көИІті. 1932 ж. 7 тамызда Іііыққан "Социалистік меншікті сактау" туралы заң бойыңша ұжымшар меншігін ұрілагандар қатаң жазаланатый болды. Ату жазасы да белгіленді.

1932-1933 жылдардың қысында Солтүстік Кавказды, Волга бойын, Украинаны, Кдзақстанды аштық жайлады. Украинада аштықган 1, 5 млн. адам қаза болды (Казақстан тарихы пәні бойынша Кдзақстандағы аштықтан қаза болғандар туралы мәяіметтерді есқе түсіріңіздер) . Аштық туралы мәліметтердің барлығын кеңес өкіметі құпия сақтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
1917-1920 жылдардағы азаматтық-саяси қайшылықтар
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәніне арналған дәрістер
Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан
Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері
Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz