Қиял туралы жалпы ұғым


Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
Қолданылған әдебиеттер

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.

Пән: Психология
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Қиял туралы жалпы ұғым

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял
ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада
суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан
тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген
инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді
ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат,
жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың
қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында,
хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп,
желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті.
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен
тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге,
сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік
ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы
шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде
шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа
шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы,
болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу,
яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді
бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер
қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның
бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке
басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір
салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан
басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің
олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял
арқылы былайша суреттейді: Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы ,
оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі
секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін
тасбақанікі сияқты. Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру
арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы
бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын
кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі
баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов Үйде
деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген
жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына
әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: Кәрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты
кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте
жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір
ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек
ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп,
шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де,
құстар да, қоқыраулар да қалмаған.... Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің
оған күшті әсер еткендігі сонша, бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап
отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...—
деді ...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі
адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты
орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді.
Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ
ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен
тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

Қиял түрлері

Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік
түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп
берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу
жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін күзетші
пункт деп атайды. Осы күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған,
көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида
қайтадан тіріледі. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны
белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс
әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді.
Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге
үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік
сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай
жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы кереметтер кіреді. И. М.
Сеченов осындай түстерді болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары деп
сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде
қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар
нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі
басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-
көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы
адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми
клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да,
иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады.
Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына
бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді
кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі
қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған
біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас
келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. Егер иттің түсіне сүйек
кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді деген мақал да біздің осы
пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске
кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған
адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, оның басқа сезім
мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады.
Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен
көрген заттарының бейнелері кіре береді. Барлық адамдардың түсі, -деп
жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық
түрде жандануы.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте,
жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің,
галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады.
Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.
Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы
оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың,
суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-
әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем
образ арқылы береді. К. С. Станиславский: Артистің көкірегінде өзі
бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады,
нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді,—
дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга
Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас
алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың
өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - творчестволық қиялы өте бай адамның
қолынан келетін касиет.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін көреді,
олардың мінез-құлықтарын елес етеді, сөзін естиді. Сонымен қатар, ақын-
жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін
сезіп, қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы
О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін
сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп,
еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор
жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, Соғыс
және бейбітшілік романын жазу үшін жинаған материалдары бүкіл бір
кітапхана болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер
етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы
ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар тандамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бүл өлеңіне Абай қиыннан қиыстырар, тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп, іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын секілді сөз тіркестері арқылы
өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың
психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп
отыр.
Ғалым үшін де творнестволық қиял аса қажет. Творчестволык қиял
ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми
жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды
тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми
жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның
жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше
берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның
сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен
тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады.
Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады.
Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы
мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын
алады. А. С. Макаренко айтқандай: жеке адамның келешегін жобалауда
мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас
еді.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша
жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман
өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық
әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші
дайындық сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты
ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық
пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның арманның іске
талпындыратын пайдасы туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені
адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай,
бос лағу, қүрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің Жекпе-жек
повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, қүрғақ
қиял: Ромашов өзінің бүл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол
офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін,
бастықтардың ақырып-жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы
бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. Түк
те емес! Өмір әлі алдымда! деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз ойына
масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай
жүріп кетті. Ерегістіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып
академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек
өзіңе-өзің берік болсаң болғаны. Күні-түні жаттаймын демей, жынданған
адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды' үздік тапсырамын.Сонда
жұрттың бәрі- ақ: таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай
болатынын күні бүрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт
емес пе? — дер. Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты
офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған.
Профессорлар оның келешегі зор деп үмттенеді, академияда қалуды ұсынады,
жоқ, ол қалғысы келмейді, ол стройға бармақшы . Ротаға командашы болу
мерзімін бітіруі керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ- Міне, ол
полкқа кедді - тамаша, кішіпейіл, ақ жарқьш, сүйкімді, әдепті, өткен
жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суретген көрген офицерлерге
үқсайды...
Бас штабтың жанып түрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп
өрлей береді. Подпоручикгің қиялында ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қиял туралы ұғым
Қиял туралы жалпы түсінік
Зейін туралы жалпы ұғым
Педагогика туралы жалпы ұғым
"Ес туралы жалпы ұғым."
Ес туралы жалпы ұғым
Психика туралы жалпы үғым
Темперамент туралы жалпы ұғым
Несие туралы жалпы ұғым
Мінез туралы жалпы ұғым
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь