Ауыл мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары



Кіріспе.
Негізгі бөлім: Ауыл мұғалімнің оқу.тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі.
2. Ауыл мұғалімнің басты мақсаты.
3. Ауыл мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
1. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Алматы, Дарын. 2004.
2. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 1991.
3. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. Адматы, 1983.
4. Педагогика. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.Алматы, 2003.
5. Ш.Сатиева. Мұғалім шеберлігінің мінездемесі. /Қазақстан мектебі.
№9-10, 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ауыл мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары

Орындаған:
_______________
Тексерген:
_______________

Алматы - 2007
Жоспар

Кіріспе.
Негізгі бөлім: Ауыл мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен
жұмыс жүйесі.
2. Ауыл мұғалімнің басты мақсаты.
3. Ауыл мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.
Қорытынды.

Кіріспе
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ
іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса,
оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша
айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер
жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды,
икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның
жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін
біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт,
екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата
аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық
құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының
мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы,
басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын
озық мәдениетті адам қалыптастыру.

1.Ауыл мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі.

Ауыл мұғаліміне қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық,
кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу,
сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет.

1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдісі;
- оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістер;
- танымдық ойындар;
- оқыту дискуссиясы;
- өмір ситуацияларын талдау әдісі;
- білім сапасын көтеру ситуациялары;
- білімнің қоғамдық қажеттілігін түсіндіру;
- білімді игерудің қажеттілігі әдісі;
- оқытудаға талап қою әдісі;
- оқытудаға мадақтау мен жазалау әдісі.
2. Хат жазысу ұстаз бен шәкір арасында терең байланыс орнатуға,
түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Болашақ креативті
шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Практикалық бейнелеу сабақтары сандық
түсініктен – сапалық түсінікке әкеледі. Көркем өнерге шығармашылыққа
тәрбиелейді. Жан сезіміне әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән
мұғалімі, драма жетекшісі, музыка, қол өнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері
бірдей қатысады.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Ауыл мұғалімі балаларды оқытып
қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта
оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі
болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Дегенмен,
мұғалімнің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол
балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол –
сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара
әлеуметтік қатынастары қалыптасады.
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік
шаралардың ықпалын үлестіру тек мұғалімге жүктеледі. Ол оқушыға қатысты
мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды
тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысуы керек.
Ауыл мұғалімнің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді
және салалы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір
жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін,
еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына
жағдай туғызу. Тәрбиенің негізгі салалары ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық тағы басқа.
2.Ауыл мұғалімінің басты мақсаты.

Ауыл мұғалімнің міндеті сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие
жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті
талап етеді.

Ауыл мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде
тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әр
жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін үш
бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға
барлық бағытта көмектесу. Оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай
тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге
араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
Рухани – адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың
орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді
әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық
әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы
өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекеті бақылау. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық
(целеполагания), жоспарлау немесе жобалау (проектировать), бақылау және
тзету (коррекция) енгізіп отыруды жатқызуға болады.
Нақтамалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру
үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын
анықтан отырады. Соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара
ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізеді; сыныптағы келеңсіз
жағдайдың себебін іздестіріп, анықтан оны болдырмаудың тәсілдері мен
жолдарын қарастыруға көздейді.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғаның даму поцесін басқару
міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық
қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны
жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркежде
оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді
В.А.Сухомлинский де тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол
қарапайым көрініске тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика-балгерлікке
айналар еді, - дейді. Сондықтан, тәрбие прцесінің нәтижесін алдын ала
жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.
Ауыл мұғалімнің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп
және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауда мүмкіндік
беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне
талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы
немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.
Дегенмен де, ауыл мұғалімнің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп
отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары
барысында ғана іске асады.
3. Ауыл мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.

Ауыл мұғалімдері оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың
мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын
қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда
балаға жасаған ықпалы туралы ойлар болсақ, онда мұндай педагогикалық
әрекетті- тәрбие жұмысы деп атаймыз.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау.
- оның даму дара ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып
білу;
- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге
асыру;
- тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру.
- оқушылар ұжымын қалыптастыру;
- оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамыту;
- жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.
3. Балалардың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге
көмектесу, бақылау жасау.
- отбасына әлеуметтік көмек көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
- мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау.
Әртүрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар,
қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі
формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар т.б.), ұлттық салт-
дәстүрлер: оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша,
тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде
ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен
тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде б.тіндей
ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет. Өзара қатынастар,
оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы
ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.
Ауыл мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана,
әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен
нәтижеге жету мүмкіндігі бар.
Мектеп өз түлектерінің мәдени негіздерін қалыптастыруына ықпал
етеді, ол дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ұстаз - ұлы есім
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Біріккен сабақ
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Пәндер