Жеткіншек шақ



Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V—VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11 —12 жастан 14—15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық, жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жеткіншек шақ
(5-8 сынып аралығы)
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің
V—VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11 —12 жастан 14—15
жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде
басталуы V класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық
шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік,
әлеуметтік дамудың барлық, жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән
ерекшелігі болып табылады.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялқ фактор проблемасы баланың
организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі
өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең
басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында
организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері
тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден
басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал
мұнын, гормондары талшықтардың, өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте
маңызды бездерінің, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне
қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген
өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады
(жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл
процестер қыз балаларда 11—13 жаста, ер балаларда 13—15 жаста неғұрлым
жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы
байкалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар
12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі —
жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу
деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен
салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек
адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел
жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда
омыртқа жылдык өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін
омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт
бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда
омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек
бұзылуы 11—15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді
түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады.
Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық
жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде,
ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың
өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ
бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүм-кіндіктері
ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін
оның үлкен маңызы бар. Алайда ере-сектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық
еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі
болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру
керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы
үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс
көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік,
қолапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, езіне сенімсіздік секілді жайлар
туындауы мүмкін. Алайда 6—7 жастан 13—14-ке дейінгі шақ — көптеген қозғалыс
сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері
жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету
мүмкіндіктері де артады.
Фалликуланың қабырғасы анотомиялық жыныс гормондарын жасап шығара
отырып сонымен бірге ішкі секреция қызметін жүзеге асырады. Қыздарда 12-13
жаста, жыныстық жетілу 10-11 жаста басталады. Жыныс гормоны етеккірдің келе
бастауын және ақырғы жыныстық белгілерінің денеге түк шығу, сүт безінің
дамуы көмекей қысқа дауыс сіңірлерінің қалыптасады.
Жыныстың дамуы ІІ саты (препубертат) қыздарда 9-11 жасқа дейін ер
балалар 10-14 жасқа дейін.
Қалқанша безі – ішкі секреция маңызды мүшесі. Зат алмасуға қатысады.
13-14 жастағы өспірімдерде массасы ең жоғары болады.
Жүрек -өмірің алғашқы 2 жылында жыныстық жетілу кезеңінде 12-14 жас
ерекше жедел өсетіні басталады. Жүректі жиырылу жиілігі минутына 12-13
жастағы өсіпірмдерде 2006 ға дейін тамырдың соғуы жиілігі 14 жастағылардыкі
206 тең.
11-12 жасқа қарай дауыс сіңірлерінің өсуі жеделдейді. Қыздарға
қарағанда ұлдарда ұзынырақ жуан болады. (ұлдарда – 1,3 см, қыздарда 1,2 см
ге жетеді.) адамның жасы өскен сайын несептің тығыздылығы арта түседі. Ол
10-12 жастағы балаларда 1011-1020 болады.
Жеткіншектік шақта эпдокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі
балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана
қалыптаса бастайды. Бұл қайта кұрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына,
әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының,
ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл
белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады.
Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз
бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа
психологиялык құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден,
жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан
ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің
ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады.
Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа
түйсіктердің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
Жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы және қалыптасуы
Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Ерте жастық шақ психологиясы
Жеткіншек бойындары өзгерістер
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Пәндер