Ұлы жұт (1931-1932)



1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады.
1. Талас Омарбеков, Зобалаң, Алматы, Санат,1994
2. Талас Омарбеков, 20-30жылдардағы Қазақстан қасіреті, Алматы, Санат,1997
3. Талас Омарбеков, Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас, Алматы, Қазақ Университеті,2004
4. Талас Омарбеков, Тарих тағылымы не дейді?, Алматы,1993
5. “Ашаршылық және демографиялық апат” Ғизатулла Халидуллин, Ақиқат 2001№8
6. Талас Омарбеков, “Аштық апатын анықтай алдық па?” Ақиқат 1994, мамыр
7. Талас Омарбеков,Қазақ босқындары қайда орналасты? Ақиқат 1994, ақпан
8. Талас Омарбеков “Қазақ неге шыбындай қырылды?”
9. Қариева Тоты “Қазақ қалай аштыққа ұшырады?” Қазақ тарихы, 2002 № 3
10. Талас Омарбеков “Отырықшыландыру неге сәтсіздікке ұшырады?” Ақиқат 1994, қаңтар
11. Ләйла Нұрғалиева, “Ашаршылықтың ащы шындығы” Жалын 1997 № 9-10
12. Сәбира Иманбаева, “Ұлт зиялылары ашаршылық тұсында”, Ақиқат, 2000 № 6
13. Талас Омарбеков “Голощекин Қазақстанда” Лениншіл жас, 1990 жыл 9 тамыз

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

РЕФЕРАТ:

Ұлы жұт
(1931-1932)

Тексерген: Аманқос Мектеп
Орындаған:Айтқұлова Фариза

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң,
ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия
сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне
бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың
қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды
айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің
“Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен
65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933
жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9
жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар
үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман
өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір
өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны
ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ
өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес.
Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-
1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр
айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз
сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді.
Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды.
Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай
қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған
қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны
ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік
құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз
болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург.
1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор
Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы
“союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол
кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген.
Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда
ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан
қасіреті” деген өлең бар.
Бұл орайда жазушы С.Елубаевтың республикалық баспасөз бетінде жарияланған
“Нәубет” атты мақаласына да тоқтала кеткен жөн сияқты. Онда автор:
“Голощекинге ең кедей деген көшпелінің өзінде 30-40 қой-ешкі мен 4-5 ірі
қараның болуы есепсіз байлық сияқты болып көрінді. Сонда, өз жұмыс күшінен
басқа ештеңесі жоқ пролетариат қайда? Сондықтан ол Москвадан Қазақстанда
“Кіші октябрь” жүргізуге рұхсат алды. Сөйтіп, ұжымдастыруды жоспардағыдай
үш жылдың ішінде емес, бір-ақ жылдың ішінде жүргізіп шығару үшін күрес
жүргізеді”.
Қазақстандағы ұжымдастыру жылдарындағы мал басының шығыны мен 1932 жылдың
аштығының құрбандары туралы жазушы Б.Нұржекеев “Көшпенді шаруалар қайдан
шықты?”-деген материал жазды. “Отырықшылдандыру жөніндегі республикалық
комитеттің деректері бойынша 1933 жылы Қазақстандағы мал басы 1929 жылмен
салыстырғанда 16 есе кеміп кеткен. Егер, 1929 жылы мал басының саны 39294
мың болса, ал 1933 жылы небәрі 2 428,2 болған. Бір сөзбен айтқанда, 3-4
жылдың ішінде Қазақстан 27 млн. бас малдан айырылған. Мәселен, 1929 жылы
бір отбасына 39 бас малдан келсе, 1933 жылы бұл сан 3,9-ға кеміген.
Республика халқына танымал демограф М.Тәтімовтың “демографиялық
деректерге сүйенсек” атты мақаласында автор ғылымның тәсілдері мен
методологиясын пайдалана отырып нақты цифрлар келтіреді. 1932 жылдың
құрбандарының нақты санын анықтау үшін, демограф 1926 жылы болған
Бүкілодақтық бірінші халық санағының деректерін талдап оған салыстырмалы
талдау ретінде 1939 жылғы Бүкілодақтық екінші халық санағының деректерін
алған. 1926 жылдың санағының қорытындысы бойынша, қазақтардың саны 3 млн
638 мың болған. Ал, екінші халық санағының қорытындысы бойынша, 12 жыл
өткен соң, Қазақ ССР-інің территориясындағы олардың саны 2 млн 307 мың
болған. Ресми деректерден байқалып отырғандай екі санақтың арасындағы
айырмашылық 1 млн 321 мың адам, немесе, соңғы санақтың көрсеткіштері
бойынша қазақтардың саны 36,7 пайызға кеміген. Алайда, осы айырмашылықтың
өзін толыққанды деп есептеуге болмайды. Себебі, мұнда алғашқы халық санағы
кезіндегі түрлі себептермен есепке алынбай қалған тұрғындарының санына
байланысты жасалған ғылыми талдау мен статистикалық есеп жоқ. Сондай-ақ,
екі санақ аралығындағы халықтық табиғи өсіміне де демографиялық баға
берілмеген.
Қазақстанда болған 1925-1933 жылдар аралығындағы қанды геноцидтің
төркіні тым әріде жатыр. Мысалы, патшалық Ресейдің кезінде Марков деген бір
депутат екінші Думада: “Қырғыз-қайсақтар Шыңғысханның тікелей ұрпақтары.
Сондықтан, Шыңғысхан бізге 12 ғасырда не жасаса, біз қазір бұл қырғыз-
қайсақтарға дәл соны жасап, өш алуымыз керек” деп сөйлеген. Ұлт
саясатындағы зорлық-зомбылық, кіші халықтардың тілін жою, орыстандыру,
тарихи тамырын кескілеу, бір ғасыр көлемінде халық ретінде жоқ қылу, жері,
тілі, діні, әрпі жоқ орыстанған мәңгүрт тобыр жасау – міне, өкіметтің
жасырын бағдарламасы осы еді. Қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай-ақ
колхоздастыру деген ұранмен геноцид басталды..
Бұл отызыншы жылдардың бір қасіреті – ашаршылықтың бүкіл қазақ жеріне оба
ауруындай тараған сәті болатын. Осы жайлы егер нақты деректерге жүгінсек,
Шымкент қаласының тұрғыны З.Рысбекова былай деп еске алады: “Пірімбет деген
қария Үмбет деген баласы, Сәкен деген келіні үшеуі бірдей үйлерінде аштан
өліп, сасып кеткен екен. Тірі қалғандар тамдарын үстеріне құлатып, жан-
жағындағы топырағын үйіп, мола жасай салды. Ауылда көп өліктерді жер қазбай-
ақ осылай көме салатын. Себебі, жер қазуға арық-тұрық адамдардың шамасы да
келмейтін.”
“Кеңестер билеген Түркістан” деген еңбегінде М.Шоқай кеңес өкіметінің
Қазақстанда жүргізіп отырған саясатын былай деп көрсетті: “Өкімет өкілдері
өздерінің орыстарын қорғауды, оларды жақсылап тамақтандыруды, жақсылап
киіндіруді, өз үйлерін бөтен біреудің жібек матасымен және басқа да қымбат
бұйымдармен безендіруді ғана біледі. Ал біздерге, мұсылмандарға не істеді?
Тамақтандырды ма? Жоқ! Киіндірді ме? Жоқ! Егер киіндірсе кедейлер жалаң аяқ
жүрер ме еді. Егер тамақтандырса, мыңдап, он мыңдап аштан өлмес те еді.
Біздің үйлерімізді не қалған жоқ?”
РСФСР халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов
болса, Кеңес өкіметінің Қазақстанның жергілікті халқына жасаған, бұрын-
соңды құлақ естіп көрмеген аштық саясаты туралы өзінің И.В Сталинге жазған
хаттарында былай деп көрсетіп берді: “Қазақтардың бір ауданнан Қазақстаннан
тыс жатқан екінші бір аудандарға 1931 жылдың аяғында басталып, жазғұтұры
ұлғая түскен қоныс аударулары қазір үдей түсті. Аштық пен індеттің
салдарынан бірқатар қазақ аудандары мен қоныс аударушылардың арасында өлім-
жітім етек алып отырғандықтан, бұған орталық органдардың шұғыл араласуы
қажет. Мұндай жағдай – қазақ халқының белгілі бір бөлігіне қатысты
Қазақстанда пайда болған қазіргі жағдай өзге өлкенің, не республиканың
ешқайсысында орын алып отырған жоқ. Қоныс аударушылар өздерімен бірге көрші
өлкелер мен Ташкент, Сібір, Златоут темір жолдары бойына індет ауруларын
таратты. Совет тарапынан белгіленген ішінара шаралар мәселені шеше алмайды.
Орталық Комитеттің қаулысымен дер кезінде жәрдемге босатылған азық-түліктің
едәуір бөлігі көздеген жерге жетпеді. Бұл мәселенің маңызы зор
болғандықтан, Сізден осы хатпен танысуыңызды және аштан өлу қаупіне душар
болған көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу үшін осы іске ара түсуіңізді
өтінеміз.”
Бұл хатында Т.Рысқұлов Қазақстанда, әсіресе мал баққан халықтың халі
адам төзгісіз екенін, аштықтан көбі ажал құшып, көп адам Қазақстаннан басқа
жаққа тамақ іздеп, жұмыс іздеп ауып кеткенін Голощекин “асыра сілтеу
болмасын, аша тұяқ қалмасын” деп тұтас халықтың басына алапат қауіп
төнгендігін бұлтартпас фактілермен, құжаттармен жанқиярлық батылдықпен
ашына айқайлай айтып, ұсыныстар жасайды.
Ашаршылық, әсіресе, 1931-1932 жылдары меңдей түсіп, елді мүлдем
есеңгіретті. Осындай ел басына күн туған сәтте халқы үшін Т.Рысқұлов сияқты
шыбын жанын шүберекке түйіп, қызмет атқарған абзал жандар аз болған жоқ.
Оңдай мысалды баспасөз бетінен кездестіруге болады. Солардың бірі -
Әбжаппар Үсенов туралы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С.Доғмырзаев
“Ақиқатты аңсаған ағалар” деген мақаласында былай деп жазыпты: “Әбжаппар
Үсенов – халық жауы емес, халықтың нағыз баласы еді. Үлкен ұйымдастырушы,
суырып салма ақын болатын. Біз ол кісіден мол өнеге алып өскен, атбайлар
інілерінің бірі едік. Міне, заман түзеліп, сондай аяулы жандардың атын
атап, түсін түстеп, өнегелі жақтарын жастарға айтатын халге жеттік,
әйтеуір. Бұған да шүкіршілік. 1931-1932 жылдардағы ашаршылықта Әбжаппар өзі
басқаратын “Игілік” колхозының 100-ден астам отбасын ашаршылықтан аман-есен
алып шықты. Әрине, Әбекеңнің жалғыз өзі елге қорған болды деуден аулақпыз.
Аяулы азамат жүз шаңырақты аштықтан құтқару жолында Керімбек Маңқытаев,
Бекшора Бекқожаев, Алтынбек Қошқарбаев, Шалабай Дүйсенбаев, Қожахмет Наров
секілді үзеңгілес серіктеріне арқа сүйеді.
1921-1922 жылдары Қазақстанда – Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей
губернияларында, Адай уездерінде ашаршылық орын алды. Елде өріс алған
ашаршылықтың қазақ халқы үшін қасіреті зор болды. Бұл нәубеттің нәтижесінде
шамамен қазақ ұлтының үштен бір бөлігі қырғынға ұшырады деген деректер бар.

Қазақстандағы ашаршылыққа байланысты, тарихшы Т.Омарбеков мынадай
тұжырымды ой айтты: “Қазақстандағы 1921-1922 жылғы ашаршылық шындығына
келсек, ауа рай, құрғақшылық емес, өздері өкіметті бір түнде басып алған
соң, көп кешікпей-ақ азамат соғысы тұтанатынын, ал одан шаруашылық
күйзеліп, халық аштықтан қырылуы мүмкін екенін біле тұра, қатерлі
бағыттарынан қайтпай қойған большевиктер және олардың партиясының біржақты
саясаты кінәлі.”
Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қазақстандағы ашыққандарға
жеткілікті көмек көрсету былай тұрсын, қайта қазақтың қолындағы бар астығы
мен малын салық қылып жинап алды. Мәселен, 1922 жылы егілген егінінен
жиналған 54 миллион 734 мың 449 пұт астықты, оған қосымша 417 миллион пұт
астықты салық деп тартып алған.
Республикалық Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, әрі аштарға жәрдем
ұйымдастыру комиссиясының бастығы С.Меңдешев Түркістан республикасының
халқына “Қазақстан республикасындағы ашыққандарға көмек беріңдер!” деген
хатында “...Аштық Торғайдың, Ырғыздың, Темірдің, Ойылдың көшпелі аудандарында
қысты күні-ақ сезілді. Қазіргі күні ашаршылық Ақтөбе губерниясында, Орал
облысының Елек, Жымпиты,Гурьев уездеріне жайылды. Шексіз далада балалар
қаңғып жүр. Далалық жерден күн көру үшін тамақ іздеп босып кетті,
қалаларда, теміржол станцияларында туыс-туғандары тастап кеткен балалар,
қарттар төгінді лас қоқыстарды ақтарып, талғажау болатын дәм іздеуде. Қазақ
халқы үшін қол ұшын беріп, көмектесіңдер” – деп, үндеуін жариялады. Қазақ
халқының басына төнген бұл нәубет туралы М.Дулатов, Ж.Аймауытов бастаған
ұлт зиялылары ойласа келіп, елді апаттан сақтап қалу үшін сенімді
азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі елдерден жылу ретінде мад жию керек
деген шешімге тоқтап, өздері де осы жұмысқа кіріседі. Жаппай өрістеген
аштыққа қарсы шара қолданып, ойласу, ұйымдасу қажеттігін көрсетіп,
М.Дулатов пен Ж.Аймауытов “Қазақ тілі”, “Ақжол” басылымдарында мақалалар
жариялады. (М.Дулатов. “Ашыққан ел һәм Семей азаматтары. “Қазақ тілі” 1922,
18 наурыз. “Аштық қырғыннан қайтсек құтыламыз?” “Ақ жол” 1922,12 тамыз.)

Халқын аштықтан құтқару мақсатында “өкімет назарына” - деп айшықтаған
М.Дулатовтың мақаласы “Аштық қырғыннан қайтсек құтыламыз?” деген атпен
1922 жылы “Ақ жол” газетінде жарияланды. Бірінші мақаласында М.Дулатов қол
қусырып отыруға болмайды, қазақты қазаққа жәрдем беруге кірістіруіміз керек
деп өз ойын ашық айтады. Теміржол бойындағы, ия теміржолға жақын жердегі
елдерге ғана жәрдем кезінде кешігіп берілуі мүмкін. Біздің қазаққа келсек,
айдан-анық мәселе көзге елестеп, көңілге келе қалады. Ол не? Ол сорымызға
қарай, қазақ даласында теміржолдардың жоқтығы, теміржол болмаған соң,
қандай мол жәрдем жиылса да, қазақ аштарына жетуінің қиындағы. – деп ойын
нақты шара ретінде мына істерді жүзеге асыруды ұсынады:
“Елді ел қылу үшін қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа міну
керек. Бірақ, азамат өкіметтен рұхсатсыз атқа міне алмайды. Сондықтан
қазақ өкіметі қазақты ел қыламын десе, закон жолымен бекітіп, аштар үшін
күйлі елдерден жылу жинауға рұқсат етсін. Елге сенімді білімді, таза
азаматтарды бастық қылып 20-30 бөлек комиссия шығарсын, жиналған малдарын
жаз бойы ашаршылық болып жатқан жерлерге айдасын. Сондай-ақ М.Дулатов бұл
шараны іске асыру барысында қателіктерге, асыра сілтеушілікке жол
берілмеуін талап етеді.
Бұл істе М.Дулатовпен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресу мен балаларға көмегі
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ
1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Голощекин тұлғасы, саяси портреті
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Пәндер