1723 ж. Қазақ даласындағы тойтарыс



І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) 1723 ж Қазақ даласындағы тойтарыс
б) Қазақ жеріне Жоңғарлардың шабуылы
в) 1823 ж. Жетісу мен Ертіс өңіріне шабуыл жасауы.
г) 1723 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы

ІІІ. Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді: Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды. Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талап-тар қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды. Өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы -Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсетеді.
1. Қазақстан тарихы ІІІ том. К.С. Алдажұманов, М.Х Асылбеков,
Ж.Қ.Қасымбаев, М.Қ Қозыбаев. Ата мұра 2002
2. Ч.Мусин . Алматы - 2005

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) 1723 ж Қазақ даласындағы тойтарыс
б) Қазақ жеріне Жоңғарлардың шабуылы
в) 1823 ж. Жетісу мен Ертіс өңіріне шабуыл жасауы.
г) 1723 Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы

ІІІ. Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді:
Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды. Ертіс бекініс
шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талап-тар
қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен
тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ
хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап
дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан
шегіне аттандырды.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес
қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал
жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы
мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды. Өткен замандағы аса
көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы -Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп
көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана
қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте
саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке
өздерінің әрбір қадамын әртүрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден
берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият
дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында
жоңғар ханы Цеван-Рабтанның елеулі рол атқарғаны да көрінді.
Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшім
өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем кезінде
жоңғарлардың күтпеген жердегі жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді. Оның
үстіне, жоңғарлардың жекелеген жасақтарының ширек ғасыр ішіндегі жыл сайын
деуге болатын шабуылына ұшырап, халықтың өзі моральдық жағынан күйзеліс
жағдайында болатын, ал көптеген сұлтандар мен рубасылары бір-бірінен барған
сайын оқшауланып алғанды. 1723 жылы Жетісу мен Ертіс оңірінің қазақтары
бірінші болып жау табанына түсті, шабуылдың тұтқиылда тегеурінді болғаны
сонша, жұрт ең қауқарсыз қарттар мен бала-шағаны тағдырдың тәлкегіне тастай
қашты. Сондықтан ол жылдар жөнінде халық жадында зар заман жылдар
қасіреті ретінде сақталған. Бұған Елімай деген атақты ән дәлел болады.
Оның үстіне ең шөлді және жан аяғы баспаған, қу мекиеннен басқа шын мәнінде
Қазақстанның бүкіл аумағы басып алынды. Бұл қасірет қазақтарды ғана емес,
Орта Азияның барлық халықтарын да қамтыды. Самарқанның қаңырап қалғаны және
Бұхарада көптеген адамдардың аштыққа ұшырағаны туралы құжаттар мен дәлелдер
кеңінен мәлім.
Қазақтардың ауыздан-ауызға тарап келген аңыздарында бұл кезең Ақта-
бан шұбырынды, Алқакөл сұлама деп аталады. Әдебиетте Алқакөл сұлама
термині жөнінде алуан пікірлер айтылады. Біреулер қателесіп, сұлама
түйенің қатпа болып қырылуы деп санайды. Басқа біреулер Алқакол емес,
Алакөл деп есептейді. Бұл жөнінде сол қасіреттің куәгері болған Қожабер-
ген жыраудың Елімай дастанында: Қырылу Алакөлден басталып тұр, — деп
тікелей көрсетілген. Жекелеген зерттеушілердің пікірінше, Алқакөл —
Сырдарияның арғы жағындағы, өзеннің сол жақ жағалауындағы Бетпақ даладағы
көл. Екінші бір нұсқа бойынша, Алакөл емес, Алқакөл (Алқақотан), бұл
топтасып, қол ұстасып, алдында жатқан адамның тізесіне басын қойып отыру
немесе тізіліп жату, жорықтағы демалыс әдісі. Сұлама — әбден шаршап-
қалжырап, басын көтере алмай жату.
Қожаберген жыраудан кейін Е. Бекмаханов Алқакол емес, Алакөл деп
санады. Бұл түсініктіде, өйткені Алакөл Жоңғар қақпасының кіре берісінде
жатыр.
Сөйтіп жоңғар феодалдары қазақтарға қатты соққы беруге және қазқк
жеріне, одан әрі Орта Азияға басып кіруге ұйғарды. Шабуыл жасауға 1723
жылдың көктемі таңдап алынды, қыс қыстаудан жүдеп шыққан қазақ ауылдары
жайлауға көшуге дайындалып жатқан кезеді. Сол жылы қатты жұт болды.
Қазақтардың жадында: Қайың сауған ақтышқан жылы айрықша қалған.
Қазақтардың халықтық күнтізбесі бойынша, тышқан жылы мен қоян жылында
көбінесе жұт болып, мал қырылып отырған. Мұны кейінгі жылдардағы мұрағат
материалдары да растайды. Қазақтар нақ осындай кезеңде жоңғарлардың ауыр
соққысына ұшырады. Қазақ жеріне шабуыл жасағанда жоңғарлар кенеттен, тез
арада тегеуірінді қимылмен басып кіру факторын да пайдаланды.
Жоңғарлар ірі-ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын
әскермен шабуыл жасады. Мәселен, Цеван-Рабтанның баласы Галдан-Церен 10 мың
әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды. Қонтай-шының інісі
Құлан-Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді. Қонтайшының
немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағытталды. Галдан-Цереннің
баласы Цеван-Доржы Шелек өзенінің аңғарына аттанды. Галдан-Церенннің екінші
баласы Лама-Доржы Ыстықкөлге бағыт ұстады. Нойон Дода-Доржым Шу өзеніне
қарай ұмтылды. Цеван-Рабтанның өзі Iледен өтіп, Жетісудың оңтүстігіне қарай
жылжыды. Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван-Рабтанның ағасы Шона-Доба
жүзеге асырды. Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қыс
жұтынан әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық көрсете алмады. Шу
аңғарынан жалайырлар қуып шығарылды. Олар көп шығынға ұшырап, Ұлытау мен
Көкшетау жаққа кетуге мәжбүр болды.
Қаратауда, Арыс өзені алабында да ойран салынды. Қапы қалғaн қазақтар
малын, үйін, мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар феодалдары көп
халықты қырып салды, көптеген адамдар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық
өзендерінен, Сырдариядан өту кезінде қаза тапты. Қазақ рулары Сырдарияға
қарай қашып, оның арғы бетіндн ғана өздерін қауіпсіз сезіне аламыз деп
санады.
Жоңғарлар өздерінің жолында ауылдарды талап-тонап, қазақ қауымдарын
бытыратып жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды.
Қазақ ауылдары әсіресе қонтайшы Шона-Добаның шабуылдарынан қатты
зардап шекті. Ол өз жасақтарымен Талас аңғарына, Сырдария өзенінің бойына
өтті. Түркістан, Қарамұрт (Шымкент түбінде), Тараз, Шымкент, Ташкент
қалаларын жаулап алуды ол өз табысы деп санай алатын. Шона-Добаның
жасақтары қазақ қоныстарына жортуыл жасап, ауылдарды шапты, тұтқындар алды.
Тек соның жасақтары ғана қазақтардың 5000-дай отбасын тұтқынға алды,
олардың мың отбасы қонтайшының ұлыстарына жіберілді. V-XVIII ғасырдың 20-
жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды.
Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара
Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды.

Үмбетей жырау өз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау,
Абралы, Шыңғыс таулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және Алатауды
қалай жаулап алғанын суреттеген.
Жоңғар жайсаны Черен-Дондук Лепсі және Қаратал аңғарында көшіп жүрді.
Онда қонтайшынікінен кем түспейтін жеке үлкен жасақтары болды. Ұлы жүздің
Жетісуда көшіп жүретін ру басылары соның жасақшыларына бағынды. Сондай-ақ
көптеген қазақтар Шу, Талас аңғарларына, Бетпақ далаға кетіп қалды.
А.И. Левшиннің атап өткеніндей, отарлар мен табындар күн санап кеми
берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылық пен қайғы-
қасіретке ұшырады, кейбіреулер аштан өліп, басқа біреулері әйелдері мен
балаларын тастап кетті... Егер оңтүстікке кетпесе, үш жақтан қысым көріп,
қудаланған оларды мүлде қырып жіберу мүмкін еді.
Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта
жүз руларының көпшілігі Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара
шегіне көшіп барды.
Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын
түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған
шайқастар жүріп жатты. Ташкент қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай
тұрғындары үш айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ташкенттің ізінше Сайрам
мен Түркістан да құлады. Бүкілхалықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар
Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Жәнібек, Малайсары, Елшібек және басқалар
халықты туған жерін қорғауға көтерді. Жоңғap әскерлері қазақ халқының
табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды. Жау таулы жерлерде, алыстағы
далалық аудандарда, қалаларда тойтарыс алды.
Қожаберген жыраудың айтуынша, қазақтар ұрыса отырып шегінген, жа-
сақтар Бетпақдала құмдарында қуып келе жатқан жаудан қара үзіп кетіп, Таң-
балытас ауданындағы ұрыстарда оған тойтарыс берген, сөйтіп оны Сарысу
өзенінің жағасында қорғанысқа көшуге мәжбүр еткен.
Жоңғарлар Түркістанға шабуыл жасаған кезеңде Айшыбек батырмен бірге
Қабанбай қала қорғанысына тікелей қатысты.
Жаулап алушыларға Түркістанды қорғаушылар ғана табанды қарсылық
көрсетіп қойған жоқ. Сайрамды жау қоршаған кезде де қала тұрғындары
каһармандық көрсетті. Жоңғарлар қаланы шабуыл арқылы бірден басып ала
алмады, олар қаланы айнала қоршап, қамауға алды. Олардың мақсаты қаланы
басып алып, талап-тонау болатын. Алайда мұны істей алмады. Сонда қонтай-шы
өз әскерлерінің бір бөлігін тауға жіберіп, қаланы сумен жабдықтап тұрған
Сайрамсу және Тубалық өзендерінің арнасын бұрып жіберуге бұйрық берді.
Сайрам тұрғындары сусыз қалды. Аңызда бұл туралы былай делінген: Олар
қаланы қорғап, ұзақ уақыт бекінді, бірақ ақырында, дінсіздер жеңді,
біртіндеп қаланы да, қамалды да алды.
Жоңғарлар мұнда мол мүлікке жолығып, көптеген тұтқындар алды.
Тұтқындарды Шығыс Түркістан ауданына әкетті. Қазақтар Сырдарияның орта
ағысына ғана емес, бұл өзеннің төменгі сағасына қарай да шегінуге мәжбүр
болды. Ресей елшілігінің курьері Николай Минер Сыртқы істер алқасына
жоңғарлар ондағы жердің бәрін, тіпті Сыр өзеніне және Бұхара жағындағы
Ходжентке дейін иеленіп алды деп хабарлады. Көптеген қазақтар Сырдари-яның
сол жақ жағалауындағы Бетпақдалаға, Жызақ және Нұраты таулары ауданына,
Зеравшан аңғарына кетті. Бұл жөнінде орта азиялық тарихшы Хо-жамқұлибек
Балхы былай деп көрсетеді: Қонтайшы (қалмак) өз ұлын қазақ жүртын:
Ташкентті, Әндіжанды, Сайрамды және Сейхун (Сырдария өзені) жағалауындағы
аудандарды жаулап алуға тағайындағандықтан, шамамен ал-ғанда үш лек
қазақтар ташкенттіктермен бірлесіп соғысуға бел буды. Әскер-лерін шепке
тұрғызып, екі жақ бірай бойы үздіксіз ертеден кешке дейін шай-қасты. Асқан
дана жаратушы мұсылмандардан жеңісті дінсіздерге алып берді. Шамамен
алғанда бір лек (жүз мың. — Ред) адам азапты өлім суын ішті. Қазақтар қатты
жеңіліс тапты. Қазақтардың бір лек елу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар-қазақ соғыстары
Қазақ хандығының ойраттармен қақтығысы
Жоңғар Шапқыншылығы
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
Жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қақтығыстар пен отан соғысы туралы мәліметтерді зерттеп сараптау
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР СОҒЫСЫ
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Қазақ хандығы туралы мәлімет
Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Пәндер