Алматы қаласының экологиялық болмысы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі:

а) Алматы қаласының экологиялық болмысы.
б) Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының алқа мәжілісінен
в) Алматы . халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс.
г) Оңтүстік астанадағы оң өзгерістер
ІІІ. Қорытынды.
Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына.

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі:

а) Алматы қаласының экологиялық болмысы.
б) Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының алқа
мәжілісінен
в) Алматы – халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс.
г) Оңтүстік астанадағы оң өзгерістер
ІІІ. Қорытынды.

Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс
байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл
қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен
әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай
қалған сияқтымыз. Себепсіз салдар жоқ . Олай болса, қала
экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші,
қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл
көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде
зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың
да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында
кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері
өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май
станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі
демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз.
Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды.
Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады.
Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын
айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол
жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және
қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың
еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер.
Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік
тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны
өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы
жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып
Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті.
Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы
экологиясына байлансты таза ауа – жанға дауа. деген ұзақ мерзімді
бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау
органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі
2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде
Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.

Бұл бағдарламаның негізгі қаланып жеке – жеке бөлімдерге
бөлінген. Атап – атап айтуға да болады.
1. Автокөлік мәселесі. Жоғарыда айттым қала көшелеріндегі
автокөліктерде бөлінген зиянды заттар, қоршаған ортаға кері
әсерін тигізуде.
2. Қалаға жылу беретін кәсіпорындардан бөлінетін зиянды
қалдықтардың алдын алу.
Мысалы, Алматы 1 –ЖЭО, 2 –ЖЭО, сол секілді ГРэс, бұдан басқа
140-тан аса ірілі – ұсақты қазандықтар бар екен. Осылардың жиынтығы,
бағдарламаның екінші факторы болып табылады.
3. Қаладғы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан бөлінетін тұрмыстық
қалдықтар мәселесі. Негізінен қаладан бөлінген күл – қоқыстар
Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы арнайы жерлерге
апарып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көнергеніне
байланысты, тағы басқа себептер бар, осы жағынан біраз
қиындықтар туындауда.
4. Су мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз суы
120 метр тереңдіктен алынып отыр. Соншама тереңнен алып
тұрғанның өзінде ауыз судың құрамында әртүрлі органикалық
заттардың бар екені байқалуда. Сол секілді жер асты сумен
бірге, жер үсті суының да көптеген шешілмеген түйіндері бар.
Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш – етектен.
5. Жасыл желек мәселесі. Расында біздің тұрып жатқаг аймақтың жер
– жағдай, климаты өте керемет десек мақтанғандық емес. Оның
үстінде біздің алдымыздағы аға ұрпақтың өз қолдарымен жасап
кеткен демалыс орындары өз алдында. Мысалы, Бауым бағы
Орталық демалыс бағы, 28-панфиловшылар бағы ауаның тазарып
тұруына белгілі мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді.
Жасыл желек мәселесіне ағаш тұрғызу да кіреді. Ағашта
қартаяды, дауылдан құлайтыны бар . Сәт сайын қадағалап ,
осылардың орнын тотырып отыру керек. Сонымен бірге кейінгі
кездері бой көтерген Ақсай, Мамыр, Жетісу секілді ықшам
аудандарын жасыл желекпен қамтамасыз ету, сол маңайларға әдемі
демалыс бақтарының бой көтеруіне ықпал ету.
6. Қала салу мәселесі. Бұл мәселені сөз еткенде қала сыртынан
қала салу
деген сөз емес. Жыл сайын жаңа ықшам аудандар бой
көтеруде. Сондағы салынған көп қабатты кешендердің талапқа сай
болуын қадағалау. Себебі, Алматыдағы бұрынырақ сәулетті
құрылыстарда біраз қателіктерге жол берілген. Мысалы, Абай
даңғылының бойындағы Республикалық Ұлттық кітапхана тау жақтан
келетін самал желдің алдына көлденең салынған. Осы сияқты
басқа да құрылыс ғимараттары аз емес. Былай қарағанда күлкілі
көрінуі мүмкін, бірақ осыны өзі үлкен мәселе. Осыған
байланысты қазіргі күні қаланың ұлғаюына орай үлкен жаспар
жасалынап жатыр. Осыған жоғарыдағы жәйттарды кіргізу қажет.
7. Қоршаған ортаны қорғау өз үлестерін қосқан шағын және орта
бизнеспен айналысушыларға жеңілдіктер мен көмек қол созу
8. Мониторинг және қадастр, яғни үздіксіз бақылау жұргізіп отыру.
Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз електен өткізіп тұру қажет.
Мұның да өзінің әртүрлі методологиясы бар. Осы бағытта қазір
Халықаралық герман көмек көрсету қоғамымен жұмыс жүргізіп
жатыр, олардың өздерінің бөлген гранты бар. Сондай – ақ
немістің Консалтинг инженеринг фирмасы жұмыс істеуде. Осындай
жұмыстарды атқарылуымен мониторинг, кадастрдің негізі салынуда.
9. Оқу – білім, ағартушылық арқылы экологиялық мәдениет
қалыптастыру. Жалпы, мұндай өтпелі кезеңде қаржы тапшылығына
байланысты экология деген ұғымға әр адам өз тарапына үңілуі
қажет. Сол секілді бала – бақшадағыларға қоршаған ортаны қорғау
тақырыбында қызықты үйірме – сабақтар өткізу, тіпті теледидардан
фильмдер де көрсетуге болады. Осының бәрі жинақталып, келіп
эколошиялық мәдениет дегенді құрайды.
- Осы күні Алматыда нақты емес деректер бойынша 230 – 240 мыңға
жуық автокөліктер бар көрінеді. Мұны былай деп екі категорияға
бөлуге болады: Кене кезіндегі шығарудан ескі көліктер,
қалғандары шет елдік көліктер. Шынын айтқанда бұлардың қай –
қайсысы болмасын айналаға орасан зор апат әкелуде. Ол
көліктердің шығарған түнінінде ғалымдардың зерттеу бойынша 200 –
дей химиялық заттар бар екен. Оның үстіне көптеген көліктер
қорғасын қосылған жанар маймен жүретін көрінеді. Зиян заттарды
бөлетінін былай алып – қойғанда адам өміріне де әкелетін қалып
аз емес.
Тіпті кейде көшеде жүрудің мұң болып
етеді. Осындай
себептердің жиынтығы мынаған әкеліп
тіреуде:

1. Көлітерге арнайы түтін сорғыштар (католизатор) орнату яғни
химиялық заттарды бейтараптандырады яғни ұстап қалады. Қаладағы
6 автопарктегі 300-дей Икарус автобустарына арнайы аспаптар
орнату туралы нұсқау берілмек.
2. Ерекше қорға алатын аймақтарға автокөліктерді аз жіберу.
3. Қала ішіндегі көліктердің жүру ережесін қайта қарау.
Ал егер жанар – жағар май станцияларының жағдайын
айтсақ, қала әкімі бұл жағына да қатты көңіл бөліп отыр. 1998
жылдың қазан экология мәселесімен айналысатын кешендік комиссия
құрылған. Бұл комиссия сондай-ақ жанар – жағар май сапасымен де
айналысады. Қазір қалада 400-ге жуық контейнерлі жанар май
станциялары бар. Енді солардың санын ары кеткенде 140-қа дейін
қысқартып, дүниежүзілік талапқа сәйкестендірілген “Texaco”,
“Chevron”, “Mobil” секілді тұрақты станцияларға айналдыру
жөнінде жұмыстар атқарылуда. Талаптағыдай жұмыс істемегені үшін
біраз жанармай станциялары жабылды, көпшілігіне ақылы айып
төленді.
Қала ауасын табиғи түрде желдетудің
жетімдісіздігінен және тұрақты, жылжымалы көздер сананың жылдан-
жылға ұлғаюы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының аумағындағы археологиялық ескерткіштер
ҚОРҒАСЫНЫ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ СЫРТҚЫ ОРТАДА ОНЫҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНДЕ АНЫҚТАЛУ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Девиантты мінез-құлық социологиясы
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Жаһандану үрдісінің Қазақстан мәдениетіне әсері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Пәндер