Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері



ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ПӘНІ МЕН

ТАПСЫРМАСЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
«Экономия» термині грек тілінің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл «рыноктық шаруашылық» категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы, қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
1. Аргументы и факты. 1997. № 11.
2. Осы жерде және ары қарай: Народное хозяйство СССР в 1989 г. М., 1990.
3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семчи. М., 1996.
3. Антология социальной работы. Т.З. М., 1995г.
4. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. М., 1996г.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен

тапсырмасы және принциптері мен әдістері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және
принциптері мен әдістері.

Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі
философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында
экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
Экономия термині грек тілінің ойкос (үй, шаруашылық) және номос
(ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы
ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл рыноктық
шаруашылық категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы,
қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін
ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды
қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау
және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша
экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам
және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп
немесе аз міндеттерді өз мойнына алады.
Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың
экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын
тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша
халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі.
Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық
ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес,
белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, ... зат түрінде қызмет
көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді.... Бұл жерде материалдық –
заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады,
және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді.
Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер,
тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы
автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру,
әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына
ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің
материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың
адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға
бағытталуы біріктіреді.[1].
Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында әлеуметтік жұмыс деп аталған
қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау
және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның
объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын
мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған
мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет
ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және
меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде
қысқаруына әкеледі.
Бұл да рыноктық экономика қалыптасуы кезінде әлеуметтік жұмыс
экономикасының бір ерекшелігі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері курсының зерттеу пәні –
бұл рыноктық экономика жағдайында әлеуметтіксферадағы және халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық процестердің заңдылықтары,
экономикалық факторлардың бүкіл қоғамның, жекелеген әлеуметтік топтарға
көрсететін ықпалы.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы қоғам мүшелері мен мемлекет және басқа
да саяси жүйелер арасындағы экономикалық қатнастарды зерттейді.
Әлеуметтік жұмыс экономикаға қоғамның материалдық негізі ретінде
тоқталады. Бұл әсіресе қазіргі кезде өндіріс құлдырауы мен жұмыссыздықтың,
инфляцияның өсуі, тауарлар мен қызметтердің барлық түрлерінің қымбаттауы
байқалған өтпелі кезеңде маңызды болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері атты курс қоғамның
әлеуметтік организіміндегі экономикалық байланыстарды, оның өтпелі
экономикадағы өзгерісін және экономикалық, құқықтық және басқа да
әлеуметтік құқықтары төмен халықтың бөлігін әлеуметтік қорғауға
бағытталғандығын, рыноктық қатынастардың қоғамның әлеуметтік организіміне
ықпалын, экономикада жүріп жатқан процестерді және оның қоғамның
әлеуметтік өміріне, оның жекелеген әлеуметтік топтары мен оның мүшелеріне,
қоғамдағы отбасына және отбасындағы жеке адамға ықпалын зерттейді.[2].
Қоғамның экономикалық қатнастары оның жекелеген мүшелеріне тікелей
әсер етеді. Әсіресе өндіріс құрал – жабдықтарына байланысты қатнастар
үлкен ықпал етеді. Өндіріс құрал – жабдықтарымен бөтенсіту жұмысбастылық
және әлеуметтік жіктелуіне, отбасындағы экономикалық, әлеуметтік
мәселелерге алып келеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру әлеуметтік жұмыстың
міндеті. Мұнда қартаю, жұмысқа қабілеттілігін жою жағдайына байланысты
әлеуметтік сақтандырудың, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік
кепілдіктің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы экономикалық теорияның негізгі
категорияларымен анықталады: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Жеке адам және қоғам мүдделерін іске асыру кезінде адамдар қызметінің
шешуші саласы – рыноктық қатынастар қалыптасу жағдайында өмірлік
игіліктерді өндіру және бөлу саласына ерекше көңіл бөлінеді.
Материалдық игіліктерді өндіру – адам және қоғам өмірінің негізі.
Экономикалық ғылым категориясы ретіндегі бөлу – бұл тек қоғамдық
өндіріс нәтижесін бөлу ғана емес. Бұл ресурстарды немесе өндіріс
факторларын да бөлу болып табылады.
Шаруашылық рыноктың жүйесінің қалыптасуы және осы негізде меншік
иелері тобының қалыптасуы жинақталған мүлік бойынша бөлу принципінің
ықпалын күшейтеді. Мұнда халықтың өз табысының қалыптасуы
дифференциялануының өсуіне, қоғамның әлеуметтік, экономикалық жіктелуіне
алып келеді. Бұл әлеуметтік ауыртпалықты жою үшін, халықтың әлсіз жүйесін
қалыптастыру үшін жүйелі мемлекеттік араласуды талап етеді.
Әлеуметтік – экономикалық көмек мемлекеттік бағдарламасының негізінде
азаматтардың конституциялық құқықпен қамтамасыз ету іске асырылады: тегін
білім беру менмедициналық қызмет көрсету, қарттар мен жұмысқа
қабілетсіздерді қамтамасыз ету, аналық пен балалықты қолдау және тағы сол
сияқты. Оларды қанағаттандыру дәрежесі осындай жағдайдағы экономикалық
даму деңгейімен анықталды.[3].
Бөлу процесін реттеу бойынша мемлекеттің қызметі негізгі үш бағыт
бойынша іске асырылады.
Бірінші бағытта халықтың түсімі оның еңбегінің нәтижесіне, өмір сүруді
қамтамасыз ету үшін қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін есепке ала отырып
тәуелді болады.
Екінші бағыт бірінші орында жәрдемақысы, арнайы емдеуге берілген
төлемдердің бағытталған қажеттіліктер көлемімен сипатталады.
Мемлекеттік қолдаудың үшінші бағытының ерекшелігі өндірістік емес
сфералардың сәйкес мекемелері арқылы халықтың заңмен анықталған топтарына
берілетін жеңілдіктер және қызметтер арқылы бейнеленеді.
Әлеуметтік – экономикалық қолдау бағдарламасы еңбек процесіне тыс
себептерге байланысты табыс деңгейіндегі айырмашылықты жоюға бағытталады.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы жалпы экономикалық теория шеңберінде қала
отырып, оның халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуге ықпалын, экономикалық,
саяси, тарихи, ұлттық, этникалық және басқа да қоғам өмірінің нормаларына
тәуелді болатын мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік
стандартын анықтауды зерттеумен айналысады.
Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету экономикалық категориясы
қоғамның өндірістік күштеріне, рыноктық экономикасына қызмет етуі және
дамуы жағдайында әлеуметтік – экономикалық қатнастарға сәйкес келетін
сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Бұл тұрғыда халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің әлеуметтік –
экономикалық үлгісі қызығушылық туғызады.
Қазіргі рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі мен ғылымға
халықты өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесі экономикалық категориясын
енгізу теориялық тұрғыда дәлелденген және Қазақстанда жоғары деңгейде
дамыған, әлеуметтік әділетті қоғамның қалыптасуын мемлекеттің білікті
түрде қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.[4].
Әлеуметтік жұмыс экономика оқу пәні ретінде танымдық, методологиялық,
тәжірибелік функциялар тән болып табылады. Бұл функциялардың мақсаты –
экономикалық мәселелердің және олардың қоғам әл-ауқаты әсерін талдау.
Зерттеу объектісі тұрғысына курс бөлімдері халықты әлеуметтік
қорғаудың екі аспектісі ретінде микро және макроэкономикаға байланысты
әртүрлі аспектілерін қарастырады. Бір жағынан ол өзін-өзі қамтамасыз етуге
жағдай жасауды көздесе, екінші жағынан өзін-өзі қалыпты өмір сүру
деңгейімен объективті түрде қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көмекті
көздейді.
Микроэкономикамен рыноктық экономикадағы жекелеген әлеуметтік
субъектілерді (мысалы, әлеуметтік кәсіпорындар мен қызмет, өндірістік
ұжымдар және тағы басқалары) қызмет ету заңдылықтары мен салдарын,
себептерін талдау байланысты. Микроэкономикамен табыс, жұмысбастылық,
материалдық әл-ауқат динамикасы жиынтық көрсеткіштерін қарастырып,
мемлекеттік экономикалық саясаттың заңдылықтары мен әлеуметтік
бағыттылығын анықтайды.
Олай болса, әлеуметтік жұмыстың экономикалық сферасының пәні осы
сфераға бағытталған материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының қозғалу
заңдылықтарын және онда қолданылатын қоғамдық және жеке адам қойған
мақсаттарына жетуі болып табылады.
Ол экономикалық теорияға методологиялық негіз ретінде сүйенеді және
әлеуметтік сфераны жоспарлау, қызмет ету және ресурсты қамтамасыз ету
қызметтерін қамтиды, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың
экономикалық процесс заңдылықтарын білу негізінде және экономика заңдарын
әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде пайдалану негізінде экономикалық
байланыстарын зерттейді.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы кәсіптік деңгейде мынадай сұрақтарға
жауап беруге бағытталады: салаға салынған ресурстардың тиімділігі қандай
және осы тиімділіктің критериі қандай.
Әлеуметтік жүйе элементтік құрамына адамдар мен олардың арасындағы
қатнастар кіретін жүйенің ерекше түрі болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі - әлеуметтік жүйенің дамыған түрі
және оған мақсат, иерархия, басқару, синергия сияқты жүйелік қасиеттер
тән.
Гомогендік жүйе тек әлеуметтік элементтерден тұратын болса, ал халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіне гетерогендік жүйе ретінде адаммен қатар басқа
табиғаттың элементтері жатады: социотехникалық (кәсіпорын, мекеме,
қайырымдылық қоры), экоәлеуметтік (географиялық адамдар,
муниципалитеттер). Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі биологиялық,
техникалық және басқа да жүйелермен салыстырғанда өте күрделі, себебі оның
басты элементі – адамның өзіндік субъектілігі және мінез-құлық таңдаудың
үлкен диапазоны болады.
Бұл себепке байланысты субъект – қызметтің субъект – объектілік
сипаты әлеуметтік жұмыста заңдылықтарды практикалық қолдауды
күрделендіреді.
Әрбір нақты әлеуметтік жүйе кең көлемдегі әлеуметтік жүйеленген және
макрожүйе сияқты бүкіл қоғаммен органикалық байланысты және салыстырмалы
дербестігін сақтап қалады. Әлеуметтік жүйенің бұл дербестігі оның кең
көлемде таралуын қамтамасыз етеді.[5].
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі (ХӘҚЖ) әлеуметтік тәртіп сферасының
туындысы ретінде қоғамда объективтендірілді және онда салыстырмалы
автономиясы, өзіндік заңдылықтары, әлеуметтік жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Әкімшілік құқығының негіздері
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Информатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Валют-Транзит-Банк АҚ менеджмент ұйымының анализі
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту
Ізденістің әдіснамалық негізі
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы
Пәндер