Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері



Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қобыз жайлы берілген мәліметтер.

Қазақтың музыкалық мәдениеті ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан өзіндік айшықты белгілермен, ерекшеліктерімен сипатталатын төл мәдениет. Белгілі археологтар мен ұлттық мәдениетті зерттеуші ғалымдар, Орта Азия мен Қазақстанда көптеген музыкалық аспаптардың шыққан жері, өрбіген мекені деп пайымдайды. Белгілі зерттеуші А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты еңбегінде былай деп тұжырымдайды: - «Белгілі археолог - ғалымдар
С.И.Руденко (1885-1969) және М. П. Грязнов бірге 1947-1949 жылдары қазба жұмыстар жүргізіп, ғасырлар бойы өмір сүрген көшпелі тайпалардың мәдениетіне қатысты ғылым үшін бағалы заттық айғақтар тапқан. Сол айғақтардың ішінде қобыз аспабы ерекше орын алады . Қос ішегі және қос құлағы бар қобыздың биік жасалған тиегі шанақ бетіне керілген сірі көнге орнатылған. Мұның өзі аталмыш қобыздың жасалуы қазіргі қазақ қобызының жасалу тәсіліне ұқсас екенін аңғартады»
Белгілі ғалым В. О. Виноградов бұл сияқты айғақтарға сүйене отырып: «Орта Азия ыспалы аспаптардың отаны болған»- деп жазады.
Археологиялық қазбаларда музыкалық аспаптардың тасқа, сазға, металлға, қабырға суреттеріне түскен бейнелері кездесіп, аспаптың қалай қолданылатынын да аңғартады. Төл топырақта, туған ғылыми еңбектерде түркі халықтарының музыкалық мәдениетіне қатысты жазба ескерткіштерінде тарихи, ғылыми және әдеби еңбектерінде : Әл-Фарабидің (870-950) «Музыканың ұлы кітабы» («Китаб әл –мусики әл-кабир» ), Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037) «Айығу кітабы» («Китаб әш –шифа»), Әл Хорезмидің (787-850) «Ғылымдар кілті» («Мафатик әл-үлүм»),Ж. Баласағұнның (1021-?) «Құтты білік», «Музыка ғылымындағы әуендер жинағы», т.б.көптеген этнографиялық материалдардың молдығына қоса, музыкалық мәдениеттің қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәні жөнінде, эстетикалық мүмкіндіктері хақында, сондай-ақ, музыка өнерінің теориясы мен практикасы жайында ғылыми жүйелі танымның орнығып үлгергенін аңғаруға болады.
Айталық, Әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық- теориялық

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қобыз өнерінің тарихи бастауы және даму кезеңдері.

Зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қобыз жайлы берілген мәліметтер.

Қазақтың музыкалық мәдениеті ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан
өзіндік айшықты белгілермен, ерекшеліктерімен сипатталатын төл мәдениет.
Белгілі археологтар мен ұлттық мәдениетті зерттеуші ғалымдар, Орта Азия мен
Қазақстанда көптеген музыкалық аспаптардың шыққан жері, өрбіген мекені
деп пайымдайды. Белгілі зерттеуші А. Сейдімбек Қазақтың күй өнері атты
еңбегінде былай деп тұжырымдайды: - Белгілі археолог - ғалымдар

С.И.Руденко (1885-1969) және М. П. Грязнов бірге 1947-1949 жылдары
қазба жұмыстар жүргізіп, ғасырлар бойы өмір сүрген көшпелі тайпалардың
мәдениетіне қатысты ғылым үшін бағалы заттық айғақтар тапқан. Сол
айғақтардың ішінде қобыз аспабы ерекше орын алады . Қос ішегі және қос
құлағы бар қобыздың биік жасалған тиегі шанақ бетіне керілген сірі көнге
орнатылған. Мұның өзі аталмыш қобыздың жасалуы қазіргі қазақ қобызының
жасалу тәсіліне ұқсас екенін аңғартады

Белгілі ғалым В. О. Виноградов бұл сияқты айғақтарға сүйене отырып: Орта
Азия ыспалы аспаптардың отаны болған- деп жазады.

Археологиялық қазбаларда музыкалық аспаптардың тасқа, сазға,
металлға, қабырға суреттеріне түскен бейнелері кездесіп, аспаптың қалай
қолданылатынын да аңғартады. Төл топырақта, туған ғылыми еңбектерде түркі
халықтарының музыкалық мәдениетіне қатысты жазба ескерткіштерінде тарихи,
ғылыми және әдеби еңбектерінде : Әл-Фарабидің (870-950) Музыканың ұлы
кітабы (Китаб әл –мусики әл-кабир ), Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037)
Айығу кітабы (Китаб әш –шифа), Әл Хорезмидің (787-850) Ғылымдар кілті
(Мафатик әл-үлүм),Ж. Баласағұнның (1021-?) Құтты білік, Музыка
ғылымындағы әуендер жинағы, т.б.көптеген этнографиялық материалдардың
молдығына қоса, музыкалық мәдениеттің қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәні
жөнінде, эстетикалық мүмкіндіктері хақында, сондай-ақ, музыка өнерінің
теориясы мен практикасы жайында ғылыми жүйелі танымның орнығып үлгергенін
аңғаруға болады.

Айталық, Әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық- теориялық еңбектерінің
бірі - Музыка - үлкен трактат атты шығармасы Орта Азия қолданылған ыспа
аспаптардың зерттелуінің тұңғышы болып табылады. Осы еңбегінде, сол
кезеңдегі аспаптардың шығу тегі, эволюциялық дамуы, музыкалық мәдениетінің
тұтастай дәстүр –дағдылары, музыка теориясы, оның пайда болу және қалыптасу
тарихы, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологиясы, оның ішінде
музыкалық шығармаларды орындаудың әдіс-тәсілдері жайында толық түсінік
беріледі. Зерттеу трактатында екі ішекті қылқобыздың сыртқы түрі садаққа
ұқсайтындығына назар аударғаны жөнінде қазақ аспаптарының зерттеушісі
Болат Сарыбаев Қазақтың музыкалық аспаптары атты еңбегінде атап
көрсетеді.

Ал Кодекс Куманикус кітабында музыкалық мәдениетке қатысты атаулар
мен ұғымдар мол ұшырасады. Мәселен : бурғу (бұғы, мүйіз сырнай), бурғуча(
бұғышақ, кішкене мүйіз сырнай, қонров (қоңырау), қобуз (қобыз), нақара(
нығар, қоңыраулы аспап), суруна( сырнай) сияқты музыкалық аспаптардың
атаулары кездеседі

Қобыздың музыкалық аспап ретінде касиетін жан-жақты суреттейтін
қызықты еңбектердің бірі ХІҮ-ХҮ ғасырларда бұрынғы қазақ тілінде жазылған.
Бұл еңбек Ахмадидің Музыкалық аспаптар айтысы деп аталады. Қазір
Музыкалық аспаптар айтысы қолжазба күйінде Британ музейінде сақтаулы тұр.

Қобыз өзінің музыкалық аспаптардың тәңіріне баулайды. Адамның ұйып
тыңдайтын аспабы екенін мақтан етеді. Әрине, мұндай ойдың жосығын ең
алдымен сол кездегі тыңдаушының қобыз аспабына берген бағасы деп қабылдау
қажет-деп жазады Сейдімбек А.

Революцияға дейінгі кезеңде қазақ халқының музыкалық мәдениеті
этнограф-ғалымдарының, ХVІ-ХVІІ-ғасырларда жасаған орыс саяхатшыларының
қызығушылықтарын арттыратын. Олар өз еңбектерінде қылқобыз туралы көп
мәліметтер қалдырды. Мысалы, фольклортанушы ғалым И. Левшин де 1820-шы
жылдары қазақтар арасында болып, халықтың мәдениетін зерттеп, қазақтың
музыкалық аспаптарын, оның ішінде қобыз туралы елеулі мәліметтер
қалдырды.

Осы айғақтар, деректер арқылы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ
халқында қылқобыздың кең қолданыста болғанын аңғарамыз. Шет елдерден
келген саяхатшылар да, қазақтын музыкалық мәдениетіне үлкен қызығушылық
білдірді. Солардың бірі, Орынбор өлкесінде ұйымдастырылған экспедиция
құрамында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстль өз еңбегінде, қазақ
музыкасына қатысты көп деген деректер қалдырды. Осы деректерде домбыра мен
қобыза аспаптары, ауыл арасында кең қолданыста болғанын айтады.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, аса көрнекті ағартушы демократ – Ш.
Уәлиханов (1835-1865)өз ұлтының өнері мен тарихын зерттей отырып, қазақ
музыкасының дамуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, өзінің бірқатар
еңбектерінде:- Қазақ даласында болған шаман-бақсылардың өнеріне ерекше
назар аударған. Осы жерде бақсы мен шамандардың ұлт мәдениетіндегі елеулі
тұлғалар екенін және көне дәстүрінің белгісі –бақсылық пен шамандық деп
тұжырымдайды. Ал бақсының ажырамас аспабы - ежелгі қазақтың қара қобызы.
Қобыздың қыл ішегінде орындау қиын болса да, оның үні жағымды аспаптар
тобына жатқызылады.

Ғалымның сөзіне сүйене отырып, бақсылар табиғат бойынша өте дарынды
болып келеді екен. Бір жағынан олар магияны меңгерген сиқыршы,
аруақтармен байланысты емші, екінші жағынан - талантты музыкант, әртіс,
ақын-импровизатор. Олардың салт -дәстүрі мен музыкасы, ем-дом беретін
әдет-ғұрыпы синкретизм көрініс болып табылады. Сонымен қатар, бақсының
генетикалық өнері туралы белгілі ғалым-тюрколог Ахмет Байтұрсынов (1873-
1938) өз еңбектерінде көп деген мағлұматтар қалдырды. Ғалымдар өз
еңбектерінде бақсы-шамандардың емдері қобыз аспабынсыз жүрмейтінін
дәлелдейді.

Осы ойды профессор, музыкатану ғылымының –докторы С. Күзенбай былай
деп жалғастырады: -Ұлттық мәдениетіміздегі көп өнерінің ішінде, сөз
өнері ең алдында тұратын құбылыс. Мұны біз бақсылардың поэзияларынан
байқаймыз. Осы жерде бақсылар қобызбен ем-дом беру арқылы, немесе жыршылық
өнер арқылы образдық сөз өнерін қолданып, ауыруға үлкен магиалық әсер
береді.

Шоқанның сүйікті әжесі Айғанымның үйі ақын, жыршы, әнші,
күйшілердің думанды ордасы болып, Жанақ пен Шөже, Арыстанбай мен Орынбай,
Біржан сал мен Тоғжан, Шәрке сал, Қанғожа сынды ақын - жыраулар қобызбен
жыр толғаған. Болашақ ғалым Шоқан осындай өнерлі ортада өсіп, ән мен
жырға, аңыз-әңгімелерге ерекше ден қойды. Ал әкесі Шыңғыс әрі домбырашы,
әрі қобызшы еді. Шыңғыстың Бақ менікі ал өнер Қанғожаныкі дейтін сөзі
бар. Қанғожа Шыңғыстың інісі, қобызды асқан шеберлікпен аңырата тартатын,
көне күйді көп білген кісі болған екен

Нақ осы аспап жыршының айнымас серігіне айналған, оның сүйемелдеуімен
эпикалық жырлар, аңыздар айтқан. Батырлардың қаhармандық өмірі мен
ерлігін, және өз ата-бабалары қалдырған кең байтақ жеріне үлкен
сүйіспеншілікпен жырлаған. Мысалы: Кет- Бұға, Қазтуған жырау, Асан қайғы,
Доспамбет, Шалкииз жырау, Бұхар жырау, Умбетей жырау, Жиімбет жырау,
Марғасқа жырау сияқты өнерпаздар қылқобызды айырылмас серік еткен.

Осы айтқан сөз Мұхтар Мағауиннің Қобыз сарыны атты кітабында
дәлелденеді: - Кет-Бұға ауыр ойдан серпіліп, сылбыр қимылмен қобызын
оңтайлады да, Қорқыттың күйіне басты. Қобыздың қыл ішегінен созылып шыққан
әуенінен сескенген қағанның тынышы қашып еді, көп шыдай алмады ... Қу
тақтай азынап қоя берді. Әуелде- ақ бесті айғырдың үйірін жоқтап
кісінегені сияқты бір дыбыс естілген еді, Шыңғыстың төбе қүйқасы шымырлап
кетті. Көзі тумандап, алдында отырған Кет-Бұғаға қарап еді, күйші бар жыны
бойына қонғандай қомданып алған екен. Қобызды тартып жатқан ол емес сияқты,
қобыздың өзі сөйлеп жатқандай көрінді...Бұл –лағын жоқтап маңыраған киіктін
шері, ботасын жоқтап боздаған аруананың мұңы еді. Бұл –жалғызынан
айырылған ананың жоқтау жыры еді.-деп жазады. Осылайша, Кет-Бұға жырау
Шыңғыс ханға баласының қайтқанын қобыздың үнімен жеткізген деген аңыз, ел
ішінде сақталып бізге ауызша жеткен.

Қазақ даласына VШ ғасырда-ақ тарай бастаған ислам дінінің ең алғашқы
қарсыласы да қобыз аспабы болыпты деген болжам бар. Себебі, сол кездегі
қобыз- Тәңірлік діннің өкілі, бақсылардың ажырамас аспабы еді. Бел алған
ислам дінінің өкілдері ең алдымен Тәңірдің жердегі елшісі-бақсыларды
қудалаған.

Көшпелілер ортасында ғасырлар бойы ең абзал тұлға болып саналып
келген бақсыларға түрлі мистикалық жалалар жабылды. Күні бүгінге дейін
айтылатын (қобыздың тілеуі жаман) қобыз сарынын естіп сырқатын жазатын
қазақ, қобызшыны ислам дінінің ұғымындағы жын-шайтанымен сыбайластырып,
бақсылар қобыз тартса: жынын шақырып отыр!-дейтін болған. Соның
нәтижесінде ХХ ғасырға қобызда тартылған санаулы бақсы сарындары ғана
жетіп, қалғандары жойыла түсті. Бұл туралы белгілі ғалым-фольклоршы
А.В. Затаевич үлкен өкінішпен жазады.

Қазақ арасында музыкалық аспаптарда қосылып күй тартатын немесе әнді
қосылып айтатын дәстүрдің ертеден қалыптасқанына айғақ болатын деректер де
ерекше назар аудартады. Ғалым-дәрігер И. Сиверс 1792-1793 жылдары Сібірге
саяхат жасау барысында Қазақстанның шығыс өңірінде болып, өзінің
Сібірден хат атты қолжазбасында қобыз бен сыбызғы туралы былай деп ой
білдіреді: Сыбызғыны үрлеу барысында ойығын теріп, баса отырып, қоңыр жай
үн шығарады, алайда созуы ұзақ. Бұл аспап алыстан волынка сияқты
естіледі. Келесі күйші ерекше үлгіде жасалған скрипкамен (қобызбен)
сыбызғыға қосылып отыр. Ойнау мәнері бас- скрипкаға келеді. Дыбыс
жаңғыртатын ойығына ағаштың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайн тарихы және теориясы
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Қазақ халқының саз өнері пәнінен дәрістер
Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Пәндер