Құқықтық қатынастар ұғымы



1. Құқықтық қатынастардың ұғымы
2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары, заң маңызы бар фактілер
3. Құқықтық қатынастардың субъектілері
4. Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен құқықтық міндеттері
5. Құқықтық қатынастардың объектісі
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардын бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалык, діни, әдет-ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Вильгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: «Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты». Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол дамудан, қозғалыстар туындайды.
1. Р.О.Халфина. Общее учение о правоотношений М., 1974,
2. Ю.К.Толстой. К теории правоотношения ЛГУ, 1959.
3. С.С. Алексеев. Общая теория права М., 1982. Т. 2.
4. Ю.И.Гревцов. Проблемы теории правового отношения. ЛГУ, 1981.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық қатынастар

Жоспар:

1. Құқықтық қатынастардың ұғымы
2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары, заң маңызы бар фактілер
3. Құқықтық қатынастардың субъектілері
4. Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен құқықтық
міндеттері
5. Құқықтық қатынастардың объектісі
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқықтық қатынастардың ұғымы

Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны
ерекше және ең маңызды тақырыптардын бірі болып саналады. Құқықтық
қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың
құрамына саяси, топтық, экономикалык, діни, әдет-ғұрыптық, этикалық,
құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы
Георг Вильгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды:
Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының
бар болуының, күнелтуінің ақиқаты. Қатынастар материя формаларының
дамуынан пайда болады, сол дамудан, қозғалыстар туындайды.
Негізінде қоғамдық қатынастардың құрамына саяси таптық, экономикалық,
діни, әдет-ғұрыптық, этникалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген
қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Гилыельм Фридрих Гегель
қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: бар нәрселердің бәрі
қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының,
күнелтуінің ақиқаты. Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда
болады, сол дамудан қозғалыстар туындайды.
Негізінде қоғамдық қатыстар екі түрге бөлінеді:
1. Өндірістік қатынастар — қоғамда материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау және бөлу процесінде адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда
болатын олардың арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
2. Идеологиялық қатынастар — халықты, ұлтты, таптарды ілім немесе
теория негізінде топтастырудан туындайтын қатынастардың жиынтығы. Құқықтық
қатынастар қоғамның идеологиялық қатынастардың құрамына енеді, оның
ажырамас құрамдас бөлігі ретінде танылады. Құқықтық қатынастардың қоғамдық
қатынастардың бөлігі болып саналатын басқа қатынастардан айырмашылығы бар.
Бұл қатынастар құқық нормаларымен реттеледі, құқық нормалар негізінде пайда
болады.
Мемлекет қабылдаған, бекіткен құқықтық нормалар некізінде құқықтық
қатынастар арқылы іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттейді және
қолданылады. Бірақ, қылмыстық құқық нормалары құқықтық қатынастардан тыс іс
жүзіне асады. Мысалы, субъект қылмыстық кодексте көрсетілген қылмыстарды
жасамаса құқықтық қатынастар пайда болмайды. Мұндай жағдайда қылмыстық
құқық нормалар құқықтық қатынастардан тыс іс жүзіне асады. Құқықтық
қатынастар пайда болу үшін екі немесе одан көп жақ (субъектілер) болуы
қажет. Егер құқықтық қатынастарда екі жақ болса, ол қатынастар жай деп
аталады. Мысалы, айырбас жасау. Бір субъект екінші субъектпен затпен
айырбас жасайды. Құқықтық қатынастарда екі субъектен көп субъектілер
қатысса күрделі құқықтық қатынастар болып табылады. Мысалы, сотта іс қарау
процесіне құқық қолдану барысында бірнеше субъектілер қатысады: судья,
прокурор, адвокат, сотталушы, талапкер, жауапкер, куәгерлер және т.б.
Құқықтық қатынастар дегеніміз қоғамдық қатынастар жиынтығының құқықтық
нормалармен реттелуі.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Заң маңызы бар фактілер
Құқықтық қатынастардың пайда болуларының алғашқы шарты құқық нормалары
болып табылады. Бірақ, мемлекет қабылдаған құқықтық нормалар өзінен-өзі
құқықтық қатынастарды реттемейді. Реттеу процесі, тетіктері іс жүзіне асу
үшін өмірде болатын жағдайлар қажет. Тек ғана адам әрекеттері және табиғи
оқиғалар құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және жойылуына
тікелей әкеліп соқтырады. Бірақ, өмірде, адамнын тыныс-тіршілігінде өмірлік
жағдайлар өте көп, сан алуан, әр түрлі. Олардың барлығы құқықтық
қатынастарды қалыптастырмайды. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін
құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген, бекітілген өмірдегі жағдайлар
қажет. Тек сонда ғана құқықтық қатынастар пайда болады. Өмірдегі болатын
жағдайлар заңды маңызы бар фактілер деп аталады.
Заң ғылымында заңды маңызы бар фактілер деп, өмірде болған жағдайлардың
заң және құқықтық нормалары арқылы құқықтық қатынастардың пайда болуын,
өзгеруін және тоқтатылуын айтады.
Заңды маңызы бар фактілер екі түрге бөлінеді:
1. Әрекет немесе әрекетсіздік.
2. Оқиға.
Әрекет немее әрекетсіздік бұл адамның саналы түрде, еркі арқылы, ойлау
қабілетімен жасалатын қимылдары. Мысалы, адам, субъект сатып алуда, айырбас
жасағаңда, мұра қалдырғанда, құқық бұзушылық жасағанда саналы әрекет немесе
әрекетсіздік арқылы өзінің тілегін, мақсатын іс жүзіне асырады. Әрекет екі
түрге бөлінеді: құқыққа сай әрекеттер және құқыққа карсы әрекеттер. Құқыққа
сай әрекеттер құқық нормаларының талаптарын бұлжытпай орындаудан туындайтын
мінез-құлық. Құқыққа қарсы әрекеттер заң және құқық нормалары тыйым салған
әрекеттер мен құқық бұзушылықтардың жасалуы. Мысалы, жұмыста қыдырымпаздық
жасау, қызыл светафорға өтіп кету, қылмыс істеу. Оқиға - адам санасынан тыс
болатын жайттар. Мысалы, жай түсу, тасқынның болуы, жер сілкіну, табиғи
өлім, өрттің шығуы. Оқиға негізінде табиғи апаттардың салдарынан болатын
құбылыс. Мысалы, үйге жай түсіп, өртенген болса, егер ол сақтандырылған
болса, сақтандырушы болған заңды тұлға үйдің құнын төлеуге міндетті. Бұл
жерде сақтандырылған мен сақтандырушының арасында сақтандыру қелісімшарты
бойынша құқықтық қатынастар пайда болады. Адамның табиғи өлімі мұрагерліқ
құқықтарды тудырады.

3. Құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқықтық қатынастар құқық субъектілерінің арасында пайда болады. Арнайы
міндеттер мен құқықтарға ие болушыларды құқықтық қатынастардың субъектілері
деп атаймыз. Қоғамда ешкім иемделмейтін құқықтар мен міндеттер болмайды.
Сондықтан құқық субъектілері құқықтануда ең маңызды және негізғі ұғымдар
болып табылады. Ал, құқық субъектілері бола алатындарды құқық нормалары
айқындайды. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың субъектілері екі түрге
бөлінеді:
1. Жеке тұлға.
2. Заңды тұлға.
Жеке тұлға дегеніміз қоғам мүшесі, индивид ретінде құқық субъектілік
қабілетіне ие болуды айтады. Құқық субъектілігі деген тікелей немесе өзінің
құқықтары мен заңды, өзінің өкілі арқылы құқықтары мен заңды міндеттерін іс
жүзіне асыру қабілеттілігі. Құқық субъектілік жалпы, салалық және арнайы
болып бөлінеді және құқықтық қабілеттілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Мемлекеттік қаржы қызмет
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Коллизиялық норманың құрылысы
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Пәндер