Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі



Мазмұны.

1. «Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3. Қоғамдардың жіктелуі.
1. «Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір-біріне қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген – ол бір адам емес, ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам» дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет.
1. Адамдардың өмір сүруі үшін тұрақтылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3. Өздігінен ұдайы өндіру өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған ы0 5алым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарымөқатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – сол қоғамды басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «қоғам – адамдардың бірөбіріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарымөқатынастардың жүйесі, ал, ол қарымөқатынастардың негізі – ережелер мен құндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипаты белгіөқоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принцептеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек. Жүйе – өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы айқындайды. Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарымөқатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарымөқатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болды және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективті қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі.

Мазмұны.

1. Қоғам деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3. Қоғамдардың жіктелуі.

1. Қоғам деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.

Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып
табылады.
Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы , олардың бірігуі, бір-біріне
қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген –
ол бір адам емес, ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс
Қоғам дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді.
Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет.
1. Адамдардың өмір сүруі үшін тұрақтылықты жер территориясының
ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3. Өздігінен ұдайы өндіру өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар
арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы
өндірілетіндігімен, өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен
жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады.
Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)
Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану
бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топағы қоғам
ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін мемлекет және қоғам ұғымдарын мазмұн және
терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын
айыруда алғаш қадам жасаған ы0 5алым Н. Макиавелли болды. Ол мемлекет
ұғымын қоғам ұғымынан айырып қарау үшін stato деген арнайы термин
енгізді.
Мемлекет, қоғам, ел деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де
кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда
айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара
байланыста, қарымөқатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет –
сол қоғамды басқаратын билік органы; ел – әлгі аталған қоғам қалыптасып,
мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде қоғамның мәнін түсіндіруге бағытталған
анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей қоғам деген
ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ
сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды
белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне
негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және
мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға
негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани
нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі –
коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: қоғам – адамдардың бірөбіріне ықпал, әсер
етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар
арасындағы қарымөқатынастардың жүйесі, ал, ол қарымөқатынастардың негізі –
ережелер мен құндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде
пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде
түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипаты белгіөқоғамды өзара тығыз
байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл –
қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Қоғамға жүйелік тұрғыдан
қараудың негізгі принцептеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама
беру керек. Жүйе – өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген
элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын
күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны
құрайтын элементтердің құрамы айқындайды. Қоғам – әлеуметтік жүйе. Ал,
әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара
байланыстар мен қарымөқатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі
тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар,
қарымөқатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болды және тарихи
дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар
немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету
нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективті қажеттіліктен туындайды
және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-
біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер.
Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер
етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер
болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын
салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз
өмірінде сан қилы қатынастарға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған
туысқандарымен – туыстық қарым қатынаста болса, құрбыластарымен – достық,
жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен –
саяси қатынас орнатады.
Сонымен, қоғамдық тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар
байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз
Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға
қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған
әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің
әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір
тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің
координациясы мен субординациясынан тұрады.
Координация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы
белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір
сүрулері қажет.
Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан
туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар
деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын
алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерменистік көзқараспен
толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім
бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық
деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа
негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен
өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық
жүйеге басты орын береді. Өйткені экономикалық жүйенің негізінде
материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті
алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып
саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз
байланыста болады.

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның
ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан
байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста,
қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам
мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын
әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір
функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни
мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас
адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек
түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысына жіктеуге болады.
1). Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
а) қысқа мерзімділік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен
қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды.
Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы
жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға
болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық
сипаты басым болады.
б) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымда құрылыс бригадасы,
студенттер тобы, т.б.);
в) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар);
2). Көлеміне қарай:
а) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар,
әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.);
б) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары);
в) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасыф, шағын ұжымның
қызметкерлері, оқу таптары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-
қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де
жақын болады.
3). Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
а) әлеуметтік-экономикалық (қасталар, сословиелер, таптар);
б) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар);
в) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер,
әйелдер);
г) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер,
т.б.);
д) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Әлеуметтік стратификация жайлы
Әлеуметтік стратификация туралы
Қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелуі
Саяси жүйе құрылымы
Әлеуметтік жұмыс технологиясының түсінігі
Экономика негіздері
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі
Саяси ойдың даму кезеңдері
Пәндер