Қазақстандық Алтай өлкесі



І. Кіріспе
Қазақстандық Алтай өлкесі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жер бедері
2. Геологиялық құрылысы
3. Пайдалы қазбалары
4. Климаты
5. Өзендер мен көлдері
6. Мұздықтары
7. Топырағы мен өсімдіктері
8. Жануарлар дүниесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Алтай (түркі монғол алтан - алтын) – СССР, МХР және Қытай жерлеріндегі Азияның ірі тау жүйесі. Солтүстігі – батыстан, Оңтүстігі – шығысқа қарай, Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін әр түрлі бағыта созылып жатқан жоталар мен қыраттардан тұрады. Ұзындығы 2000 км-ден астам, жалпы шекарасы 44-53° солтүстік ендік пен 81° - 106° шығыс бойлақ арасында. Алтайдың оңтүстіктегі табиғи шекарасы – Қара Ертіс пен Зайсан көлі, ал оның батыс бөлігі саналатын Қалба жотасы Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
1. Бірмағамбетов Ә. Қазақстанның физикалық географиясы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2004
2. Карпеков Қ., Бейсенова Ә., Қалиев М., Молдағұлов Н. Қазақстанның физикалық гелграфиясы. Оқулық. – Алматы, 1998
3. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2004
4. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1980
5. Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. – Алматы, 1972
6. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқыту әдістемесі: 8-сыныпқа арналған /Ауесбаева Б., Сүлейменова Г., Ысқақова К. – Алматы, 2004
7. Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы. 8-сынып. Оқулық. – Алматы: Атамұра, 2004
8. Бейсенова Ә.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география: Ежелгі дәуірден бастап ХХ ғ. басына дейін. – Алматы, 1990

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстандық Алтай
өлкесі.

Орындаған: Исаева А.
303 топ.
Тексерген: Альдибекова Ш.

Алматы – 2007 ж.

Кіріспе бөлім
Алтай (түркі монғол алтан - алтын) – СССР, МХР және Қытай
жерлеріндегі Азияның ірі тау жүйесі. Солтүстігі – батыстан, Оңтүстігі –
шығысқа қарай, Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін әр түрлі бағыта
созылып жатқан жоталар мен қыраттардан тұрады. Ұзындығы 2000 км-ден астам,
жалпы шекарасы 44-53° солтүстік ендік пен 81° - 106° шығыс бойлақ арасында.
Алтайдың оңтүстіктегі табиғи шекарасы – Қара Ертіс пен Зайсан көлі, ал оның
батыс бөлігі саналатын Қалба жотасы Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен
бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен
жалғасады. Биік таулы белдеу қиыр Солтүстік-шығыста Алтай тауынан
басталады. Қазақстанға Алтайдың батыстағы үштен бір бөлігі кіреді.
Қазақстандық Алтайдың ең биік тау масиві, оның шығысындағы Орталық Алтайдың
Катун жотасындағы екі басты – Ақтау. Оның батыстағы шыңы – 4440 метр,
шығыстағысы – 4506 метр. Жотаның басын мәңгі қар мен мұз басып жатыр.
Сондықтан оны Ақбас Катун (Катунские белки) деп атайды. Қазақстандық
Алтайдың орографиялық құрылысы жөнінен үш ауданға бөлінеді. 1. Орталық
Алтайдың батыс сілімдері; 2. Қалба жотасы; 3. Оңтүстік Алтай.
Орталық Алтайдың батыс сілімдері Кенді Алтай деп аталады.
Қазақстандық Алтайдың бұл бөлігінің басты жоталары – Листвяга, Холзун және
Тигирек Ресеймен шекараны бойлап, Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа
қарай созылып кетеді. Осы тізбектен Оңтүстікке бір-бірімен жарыса Оба,
Иванов және Улбе жоталары тарайды. Аталған жоталар 2000-2700 метр биіктікке
көтеріледі. Солтүстікте Бұхтырмадан, Оңтүстікте Қара Ертіске дейінгі аралық
Оңтүстік Алтайға жатады.
Оңтүстік Алтай ендікті бойлап созылып кететін тау жүйесін құрайды. Ол
бірінші жоталардан, тау үстірттерінен және тау аралық ойыстардан тұрады.
Оның жоталары Табын-Богда-Ола тау түйінінен батысқа екі тізбек құрап
тарайды. Солтүстік тізбек құрап тарайды. Солтүстік тізбек Сарымсақты,
Нарым, Оңтүстік тізбек Оңтүстік Алтай Сарытау және Күршім жоталарынан
тұрады. Марқакөлден Оңтүстікте оқшау Азутау жотасы өтеді.
Кенді Алтайдың жоталары батысқа қарай аласара түседі де, Ертіс
маңында ұсақ шоқылы белесті жазыққа айналады. Ертістің сол жағалауында
оқшау Қалба жотасы орналасқан. (Сарышоқы 1558м) Алтайдың батыстағы жалғасы
болып табылатын бұл жота батыс, солтүстік-батысқа қарай аласарып барып,
Сарыарқаның ұсақ шоқылығына жалғасады. Алтайды оңтүстігінен тау аралық
Зайсан қазаншұңқыры тұйықтайды. Оның түбі тегіс, абсалют биіктіктер 400-450
метр. Қазаншұқырдың орта тұсындағы ең терең бөлігін Зайсан көлі алып жатыр.
Жер бедері. Алтай тауларының өзіне тән орографиялық ерекшеліктері
бар. Оның әр бөлігінде жер бедерінің сипаты, басты жоталары мен
қыраттарының бағыты мен биіктігі әр түрлі. Алтайдың ең биік және қатты
тілімденген жоталары – Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Чу, Оңтүстік Алтай,
Сарымсақты, Сайлюгем, Чихачев тағы басқалар. Бұлардың орта биіктігі 3000
метрден асады, төбесін көп жылдық қар басып жатыр. Мұнда альпі типтес
рельеф басым; тау беткейлері өте тік, биіктік амплитудасы мол, мұздық
эрозиясына байланысты таулары құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді.
Алтайдағы және бүкіл Сібірдегі ең биік шың – Мұзтау (Ақбастау, Ақтау шыңы,
Белуха – 4506 метр). Батысқа және Солтүстікке қарай бұл таулар біртіндеп
аласарады. (Орташа биіктігі 1500-2000 метр), тілімденуі азая береді.
Олардың үсті жадағай, тегіс, тек жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік
келеді (Шабанбай таулары, Холзун, Тегерек, Үлбі, Ануй жоталары, тағы
басқалары). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау
тізбектері негізінен ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстіктегі Алтайдағы
жоталары оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта
созылып жатыр. Осындай белгілі бір орографиялық бағытта жатқан таулармен
қатар, Алтайда көптеген тау тізбектері мен жоталарға сілімденген бірнеше
тау торабы бар. Олардың бастысы – Табын-Богда-Ола. Бұдан батысқа қарай
Оңтүстік Алтай жотасы, Оңтүстік-шығысқа, қарай шекаралық жота – Сайлюгем
тарайды. Алтайда мейлінше ұзын, кейде кең, жалпақ келетін тектоникалық тау
аралық ойыстар (Чүй, Құрай, Ойман, Абай, Нарын далалары), 1500-2400 метр
бикітікте орналасқан кең байтақ үстірттер, таулы қыраттар және үлкенді-
кішілі жазықтар (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ тағы басқалары) бар. Олар
ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Мезозой дәуірінің аяғында Алтай тауларының орнында бір тұтас жазық
(пенеплен) болған. Ал оның қазіргі рельефі неоген және антропоген
даәуірлерінде жердің тектоникалық көтерілуі мен қалқандық қозғалыстарына
байланысты күшейе түскен өзен эрозиясының, оған қоса, әсіресе төрттік
кезеңде кең тараған мұздықтар эрозиясының нәтижесінде түзілген.
Геологиялық құрылысы. Алтай негізінен палеозой дәуірінде пайда болған
теригендік, карбонатты және вулкан текті тау жыныстарынан тұратын, аса
күшті қатпарланудан дизвюиктивтік тектоника процестеріне шалынған күрделі
геолгиялық құрылыс. Мұнда өте көп кездесетін шөгінді – вулкан текті
формациялармен қатар, палеозой дәуірінің әр кезеңінде түзілген интрузивтік
жыныстар да (гипербазиттер, габбро, диориттер, әсіресе гранитойдтар) кең
тараған. Бұлардан басқа әк тас, құм тас, тақта тастар кездеседі. Палеозой
құрылымының фундаменті болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақта тастары
мен кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горстерден (Қатын, Теректі
жоталары) табылады. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген
кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар
бірен-саран тау аралық ойыстар мен грабендерде (Шыңғыстай, Голубовка с-
ларының маңы, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Улбі өзендерінің бойы)
кездеседі. Геологиялық құрылысы мен геотектоникалық даму ерекшеліктеріне
қарай Алтай каледондық қатпарлы құрлыстардан тұратын Таулы Алтай және
құрылымы герцин тектогенезінде түзілген Оңтүстік-Батыс (Кенді және
Оңтүстік) Алтай болып бөлінеді. Бұлардың ішінде бір-бірінен терең
жарықшақтармен бөлінген оннан астам зоналар орналасқан. Олардың геологиялық
даму тарихы мен құрамында елеулі каледондық құрылыстар Алтайдың шығысын
алып жатыр; мұнда геосинклиналдық даму режимі мен қатпар түзіліс процестері
негізінен кембрийде (солайыр фразасы), Орталық Алтайда – ордовик пен
силурде (такон фразасы) ал Оңтүстік-Батыс Алтайда төменгі таскөмір
кезеңінің төменгі бөлімінде (шатқал, сауыр фазалары) аяқталды. Жоғарғы
палеозойда Алтай бір тұтас эпигерциндік платформа ретінде континенттік
режимде дамыды. Осы кезде орын тепкен негізінен блоктық өте қуатты
тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде интрузив жыныстар пайда болды.
Қазақстан жеріндегі Алтайдың геологиялық құрлысы палеозойлық
жыныстардан құралғандығына, мезозойдың аяғында қатпарлы құрлымы мүжіліп,
тегіс жазыққа айналып, қазіргі жер бедері альпілік орогенездің нәтижесінде
қалыптасқандығына, тау шатқалдарының дамуына өзен эрозиясы, төрттік
дәуірдегі мұздықтар эрозиясы күшті әсер еткендігіне, сондықтан циркті және
қарлы ойыстардың жиі кездесетіндігіне басты назар аудару қажет.
Пайдалы қазбалары: Алтай қазба байлықтарға өте бай. Мұнда қорғасын,
мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал,
ниобий, сынап тағы басқа да металдық рудалар, тас көмір, қоңыр көмір, жанар
тақта тастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың
ішінде аса маңыздысы – Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасы болып
отырған полиметалл рудалары. Алтай металлогения аймағы.
Қорыта айтқанда, Алтай - түркі, монғол тілдерінде алтын тау деген
ұғымды білдіретін болса геологиялық құрлысына жүргізілген талдау – бұл
аумақтың қойнауы тұнып тұрған байлық: түсті металл, алтын, темір, слюда
тағы басқа рудалар кездесетіндігі, сондықтан Кенді Алтай деп аталатындығы
арқылы көз жеткізуге болады.
Климаты. Алтайда едәуір қатал континенттік климат басым. Қысы суық,
әрі ұзақ. 1200-1500 метр биіктікке дейін қар қазан айының екінші жартысынан
сәуір айының бірінші жартысына дейін, орта есеппен 5-5,5 ай жатады. Көктем
мен күз мерзімі қысқа: көктемде күн тез жылынып, жер тез көктейді. Қоңыр
салқын күз алғашқы қар жауысымен-ақ суық қысқа айналып кетеді. Ең суық ай –
қаңтар айының орташа температурасы тауда 13°-15° градустан, тау аралық
ойыстарда 27°, -33° градусқа дейін барады. Ең төмен температура -60° градус
Чүй даласында байқалады. Ең жылы ай – шілде, орташа температурасы 18-20°
градустан, ал 1000-1500 метр биіктікте ол 14-16° градустан аспайды. Ең
жоғарғы температура Зайсан ойпатында (40° градусқа дейін) Жер биіктігі
артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура
жоғарлап, жазғы температура төмендеп отырады, жер бикітігі төмендеген сайын
керісінше болады. Сондықтан биік тауларда қыс жылы, жаз салқын, ал өзен
бойы мен далаларда жаз ыстық, қыс аязды келеді. Ауаның жылдық орта
температурасы Алтайдың әр жерінде –1 -5° градус аралығында. Жауын-шашынның
жылдық мөдшері Батыс және Солтүстік-Шығыс Алтайда 800-1200 мм (кей жерде
2000 мм-ге дейін); Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде 200-300 мм (кей жерде
2000 мм-ге дейін); жауын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Инвестиция және қазіргі таңдағы оның жағдайы
Алтай таулы аймағына сипаттама
Алтай таулы өлкесі
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстан таулары
Алтай
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Пәндер