Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары



КІРІСПЕ

1. Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы

2. Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары.

3. Топырақ эрозиясы және онммен күресу . жолдары

4. Эрозиямен күресу жолдары:

5. Топырақ деградациясы және онммен күресу . жолдары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Топырақтану-топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылыгының азаюы, т.б. Осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.
1. Жамалбеков Е. Ү ., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы , Қазақ ун – ті , 1997, 194 б.
2. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р.М. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ ун – ті, 2004, 242 б.
3. Тазабеков Т.Т., т.б Топырақтар географиясы, Алматы, <<Агроуниверситет>> баспасы, 2000, 182 б.
4. Жамалбеков Е.Ү,. Білдебаева Р.М. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, Қазақ ун – ті, 2000, 204 б.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы

2. Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары.

3. Топырақ эрозиясы және онммен күресу – жолдары

4. Эрозиямен күресу жолдары:

5. Топырақ деградациясы және онммен күресу – жолдары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТОПЫРАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Топырақтану-топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және
географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы,
тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы
деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты
өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ
нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей,
үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу
жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ
туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл
жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың
алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы
ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі,
эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылыгының азаюы, т.б. Осы
мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.
XIX ғасырдың орта ксзеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің
еңбектерінде топырақ туралы алгаіпқы түсініктер жазыла бастады. Олар
топырақтың жоғары қабатының құрамындағы органикалық және минералдық
қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің
тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сүраққа
берілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген
кезеңге дейін өріс алып келді.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған
құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен
қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы деп,
оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін
айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен
жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды.

ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ.

Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі
саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай
жағдай, әсіресе адамзаттың табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығын, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс
оқымыстысы академик В.И.Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы
қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға ноосфераға (ақыл-
еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғаны айқын.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша
адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз
етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның
0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін,
ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем
алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет.
Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті
көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті
0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар-ақ келеді. Дегенмен бұл
көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы Одақ
Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған
ортамызға өте үлкен нүқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың
нүсқауымен негізінен шикізат өндірумен шүғылданып келді, ал шикізат өндіру
- өндірістің ең ылас саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам
Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі қаймағын ғана алып, экологиялық
зиянды қоқыстарын калдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына
жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы
қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге
мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде
жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде
жерімізге көптеген-жарақаттар түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең
арзан ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы
нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және
оларды қазу кезінде кең байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау
жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау
жыныстарынан тұратын үйінділер жатады.

ТОПЫРАҚ ЭРОЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНММЕН КҮРЕСУ – ЖОЛДАРЫ

Топырақ эрозиясы (грек тілімен аударганда — бұзамын деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз, оның су мен жердің әсерінен бұзылуы.

Су жане жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады.
Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде — ағатын су, ал екіншісінде
ауаның қозғалысы болып табылады.

Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың
беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы
бұл құбылыстың болуын дәлалдейді. Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ
пен шабындық саздақ топырақтар — жел эрозиясының өнімдерінің ауадан
тұнуының натижесінде түзілген.

Адамның қызметі натижесінде эрозиялық процестердің жылдамдығы бірнеше
рет артып кеткоп. Мы-салы, соңгы 50 жылда мүхитқа іпаііылып келіччі
эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да
топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін
тыңайтқыштардан 1,5—2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи
өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер томырақты
тамырларымен бекітін тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі
бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны
одан біршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас
кеңістікке әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік
қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.

ЭРОЗИЯМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ:

1. Айтарлықтай үлкен территорияда өсімдіктер жабынын
жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл
әсіресе орманды пайдалануға қатысты.

2. Жайылымдарда эрозмялық процестер көбінесе шектен тыс
мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер
жабының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су
эрозиясы және жел эрозмясының да болуы мүмкін. Таулы
аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде
(мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын
алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негізгі жолы мал жаю
ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды төмендету болып
табылады

3. Егістік жерлерді қорғау іс-шаралары:

• ауыспалы егістіктерді дұрыс жүргізу, соның ішінде отамалы
дақылдар;
• (жүгері, картоп, қызылша) топырақты бекітетін тамырлары бар
шөптер қоспасымен алмасып келуі қажет;
• жиектік жыртуды жүргізу (рельфтің горизонттарымен);
• өңдеуден оңай бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;
• шағын егістік танантарын табиғи ландшафтармен кезектестіру;
• танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;
• тонырақтың құрылым түзілуін мүмкіндік туғызатын,
органикалық тынайтқыштарды топыраққа енгізу;
• топыраққа жасалатын қысымды кемитін техниканы пайдалану.
Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажет.
Агротехниканың бұл жаңа әдісі қазір кеңінен пайдаланылып келеді. Аталған
әдіс аудармай жырту арқылы тонырақты қопсытуға негізделген. Бұл адісті
қолданғанда топырақтың табиғи құрылысы сақталады. Тұрақтылығы мен құнарлығы
бұзылмайды. Әдістің техиологиялық кемшілігі — арамшөптердің көп болуына
әкеледі. Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалық шаралардың
кезегі мен мерзімдерін қатаң сақтау қажет.

Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура
келеді. Су эрозиясынан қорғау мақсатында агротехникалық (орман отырғызу,
шөптер егу) шаралармен қатар, инженерлік іс-щаралар (су ағысын ұстан қалуға
арналған шұңқырлар салу, көлбеу жерлерді өңдеу, онда көпжылдық шөптесін
өсімдіктерді егу) жургізіледі. Химиялық заттарды (әр түрлі полимерлер)
топырақ бетіне енгізуді көп жылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды
отырғызумен үйлестіре жүргізу қажет.

Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн. ға
жуық. Ирригациялық эрозиямен қаатар суармалы топырақтар екінші реттік
сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні — танаптағы топырақ суды
сіңіріп, содан соң булану мен өсімдікке транспиранцияға қажетті судан
артық су біртіндепі түседі. Бұл су біртіндеп жер асты грунт суларына дейін
жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Мөлшерсіз, ретсіз суару көзінде
қысқа уақыт аралығында (біртіндеп жыл) жақындап, интенсивті түрде булана
бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетіндр жиналады. Мұндай сортаңдану
екінші ретті деп аталады. Ал бірінші ретті сортаңдану (сор) регінде
адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи сортаңдану процесін атайды. Екінші
ретті сортаңдану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстікте шектен тыс суару
топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.

Адамзат қоғамының дамуының экоолгиялық дағдарыстарының бірі дамыған
өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде
жоғалтқаны белгілі.. Мысалы, Ніл аңғарында қазір де суармалы жерлердің 70%-
ы сортандаған. Ғылымдардың болжамы бойынша ертедегі Вавилон өркениетті
топырақтың екінші ретті сортаңдануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде
суармалы 250 млн. ға жерлердің 50-60 млн. ға-ға жуығы екінші ретті
сортаңдануға, шамамен 25% ұшыраған.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты
суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы
сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен
күресуге болады. Бірақ бұл кезде де міндетті түре грунт суларын алып кету
керек. Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтижелер береді. Мысалы,
топырақ бегінде жинаған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу
жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және аниэкологиялық.

Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозиямен сулардан соң)
үшінші үлкен фактор - бұл жердің азуы. Оның орын алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биік таулы аймақ
Ақтау қаласы аумағының топырағын экологиялық-мелиоративтік бағалау және көгалдандыру мәселелері
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Топырақ туралы түсінік және топырақтану ғылымының даму тарихы
Топырақ бонитеті
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Пәндер