Қазақстан мұнай-газ секторына Қытайдың қатысы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан мұнай-газ секторына Қытайдың қатысы

Қытай Халық Республикасының мұнай-газ секторы екі бағытта дамуда: олар біріншіден, шет инвесторларын енгізу арқылы өз ресурстарын зерттеп-барлау бағытында, екіншіден, басқа елдердің мұнай-газ кен-орындарын барлап-игеруге қатысып отыр. Соңғысы төмендегі жағдайларға байланысты:
Бірінші: Сарапшылардың барлауынша, Қытайдың өзінің мұнай-газ қоры күннен-күнге өсіп отырған тұтыну қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, ҚХР жаңа мұнай көздеріне аса зөру. Қытайға экономикасының қарқынды өсімін 10% деңгейінде сақтап тұру үшін жылына 451 млн. баррель (61, 4 млн. тонна) мұнай қажет болады да, ол мұнай қажеттілігін жылына 14, 2%-ке өсіреді. Былайша айтқанда ішкі өнімнің жылына 1% өсуі, мұнай тұтынымын 1, 42%-ке өсіреді. Мұнайдың жетіспеушілігі қазірдің өзінде байқалып отыр. Мысалы, Қытайдың мұнай қорыту зауыттарының жалпы қуаты 240 млн. тонна. Алайда, олар 2000 жылы 190 млн. тонна мұнай өндіріп, 70 млн. тонна мұнайды Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдерінен алған. Қазір импорт 30% болса, ол жақын аралықта жалпы тұтыну көлемінің 50-70%-ін құрайтын болады. Сарапшылардың есебі бойынша, мұнай импорттаудың ең төменгі мөлшері 2010 жыл дегенде 90-100 миллион тоннаға, ал 2020 жыл дегенде бұл көрсеткіш 135-150 тоннаға дейін өседі.

Қытай мұнай импорттау жағынан әлемде АҚШ, Жапониядан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл үрдіс жаңа қордың жоқтығына, инвестиция жетімсіздігіне, өнімділік төмендеп, мұнай бағасы күрт өсуіне байланысты туындап отыр. Сондықтан да, Қытай шетелдерден мұнай әкелуге мұқтаж. Екінші: Қытай өзінің геостратегиялық мүддесін жүзеге асыру үшін аз капиталын нақты бір елдердің мұнай газ секторына қатыстырып отыр. Мұның Қазақстанға да қатысы бар. Өйткені Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторына қатысуға Қытайдың көңілі ерекше. Мұның сыры мынада:
1. Қазақстанның мұнай мен газ қоры мол.
2. Екі елдің бір-бірімен шекараласып жатуы, яғни транзитсіз тура мұнай құбырын тартуға қолайлы.

3. Қытай мұнайдың көбін Парсы шығанағынан үлкен танкерлермен Малака бұғазы арқылы көп шығын шығарып әкеліп отырғандықтан, соған балама табуға мүдделі.
Қытай басшылары мұнайды су жолы арқылы тасымалдау ел экономикасының өрлеуіне кері әсерін тигізуші тұрақсыздықтың негізгі факторларының бірі деп бекерден-бекер айтып отырған жоқ.
4. Қытай Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторына қатысу арқылы өз жұмыс күшін экспорттаумен қатар, халқын еңбекпен қамту мәселесін де шешуге дем бермек.
5. Қазақстан қашаннан Қытайдың саяси-экономикалық экспансиясының обьектісі болып келді. Қытай өз өнімдерін Қазақ жері арқылы басқа елдерге, соның ішінде Еуропа, Орта Азия және Таяу Шығыс мемлекеттеріне экспорттауға мүдделі.

ҚХР-ының мұнай бизнесінің бас субьектісі оның мұнай өндірісі министрлігінің негізінде құрылған Қытай ұлттық мұнай компаниясы. Оның құрамына енетін Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (ҚҰМК) Қытайда және шетелдегі мұнай көздерін барлау, ашу игеру ісімен айналысады.

ҚҰМК - 1999 жылы Қытайда 107 млн. тонна, ал шетелдерде 3, 5 миллион тонна мұнай өндірген. Корпорацияның мұнайдан түскен кірісі - 18 млрд, пайдасы - 2, 5 млн. АҚШ долларын құраған. Соңғы кездері мемлекеттік емес “China National Offshore Oil Corp” (CNOOC), “Sinopec Group” сынды мұнай компанияларының іс-қызметі байқала бастады.

Қытай мұнай компанияларының Қазақстан мүнай-газ секторына қатысуы төмендегі жобаларды жүзеге асыруға байланысты туындап отыр.

Өзен кен орнында орнығу:
1997 жылдың тамыз айында ҚҰМК Өзен ААҚ-ының акциясының 55%-ін тендерде жеңіп алды. Сол жылдың қыркүйегінде ҚХР-ының Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэн Қазақстанға келгенде мұнай және газ саласында бірлесіп жұмыс істеу туралы үкіметаралық келісімдерге және ҚР-ының энергетика және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚҰМК арасында Өзен жөнінде және т. б. жобаларға байланысты келісім-шарттарға қол қойылады.

Қытай инвесторлары Өзен кен орнының жобасына 4, 38 млрд. АҚШ долларын құюға келіседі. Мәміленің шарттарына мынадай мәселелер енген еді:
А) Қазақстан Республикасының Үкіметіне 52 миллион доллар көлемінде жазылу бонусын төлеу (подписной бонус) .
Ә) Ішкі өнімнің кірісінен көлік шығынын алып тастағанға дейінгі 8% көлеміндегі роялти
Б) Әлеуметтік салалар бойынша жобаларға 27 миллион доллар
В) Қазақстан мамандарын оқытуға 10 миллион доллар
Г) “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ының қарызын өтеу үшін 6 миллион доллар және де ҚҰМК-ның инвестиция өтеміне дейінгі өндірістің таза пайдасы 60%, өтемнен кейінгі пайдасы 45% болуы керек деп көрсетілген.

ҚҰМК-ның тендердегі қарсыластары “Amoco” компаниясы мен америка-малайзия консорциумы “Unocal/Petronas” болған-ды.

ҚҰМК бұл тендерде Қазақстан бюджетіне қомақты қаржы сомасын салып, Өзен кенорнына инвестиция енгізгендігігімен ғана емес, ұзындығы 3 мың шақырым “Батыс Қазақстан - Қытай” мұнай құбыры мен Иран бағытына тартылмақ мұнай құбырының 250 шақырымын салып береміз деп уәде етуімен жеңіске жеткен болатын. Алайда, “Өзенмұнайгаз” ашық акционерлік қоғамының акциясының мемлекеттік пакетін сатып алу жөнінде Қытай Ұлттық мұнай корпорациясымен шарт жасалынбайды. Қытай жағы ҚҰМК-дағы құрылымдық өзгерістерді, халықаралық қаржы дағдарысын, 1997-1998 жылдары шикі мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауын көлденең тартты. Өзен кенорнын қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі келіссөздер “техникалық мәселелерге байланысты келіспеушіліктен” тұйыққа тірелді деп ресми түрде жариялады.

Қазір “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ының акциясының 90%-і мемлекет иелігінде. Оны “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясы басқарып отыр. Ал, акцияның 10%-і өндірістік еңбек ұйымының иелігінде. Осыдан кейін Қытай тарапынан Өзен кенорнын игеру жөнінде қандай да бір әрекет байқалған жоқ.

Ақтөбе облысындағы кен орнын игеру:
1997 жылы маусымда ҚҰМК “Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның өндіріс акциясының 60%-ін және Жаңажол, Кеңқияқ кен орындарын инвестициялау құқығын тендерде жеңіп алады.

Мәмілеге мынадай шарттар енеді:
А) Кен орнын инвестициялауға 20 жыл ішінде 4 млрд. АҚШ долларын құяды. Соның ішінде 1998-2003 жылдары 585 млн. доллар салуы керек;
Ә) Жыл сайынғы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын инвестиция көлемі 500 мың долларға дейін жұмсалмақ;
Б) Қазақстан Үкіметіне 320 млн. доллар бонус береді
В) Жазылу бонусы - 6 миллион доллар.
Г) “Ақтөбемұнайгаз” АҚ қарызын өтеуге 71 млн. доллар жұмсауы керек.

Сөйтіп, өндіріс “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” ААҚ болып құрылады. Ол Жаңажол, Кеңқияқ кенорындары сияқты Ақтөбе облысының бірнеше кенорындарында жұмыс істейді және мұнай, газ өнімдерін өңдеу, өткізумен айналысады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” жыл сайын 2, 8 миллион тонна мұнай, 700 миллион куб метр газ өндіреді екен. Компания 2005 жыл дегенде мұнай өнімін 7 миллион тоннаға дейін жеткізбек. Компанияда 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның құрамына “Октябрьмұнай”, “Кеңқияқ” мұнай өндіруші өндірістері, Жаңажолдың газды қайта өңдеу зауыты, пластың мұнайберуін арттыру және скважинаны күрделі жөндеуден өткізу басқармасы, “Ақтөбеэнергомұнай”, өндірістік даяшылық орталық базасы, бірнеше құрылыс өндірістері кіреді. 2001 жылдың наурызынан бастап акцияның мемлекеттік пакетінің 25, 12%-ін Американың “Access Industries” компаниясы басқарады.

ҚҰМК-сы “Ақтөбемұнайгаз” акциясының бақылау пакетіне ие болғаннан кейін осы компаниямен Үкімет арақатынасында келіспеушіліктер жиі ұшыраса бастады. 1999 жылы көкекте компания құрамынан көлік, құылыс және бұрғылау жұмыстары басқармасы шығарылғаннан соң, 2000 Қазақстан мамандары жұмыстан босатылады. Ал, компанияның жаңа қожайындары болса оларды жаңадан жасақталатын өндірістерге жұмысқа аламыз, оларға жаңа жұмысқа орналасқандарынша айлық жалақыларының 30% көлемінде көмек береміз деген уәделері орындалмады. Сондай-ақ, Ашық акционерлік қоғамы әкімшілігінің қытай мамандарына айлық жалақы, әлеуметтік көмек, демалыс тарапынан жеңілдік жасаған фактілері де белгілі болады. Мұның сыртында ол ҚХР-ынан жұмыс күшін тарту туралы келісім-шарт талабын бұзғандықтан, ҚР-ының Үкіметі компанияның шетелден жұмыс күшін әкелу жөніндегі лицензиясын тоқтатуға мәжбүр болады. Сондай-ақ, компанияның инвестициялық міндеттерін де орындамай отырғандығы байқалады. Мәселен, компания бұл міндетін 1998 жылы 85, 4% ғана орындаған. Ал, 1999 жылы “Ақтөбемұнайгазына” 117, 4 млн. долларлық ғана инвестициясын салған. Онымен қоймай, Ресей және Америка компанияларына міндетті алдын-ала төлемді төлетпей мол мұнай партияларын жөнелтіп, Қазақстан бюджетіне 7 миллион теңге көлемінде зиян келтіргендігін Ақтөбе облысының прокуратурасы анықтайды. Ақыры Қазақстан Үкіметі ҚҰМК мен “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” арасындағы қатынастарын реттеді. 2000 жылы наурыздың 21 күні премьер-министр Қасымжомарт Тоқаевтың ҚҰМК басшыларымен кездесуі өтеді. Осы кездесу қарсаңында ҚҰМК мен Ақтөбе облысының әкімі Аслан Мусин біріккен меморандумға қол қояды. Бұл меморандумда екі жақты келісім-шарттың орындалуына сараптама жасалып, өзара қорытындыға келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Қазақстан жағы арықарай да ҚҰМК алдындағы міндеттерін мүлтіксіз орындайтындығын, заң актілерінде көрсетілген инвесторлар құқығының қорғалатындығына кепілдік беретіндігін айтады. Және ол “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” басшыларына жергілікті басшылармен қоян-қолтық жұмыс істеп, Ақтөбе облысының жұртшылығы арасына өз ұстанымдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек екені жөнінде кеңес береді. Ал, меморандум болса өзара түсіністіктің негізін қалайтын басты құжат болуы керек. Қытайлықтар инвестор ретінде өндірістегі болған жағдайдың кейбірінің дұрыс, ал кейбірінің бұрыс болғандығын мойындады. Өндіріске капитал енгізудегі кемшіліктер әлемдік қаржы дағдарысы мен әлемдік мұнай бағасының құлдырауы сынды обьективтік себептерден болды деп түсіндірілді. Соның нәтижесінде ҚҰМК өндірісті күйретпей аман сақтап қалды десті. Және де компания қызметкерлерін қысқартпаймыз деп уәде етті әрі аталған келісім-шарттың уақыты аяқталғанға дейін яғни 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін барлық инвестициялық міндеттерден азат боламыз деп міндет алды. Ал, “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” 2000 жылы облыстың ауылшаруашылығына 1 миллион доллар қаржы аударуға және жұмысшы кадрларды даярлауға сондай сомада ақша бөлуді өз міндеттеріне алған болатын.

Солтүстік Каспий жобасына қатысуы:
Соңғы уақытта Қытай мұнайшылары Солтүстік Каспий жобасына қатысуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл жоба Қазақстанның Каспий секторының 5600 шаршы километрін қамтиды. Бұған Қашаған, Қаламқас, Ақтоты және Қайран кен орындары кіреді. Ал, бұндағы барлау жұмыстарын “Agip KCO” консорциумы жүргізіп жатыр. Әсіресе, қытайлықтардың назарын төтенше тартып отырғаны 2000 жылы ашылған, мамандардың айтуынша қоры 7-9 млрд. тонна болатын Шығыс Қашаған кен орны. Қазір де барлау істері екпінді жүріліп жатқан Батыс Қашағанның болашағы да зор деп күтілуде. Жуық аралықта Қазақстан Қашаған кен орнынан жылына 100 милилон тонна мұнай алуға үміт артып отыр. Бұл дегеніңіз қазіргі өндіріліп жатқан мұнай көрсеткішінен үш есеге артық болады.

Былтыр ағылшынның белгілі компаниясы “BG Group” өзінің 16, 7% үлесін Қытайдың “China National Offshore Oil Corp” (CNOOC) және “Sinopec Group” компанияларының әрқайсысына 8, 33%-тен сатуға қол жеткізеді. Бұл мәміленің жалпы құны 1230 миллион АҚШ долларына бағаланады. Компаниялардың әрқайсысының үлесі 615 миллион доллардан деп есептелінеді. Мәміле қаңтардың бірінен күшіне еніп 2003 жылдың ақырында аяқталмақ. Сөйтіп, мәміле біткеннен кейін әр компания Солтүстік Каспий жобасының 1/12 үлесін иеленеді. Қытай жағы үшін оның ұтымдылығы “CNOOC” пен “Sinopec Group” өзара бәсекеге түспейді және Қытайдан тысқары жерлердегі басқадай акцияларды сатып алу шығындарына жол берілмейді. Сондай-ақ, олардың Солтүстік Каспий жобасының 16%-тен астамын иеленуі ҚР-ының мұнай-газ секторында, нақтылап айтқанда Каспий өңірінде ҚХР-ының ұзақ мерзімге бекіп қалуына зор мүмкіндік береді.

Мұнай жөнелту жобалары:
Мұның ең негізгісі - Батыс-Қазақстан - Батыс Қытай мұнай құбырларын салу жобасы болып отыр. Бұл маршрут - салынуы 1992 жылы анықталған Батыс-Қазақстан - Құмкөл жобасының жалғасы. Мұндағы ең басты мақсат - Қазақстан мұнайын Қытайға, сондай-ақ, Тынық мұхиттың азиялық өлкелеріне жеткізу. Бұл мұнай құбырының ұзындығы 3 мың шақырым, төменгі өткізгіш қабілеті жылына 20 миллион тонна, жобаның бағасы шамамен 2, 7 млрд. доллар. Мұнай құбырын салу жұмысы 2 кезеңмен жүргізілмек:
1. Кеңқияқ - Құмкөл, ұзындығы 785 шақырым, жылына 15 миллион тонна мұнай айдалмақ.
2. Атасу - Алашанқау, ұзындығы 1100 шақырым, мұнай көлемі жылына 20 миллион тонна.

Бұл маршруттың Қазақстан үшін артықшылығы мен пайдасы мынаған саяды:
1. Бұл мұнай құбыры Қазақстан мұнайын көлемді әрі жедел дамып бара жатқан Қытай рыногы мен АТО-ға апаратын жаңа экспорттық бағыт ашады.
2. Ол жаңа кенорындарымен тығыз байланысты әрі мұнай ресурстарымен қамтамасыз етілген, әрі оның ең төменгі көлемімен кепілденген.
3. Бұл мұнай құбыры Қазақстанның мұнай өндіруші батыс облыстарын республиканың Павлодар, Шымкент сынды мұнай өңдеу зауыттары бар өлкелерімен байланыстыруы арқылы ел ішінде мұнай тарату мәселесін шешуге көмектеседі.
4. Басқа елдердің транзиттік аумақтары арқылы өтпейді
5. Мұнай құбырын салуға кететін шығынның белгілі мөлшерін Қытай жағы көтеріп отыр.
6. Мұнай құбырын салу Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты кеңейтуге және дамытуға жәрдем етеді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан - Қытай мұнай құбырын салудың кері әсері де аз емес:
1. Мұнай құбыры Қытай шекарасына дейін 3 мың шақырым, Қытайдың арғы шетіне жеткенше 3, 5 мың шақырым қашықтыққа созылатындықтан, мұнай көп уақыт жүреді әрі шығын да мол кетеді.
2. Бұл құбырдың іс жүзінде жалғыз сатып алушыға бағытталып отырғаны, оның ең басты кемшілігі.
3. Қытайдың Қазақстанға саяси-экономикалық экспансиясы күшейеді. Сондай-ақ, АҚШ және т. б. елдердің потенциалды инвесторларына кедергі болады.
4. Бұл мұнай құбыры ҚХР-дың саяси-экономикалық жағдайы тұрақсыз, ұйғырлар мен басқа да бұратана халықтардың ұлт азаттық, сепаратистік көңіл ауандары күшейіп тұрған Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы арқылы өтеді. Қазір Қытай басшылығы ШҰАР-ды қатаң бақылауға алып отырғанымен, қытай емес тұрғындардың аумақты тұрақсыздандыруға бағытталған белсенді қарсылықтары байқалып отыр.

Қазіргі жағдай Қытайдағы мұнай құбырын салуды тоқтатып отыр. Бұндай позиция екі мемлекет Үкіметтері арасында қайшылықтарды тудыруда. Қазақстан жағы да бұл жобаны іске асырудың қажеттілігі жөнінде күмәнданып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Қытайдың Орталық Азиямен ынтымақтастығының болашағы
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы экономикалық әріптестік
Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жан-жақты сипаты және келешегі
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға қатысты саясатының қалыптасуы және кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz