Windows операциялық жүйесіндегі стандартты программалар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т

тақырыбы:

«Windows операциялық жүйесіндегі стандартты программалар»

Тексерген: Р. А. Күзембекова

Тапсырған: Кенжеғұлова М. Б.

Алматы 2007

Жоспар:

І. Кіріспе

Windows жүйесінің стандартты программалары

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Word Pad мәтіндік редакторы
  2. Блакнот (Windows 3. х), Картотека (Windows 3. х)

ІІІ. Қорытынды

Басқа да программалар туралы қысқаша мағұлматтар

МазМҰНЫ:

Кіріспе

Word Pad мәтіндік редакторы . . . 1. 1

Блакнот (Windows 3. х) . . . 1. 2

Картотека (Windows 3. х) . . . 1. 3

Күнтізбе (Windows 3. х) . . . 1. 4

Калькулятор . . . 1. 5

Сағат . . . 1. 6

Басқа да программалар туралы

қысқаша мағұлматтар . . . 1. 7

Қорытынды . . .

Кіріспе

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

  • мәтіңдік құжаттар дайындау; графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету; жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру; математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Әдетте, бүл қосымша программалар "Стандартты" тобында орналасқан ((Windows З. х - "Реквизитгер" тобында) )

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad Write (Windows 95) және (Windows 3. x) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіңдігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WordPad (Write) редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде таныстырамыз.

Windows З. х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизитгер" тобындағы "Write редакторы" белгісін таңдау керек.

Ал, Windows 95 жүйесінде - Іске қосу=>Программалар =»Стандартты=> WordPad командасын орыңдау қажет.

WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңндеуге - ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішінен біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Windows жүйесінің бір ерекшелігі - ондағы кез келген қосымша программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.

Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін тағайындаймыз. Бұл жағдайда "Файл=>Принтер таңдау" (Файл=»Выбор принтера) және "Файл=*Баспа" (Файл=>Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет. Бұл командалардың сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаруға арналған принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерде пайдаланылатын қағаздың мөлшерін де алдын-ала анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210x299 мм-лік қағаз) .

Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден салалы басылым шығарудың параметрлерін реттеуіңізге болады.

Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен "Файл=»Баспа" (Файл=*Печать) командасын таңдау қажет. Сұқбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады. Бұдан кейін "ОК" пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға басылып шығады.

Блокнот (Windows З. х)

Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар (мысалы, Write) мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.

Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобында (Windows 3. x) орналасқан "Блокнот" атты шарт белгіні таңдау жеткілікгі.

Блокнот мәтінді форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін мәтінді дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

Блокнот тек бір ғана шрифт түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекгі символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Картотека (Windows 3. x)

Картотека - бұл карточкаларды жинаудың бір жүйеге келтірілген компьютерлік аналогі (баламасы), яғни компьютерде жазылып дайыңдалған, кейін керек болатын түрлі хабар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы. Ол кейбір белгілері бойынша жүйелендіріліп, бір тәртіпке келтірілген информацияны сақтау үшін қолданылады. Жиі пайдаланылатын белгілер қатарына - қызметкерлердің адресін (мекен-жайын), жоба жасағанда дайындалған жазбаларды, кітаптар аннотацияларын (қысқаша мазмұнын), басқа да анықтамалық мәліметтерді жатқызуға болады.

Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы "Картотека" белгісін тандау керек.

Картотека іске қосылысымен екі бөліктен - тақырып аты (индекс) мен жазбаға арналған өрістен (поле) тұратын бір карточка дайын болады. Тақырып атын енгізу үшін терезе ішінен орын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту арқылы пайда болған сұқбаттасу терезесіне тақырып енгізіп, "ОК" батырмасын басу керек. Осыдан кейін жазба өрісіне мәтін енгізуге болады. Жазба өрісіне жазылатын информация он бір жолдан аспауы тиіс.

Жаңа карточканы даярлау үшін меню жолындағы Карточка=>Қосу . . . (Ғ7) (Карточка=*Добавить . . . ) командасын таңдау керек. Сонан кейін алдыңғы көрсетілген тәртіппен сұқбаттасу терезесіне жаңа карточка тақырыбының аты, ал жазба өрісіне анықтамалық информация енгізіледі.

Әрқашан карточкалардың бірі активті күйде, яғни екпінді болады да, ол алдыңғы шепте көрініп тұрады. Басқа карточканы алғы шепке шығару үшін, оның көрінетін бөлігіне тышқан курсорын апарып, оны шерту керек. Программаның меню жолынан төменіректе орналасқан бағыттауыш тілсызықтар (стрелкалар) көмегімен де карточкаларды парақтауға болады.

Карточка тақырыбын өзгертуге мүмкіндік бар. Ол үшін меню жолынан Түзету=»Тақырып ( Ғ6) (Редактирование=>3аголовок) командасын таңдап алып, сұқбат терезесінде сол мезетте екпінді болып тұрған карточка үшін тақырыптың жаңа атын енгізу керек.

Егер карточкалар саны көп болса, онда олардың тізімін қарап шығу режиміне Қарап шығу=>Тізім (Просмотр==>Список) командасы арқылы өтуге болады. Экранға барлық енгізілген карточкалар тізімі шығарылады.

, Егер картотекаға бір-біріне ұқсас, айырмашылығы шамалы бірсыпыра карточкаларды енгізу қажет болса, онда Карточка=> Қайталау (Карточка=>Дублировать) командасын қолдануға болады. Ол команда орындалғаннан кейін картотекада екпінді карточканың көшірмесі пайда болады.

Картотекадан екпінді карточканы жою үшін, Карточка=>Жою (Карточка=*Удалить) деген команданы таңдау керек.

Құрастырылған картотеканы файлда сақтауға, одан оқуға, принтердің көмегімен қағазға басып алуға болады.

Кунтізбе (Windows 3. x)

Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар (календарный план) жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календарь - күнделіктің компьютерлік варианты. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобынан "Күнтізбе" (Календарь) белгісін таңдап алу керек.

Күнтізбе информацияны қарап шығудың екі режимінде жұмыс істейді:

-күнделікті кесте- Қарап шығу=>Күн {F8) (Просмотр=»День) командасы;

-айлық кесте-Қарап шығу=*Ай {Ғ9} (Просмотр=*Месяц) командасы.

Бірінші режимде көрсетілген уақыттың тұсында алдағы болатын жұмыстар жайлы қысқаша мағлұматтар болады. Терезенің төменгі бөлігінде ескерту (жаднама) жазуға арналған бірнеше жолдар орналасқан. Мұнда әр күнге байланысты естелік информация сияқты қысқаша мәтін теруге болады. Терезенің жоғарғы бөлігіндегі бағыттауыш тілсызықтар календарды парақтап ашуға мүмкіңдік береді.

Екінші режимде экранда үстіміздегі айдың барлық күндері бейнеленеді. Олардың ішіндегі кемескі түрмен белгіленген күндердің бірі екпінді саналады. Бұл керекті күнге тез арада өту үшін және де ай күндерінде жазылған ескертпе жазуларды тез қарап шығу үшін қолданылады. Ескертпе жазуға арналған жолдар ай күндерінен төмен орналасқан және оны оқу, өзгерту үшін сол күнді екпінді етіп алу қажет.

Егер сіз бөлінген уақыт аралықтарын өзгерткіңіз келсе, оларды Параметрлер=>Күн Параметрлері . . . (Параметры=>Параметры Дня . . . ) командасы арқылы жөндеуге болады. Одан кейін сұқбат терезе арқылы керекті параметрлер енгізіледі.

Күнтізбе программасына белгілі бір уақытта дыбыс беретін ояту сигналын (будильник) жазып қоюға болады. Бұл үшін Күн режимінде көрсетілген уақытты таңдап алып, тышқанды бір рет шерту керек те, содан кейін Оятқыш=>Қондырғы {Ғ5} (Будильник=* Установка) командасын таңдау керек. Тандалынған аралықтың сол жағына қоңыраудың бейнесі пайда болып, оятқыштың іске қосылғаны белгілі болады.

Құрастырылған календарлық кестенің файлға жазылуы, одан оқылуы, қағазға басылуы мүмкін.

Калькулятор

Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі класс оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятордың болып табылады. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобында "Калькулятор" шартбелгісін таңдау керек.

Программа екі режимде жұмыс істейді:

- стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим;

- ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі.

Есептеуге қажет сандар "тышқанмен" немесе пернелер көмегімен енгізіледі. Енгізілген цифрлар мен де есептеулер нәтижелері индикаторда бейнеленеді.

Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болады:

ЗП - индикатордағы санды жадқа жазады;

П+ - жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Windows туралы жалпы мағлұматтар
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Microsoft Windows
Windows жүйесіндегі файылдар мен папкалармен жұмыс жасау
Windows’98 операциялық жүйесi жайлы
Windows жүйесімен жұмыс істеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz