Қазақ киносындағы әлеуметтік мәселелер



Кіріспе
І.тарау. Қазіргі кино.өнеркәсіптің маңызды саласы.

1.1. Кино және жас көрермен.
1.2. Жаңа заман кезеңі және көрермен талабы.

ІІ.тарау.
1.3. Қазақстан Республикасындағы алғашқы кинотеатрлар

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Қазақ киносының әлеуметтік мәселелері атты курстық жұмысымның бірінші тарауындағы, қазіргі кино - өнеркәсіптің маңызды саласы бойынша қарастырдым. Бұл тарауда қазіргі кино мәдениетпен қатар, экономиканың, өнеркәсіптің маңызды саласы ретінде танылады. Кино – басқа да аудиовизиялық коммуникация құралдарына (телевизия, бейнекассета, бейнедиск, голография) негізделген шығармаларды қамтитын экран өнерінің негізгі бөлігі. Кино туындысын, яғни фильмді жаауға әр-алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, продюсер, экономист, менеджер, т.б қатысатыны жайында аталып өткен.
Кино және жас көрермен атты бөлімімде, жас балалардың киноға деген қызығушылығы оның мінез ерекшеліктерін, оның өмірге дген көз-қарасын қалыптастыруға, дүние танымын тікелей ықпалы айтылады. Киношығарманы дұрыс қабылдай білу көрерменнің эстетикалық талғамын танытатынын. Ал, сол эстетикалық талғам бүгінгі жас көрермен үшін қандай дәрежеде?
— Абраам Моль. Социодинамика культуры. “Прогресс” Москва 1973.
— С.Фрейлих. Вопросы киноискусства. “Наука” Москва 1968.
— Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов. Әлеуметтану. “Қарасай” Алматы 2007.
— К.Смайылов. Қазақ киносының тарихы. “Білім” Алматы 1999.
— С.Фрейлих. Теория кино. “Наука” Москва 1969.
— М.Мартен. Язык кино. Москва 1967.
— И.Гращенкова, А.Карягин, Н.Корниенко. Вопросы социологии. “Наука” Москва 1979.
— Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Тасмағамбетова. Социология. “Өлке” Алматы 2003.
— А.Сатаев. Кино өнері туралы кейбір ойлар//Әдебиет және өнер № 12, 1956.
— Ә.Әшімов. Ұлттық кино келбеті// Соц.Қазақстан 1976.
— С.Әбішева. Кино және көрермен//Соц. Қазақстан 1975.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Қазақ киносындағы әлеуметтік мәселелер

Орындадаушы: ______________
Ғылыми жетекші: ______________

Алматы 200

Жоспар

Кіріспе
І-тарау. Қазіргі кино-өнеркәсіптің маңызды саласы.

1.1. Кино және жас көрермен.
1.2. Жаңа заман кезеңі және көрермен талабы.

ІІ-тарау.
1.3. Қазақстан Республикасындағы алғашқы кинотеатрлар

Қорытынды

Кіріспе

Қазақ киносының әлеуметтік мәселелері атты курстық жұмысымның бірінші
тарауындағы, қазіргі кино - өнеркәсіптің маңызды саласы бойынша
қарастырдым. Бұл тарауда қазіргі кино мәдениетпен қатар, экономиканың,
өнеркәсіптің маңызды саласы ретінде танылады. Кино – басқа да аудиовизиялық
коммуникация құралдарына (телевизия, бейнекассета, бейнедиск, голография)
негізделген шығармаларды қамтитын экран өнерінің негізгі бөлігі. Кино
туындысын, яғни фильмді жаауға әр-алуан мамандықтағы шығармашылық
қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, продюсер,
экономист, менеджер, т.б қатысатыны жайында аталып өткен.
Кино және жас көрермен атты бөлімімде, жас балалардың киноға деген
қызығушылығы оның мінез ерекшеліктерін, оның өмірге дген көз-қарасын
қалыптастыруға, дүние танымын тікелей ықпалы айтылады. Киношығарманы дұрыс
қабылдай білу көрерменнің эстетикалық талғамын танытатынын. Ал, сол
эстетикалық талғам бүгінгі жас көрермен үшін қандай дәрежеде?
Киноны мұқият көре отыра, жасанды өнер мен кәсіби шығарманы ажырата
алмайтын көркрменде аз емес. Көп жағдайда жас көрермен фильмді көріп
болғаннан соң оның көркемдік әсерін тек үстіртін түсініп, киношығарма
астарына терең бойлай алмайды.
Көрермен өз табиғатына сай фильмдерді көретіні анық. Осы тұрғыда мен
көрермендермен сұхбаттасқан едім. Айына қанша рет кинотеатрға барасыз?
деген сұрағыма көпшілік көрермен 60 проценті кем дегенде екі рет деп жауап
берді. Бұл қуантарлық жағдай, себебі осыдан бар жоғы бес-алты жыл бұрын
кинотеатрға баратын көрерменнің саны әлдеқайда төмен болатын 42 процент,
және т.б сұрақтар қойылды.
Социологиялық анкета түрінде сұрақ-жауап жұмыс барысында әр-түрлі жас
аралығындағы көрермендермен сұхбаттасып, мынандай тұжырымдарды
қорытындыладым.
— 15-25 жас аралығындағы жас көрермен шетелдік фильмдердің комедия,
фантастика, боевик жанрларын қызыға көреді;
— 25-35 жас аралығыңдағы көрермендер жаңа заман тақырыбындағы, тарихи
оқиғаларға негізделген фильмдерді қалайды екен;
— 35-45 жас аралығындағы көрермен тарихи-биографиялық фильмдер мен
детективтік фильмдерді жиі көретін болып шықты.
— Ал ересек көрермендер қазақ, совет киносының ертерек туындылар жиі
көрсетсе деп қалайды. Бұл категориядағы көрермендер телесериалдарды үзбей
көреді, ол түсінікті де, себебі, олардың сюжеті отбасылық күңделікті
проблемаларға құрылған.
— Көрермендердің "талғамсыз" категориясы – аты айтып тұрғандай,
телеарналар арқылы не өтіп жатса, соны талғамай көре береді.
Жаңа заман кезеңі және көрермен талабы атты екінші бөлімімде, жаңа
режиссура шығармашылығы ұлттық кино мектебі үлгісінен алшақтап кеткенін,
мұндай шығармаларды бүгінгі көрермен тез қабылдай алмайтындығынжайында
бірінші әрі басты себебі айтылады.
80-90 жылдар тұсыңда қазақ киносы мен көрермен арасыңда тоқырау кезеңі
пайда болды. Бұл кезеңдегі киношығармаларымыздың әлемдік деңгейде бағаланып
танымал болып жатқан түста, қазақ киносының өз көрерменін жоғалтып алуы
таңқаларлық жағдай болып отыр. Бұның себебі не?
Екінші бір маңызды себеп, ол мемлекет тарапынан бүгінгі кино өндірісіне
қолдау болмай, ұлттық кинопрокат жүйесінің жойылуы.
Үшіншіден, күн өткен сайын өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан
жоғары технологиялық шетелдік фильмдердің экранымызды толығымен басып алуы
да өз киномыздың көрерменге жетуіне тосқауыл болып отырғандығы.
Байқалған ерекшелік, жаңа толқын режиссерларының көпшілігінің
фильмдерінде батыс киносының мәнеріне еліктеу басым болды. Әрине, мұндай
фильмдерді біздің көрермен қабылдай алмады.

І-тарау. Қазіргі кино-өнеркәсіптің маңызды саласы.

Кино – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік
қасиеттерін және қазіргі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін
өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Қазіргі кино
мәдениетпен қатар, экономиканың, өнеркәсіптің маңызды саласы ретінде
танылды. Кино – басқа да аудиовизиялык коммуникация құралдарына (телевизия,
бейнекассета, бейнедиск, голография) негізделген шығармаларды қамтитын
экран өнерінің негізгі бөлігі.
Кино, негізінен, төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі,
мультипликациялык және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм Кино өнерінің
негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарманы бейімдеу немесе арнайы
жазылған сценарий бойынша актерлердің катысуымен жасалады. Деректі киноға
мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады.
Мультиппикациялық кино суреттер мен куыршақтарға қимыл бере отырып
жасалады. Ғылыми-көпшілік кино – жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік
құбылыстарды ұғындыратын, ғылыми жаңалықтармен, зерттеулермен, ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерімен, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер
жиынтығы. Қазіргі заманғы кино өнерінде жарнамалық кино өндірісі кең тарап
отыр. Сондай-ақ, кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар
эксперименттік фильмдер де түсірілді. Кино өнеріндегі жанр мәселесі (ки-
нороман, киноповесть, кино-поэма, кинокомедия, кино-очерк, т.б.)
кинодраматург пен режиссердің шығармаларының даралығы мен эстетикалық
көзкдрасына тікелей байланысты.

1. Кино және жас көрермен.

Кино – заман тынысы, өмір ағымы. Ол – халықтардың тарихында ерекше орын
алған, өшпес іздерін, өз заманының қолтаңбаларын қалдырған асыл мұра. Кино
өнердің ең кең тараған түрі болып табылады. Сондықтан да кино өнерінің
көрерменге ықпалы орасан зор. Киноның адам өмірінде атқарар ролі, алар орны
ерекше. Атақты итальяңдық кинорежиссер Джузеппе Де Сантис IV Москва
кинофестивалінде "Кино және көрермен" шығармашылық дискуссиясында " Кино –
бұл ең алдымен көрермен деп атар едім" деген пікір айтады.
Балалардың киноға деген қызығушылығы оның мінез ерекшеліктеріне әсер
етпей қоймайтыны сөзсіз. Киношығарма жас көрерменді өзіне баурап алуымен
қатар, оның өмірге деген козқарасын қалыптастыруға, дүние танымын кеңейтуге
тікелей ықпал етеді. Қазіргі заман талабына сай техникалық мүмкіндіктердің
ерекіле дамыған тұсында бүгінгі жас көрерменнің көп уақыты
теледидар алдында өтеді.
Киношығарманы дұрыс қабылдай білу көрерменнің эстетикалық талғамын
танытады.
Ал сол эстетикалық талғам бүгінгі жас көрермен үшін қандай дәрежеде?
Киноны мұқият көре отыра, жасанды өнер мен көсіби шығарманы ажырата
алмайтын көрермен де аз емес. Көп жағдайда жас көрермен фильмді көріп
болғаннан соң оның көркемдік әсерін тек үстіртін түсініп, киношығарма
астарына терең бойлай алмайды.
Көрермен өз табиғатына сай фильмдерді көретіні анық. Осы тұрғыда мен
көрермендермен сұхбаттасқан едім. "Айына қанша рет кинотеатрға барасыз?"
деген алғашқы сұрағыма көпшілік көрермен (60 проценті) кем дегенде екі рет
деп жауап берді. Бұл қуантарлық жағдай, себебі осыдан бар-жоғы бес-алты жыл
бұрын кинотеатрға баратын көрерменнің саны әлдеқайда төмен болатын (42
процент), "Сіз киноға не үшін барасыз?" деген екінші сұрағыма "Демалу үшін"
– дейді көрермендердің 70 проценті, ал 30 проценті – жарнамаларды жиі
естігендіктен, жай қызығушылықпен баратынын жасырмады.. Көрермендердің 10
проценті ғана жаңа нәрсені білу үшін баратындықтарын айтгы.
Көрермен үшін ең қиын сұрақ қазақ киносы жайында болғандығы мені аса
таң қалдырды.
"Алдағы уақытта қазақ киносына қандай фильмдер керек?" деген сұраққа:
"Бізге еліміздің тірегі – жастар жайлы тәлімі мол көркем фильмдер мен қазақ
әдебиетінің классиктерінің көркем шығармаларын экранзациялаған фильмдер
қажет, – деген нақты жауап алдым. Сандық бөлшекке шаққанда мынандай көрініс
орын алады: мен сұрақ-жауап алған әр түрлі жас шамадағы 100 көрерменнің 37
пайызы – тарихи тақырыптағы фильмдерді көргісі келетінін айтты,
көрермендердің 48 пайызы – комедиялық фильмдерді қалайтынын айтты. Бір
қуантарлық жағдай, барлық көрерменнің көкейіндегі мәселе – ұлттық киномызды
көргіміз келеді, – дейді. Біздің көрерменді қынжылтатыны – қазіргі экранды
шетелдік сапасы төмен фильмдердің жаулап алуы.
Біздің көрерменнің телеарналар қызметіне де өкпесі зор. "Телеарналар
арқылы қандай фильмдерді көрсеткенді қалайсыз?" – дегенде, көпшілігі:
"Жалпы, әртүрлі жанрдағы фильмдерді кезегімен, орнымен көрсеткен жөн,
дегенмен, адамның психикасына зиян тигізетін тұрпайы көріністерге құрылған
фильмдерден аулақ болса, – деген пікір айтады.
Осы жұмыс барысында әртүрлі жас аралығындағы көрермендермен
сұхбаттасып, тіпті олардың арасында анкета түрінде сұрақ-жауап алдым.
Сондағы шыққан нәтижелер бойынша мынандай тұжырымдарды қорытындыладым:
— 15-25 жас аралығындағы жас көрермен шетелдік фильмдердің комедия,
фантастика, боевик жанрларын қызыға көреді;
— 25-35 жас аралығыңдағы көрермендер жаңа заман тақырыбындағы, тарихи
оқиғаларға негізделген фильмдерді қалайды екен;
— 35-45 жас аралығындағы көрермен тарихи-биографиялық фильмдер мен
детективтік фильмдерді жиі көретін болып шықты.
— Ал ересек көрермендер қазақ, совет киносының ертерек туындылар жиі
көрсетсе деп қалайды. Бұл категориядағы көрермендер телесериалдарды үзбей
көреді, ол түсінікті де, себебі, олардың сюжеті отбасылық күңделікті
проблемаларға құрылған.
— Көрермендердің "талғамсыз" категориясы – аты айтып тұрғандай,
телеарналар арқылы не өтіп жатса, соны талғамай көре береді.
Киноны тәрбие құралы деп қарастыру керек. Киноның жанрлары алуан түрлі,
барлығын көру мүмкін емес, дегенмен, жан-жақтылық кедергі етпейді. "Көрген"
мен "естігеннен" санаға сәуле тастап, ой-өрісімізді дамытқан жөн.
"Соңғы 10 жылдық көлемінде түсірілген жаңа қазақ киносы жайлы не
білесіз?" – деген сұрақ көкірегімді кернеп жүрген еді, бұл сұраққа да жауап
таптым. Көрермендердің 80 пайызы жаңа қазақ киносын білмейтін болып шықты,
тіпті, қазіргі уақытта қазақ киносы түсіріліп жатыр ма деп өзіме сұрақ
қояды.
Қазіргі уақытта қазақ киносы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу
Қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері туралы
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Заманауи балалар киносы
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Ауыз әдебиеті
ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАШАНҒЫ ТҰРАЛАЙ БЕРЕДІ
Пәндер