Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері


1- бөлім. Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
1-тақырып. Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды құрудың негіздері
Мақсаты: салықтың экономикалық мәні және мазмұнын ашып, салық салуды қалыптастырудың негізін қарастыру.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер : салық, салық салу, салық функциялары, салық белгілері, салық салу прициптері, салық салу әдістері, салық салу элементтері: объекетісі, субъектісі, базасы, ставкасы, заты, кезеңі, мерзімі, жеңілдігі, бірлігі.
- Салық, экономикалық мәні мен мазмұны
- Салықтың сипатты белгілері мен функциялары
- Салық cалу түсінігі, принциптері мен әдістері мен элементтері
1* Кез -келген мемлекет белгiлi бiр материалдық-қаржылық базасынсыз өмiр сүре алмайды. Басқаша айтқанда мемлекет өзiнiң аппарытын ұстау және жүктелген функцияларын атқару процесiнде туындайтын шыңындарды жабу үшiн ақшаны иеленедi. Қажеттi ақшаны шығарылған товарды сату жолымен алуға болады. Бiрақ мемлекеттiк қарекет өзiнiң табиғатында товар түрiндегi жаңа құнды қалыптастырмайтын басқарушылық қаракетке жатқызылыды. Мемлекет өзiне қажеттi ақшаны табуда көптеген әдiстер қолданады. Бiр жағдайда меншiк иелерiнiң мемлекетке өз ерiктерiмен ақшаны беруiнде мемлекеттiк займ әдiсiн қолданса, бiрде- мемлекет өз мүлкiн қолданудан табыс алса, ал ендi бiрде- мемлекет қандай да бiр товарларды сатушы ретiнде қызмет көрсетулерден төлем алады. Осындай әдiстердiң бiрi - салық. Әдебиеттерде салықтар және кең мағынады кездеседi.
Кең мағынада, салық- бұл мемлекет табысына алынатын кез- келген ақша қаражаты. Салық мемлекеттің пайда болуымен қатар пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады.
Тар мағынада салық дегенiмiз, бұл мемлекетпен белгiленген, оның пайдасына жүргiзiлетiн және белгiлi бiр талаптарға жауап беретiн анықталған төлемдердiң алуан түрлiлiгi түсiндiрiледi. Салық мемлекеттiң атрибуты.
Салықтың экономикалық мәні- бұл, олардың мемлекеттің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы үшін шоғырландыратын ұлттық табыстың бөлігін ұсынуы.
Салық бiр мезгiлде материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретiнде көп қырлы күрделi құбылысы.
Материалдық мағынада салық -бұл белгiленген мерзiм мен бекiтiлген тәртiпте салық төлеушiнiң мемлекетке беруi тиiс анықталған ақша сомасы.
Экономикалық категория ретінде, салық- бұл, бекітілген мөлшерде, келісілген мерзімде және анықталған тәртіпте төлеушіден мемлекетке бір жақты құн қозғалысына негіз болатын ақшалай қатынастар.
Құқықтық мағанада, салық- бұл, анықталған мөлшерде, келісілген мерзімде және алдын-ала анықталған тәртіпте тұлғаның мемлекетке ақша сомасын беру міндеттемесін туғызатын мемлекеттік бекітілім.
2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
Салықтың экономикалық белгілері:
- мемлекет пайдасына ЖҚӨ-ді бөледі;
- ақшалай нысанда иеленеді;
- қайтарымсыз төлем болып табылады;
- оны төлеу эквивалентсіз сипатты иеленеді;
- оны төлеу кезінде меншік нысаны өзгереді;
- ол тұрақты экономикалық қатынастарды туғызады.
Салықтың құқықтық белгілері:
- салық мемлекетпен өкілеттендірілген органмен белгіленеді;
- салық құқықтық нысанда ғана болады;
- салық мемлекеттік бір жақты бекітілім;
- салықты белгілеу салықтық міндеттемені туғызады;
- салық мәжбүрлік сипатты иеленеді;
- салықты төлету жолымен ақшаны алу заңдық сипатты иеленеді
Салық функциялары:
- фискалдық немесе бюджеттік функция - мемлекет функциясын атқаруға қажетті ресурстарды жинауды қамтамасыз етеді.
- бөлу немесе әлеуметтік функциясы -
- реттеу функциясы өз кезегінде 3- бөлінедіынталандырушы; шектеуші; ұдайы өндірістік (қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем) .
- бақылау функциясы
- марапаттаушы (салықтық жеңілдіктерді ұсыну) функциясы
3*Салық салу заңдық фактор ретінде салық төлеудің белгіленген ақша-қаражат сомасын бөлумен байланысты туындаған міндеттеме. Осы міндеттемені орындау салық салу түсінігімен біріктіріледі.
Салық салу мәселелерімен айналыстаын ғалым Т. Юткинің айтуынша, салық салу экономикалық-құқықтық категория болып табылады.
Салық салу өзімен бірге біржақты эквивалентсіз мәжбүрлеу, әкімшілік үстемдік жолымен жалпы мемлекеттік қолдануға корпоративтік және жеке меншіктің табыстарының бір бөлігін алуын білдіреді. Құнның ақшалай нысанын қайта бөлідің объективті процесі негізінде қалыптасқан экономикалық ұйымдық және құқықтық қатынастар жиынтығын ұсынады.
Салық салу екі аспектіде қарастырылады:
- Салықты белгілеу
- Белгіленген салықтың төленуіне қол жеткізу.
Салық салу - салықты белгілеу мен алу бойынша жүогізілетін мемлекеттің қарекеті.
Салық салудың мақсаты - мемлекеттің ақша қаражатына деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Салық салудың әдістері мемлекеттің салық қарекетімен байланысты анықталады.
Салық салудың құрамдас бөліктері:
1. Мемлекеттің салық қарекеті салықты белгілеу мен қолданысқа енгізу арқылы өзара үйлесімді мемлекеттік салық жүйесін қалыптастыру;
2. Салық салу аясында мемлекеттік органдардың құзырлығын анықтап, уәкілдерді анықтау;
3. Мамандырылған салық органдары жүйесін құрып, олардың қызметін қамтамасыз ету;
4. Салық заңдарын сақтау мен міндеттемелерінің атқарылуына салық заңдарында қарастырылған салықтық бақылауды ұйымдастыру мен мен жүзеге асыру;
5. Салықты жинағанда салық төледің мәжбүрлі және ерікті төлеу жолымен уақытылы және толығымен қамтамасыз ету;
6. Салық заңдарын бұзған үшін және оған жол берген тұлаларды заңдық жауапкершілікке тартуда салық заңдарының сақталу режимін қамтамасыз ету.
Салық қарекетінің әдісі деп мемлекет салық салуды ұйымдастыру да және оны жүзеге асыруда қолданыатын амалдар мен тәсілдер түсіндіріледі.
Салық қарекетінің негізігі әдістері:
- Салықты белгілеу және қолдануға еңгізу;
- Салық төлеушілерді есепке алу;
- Салық түрлері бойынша салық салу объектілерін есепке алу;
- Салықтың окладты түрлерін есепке алу;
- Табыс алу көзінен салықты ұстауды ұйымдастыру;
- Салық төлеушілерді кейбір категориялары үшін салықтық есеп берунысанын анықтау;
- Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін, ал салық объектілерінің жинаушыларының, банктердің және т. б. салық салумен байланысты тұлғалардың салықтық міндеттемелерін атқарылуына бақылау жүргізу;
- Жоғарыда айтылғандарды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;
- Мемлекеттің салық қызметін ұйымдастыру;
- Салық заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу;
- Салық заңдарының бұзылуына кінәлілерді жауапқа тарту.
Мемлекеттің салықтық қарекетінің сипаты мен салық салудың мәнін анықтау салық салудың принциптері туралы мәселені туғызады.
Салық салу принциптері тарихи танымдылықты иеленеді. Адам Смит Кейінірек «Салық төлеушінің құқықтар декларациясы» деп аталған бұл принциптер «Салық салудың классикалық принциптері» атауына ие болды.
1. Әділдік принципі- кімде- кім табысын мемлекеттің қорғалуы нәтижесінде алатындықтан, оны қолдауға қатысуы керек.
2. Анықтылық принципі. Салық төлеушіге салық төлеудің әдісі, мөлшері алдын -ала белгілі болу керек.
3. Қолайлылық принципі. Салық салық төлешіге әлдеқайда қолайлы уақытта, қолалйы әдіспен алыну керек.
4. Үнемділік немесе тиімділік принципі. Бұл принциптің мәні - салық төлеушінің қалтасынан қанша ақша шықса, сондай сомма мемлекет қазынасына түсу керек.
А. Смит салық салу мәселелерін зерттей отырып, былай деген: «Салықты төлеу - құлдықтың емес, еркіндіктің белгісі»
19 ғасырда неміс экономисті А. Вагнер «Ұжымдық қажеттілік теориясы» тұрғысынан мемлекеттің салық қарекетін кеңінен қарастырып, салық салудың 4 топқа топтастырылған 9 принципін қалыптастырды.
1-топ. Қаржылық принциптер:
1. Салық салудың жеткіліктігі
2. Салық салудың икемділігі.
2-топ. Халық шаруашылық принциптері
1. Салық салу көздерін таңдау принципі
2. Салықтарды анықтау мен оны аударудың шарттарын дұрыс үйлестіру принципі
3-топ. Этикалық (әділдік) прнициптер
- Салық салудың жалпылылығы
- Салық салудың біркелкілігі
4-топ. Әкімшілік-техникалық принциптер немесе салықтық басқару принциптері
1. Салық салудың анықтылығы
2. Салық төлеудің қолайлылығы
3. Салық жинауда шығындарды максималды азайту.
Қазіргі салық салу ілімінде салық салудың келесідей принциптері қарастырылады:
- Экономикалық
- Құқықтық
- Ұйымдастырушылық
Экономикалық принциптер:
- Салық салудың экономикалық негізделуі
- Салық салудың әділділігі
- Елдің ортақ экономикалық кеңістігінің талаптарына салық жүйесінің сәйкестілігі
- Салық төлеушінің мүмкіндігін есепке алу принципі
- Салық салудың теңділігі
- Салық салудың максималдылығы
Құқықтық принцпетер:
- Мемлекеттің шектелмеген салықтық егемендігі
- Биліктің заң шығарушы буындарының салықты белгілеуі мен оны алып тастаудағы басымдылығы
- Салықтық заңнамалық актілерінің ҚР Конституциясына сәйкестілігі
- Салықты белгілеуде заңдылықты сақтау
- Салықтық заңнамалар жүйесіндегі Салық кодесінің жоғары тұру
- Азаматтардың жағдайын нашарлататын салық заңдарының кері қайтару күшін жоққа шығару
- Салықты белгілеу кезінде азаматтардың конституциялық құқығын сақтау
- Салық салудың міндеттілігі
- Салық салудың анықтылығы
- Салық заңнамаларының жариялылығы
Ұйымдастырушылық принциптер:
- Салық жүйесінің біртұтастығы
- Салықтық орталықтық (орталыққа шоғырлану)
- Салықтың көптігі
- Салықтың икемділігі
- Салық салудың қолайлылығы
ҚР Салық кодексінде салық салудың принциптері:
- Салықты төлеудің міндеттілігі
- Салық салудың айқындылығы
- Салық салудың әділдігі
- Салық жүйесінің біртұтастығы
- Салық заңдарының жариялылығы
Салық салу әдісі деп салық базасына қатысты салық ставкаларын қалыптастыру тәсілдерін айтамыз.
Салық салу әдістерін қолданылатын салықтық ставкалар түрлеріне байланысты анықтайды. Салық салу әдістері төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Біркелкі салық салу. Бұл әдісті қолданған кезде салық әрбір салық төлеушіден бірдей алынады. Бұл кезде салық ставкалары бекітілген болады.
2. Пропорционалды салық салу. Бұл кезде әрбір салық төлеуші салық салынатын базадан процент немесе үлес түрінде көрсетілген бірдей ставкада салық төлейді. Мысалы, корпорациялық салық - 30%.
3. Прогрессивті салық салу. Салық базасы өскен сайын салық ставкасы да өсіп отырады.
4. Регрессивті салық салу. Салық базасы өскен сайын салық ставкасы төмендейді. Мысалы, 10 мың теңгеден 10% болса, 100 мың теңгеден - 5%.
Экономикалық мағынада регрессивті салық жанама салық болып табылады. Ол қосылған құн салығы, акциз, сатудан алынатын салық.
Салық салу әдістері:
- мәжбүрлі;
- ерікті.
Салық салу тәсілдері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz