Митохондриялар



ЖОСПАР:

1.КІРІСПЕ.

МИТОХОНДРИЯ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

а. МИТОХОНДРИЯНЫҢ АШЫЛЫП, ЗЕРТТЕЛУІ.
б.МИТОХОНДРИЯНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ҚҰРАМЫ.
в.МИТОХОНДРИЯНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ.

3.ҚОРЫТЫНДЫ:

МИТОХОНДРИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ.
Тірі клеткаларда энергияның бір түрін екінші түрге айналдыратын күрделі және ұтымды системалар болады.
Энергиялардың айналысы негізінде екі структурада жүреді. Оның бірі жасыл өсімдіктерде болатын хлоропластар, екінші өсімдіктер және жануар клеткаларында болатын митохондриялар.
Митохондриялар АТФ-ті синтездеуші органелла.
Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып, олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Осы қызметіне байланысты Клод митохондрияларды клеткалардың «Жылу станциясы» деп атаған. Клеткалық жыныстың органелласы деп атауға да болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: МИТОХОНДРИЯЛАР.

ЖОСПАР:

1.КІРІСПЕ.

МИТОХОНДРИЯ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

а. МИТОХОНДРИЯНЫҢ АШЫЛЫП, ЗЕРТТЕЛУІ.
б.МИТОХОНДРИЯНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ МЕН ҚҰРАМЫ.
в.МИТОХОНДРИЯНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ.

3.ҚОРЫТЫНДЫ:

МИТОХОНДРИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ.

ТАҚЫРЫБЫ: МИТОХОНДРИЯ.

Тірі клеткаларда энергияның бір түрін екінші түрге айналдыратын
күрделі және ұтымды системалар болады.
Энергиялардың айналысы негізінде екі структурада жүреді. Оның
бірі жасыл өсімдіктерде болатын хлоропластар, екінші өсімдіктер
және жануар клеткаларында болатын митохондриялар.
Митохондриялар АТФ-ті синтездеуші органелла.
Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып, олардың
ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты.
Осы қызметіне байланысты Клод митохондрияларды клеткалардың Жылу
станциясы деп атаған. Клеткалық жыныстың органелласы деп атауға
да болады.
Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда митохондриялар болмайды.
Митохондрияны- Цитоплазманың ерекше органелласы ретінде алғаш
кім ашқанын анықтау қиын. 1850-90 жылдар арасында көптеген
цитологтар клетканың цитоплазмасында гранулалық элементтер болатыны
жайлы өздерінің көптеген мәліметтерін жинаған және әртүрлі аттармен
атаған, бірнеше қызмет атқарады деп жазған. Осы органелланы
анықтауды Келликердің еңбегі өте үлкен.
Клеткалық структуралардан митохондрияларды жеке ажыратып
алған да Келликер .80-жылдарда Флемминг көптеген клеткалардың
цитоплазмасынан жіп тәрізді структаларды бөліп алған.Флеммингтің осы
жіптері митохондриялар болатын. 1890 жылы Альтман гранулаларды
бояйтын бояу әдісін ашқан.Бұл әдіс митохондрияларды жүйелі түрде
зерттеуге мүмкіншілік берді.
Альтман бұл органеллардың түрлі клеткада болатынын анықтады.
Оларды биобласттар деп атаған. Гректің митос-жіп, хондрион-
гранула деген сөздерінен құралған митохондрия деген терминді 1897
жылы Бенде ұсынған. Бірақ та бұл термин көп уақытқа дейін
қолданылмады, көп атының бірі болып қала берді.
Митохондрияның формасы айнымалы болады. Бірақ көбіне жіп немесе
гранула тәрізді болып келеді.Басқа формалары кездеседі; жұмыр,
сопақша, таяқ, сақина, спираль тәрізді.
Митохондрияның клеткадағы саны бірден 100 мыңға дейін ауытқып отырады.
Орташа ұзындығы – 10мкм, ал диаметрі – 0,2-1мкм.
Түрлі әрекеттердің әсерінен митохондриялардың пішіні өзгереді. Мысалы,
ортаның рН, осмостық қысым, температура өзгергенде митохондрияның бір
формасы екінші формаға айналады. Кейде бір клетканың ішінде оның түрлі
участогінде түрлі митохондриялар түрліше болады. Мысалы, ішек эпителий
клеткаларының жоғарғы және ядро маңындағы участоктерінде митохондриялардың
формасы таяқша тәрізді болса, клетканың негізінде дән тәрізді болады.
Митохондрияның үлкендігі де бірдей болмайды. Клетканың әр типіндегі
митохондриялардың үлкендігі мен саны сол клетканың энергияны қажет етуіне
байланысты.
Клеткадағы митохондриялардың орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе
цитоплазмада бірқалыпты шашыраңқы орналасады. Әдетте АТФ көп жұмсалатын
орындарда жиналады. Мысалы, қаңқа бұлшықетінде митохондриялар
миофибриллалардың қасына топтасады. Қарапайымдылар мен кірпікшелі басқа
клеткаларда митохондрия кірпікшенің негізіндегі клеткалық мембрананың
тікелей астында орналасады. Нерв клеткаларының аксондарында синапстардың
жанында орналасады. Кейбір жағдайда митохондриялар ядроның жанында немесе
цитоплазма шеткі бөліктерінде жиналады.
Митохондриялардың цитоплазмада орналасуын оның энергия көзі ретінде
атқаратын қызметіне байланысты қарау керек. Кейбір клеткаларда олар
цитоплазманың түрлі бөліктерінің қажетіне қарай АТФ-ті жеткізіп отырғандай
болып цитоплазмада еркін орналасады. Клеткалардың екінші түрінде
митохондриялардың клеткалардағы орны тұрақты болады.
Клеткадағы митохондрияның санын дәл анықтау қиын, бірақ та әдетте
клетканың типі мен функциялық күшіне тәуелді. Мысалы, бір клеткалы жасыл
балдыр microsterios-тың, қарапайым trypanasoma-ның клеткаларында бр-бірден
ғана митохондрия болады. өсімдіктер клеткаларында жануарлар клеткаларына
қарағанда митохондриялардың саны аз болады, себебі, олардың қызметінің бір
бөлігін хлоропласттар атқарады.
Митохондрия екі мембранадан тұрады: сыртқы мембранасы тегіс, қалыңдығы
7нм. Митохондрияны сыртынан қаптап тұрады және цитоплазманы басқа
мембраналармен жалғаспайды. Ішкі мембранасының қалыңдығы да 7нм,
митохондрияның ішкі құрамын немесе матриксті қоршап тұрады. Ішкі мембрана
клетканың қуат қондармасының шын мағынасындағы жүрегі. Оның энергия
генераторы. Ішкі мембранада тыныс тізбегі және онымен байланысты фосфорлау
системасы болады. Мембраналар арасында ені 68нм, мебраналар аралық кеңістік
болады. Ішкі мемберанадан тарақтың тісі сияқты үзінділер тарайды. Оларда
кристалар деп атайды. Кристалардың арақашықтығы 10-20нм.
Кристалардың саны клеткаларда бірмей болмайды, масалы, бүйректің
митохондрияларында кристалар өте көп болады және көлденең орналасқан.
Кристалардың бір формасы басқа бір формасына ауысуы мүмкін, кейде мүлдем
жойылып та кетеді. Кристалар митохондриялық мембраналар ауданын арттырады.
Митохондриядағы кристалардың саны клетканың энергия қажетінің көрінісі.
Энергия көп керек ететінклеткаларда (мысалы, бұлшықет клеткаларында)
митохондриялар кристаларының саны, энергияны аз қажет ететін клеткаларға
қарағанда көп болады. Митохондрияның өз қуысында митохондрия матриксі деп
аталатын сұйық зат болады. Кейде матриксте электрондарды өткізбейтін шар
немесе жұмыртқа тәрізді гранулалар болады. Бұл гранулалар Са , Мg
сияқты катиондар жинағы.
Ішкі мебрана – қуаттық қондармасының шын мағынасындағы жүрегі, оның
энергиясының генераторы. Сыртқы мембрана эндоплазмалық торға ұқсас. Екеуін
білдіретін белгінің бірі пигмент цитохром в .

Митохондриялық мембраналардың өткізгіштіктері де бірдей емес.
Сыртқы мембрана электролиттерді, суды, қантты және кейбір
поисахаридтерді жеңіл өткізеді. АДФ, АТФ және Кребс циклінің аралық
заттары өту үшін арнаулы тасмалдау механизмі қажет болуы
керек. Тасмалдаудың бұл механизмі маңызды роль атқарады. Себебі
цитоплазма да пайда болған метобалиттер ( пируват, май қышқылдары
және глицерофосфат ) тотықпай тұрып митохондриялар матриксіне өту
керек. АДФ пен фосфат митохондрияның ішіне өтуге, ал пайда болған
АТФ митохондриядан шығуғ тиісті.
Митохондрияның клетка ішіндегі сұйық затты сіңіру және бөліп
шығаруда маңызы үлкен. Оның негізі қызметі тыныс алу мен
тотықтырып фосфарлаудан басқа митохондриялар катиондарды жинау
қызметін де атқарады. Митохондрияларда иондар тасмалдануы оның
ішкі мембранасының молекулалық құрлысына байланысты. Тасмалдау
қызметіне қатысатын ферменттер мембранада тәртіпсіз жатпай,
белгілі тәтртіппен мембрана ішінде көлденең орналасқан.
Митохондрияларда рибосомалар мен ДНК болады. Аминқышқылдарынан
белокты синтездей алады.
Сөйтіп, митохондрияларда жеке тіршілік етуге қажеттнәрселердің
бәрі де бар. Митохондриялардың ДНК, РНК рибосомалары
бактериялардікіне ұқсас. Осыған байланысты митохондрияны жартылай
автономиялы органелла деп есептеуге болады.
Тыныс тізбегіндегі электрондарды тасмалдап, тыныс процесінде
бөлінетін энергияны өзгертуге қатысады. Сонымен қатар
митохондрия структурасының негізі элемент болып саналады.
Митохондриялық ДНК өзіне меншікті РНК-ның 3 түрінде
кодтайды. Инфармациялық, тасмалдаушы, рибосомалық. Ішкі
мембрананың кейбір ферменттері синтезіне қажет инфармацияны
митохондриялық ДНК-дан көшіреді, атап айтқанда цитохромоксидоза,
в-с цитохромдардың комплесі мен АТФ синтазазалық комплекс.
Митохондриялық ДНК сына барлық гендік қызметтер тән, атап
айтсақ мутация, рекомбинация , репарация, трансмиссия т.б.
Митохондрияның негізгі қызметі- энергия алмасуын қамтамасыз ету,
оның басқа да қызметтерді атқаратыны байқалады.
1)Митохондриялар ерекше синтездерге қатысады. Мысалы, стероидтік
гармондарды ( бүйрек үсті бездерде ) және жеке липидтерді
синтездеуге. Митохондрияларда түрлі заттар жиналуы мүмкін( кейбір
иондар ).
2)Түрлі жануарлардың овоциттерінде митохондрияларда сары уыз
түзіледі, бұл жағдайда олар өзінің негізгі қызметінен айырылады
3)Жұмысы аяқталған митохондрияларда экскреция продуктылары жиналуы
мүмкін.
4)Кей жағдайларда ( бауыр, бүйрек ) клеткаларға түскен зиянды
заттармен улы негізгі цитоплазмадан бөліп алып залалсыздандырады.
Сонымен қажет болған жағдайда митохондриялар клетканың
басқа оргоноидтарының қызметін атқара алады. Цитоплазманың басқа
органеллалары сияқты митохондрия көбейеді.
Митохондриялардың пайда болуы жөнінде 3 гипотеза бар:
1. Клеткаларда митохондриялар жабайы структуралық элементтерден
жаңадан (de novo ) пайда бола алады.
2. Митохондриялар клетканың басқа мембраналық структураларынан пайда
болады.
3. аналық митохондриялар бөліну нәтижесінде көбейеді.
Алдыңғы екі гипотезаның анық морфологиялық дәлелдемелері жоқ.
Митохондрияда негізінен, энергия қоры АТФ түзіледі. Жануарлар
клеткалары митохондриялардан энергияның 95%- ын, өсімдіктерімен,
саңырауқұлақтар одан азырақ бөлігін алады. Энергия қорының алғашқы
пішіні – ішкі мембранада пайда болатын электрохимиялық потенциял
түрінде сақталып, оның негізгі бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады.
АТФ-барлық тірі организмдердің митохондрияларында синтезделетін,
тіршілік үшін маңызы бар энергия көзі. Митохондриядағы энергия
көзі- пирожүзілі қышқылының гликанезді кезінде тотығудан басталып,
СО , Н О, пайда болуымен аяқталатын биологиялық тотығу әрекеті.
Митохондрияда синтезделген АТФ молекуласы еркін жылжып,
цитоплазмаға, одан ядроға және әртүрлі оргоноидтарға өтіп,
биохимиялық реакцияларға жұмсалады. Митохондриялық ДНК ішкі
мембрананы құрайтын кейбір белокты синтездейді. Жаңа митохондриялар
жоғарыда айтылған жолмен пайда болады. Олар белок, май, углевод,
нуклеин қышқылдарынан басқа зат алмасуға белсенді қатыса алатын
ферметтерден және А,С витаминдерінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. М.Х. Нұрышев. А.М. Нұрышева. ( Цитология) Алматы 1999.
2. З.С. Конофеева, Г.С. Қазыбаева. Цитология сабағының практикалық
жұмысы Алматы 2001.
3. Қасымбайқызы. Л. Аманжолова. Тіршіліктану Алматы 1993.

ТАҚЫРЫБЫ: ҰРЫҚТАНУ ПРОЦЕСІ.

ЖОСПАР:
1.КІРІСПЕ:
ҰРЫҚТАНУ ЖЫНЫСТЫ КӨБЕЮДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
а. ҰРЫҚТАНУДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ.
б. ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ.
в. ПАРТЕНОГЕНОЗ.

3.ҚОРЫТЫНДЫ:
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІ.

ТАҚЫРЫБЫ: Ұрықтану процесі.

Ұрықтану жынысты көбеюдің негізгі түрі. Барлық жоғары сатыдағы
жануарлардың көбеюі ұрықтану жолымен өтеді.
Ұрықтану деп аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуын
айтады. Ұрықтандырудың нәтижесінде жыныс клеткаларынан сапалы
айырмашылығы бар қос нәсілді жаңа клетка-зигота түзіледі.
Зиготаның аса зор биологиялық маңызы бар. Ол организмнің
тіршілік жағдайына бейімделгіш келеді. Зигота майдаланып, көп
клеткалы ұрыққа айналады.
Аталық және аналық жыныс клеткалары организмде жетілгенмен өз
бетінше майдаланып дамуға қабілеті болмайды. Бұған тек
партогенездік көбеюдің бұдан өзгешілігі бар.
Егер сперматозоид жұмыртқамен қосылмаса, активтілігін тез
жойып өледі. Сол сияқты протоплазмаға бай жұмыртқа клеткасы да
ядроның кішілігінен туатын теңсіздіктің нәтижесінен көп ұзамай
өледі. Сондықтан ұрықтану мен даму үшін жыныс клеткаларының тез
кездесуі қажетті.
Ұрықтану, ұрықтанудың өтетін жеріне байланысты жатында және
сыртқы ортада болып екіге бөлінеді.
Сырттай ұрықтану кезінде жыныс клеткаларының қосылуы теңіздерде
немесе тұщы суларада өтеді. Іштей ұрықтануда жыныс клеткалары
аналық жыныс жолында қосылады. Алғашқының дамуы суда, соңғының
дамуы аналық организмнің ішінде өтеді.
Жұмыртқаның спермптозоидпен қосылуға әзір болуы бағыттаушы
денешіктің шығуына байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетка ядросы,оның құрылысы.химиялық құрамы және қасиеттері
Шипалы ағаш
Митохондриялар (сондай-ақ, хлоропластар) клеткалар
Паренхималық клетка
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Тканьдердің пайда болуы және эволюциялық заңдылықтары
МИТОХОНДРИЯ
Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысы
Жасушаның зерттеу әдістері
Белгінің аналық типпен тұқым қуалауы
Пәндер