Тұрар Рысқұлов



І. Кіріспе бөлім
1. Өмірбаяны
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 1916 жылғы қайраткердің қалдырған дерегі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті.
1. Қазақ Совет Энцеклопедиясы

2. «Қаһарлы.Грозный» кітабы

3. Мұртазаев Ш., Тұрар туралы әңгімелер, «Жұлдыз»

4. «Қызыл Қазақстан» журанлы. 1926.№11-14. 110- 120б

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
1. Өмірбаяны
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 1916 жылғы қайраткердің қалдырған дерегі
ІІІ. Қорытынды

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар
болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады.
Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі
болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік
революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі
социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы
желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл
каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да
верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта
байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен
Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 –
1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды.
1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны
аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ
ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша
үкіметі сол жылы тұтқынға алды.
Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға
жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын
ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады.
Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың
маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918
жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық
сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан
республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920
жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы
қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі,
сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң
Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне
дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және
халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір
айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс
істеді.
Рысқұлов 1924 жылы суәірден 1926 жылдың наурызына дейін Коминтерн АК
Орта-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен қатар 1924 жылдың
ортасынан 1925 жыдың шілдесіне дейін коминтеріннің Моңғолиядағы уәкілі,
1926 жыды (наурыз - маусым) БК(б)П Қазақ Өдкелік комитеті баспасөз
білімінің меңгерушісі және өлкелік Еңбекші қазақ (қазіргі Социалистік
Қазақстан) газетінің жауапты редакторы, 1926 жылдың маусымынан 1937
жылдың шілдесіне дейін РСФСР халкомсовы председателінің орынбасары
Рысқұлов қоғамд – саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де
шұғылданды. Рысқұлов 10-нан астам кітаптың, тарихи-партиялық және
экономикалық тақырыптарға арналған 100-ден астам газет, журнал
мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді, бұл
кітаптардың алғы сөздерін де Рысқұлов жазды. Ол Орта азия мен Қазақстанның
совет дәуірінің тарихшыларының бірі әрі журналист ретінде де танылды.
Рысқұловтың әкесі Рысқұлды Мұхтар Әуезов Қараш - Қараш атты повесінің
прототип кейіпкері етіп алған.
Рысқұлов өзінің практикалық және теориялық жұмысында, әсіресе 1920-21
жылдары ұлтшылдыққа ұрындыратын жекелеген қателіктер жіберді. Түркі
Коммунистік партисын және Түркі республикасын құруды талап еткен жергілікті
қызметкерлердің тобын басқарды. Бұл партияның Лениндік ұлт саясатына қайшы
ұсыныс еді. Оның бұл қателіктерін кезінде РК(б)П ОК, Түркістан комиссиясы
және Түркістан Компартиясының ОК қарап, айыптаған болатын. Рысқұлов теріс
бағыттан тез бас тартып, қатесін ағынан жарылып мойындады. Бұл жайнда ол
Қазақ тарихын бұрмалаушылыққа қарсы атты еңбегінде ашық жазған. Рысқұлов
содан былай қателіктерінен арылып, бірқатар жауапты қызметтер атқарады.
КПСС-тің 10,12,13,15,16 және 17 съездерінің делегаты, РК(б)П ОК-нің
Түркістан бюросының, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының мүшесі. Бүкіл росс.
ОАК, Кеңес ОАК мүшесі, РСФСР 1-сайланды. Жрғарғы Советінің депутаты
(1937ж), Түркістан, Әзербайжан және Қазақстан Компартияларының съездері мен
конференцияларының және осы республикалар советтері съездерінің, РСФСР
Советтері съезінің делегаты. Шығыс халықтары 1-съезінің делегаты, онда
Шығысқа әсер ету және насихат жүргізу Советінің мүшелігіне сайланды. Алматы
облысы, Талғар ауданындағы бір шаруашылыққа және Жамбыл облысы Мерке
ауданындағы Ойтал поселкісіндегі №27 орта мектепке Рысқұлов есімі
берілген.

Тұрар Рысқұловтың 1916 жылғы
Жетісу облысы жайлы жазған дерегі

Жетісу облысына 43 мың адам салынған екен. Жетісу облысының соғыс
губернаторы Полбаум жанарал июльдің басында жұмысқа адам алу туралы елге
жарлық тартып, патша әмірін бас тартпай орындаудың керектігін көрсетті. Бұл
жарлық мынадай сөздермен аяқталған:
Бұйырамын: Патша әмірін теріс түсінушілер болмасын, теріс
түсінушілерді теріс уездік начальникке тапсырыңдар. Мен өзім патша әмірінің
дау – далабасыз бейбітшілікпен орындалуына сенемін. Сол уақытта осы
патшамыз сізге риза болып, қуанып қалар. Июльдің бірінде маған келген қазақ
– таранша елдерінің болыстары, патша әмірін түсіндіргеннен кейін, бұйырықты
орындауға уәде беріп, ұлы патшамыздың құрметіне Ура деп ұран салып еді.
Молда мен отырған губернатор үйінің терезесі жаңғырықты
Жетісу облысынан қара жұмысқа адам алу бұйрығын қалың бұқара қалай
қарсы алды? Енді соған келейік. Жетісу облысының соғыс губернаторының
уақытша ісін атқарып тұрған әкімнің айтуынша, қалың бұқара адам алу
бұйрығына әуелі сенбеген, онан кейін қарсылық білдірген. Қалың бұқара:
жұмысқа алынған адамдар соғыстың өзіне жіберіледі, жұмысқа адам алғандағы
үкіметтің ойы, тұрғын елді қырып бітіру деп ойлаған.Көп ұзамай бірсыпыра
елдер Қытайға, бірспырасы Балқаш қумына, Бірсыпыра-лары адам бармайтын тау
араларына көшіп кете бастады.
Турғын елдің ішінде ыдырау июль біткенше болды. Жұмысқа алынғандардың
жұмысқа баруға бас тартқандығы, Қытайға ауып кеткендігі, бүкіл бір болыс
елдің Қытайға көшкендігі, қашқындардың Қытайдан қайтып келгендігі, орыста
жалданып жүрген қазақ жұмыскерлерінің қашқандығы тұралы және басқа сондай
хабарлар күн сайын көбейіп жатты.
Қазақстан жұмысқа адам алуға бұйрық шығарылғанан кейін-ақ қазақтың
соғысқа дайындалып жатқандығы тұралы хабарлар тарай бастады. Бұл туралы
бұйрықты алғанан кейін болыстар байларға, манаптарға қосылып алып, соғыс
майданына адамды кедей табынан, кедей рулардан жіберу тұралы әңгіме
қозғады. Оны естіген бұқара онан сайын ашуға мініп, алдымен тұрғын елдің
әкімдеріне қарсылық көрсете бастады.
Жетісудағы көтерілістің бір ерекшелігі мынау: Жетісудағы көтеріліс
Түркістанның басқа облыстарына қарағанда, көбіне кеш басталды. Жетісу
әкімдері, қазақ елінің көтеріліс жасайтынын күн бұрын біліп, көтерілісті
басуға алдын ала дайындалды. Жетісудағы көтерілісті басуды, көтеріліс
басылғанша, тұрғын елдің ата дұшпаны Ташкендегі Куропаткин мен Алматыдағы
Фольбаум басқарды.
Фольбаум жанарал Жетісуда көтеріліс басталмастан бұрын олыстағы барлық
әскерді есепке алып, оларды көтеріліс қауіпі бар орындарға күні бұрын бөліп
дайындаған. Сол сияқты Куропаткин жанарал да, көтеріліс болмастан бұрын,
көтерілісті қалай басу туралы хабар келісімен-ақ, Ташкен мен Семейден
көтерілістерді басуға қосымша әскер жіберді. Куропаткин Фольбаумға
көтерілістің жайы туралы күніне телеграммамен екі рет хабар беріп тұр деп
бұйрық етті. Документтерге қарағанда екі жанарал күн сайын хабарласып
тұрған, соғыс пландарын жасап, күні бұрын көтеріліс болатын жерлерді
шамалаған, көтерілісшілердің қашатын жолдарын, қияларды зерттеген. Соғыс
планын жасағанда, көтерілісшілерді тау арасына айдап, жолшыбай қырып, тау
арасындағы тау өткелдерге қамап, ұстамақ болған. Қашар жер, шығар жол
қалдырмай, қырмақ болған.
Бұл екі жанаралдың соғыс планының көтерілісті басуға ойлаған бір амалы
орыс мұжықтарын құралдандыру болған. Бұл толық документпен сипатталып отыр.
Мұнымен қатар қазақ елін әлсіздендіру үшін қазақтың малын, жерін тартып
алуға ұйғарылған. Бұл айталған қазақты қыру, әлсірету планы Фольбаум
жанарал айтқанда өте жақсы орындалған.
Енді Жетісу облысында көтерілістің қалай өткенін баяндайық. Фольбаум
жанарал Куропаткинге жіберген телеграмдарының бірінде тараншылардың
Қарама болысының правителін өлтіріп, елдің шетке қаша бастағанын айта
келіп, өтінішін білдіреді.
Шілденің көтерілісті басуға дайындалуымен өткізуге тура келді.
Әйтпесе болатын емес. Сізден екінші рет өтініп сұрйммын. Жетісудың
запастағы солдаттарын облыстың өзінде қалдырыңыз, орыс поселкілерінде адам
жеткілікті болған бейбітшілік уақытында, меніңмұжықтарымда кісі басы бірден
мылты бар еді. Қазір поелкілерде тек әйелдер қалды. Әскер аз, тұрғын ел
орысқа өте қас.Казачи ополчендердің (запастағы солдаттардың) басын қосып,
Ташкеннен құрал әеліп оррыс халқына берданкі мылтық тарату керек деген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Тұрартұғыр Рысқұлов Тұрар
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Тұрар Рысқұлұлы туралы мәліметтер
Тұрар Рысқұлұлы туралы (1894-1937)
Пәндер