Аурудың алдын алу


Сақтансаң сақтайды
Дәл қазiргi күнi дөңгеленген дүниенi толғандырып отырған маңызды мәселелер туралы тiзiмнiң басында лаңкестiк қаупi тұрғаны белгiлi. Алмағайып әлем адам қолымен жасалатын зұлматтан зәресi ұша қорқып отыр. Өйткенi, терроризм түгел адамзаттың тағдырын оқ ұшына байлап жiберетiн кесел. Бiрақ, ол кесел адамдардың белгiлi тобының қолымен жасалатындықтан онымен күресудiң де амалдары қарастырылып отырғаны аян. Бұл, әрине, террордың қаупiн сейiлтпейдi және оны ақтамайды да. Алайда, адамзатты оқ -дәрiсiз, қан-төгiссiз қырып жiберетiн қауiп туралы да айтуға мәжбүрмiз. Ол - адам баласының соңынан құлғанадай қалмай келе жатқан құрт ауруы.
Аурудың алдын алу
Туберкулез ауруының терроризмнен де қауiптi екендiгiн нақты мысалдармен дәлелдеу үшiн мына деректерге жүгiнейiк. Әрине, қағаздағы дерек пен дәйектiң айғай салатын тiлi жоқ, десек те оқыған адамның төбе шашы тiк тұратыны анық. Мәселен, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде әр күн сайын өкпе дертiнен сегiз миллион адам ажал құшады екен. Яғни, әр 10 секунд сайын бiр адам өледi деген сөз. Туберкулездiң адам өмiрiне төндiретiн қауiпiн медицина саласының мамандары әр сағат сайын апатқа ұшыраған «Боинг - 747» ұшағының зардаптарымен бiрдей деп бағалауда. Адамзат өмiрiне осыншалық апат төндiрiп отырған құрт ауруының қауiптiлiгiн жоғарыда айтып өткен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дерттiң жұқпалылығымен түсiндiредi. Және соңғы жылдары өкпе құртының адам ағзасында тез көбейгiш әрi төзiмдi түрiнiң белең алуы қауiптi одан сайын қоюлатып отыр. Дерек бойынша, күн сайын 22 000 адам әлемнiң әр түкпiрiнде туберкулез таяқшасын жұқтырады екен. Бұл дегенiңiз - тәулiктiң әр бiр төрт секундты сайын бiр адамның денсаулығына сызат түстi деген сөз.
Кесел кiсi жатырқамайды
Қазақ құрт ауруы деп атаған туберкулез дертiнiң пайда болуы туралы тәпiштеп айтып жатпайық. Бiр ғана нәрсе анық, бүгiнгi адам баласы күн сайын қаупi күшейiп келе жатқан өкпе дертiнiң тiрi ағзаның түбiне жететiн тажал екенiн дәлелдеп берген немiс ғалымы Кохқа қарыздар. Алайда, Кох қолмен қойғандай қылып айтып берген аурумен күресуде заманауи технологиямен жарақтанған медицина ғылымы дәрменсiздiк танытып отырғаны және шындық. Олай деуге ел арасында аталған ауруды жұқтырушылардың қатары азаймай отырғандығы себеп. Жалпы, туберкулез ауруы жайында сөз қозғала қалған жағдайда даңқты дәрiгерлердiң өзi дерттi дерлiктей жойып жiберу туралы емес, оны тоқтату турасында айта бастайды. Яғни, өкпе ауруына қарсы күресте жеңiс жайында емес, алдын алу шараларының барысы туралы ғана басымырақ сөз болады. Бұл дегенiңiз, Кох таяқшасының қаупi тағы да лаңкестiкпен тепе-тең дәрежеде екендiгiн бiлдiредi. Неге? Ел iшiне iндеп тұрған дерттiң бұлайша тамырлануын мамандар әлеуметтiк фактор ретiнде қарастырады. Себебi, туберкулез диспансерiнде тiркеуде тұрғандардың сексен пайызынан астамы әлеуметтiк жағынан нашар қорғалғандар. Дiттеп келгенде бұл шешiм дұрыс та шығар, бiрақ, туберкулез тек қана кедейлердiң кеселi деген анықтама ақиқатқа жатпайды. Ол туралы нақты айтқан маман дәрiгердiң пiкiрiн сөз соңына таман келтiремiз.
Себеп пен салдар
Физиатр мамандар Қазақстандағы құрт аурының белең алуын мынандай жағдайлармен түсiндiредi екен:
- өтпелi кезеңдегi экономикалық дағдарыстың әлеуметтiк жағдайды төмендетiп жiбергендiгi, жұмыссыздықтың пайда болуы;
- қоғамдағы асоциалды адамдар тобының көбеюi, яғни, араққа салынушылардың, нашақорлардың, мекен-тұрақсыз жандар санының артуы; көшi-қон үрдiсiнiң үдеуi;
- iндеттiң негiзгi ошағы болып табылатын түрмелердегi адам санының көбеюi;
- медицина саласына жасалған сәтсiз реформалардың салдарынан туберкулезге қарсы күрестiң дұрыс жолға қойылмауы;
- қаржының жеткiлiксiздiгi және өкпе дертiнiң алдын алу мен бақылауды жүзеге асыратын әдiстердiң ескiргендiгi.
Мұның сыртында өкпе ауруларын емдейтiн ауруханалардағы мамандардың тапшылығы мен жетiспеушiлiгi тағы бар. Бұл жерде ақ желең киген жандарды түсiнуге болады: өкпе құрты өршiп тұрған ортаға өз еркiмен барып жұмыс iстеу «от алып, қамысқа түскенмен» бiрдей. Немесе пенделiк психология Гиппократ антына мойынсұнбайды . . . Оған жалпы медицина мекемелерiндегi жалақының аздығын қосыңыз. Өзiмiз көрген бiр мысал, Талдықорғандағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерiнде еңбек ететiн фтизиатр дәрiгерлердiң елу пайызы егде жастан асып кеткендер. Яғни, емделушiлердiң жас мөлшерi елу мен жетпiс жас аралығында. Нәтижесiнде, ендi бiрнеше бес жылдан кейiн бұл сала тәжiрибелi мамандарсыз қалуы мүмкiн.
Дәрігер дәрменсіз емес
Бiз жоғарыдағы деректер мен дәйектердi мысалға келтiре отырып, елiмiздегi өкпе ауруына қарсы күрес шараларына жаңа көзқарастар қажеттiгi туындайтындығын да айтпақпыз. Дей тұрғанмен, елiмiздiң фтизиатр дәрiгерлерi ерлiкке пара-пар еңбек етiп жатыр. Осы орайда, өкпе ауруымен күресте табысты жетiстiктерге жетiп отырған Алматы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерiнiң бас дәрiгерi Салауат Сәрсенбаевқа бiрнеше сауал қойғанбыз:
- Қоғамда құрт ауруына шалдыққандарды төменгi таптың өкiлдерi ретiнде қарастырады. Бұдан тұрмысы нашар адам ғана туберкулезбен ауырады деген түсiнiк тумай ма? Салауат Сләмжанұлы, сiз осы пiкiрмен келiсесiз бе?
- Ондай түсiнiктiң өзi түбiрiмен қате. Өйткенi, өкпе ауруымен кез келген адамның ауруы мүмкiн. Мәселен, министрден малшыға дейiн, әкiмнен дәрiгерге дейiн осы қауiптен сақтандырылмаған. Себебi, туберкулез таяқшасы жұқпалы. Қандай ортада болмасын дертке ұшырап қалу мүмкiндiгi жоғары. Себебi, бiз адамдармен аралас-құралас болғандықтан, ортақ ауаны жұтып жүргендiктен одан қорғануға дәрменсiзбiз. Туберкулездiң қауiптiлiгi жайында былай деп айтар едiм, Отан соғысы жылдарында майданға кем дегенде, бiр мүшесi аттанбаған отбасылар кездеспейтiн. Қазiргi жағдайда да, арысы әулетiнен, берiсi бiлiс-таныс адамдарының арасынан өкпе ауруына шалдыққан жанды жиi жолықтырасыз. Ендеше, туберкулездi тек жоқ жiтiк жандарға телу дұрыс емес . . .
- Жалпы елiмiз бойынша жасалған есептеулер Алматы облысының аумағында аты жаман аурумен ауыратындардың саны азайғандығын айтады. Бұл тұрғыдан алғанда сiздi және тұтас ұжымыңыздың еңбегiн атап өтуге болады ғой . . .
- Облыстағы көрсеткiштер бүкiл республика бойынша анағұрлым төмен екенi рас. Мысалға, 2006 жылдың көрсеткiштерiн алатын болсақ, елiмiз бойынша әр жүз адамға шаққандағы облыстың үлесi 107, 0 пайыз, ал республикада 132, 6 пайыз. Сондай-ақ, өкпе дертiнiң салдарынан болатын өлiм-жiтiм саны да азайып отыр. Елiмiз бойынша ауырған әр жүз адамның 20, 4 пайызы ажал тырнағына iлiксе, бiзде ол көрсеткiш 10, 1 пайыз. Бұл жылдар бойы жасалып отырған табанды жұмыстардың нәтижесi. Мен осы туберкулезге қарсы күрес диспансерiне осыдан он жыл бұрын басшылыққа келдiм. Ол кездiң қиыншылығын айтып жатудың керегi жоқ шығар, қазiр өкпе ауруын емдеу мен алдын алудың жағдайы жақсы. Нақтылап айтқанда, қаржылық және қоғамдық көзқарас өзгердi.
- Туберкулезге қарсы күрестiң басты проблемасы ретiнде ненi атар едiңiз?
- Дүниежүзiнiң ғалымдары мен дәрiгерлерi бұл күресте жаңа қиындықпен бетбе-бет келiп отыр. Ол - туберкулездiң төзiмдi түрiнiң белең алуы. Кәсiби тiлде мултирезистенттi деп аталатын өкпе құртының өршуiне адамдардың емдi дұрыс қабылдауы мен медицина қызметкерлерi тарапынан орын алған салғырттық себеп болды. Туберкулездiң асқынған түрiн емдеу жәй ауруларға қарағанда көп қаржыны қажет етедi. Мысалға «ДОТС» бағдарламасы бойынша науқасқа емделу кезеңiнде берiлетiн дәрi шамамен жүз долларды құраса, төзiмдi түрiн емдеуге одан он есе көп қаржы кетедi. Сол себептен де дәрiгерлер аурудың асқынбауы үшiн күресiп отыр. Негiзiнен туберкулездi бiрден жойып жiберемiз десек, ол өтiрiк айтқандық болар едi. Бiздiң мақсатымыз - туберкулез таяқшасының жалпы ортада таралуының алдын алу, жаңадан ауыратындардың санын шектеу.
- Сонда туберкулездi тоқтатуға медицина дәрменсiз бе?
- Бұл жерде бiрнәрсенiң басын ашып алу керек. Дәрiгерлер туберкулезбен күресте тек қана медициналық жағынан жауапты. Нақтырақ айтайын, бiз ауруды дер кезiнде және толық анықтауға, емдеуге, емдеу кезеңiнде жоғары жетiстiкке қол жеткiзуге, ауру ошағының айналаға таралмауына және тұрғындарды санитарлық ағартуға мiндеттiмiз. Ал, туберкулез ауруының iндетке айналуына себеп болып отырған әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық, климаттық-географиялық және қаржылық жағдайларға саяси, атқарушы билiк жауапты.
- Туберкулездiң таралмауы үшiн қандай шараларды алдымен қолға алу керек?
- Ең алдымен дертке шалдыққан адамдарды қатаң бақылауға алуымыз керек. Бiздегi аурулар алты-жетi ай ем қабылдаған соң өз ортасына оралады. Олардың емдi ары қарай толық алуы түбегейлi жазылудың кепiлi. Көп жағдайда олай болмай жатады. Яғни, адамдар өз өмiрлерiне және айналасындағы адамдардың өмiрiне қауiп төндiретiндiгiн сезiнбейдi. Мұндай жағдайлар әсiресе рухани жағынан азғындаған адамдарға тән. Ал, осы туберкулездiң ошағы болып табылатын түрмелерде жазасын өтеп шыққандарға тiптен мұқият болуымыз керек. Осы мәселенiң шешiлуi үшiн қазiр елмiздегi туберкулезге шалдыққандардың тұтас компьютерлiк тiзiмiн жасау қолға алынған. Тiркеуге алынған науқас осы тiзiм бойынша Қазақстанның қай түкпiрiнде жүрсе де бақылауда болады. Бiрақ, бiздiң өкiнiшiмiзге қарай барлық аймақтар компьютерленбеген. Бұл проблема бiзде бар едi. Жақында «Ержан Тәтiшев қорының» игi шарасына орай облыстық тубдиспансерге 20 жаңа үлгiдегi компьютерлер сыйға тартылды. Қор басшылығына рахмет, ортақ жүйеге қосылған бұл компьютерлер бiздiң жұмысымызды жеңiлдететiнi анық. Жаңа жүйе жолға қойыла бастаған 2003 жылдан берi Алматы облысы бойынша 121 960 адам тiркеуге алынған екен. Қазiр олардың қайда жүргендiгiнен, немен айналысатындығынан хабардармыз.
ТҮЙIН
Соңғы сараптаулар өкпе дертiнiң дүниежүзi бойынша белсендi таралу аумағына айналып отырған аймақтар ретiнде Орта Азия мен Қазақстанды көрсетедi. Ілгерiректе аурудың ошағы ретiнде тропика елдерi айтылса, бүгiнгi күндерi ол аймақтарда аты шулы СПИД ауруының ушығуы белең алған. Өкiнiштiсi сол, қауiптi дерттен Қазақстан да құлан-таза емес. Және аты жаман дертпен күресте отандық дәрiгерлердiң еңбегi де өлшеусiз. Соған қарамастан, елiмiздегi өкпе ауруының таралуы жыл сайын өсiп келедi. Демек, бiрнеше ғасыр бойына ұлтымыздың сорына айналып келген туберкулез таяқшасының қаупi әзiр сейiле қойған жоқ.
121-бап. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттік аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуді, өндірістік бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулерді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
2. Санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар аумақтарды дамытудың, халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің әзірленіп отырған бағдарламаларына, сондай-ақ осы саладағы өңірлік бағдарламаларға енгізілуге тиіс.
3. Жұқпалы, паразиттік аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиіс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделеді.
4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы жұқпалы, паразиттік аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуі тиіс.
122-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелінуіне тыйым салынатын қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілмейді.
123-бап. Жұқпалы аурулар эпидемиясы пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің шарттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz