Табиғат, экономика, мемлекет және құқық



Кіріспе
1. Табиғатты қорғау және нарықты экономиканы қалыптастыру
2. Қоғамды мемлекеттік.құқықтық реттеп, басқарудың механизмі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси, өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз байланысты.
Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде қиыншылығы мен қайшылығы мол өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949-1991 жылдары арасындағы – радиоактивті ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
5. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
6. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
8. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Табиғат, экономика, мемлекет және құқық

Жоспары

Кіріспе
1. Табиғатты қорғау және нарықты экономиканы қалыптастыру
2. Қоғамды мемлекеттік-құқықтық реттеп, басқарудың механизмі
Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси,
өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар
тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық
өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз
көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық
санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз
байланысты.
Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде қиыншылығы мен қайшылығы мол
өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949-1991 жылдары арасындағы – радиоактивті
ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар. XX
ғасырдың ұлы экологиялық апаты болып табылатын – Арал аймағының трагедиясы.
Қазақстанның орасан зор кеңістігіндегі тұрақты қоныс тепкен ауыр
өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, әскери өндіріс кешенінің
әлемді тітіреткен аса қуаты да қаһарлы объектілері. Табиғи ортаның
биологиялық жағынан азып-тозуы, ол адамзат пен хайуанаттың құрып кету
қаупі. Сөйтіп республикамыздың халқына, әсіресе сайын дала мен шөлді
аймақты мекендеген ел-жұртына игіліктің орнына ауыр күйзеліс пен қайғы-
қасірет әкелді.

1. Табиғатты қорғау және нарықты экономиканы қалыптастыру

Табиғатты қорғау – адамды қоршаған табиғи ортаның өзіндік жағдайын
сақтау немесе бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи
ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық
шара. Басты міндеті – халық шаруашылығын шикізатпен, энергиямен қамтамасыз
ету, еңбекшілердің демалу жағдайларын табиғат заңдарымен ұштастыру.
Адамның, қоғамның табиғатпен қатынасы әр қоғамдық формацияда әр түрлі.
Өндірістік күштер мен меншіктің барлық түрі бірігіп, табиғатты қорғау
жұмысын сапалы жүргізуге міндетті.
Қазақ үшін ата қоныс, туған жерден киелі дүние жоқ. Оны сандаған жылдар
қанымен, жанымен қорғап, жер-ана деп атаған. Сандаған ғасырлар бойына
қалыптасқан мәдениет халықтың дәстүрлі өмір салты, діні мен діни сенімі
айнала табиғатты тану мен аялаудың күллі жүйесін жасаған. Сондықтан
Қазақстан Республикасы Конституциясында табиғатты қорғау мемлекеттің
негізгі міндеті деп жарияланған. (6-б) және 1998 жылы табиғатты қорғау
туралы арнаулы заң қабылданды. Онда табиғатты қорғау елімізде нарықты
экономиканы қалыптастыру бағдарламасының бір бөлігі деп атап көрсетілген.
Әзірше еліміздегі экономикалық дағдарыс қарышты жұмыс жасауға мүмкіншілік
бермей тұр. Сонда да бұл бағытта біраз істер атқарылды: Ядролық сынақ
тоқтатылды, Семей полигоны жабылды, Арал проблемасы БҰҰ-ның сессиясында
қаралды, Орта Азия мемлекеттерінің басшыларының мәжілісінде бірнеше рет
талқыланды. Экология мәселесі ғаламдық проблемаға айналып отыр. Әлемдегі
барлық мемлекеттер бірлесе отырып, бұл ауру экологияны емдейді – деген
үмітте.
Дамыған елдердегі экономикалық бостандық және құқықтың маңызы.
Буржуазия адамдардың табиғи құқықтарын қорғаймыз деген саяси ұранмен
билікке кедці. Ол ұранның негізгі мазмұны – мемлекет бұл табиғи бостандықты
және жеке меншікті шектей алмайды. Керісінше, мемлекет оларды қатаң
қорғауға міндетті. Буржуазияның негізгі талабы мемлекет адамдардың
арақатынасына, іс-әрекетіне қатыспауын талап етті. Меншіктің бостандығы,
еңбектің бостандығы – міне осы екі талап дамыған елдердің экономикасының
негізін құрайды. Буржуазиялық экономикалық ғылымының көрнекті қайраткері
Адам Смит пікірі: Әр адам егерде табиғи бостандықты бұлжытпай орындаса, ол
адамға өз еңбегімен, өз капиталымен кәсіпкерлік-коммерциялық бәсекелікпен
айналысуға толық бостандық берілуі қажет – деген.
Дамыған елдер осы ғылыми пікірді қолданып, антимонополиялық заңдар
қабылдап, халықтың әлеуметтік жағдайын өз іс-әрекеттерімен жақсартуға толық
мүмкіншілік жасады. Мемлекет шаруашылық жұмысына араласуды, кірісуді бірте-
бірте азайтты. Экономикалық қатынастарды жеке және заңды тұлғалар өздері
реттеп, басқаруда. Сөйтіп халық темір бұғаудан бостандық алып, өз
мәселесін өздері шешуде. Егерде олардың арақатынасында келіспеушілік болса,
оны шешуді мемлекеттік сот жүйесіне береді. Сот органы бұл мәселені әділ
шешуге тырысады. Өйткені буржуазияның күрес туында мына үш сөз саяси ұран
болып жазылған: Бостандық, Теңдік, Әділеттік.
Расын айту керек, дамыған елдердің экономикалық саясатын сынға алушы
топтар да бар. Олардың пікірінше, бұл саясат ешқашан қоғамда теңдікті,
әділеттікті орната алмайды. Себебі, ол саясат біреулерді байытады, (ол
азшылық) ал, көпшілікке бұл саясаттан жақсылық шамалы дейді.
Қорыта айтсақ, ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы капитализм қазір жоқ. Қазіргі
капитализм ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдаланып, қоғамның
экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын едәуір көтеріп отыр. Бұл
экономикалық саясатты дамушы елдердің (соның ішінде посткеңестік-
тәуелсіздік алған республикаларда бар) көпшілігі пайдаланып, өз
экономикасын көтереміз деген сенімде.
Қазақстанда нарықты экономикалық жүйені қалыптастыру. 1917 жылдың қазан
айынан бастап Кеңес Одағында экономиканы қайта құру саясаты жүргізілді. Бұл
процестің негізгі құралы мемлекет пен құқық деп жарияланды. Партияның саяси
ұраны: Құқық саясаттың шоғырланған түрі, ал, саясат – экономиканың
шоғырланған түрі – деп түсіндірді. Жеке меншік пен қоғамдық меншік қатар
өмір сүре алмайды деп үгіт жүргізілді. Қоғамдық меншікті қалыптастыру үшін
ескі мемлекетті жойып, жаңа еңбекшілер мемлекетін орнатып, жеке меншіктің
барлық түрін еріксіз жою процесі басталып, 30-жылдардың ортасында елімізде
қоғамдық меншік орнады. Ол меншік мемлекеттің қарамағында, партияның
бюрократтық тобының билігінде болды.
Кеңестік дәуірде елімізде шаруашылықтың, азаматтардың, еңбекшілердің
экономикалық бостандығы жойылып, оларды бірте-бірте астыртын жағдайға
көшуге, құпия жұмыс істеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, қоғамда көлеңкелі
экономика қалыптасты. Ол мемлекеттік аппараттағы коррупциямен бірігіп,
бірте-бірте Кеңес Одағын ыдыратып тынды.
Посткеңестік республикалар өздерінің тәуелсіздігін – алып, саяси-
экономикалық бағытты толығымен нарықтық қарым-қатынасқа көшіріп, меншіктің
барлық түріне бостандық берді. Бірақ бұрынғы қалыптасқан бір экономика он
бес экономикаға бөлшектеніп, жаңа құрылған тәуелсіз мемлекеттер қатты саяси-
экономикалық дағдарысқа ұшырап, халқымыз шексіз қиыншылықтарға кездесіп
отыр. Еліміз дағдарыстан да шығар, халқымыз қиыншылықтардан да өтер. Ал
нарықты экономиканы толық қалыптастыру өте күрделі процесс. Оған кемінде 50-
60 жыл немесе 100 жыл керек. Халық, мемлекет, қоғам болып біріксе – ол
мүдде-мақсат та орындалар, тек бейбітшілік, халықтардың бірлігі болсын.
Дамыған елдердің саяси-экономикалық тәжірибесін біздің елде
қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) меншіктің барлық түріне толық
бостандық беру; 2) шаруашылықтың жұмысына араласпау; 3) жоспарлау саясатын
екі бағытта жүргізу (төменнен жоғары қарай және жоғарыдан төмен қарай); 4)
азаматтардың іс-әрекетіне толық бостандық беру; 5) мемлекет тек қоғамды
реттеп, басқарумен, заңдылықты, тәртіпті қамтамасыз етумен, демократияны
дамытумен шұғылдануға міндетті; 6) осы қағидаларға шектеу қойып, нұқсан
келтірген субъектілерді жауапқа тарту. Бұл қағидалардан жоғарыдағы
көрсетілген мәселелер тек құқықтың ісі деуге болмайды. Оларды реттеп,
басқару жекелік құқық пен көпшілік құқықтың негізгі міндеттері.
Жекелік құқықтың реттейтін мәселелері: субъектілер теңдігі, іс-
әрекеттің бостандығы, жеке жауапкершілік пен қорғаушылықты талап ету.
Көпшілік құқық – субъектілерге экономикалық, саяси, демократиялық
мүмкіншіліктерді қалыптастыру.
Кәсіпкерліктің түсінігі мен мазмұны – жеке және заңды тұлғалардың
тұрақты түрде өндірістік және коммерциялық іс-әрекетпен шұғылданады. Бұл
кәсіппен олар өздерінің тәуекелі мен жауапкершілігіне сүйене отырып, кіріс
алу үшін кәсіпкерлік іске өз еркімен кіріседі. Заң шеңберінде кәсіпкер
қандай шаруашылық құрамын десе де өз еркі, заңды іс-әрекеттердің қайсысын
таңдау өз еркінде. Бизнес – кәсіпкерліктің бір түрі.
Әлемдегі барлық мемлекеттер кәсіпкерліктің барлық мәселесін заң арқылы
реттеп, бақылап отырады. Нарықты экономикада кәсіпкерліктің субъектілерінің
төрт түрі болады: фирма, банктер, сақтандыру және трастылық (акция,
вексель). Компаниялар, инвестициялық құрылымдар. Олар мемлекеттің ішкі және
сыртқы нарықтарында да жұмыс жасауға құқылы. Кәсіпкерлік шаруашылықтар
өзара бірігіп, орталық ұйым құрады. Сөйтіп бір-біріне көмек көрсетіп
отырады. Кәсіпкерлік шаруашылықтың жұмысына ықпал-әсер ететін факторлар:
- нарықтық қатынастың жағдайы;
- кәсіпкерліктің субъектілердің құқықтық байланысының деңгейі;
- жалпы экономикалык жағдай;
- жалпы саяси жағдайлар-факторлар.
Нарық – сатушы мен алушының арасында экономикалық қатынастар жүйесі,
оның негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс және баға. Бұл процесс
мемлекеттік реттеуге келмейді. Сондықтан оған нормативтік актілердің
байланысы, ықпалы, әсері жоқ.
Кәсіпкерлік шаруашылықтың жұмысын мемлекеттік бақыаудың екі түрі
болады: тікелей бақылау және жанама бақылау. Мемлекеттің тікелей бақылау
түрлері:
- қаржылық бақылау;
- экологиялық бақылау;
- санитарлық бақылау;
- өртке сақгықты қадағалау;
- таразының көрсеткіштерін тексеру;
- шығарған заттардың сапасын тексеру;
Мемлекеттің жанама бақылауының түрлері:
- салық пен жеңілдіктің түрлері;
- баға саясаты; монополияның үстемдігіне жол бермеу;
- жұмыссызды азайту саясаты;
- кәсіпқойлық мамандарды дайындау;
- инфраструктураны дамытуға ықпал ету;
- ақпараттық жұмысты жақсарту т.б.
Осы көрсетілген Мемлекеттік бақылаудың түрлері жаңа құқықтық нормаларды
қабылдау кезінде де, ол нормаларды іс-жүзіне асыру процесінде де басқарушы
органдардың үнемі назарында болады, оның негізгі себептері:
- экологиялық жағдайға нұқсан келтіруге жол бермеу;
- экономикалық қатынастарға зиян келтірмеу;
- экономикалық дағдарыстан шығау жолдарын анықтау;
- халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жақсарту.
Кейбір елдерде мемлекет пен бизнестің өзара қатынасын теңестіру қажет
деген пікір бар. Бұл пікірді екі тұрғыдан қарастырған дұрыс болады. Егерде
мемлекет тек саяси билікті жүргізетін орган болса, онда теңдік болуға
мүмкін емес. Егерде мемлекет экономикалық қатынастың субъектісі болса, онда
мемлекет пен бизнестің арасында бәсекелік күрес болуға тиіс. Олар бір-
біріне көмек көрсетіп отыруға міндетті. Өйткені екеуі де қоғамның
экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға, көтеруге міндетті.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында кәсіпкерлік шаруашылық бірнеше елді
қамтып, трансұлттық компаниялар, өндірістер құрылып жатыр. Сондықтан
Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқықты дамытуды қолға алып отыр және
мемлекеттердің көпшілігі өзара байланысында бұл мәселеге зор көңіл бөліп
отыр. Мысалы, Францияда кәсіпкерлік шаруашылық туралы 1986 жылы жаңа заң
қабылданды. Ол занда көрсетілген жаңалықтар:
- бағаны мемлекеттік тұрғыдан бақылауды тоқтату;
- мемлекеттік өндірістерді жекелендіру;
- кейбір салада мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Қоршаған орта
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Адамдарды және қоршаған ортаны табиғи және техногендік шыққан зиянды және қауіпті факторлардан қорғау
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
Қоршаған ортаны қорғау аумағында ұлттық және халықаралық нысандар
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер