Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі



КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі
2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
а) Өмірбаян
ә) Түйіндеме
3. Мемлекеттік тілдегі ресми іс қағаздарды жүргізу кезеңдері
4. Іс қағаздар тарихы мен стильдік сипаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
1. Дүйсебаева Т. «Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу» Алматы, Ана тілі 1991 ж.
2. Жақып Әділбек. «Іс жүргізу» Астана 2000ж
3. Салагаев В.Г. «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000ж
4. Алдашева. А «Ресми іс қағаздары» Астана 2000 ж
5. Дүйсенбекова Л.С «Іс қағаздарын қазақша жүргізу » Алматы 2001ж
6. Нұрғожина Г.М. , Қоянбаева Қ.Қ. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» Қарағанды 2000 ж.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі
2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
а) Өмірбаян
ә) Түйіндеме
3. Мемлекеттік тілдегі ресми іс қағаздарды жүргізу кезеңдері
4. Іс қағаздар тарихы мен стильдік сипаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік,
экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан
Республикасының Конститутциясы (1995), Тіл туралы Заң (1997), Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (1998) республикадағы тіл
мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме,
ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп,
соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға
алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тіл саясатын іске асырудың
алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі
–ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты
негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты
көрсеткіші.
Іс-қағаздарының қызметтері:
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

1.Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу мәнері дегенді
білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік
белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1. ауызекі сөйлеу стилі
2. көркем-әдебиет стилі
3. публицистикалық стиль
4. ресми іс қағаздар стилі
5. ғылыми стиль
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп,
бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі
орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық
қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру,
қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау,
сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп
отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы
етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына
қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат,
жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда
– клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы,
транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері
болады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
- мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
- тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
- сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
- терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
- қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
Өмірбаян.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша
жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде
жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері,
ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс
тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен
қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс
қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған
күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап
жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі
жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам
қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай
өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен
оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам
дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және
қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы,
Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың Өмірім менің -
өнерім (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен
шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан
баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Мысалы, С.Мүқанов - Аққан жүлдыз,
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі
жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі -
өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен
жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты
баяндап беруге тиіс.

Өмірбаян үлгілері.
Өмірбаян

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы
обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ.
Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға
түстім.
Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді.
Анам — Салтанат1 Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен
үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым -
жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-
пәтер, тел. 29-48-56.

Түйіндеме.(Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің
қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік
шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс
қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің
біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не
нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең
көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз -
өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді
ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-
ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме
басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында
бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке
басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті
болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай
алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы
білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір
адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы
мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- аты-жөні;
- туған жылы, күні, айы, туған жері;
- ұлты;
- жынысы;
- мекен-жайы, телефоны;
- отбасы жағдайы;
- азаматтығы;
- білімі;
- бітірген оқу орындары;
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
- тілдік дағдылары;
- компьютерлік сауаттылығы;
- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға
бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық
қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған
міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.)
туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар,
наградалар, патенттер т.б.)

3. Мемлекеттік тілдегі ресми іс қағаздарды жүргізу кезеңдері

Іс қағаздарын жүргізу екі кезеңнен тұрады. Олар: құжат айналымы және
құжаттау ісі.
Ғалым Т.Дүйсебаева "Машинкамен жазу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Құжат ұғымы және мазмұны
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Көркем әдебиет тілінің стилі
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша заң жинақтары мен ерекшеліктері
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ далаларында қолданған ресми іс қағаздар тілі
Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Пәндер