Конституциялық құқық ұғымы



1. Конституциялық құқық ұғымы.
2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.
3. Конституциялық .құқықтық нормалар
4. Адам құқығы
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Конституциялық құқық ұғымы.
2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.
3. Конституциялық –құқықтық нормалар
4. Адам құқығы

Құқық ұғымы
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас
нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік
пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық
қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық
нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті
құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және
әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып
табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік
туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті
нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар
салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым
құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық
саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына
топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына
бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие.
Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық
реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес
қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін
заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
➢ имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және
жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
➢ диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке
негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
➢ көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
➢ ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге
асыруға кеңес беру әдісі.
Конституциялық құқық ұғымы
Құкық жүйесінің басты саласы - конституциялық құқық болып табылады
(кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық,
құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі
болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы,
әкімшілік құқык, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, каржы құқығы және т.б.
Конституциялык құқық маңызды мынадай мәселелерді:
➢ қоғам мен мемлекет кұрылысының негіздерін;
➢ мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге
асырудың тәртібін;
➢ адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялык құқық - адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік
әрекетін құруына өте қажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді.
Мемжкеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық
қатынастар конституциялык құқықтың пәнін құрайды.
Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында
тегін орта білім алуга кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім
камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар
(мысалы, Білім және ғылым министрлігі).
Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасынын Конституциясын және
заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардың кұкықтары мен еркіндіктерін, ар-
ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған
жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция,
прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді.
Конституциялык құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге
бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
➢ міндеттеу әдісі;
➢ тыйым салу әдісі;
➢ ерік беру әдісі;
➢ мойындау әдісі.

Конституциялық құқытың қайнар көздері ұғымы және оның түрлері
Қоғамдық құбылыс ретінде құқыктың ішкі және сыртқы түрі болады.
Құқықтың ішкі пішіні - оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен
жүйесі. Құқықтың сырткы пішіні - құқықтық тәртіп ережелері арқылы
бекітілетін заңдық кайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың
жиынтығын құкықтың қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек
мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
➢ Конституция;
➢ конституциялык заңдар;
➢ әдеттегі заңдар (жай заңдар);
➢ президенттің нормативті жарлықтары;
➢ үкімет қаулылары;
➢ қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік
ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құкықтық-
нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық
құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әркайсысының нақты заңдық күші, оны қабылдаудын
(өзгерістер енгізуді), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған
мәселелердін барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтык актілер
туралы" Заңында толық қарастырылған.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының ең басты қайнар көзі
Конституция болып табылады. Біздін Конституциямыз туралы негізгі мәліметтер
9-сыныпта "Адам. Қоғам. Құкық" пәнінің оқулығында баяндалды. Сондықтан да
аталған параграфта Конституция туралы қысқаша мәліметтер береміз.
➢ Конституцияның ең жоғары заңдық күші болады және Қазақстан
Республикасының барлық аумағына тікелей ыкпал етеді. Бұл құкыктың
басқа барлық қайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және
оған кайшы келмеуі кажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары
кез келген басқа актіні қабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат
өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның
нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы қолдана
алады.
Конституцияның нормалары мемлекет пен коғам өмірінің барлық: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ыкпал етеді. Олар коғамдық
қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана кайнар көзі емес, сонымен
катар басқа құқық салаларының да қайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі
бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда
қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламент қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциялык құқығының келесі қайнар көзі –
конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген
нормаларды нактылайды және тек Конституцияда көрсетілген мәселелерді ғана
реттеуде колданылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы жөне оны ресми қолдану
тәртібі; республикада сайлау өткізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, конституциялық құқық ғылымы
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандытары
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
Пәндер