Құқық нормаларын іc жүзіне асыру



1. Құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ұғымы және әдістері
2. Құқық қолданудың негізгі сатылары
3. Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері
4. Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қаты¬настарды реттеудің тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік - құқықтық кесімдерді іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы органдардың қоғам¬дық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып жатса, онда олардың әрекеті және қүші бар деген мағананы білдіреді. Ал, қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздіқ танытып жатса қағаз жүзінде қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.
1. Ю.В.Мухина. Проблемы юридических коллизий.// Сибирский юридический вестник. 2003, №2.
2. Общая теория права и государства. М., 2002.
3. Т.Л.Падалко. Способы предложения пробелов в праве. Спб., 2000.
4. Н.В.Попова. Пробелы в праве: Основные проблемы судебной практики. Спб., 2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Құқық нормаларын іc жүзіне асыру

Жоспар:

1. Құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ұғымы және әдістері
2. Құқық қолданудың негізгі сатылары
3. Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері
4. Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқық нормаларын іc жүзіне асырудың ұғымы және әдістері

Заң шығару, құқық нормаларын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеудің
тек басы ғана. Сол қабылдаған нормативтік - құқықтық кесімдерді іс жүзіне
асыру, қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу, нормаларға қозғалыс, жан беру
ең күрделі мәселелердің бірі. Іс жүзіне асырылмаған құқық нормалар тек ғана
жақсы тілек ретінде қалып қояды, жансыз нәрсе ретінде қабылданды. Құқық
нормалары қабылданғаннан кейін мемлекеттік аппараттың барлық буындары
оларды іс жүзіне асыруға белсенді қызмет атқарулары тиіс, құқық жасаушы
органдардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі алдына қойған мақсаттары
орындалуы тиіс. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асыру құқық
нормаларының функцияларының формасы, олардың қоғамдық қатынастарды
реттеудегі қызметі. Егер қабылданған құқықтық нормалар іс жүзіне асырылып
жатса, онда олардың әрекеті және қүші бар деген мағананы білдіреді. Ал,
қоғамдық қатынастарды реттеуде әрекетсіздіқ танытып жатса қағаз жүзінде
қалып қояды. Сондықтан құқық нормаларын іс жүзіне асырудың мәні өте зор.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру деп құқық субъектілерінің құқық
нормаларының талаптарымен келісіп, құқыққа сай мінез-құлықтың қалыптасуы,
адамдардың өздеріне жүктелген субъективтік құқықтары мен құқықтық
міндеттерін іс жүзіне асырудағы қызметтерін айтады.
Теорияда құқық нормаларын іс жүзіне асырудың негізінде төрт әдісі бар:
сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Құқық нормаларын сақтау индивидтердің, субъектілердің мемлекет
қабылдаған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді саналы түрде сақтау. Адам
өз тарапынан тыйым салатын және міндеттейтін құқықтық нормаларды сақтаулары
тиіс. Сондай жағдайда ғана құқық нормалары іс жүзіне асады, құқық
бұзушылыққа жол берілмейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының
34-бабы:
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-
намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті -
деген норманы бекітеді.
Бұл конституциялық норма аталмыш талаптарды сақтауға міндеттейді.
Немесе, міндеттейтін нормаларды іс жүзіне асыру үшін субъект өз тарапынан,
саналы түрде белсенділік танытуы тиіс. Мысалы, Азаматтық кодекстің 337-бабы
Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда
жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен
куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша
нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп
соқтырады. Белсенділік танытпай кепілпұлды жазбаша жасалмаса, құқық
нормасының талаптары сақталмаған болып табылады, берілген ақша
қайтарылмайды.
Орындау арқылы құқық нормалары субъектінің белсенділігімен іс жүзіне
асырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 451-бабы орындау мәселесіне байланысты мынандай норманы
бекітеді: Үкім орындалғанға дейін іс бойынша төрағалық етуші немесе сот
төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушыньщ еріне (зайыбына), жақын
туыстарына олардың өтініші бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы
сөйлесу мүмкіндігін беруге міндетті. Судья заң талаптарына сәйкес белсенді
әрекет таныту арқылы сотталушының туыстарымен, бала-шағаларымен жүздесуіне
барлық мүмкіндіктерді жасауы тиіс. Сонда ғана аталмыш құқықтық норма іс
жүзіне асырылады, орындалады. Немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-нормасының 3-тармағы мынандай
талаптарды орындауды міндеттейді: Жасаулы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары
алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде - ол ұсталған
кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей қаралады. Бұл жерде судья
істің қаралу мерзімін қатаң орындауға бағыттауы тиіс, барлық қимыл-әрекетін
норманы орындауы тиіс. Бапта көрсетілген міндеттерін орындалмаса, шағым
бойынша жауапқа тартылады.
Сонымен қатар орындау арқылы жоғарғы органдардың төменгі сатыда тұрған
органдарға берген нұсқаулары іс жүзіне асырылады. Құқықты іс жүзіне
асырудың келесі әдістердің бірі — пайдалану. Пайдалану субъекттер заң,
құқық нормалары бекіткен құқықтарын іс жүзіне асыру арқылы мақсаттарына
жетеді, бұзылған немесе қол сұғылған игіліктерін қалпына келтіреді. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Азаматтық қодексінің 260-бабы: Меншік иесі өзгеден
заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Бұл жерде меншік иесі өзінің
меншікке деген иемдену, пайдалану билеу құқын пайдалану арқылы меншікті
даулап алуға құқы бар. Немесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-
нормасының 6-тармағы Парламенттің әр Палатасы, дербес, басқа Палатаның
қатысуынсыз... депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі
есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған
жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік
даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Прөзидентіне жүгінуге
хақылы, егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда
депутатгар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік
даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін
Республика Президентінің алдында Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы
мәселені кайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайларда Республика Прөзиденті
Үкімет мүшесін қызметтен босатады.
Пайдалану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың әдісі ретінде оның
субъектілеріне мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар да жатады.
Құқық нормаларын іс жүзіне асыруының төртінші әдісіне құқық нормаларын
қолдану жатады. Адам құқық нормаларын өзіне-өзі қолдана алмайды. Құқықты
қолдану мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілген құзыр.
Сондықтан құқық нормаларын қолдану оларды іс жүзіне асырудың тәсілі болып
саналады. Тәжірибеде құқық қолдану мынандай ерекшеліктерге ие:
1. Құқық қолдану әрқашанда арнайы өкілеттілікке ие болған мемлекеттік
органдардың (сот, прокуратура, полиция, әділет және т.б.) біліктілік
қызметтері және функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.
2. Құқық қолдану арқылы мемлекет субъектілердің құқық нормаларын
сақтауға, орындауға міндеттейді, бұзылған, қол сұғылған құқықтар мен
игіліктер қалпына келтіріледі.
3. Мемлекет құқық қолдану барысында тек ғана заңға бағынуы тиіс. Заң
бұрмаланып қолданылған құқықтық нормалар адам құқықтарын аяққа таптауға
және бассыздық пен заңсыздыққа әкеп соқтырады. Мысалы, құқық қолдану
барысында қамауға алу, айыпкерге жасаған әрекетіне қатысы жоқ құқық
нормасын телу, әділетсіз үкім шығару және т.б. әрекеттер. Сондықтан құқық
қолдану құзырына ие болған мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың
саяси аппараттың қызметі жеке адамдардың қызметіне, беделіне негізделуге
тиіс. Беделсіз жеке адамның мемлекеттік билік жүргізу құқы жоқ...мемлекетті
басқару арнайы кәсіби дайындықтан өткен, сауатты, беделі мол жеке адамдарға
берілуі ең негізгі талап... Мемлекетті басқару аппаратты міндеттерін
мүлтіксіз атқару үшін сол жүйенің лауазымды адамдары ең алдымен
мемлекеттік, ұлттық мүддеге кіршіксіз таза көңілмен қызмет етуге тиіс. Жеке
бастың пайдасын ойлау, лауазымды мемлекеттік қызметті қара бастың қамына
пайдалану — халыққа, мемлекеттік құрылымға қарсы жасалған және заң алдында
жауапқа тартылуға тиісті зиянкестік.

2. Құқық қолданудың негізгі сатылары

Құқық қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды
тәсілдерінің бірі. Құқық қолдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан
тұрады және оларға қойылатын талаптар өте зор. Құқық қолданудың бірнеше
сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағанада
ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу
болып табылады. Құқық қолдану мынандай сатылардан тұрады.
Бірінші сатысы — қаралатын істі жан-жақты зерттеу, танып білу. Бұл
сатыда құқық қолданатын орган болған жағдайларды дәлелдер мен айғақтардың
қорытындыларын зерттей келе жағдайлардың, болған оқиғалардың шынайы
көрінісін жасау болып табылады. Мысалы тергеуші прокурор, судья шағым,
қозғалған іс бойынша болған істін мән-жайларын толыққанды дәрежеде зерттеп,
материалдарды, алынған ақпараттарды салыстырмалы мағынада пайдалану
барысында ақиқатты анықтайды. Бұл сатыда құқық қолданатын органдар мынадай
мәселерге назар аударады:
1. Қаралып отырған іс сол органның құқықтық құзырына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Қазақстан республикасының конституциясы
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс ұғымы
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
Қылмыс құрамының ұғымы, элементтері және түрлері
Пәндер