Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары



І. КІРІСПЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КЛИМАТЫНЫҢ
ӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

4. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
5. ҚОРЫТЫНДЫ

6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ланшафты белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. – нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
1.«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»
авт. Ә Стамқұлов. Алматы, «Жеті Жарғы» 1995

2. «Қазақ ССР энциклопедиясы 4-ші том»
Алматы 1989.

3. «Қазақ ССР энциклопедиясы 1-ші том»
Алматы 1988.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: РАДИАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

ОРЫНДАҒАН

Халықаралық журналистика, 1 курс

ТЕКСЕРГЕН: Мұхамеджанова Жанар

Алматы

2006

Жоспар

І. КІРІСПЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КЛИМАТЫНЫҢ
ӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
4. ҚОРЫТЫНДЫ

6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы
кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий
теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке
қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан
Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7
млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ланшафты белдеулер мен
белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%),
шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын
биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. – нан астам адамды
құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық
деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге
байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның
мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндіршілер болып табылатын
Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам,
немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-
ын береді. Каспи~ маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы
жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры - 3-3,5 млрд.
тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1%
құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді,
жақын жылдары одан да артады.
Каспий тенізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың
95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен
тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді.
Сондықтан, биокөптүрлікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шағындар мен қоршаған
ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың деградациясы, судың мұнай
мен ластану адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену
процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу
жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарға орташа саны облыспен
салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының
жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа
аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкеледі. Жас балалардың
өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша
ең жоғарғы көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт
пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш
органикалық қосылыстармен ластануына әкеледі. Жыл сайын шамамен 740 млен.
м3 серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана
әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт
тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы
маңдағы температураның жоғарлауына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан
Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара
металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтығы мәселелер
– қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған
территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы,
ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар – Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, қмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-
кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып
табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік
және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.
Территорияның басым бөлігін (4 млн.га) ормандар алып жатыр, бұл
бүкіл Қазақстанның орман рем\сурстарының айды. Ресурстардың көп бөлігі
Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейіндерінің су ресурстары – негізгі
су көзі.
Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында
жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс
және Нұраның өзен бассейіндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді
және ішкі өнеркәсіп қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді.
Бассейнаралық су беруді жоспарлау, Қара ертістен суды қытай халық
республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп
қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып
жатыр.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы
керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін
шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі
ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
С аймағына – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді
қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік
аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер - су ресурстарының
жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың
деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және қызылорда облыстары жатады.
Халық саны шамамен 5 млн., негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Ол суару
үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. .
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70
мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы
балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тимсіз пайдалану, қытайға судың көптен берілуіне
байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыру тууы мүмкін. Қазір су
ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана орындалып отыр.
Аймақтың әдеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен
тығы байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың
ауруға алдығу деңгейі соңғы жылдарда 2-3 есе артқан.. Негізгі себеп – суға
байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радияциялық ластану
болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында
ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік
тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті
заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына
зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей ІІолигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына
әкелді, Шығыс Қазақстан түрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге
байланысты туған аурулар туралы маліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядрлық полигонында жасалған жарылыстардың салдары,
радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдың өнеркәсіп орындары,
ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радио-активті
қалдықтар.

Семей ядролық полнгоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық
бөлігіндегі жүргізілген программа, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі
цезий — 137 активтілігі 65—100 мкмсағ. болғанын көрсетті.
Кейбір жерлерде 120—500 мкмсағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік
Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120—150 мкмсағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қа-
лыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көІІ мөлшері Сарыөзек жылғасы
мен Мұржық тауының етегінде Мұржық және Дегелең аймағында байқалган.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық
жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери
полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстар жасалған. Олар әртүрлі
халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын
сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларды жер асты
кеңестерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл
территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі
бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 0137 концентрациясы айына
0-0,42 Бккв м шамасында аутқиды. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды.
Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден
артық емес.
Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар.
Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті
ластануы уран өндіру кен орындарымен ядролық зерттеу және энергетикалық
құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және
өңдеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий
қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктін жоғары болуымен
сипатталады.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар
аномалиялар анықталған. “Үлбі” комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15
радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау
облысында Иранға жөнелтілетін металл қалдықтарының радиоактивті ластануы
анықталады. Жамбыл облысында “Нодорос” АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің
нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Семей облысында кедендік бақылау
жүйесімен бірлесе отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан
территориясынан сыртқа радиоактивті ластанған сым қабельдерінің
шығарылуының 3 фактісі тіркелген.
Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи
радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктін түзілуімен
генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының
элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси,
құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең
іри су көздеріне: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан
Экологиялық тәрбиелеу
Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның экологиялық проблемалары жайлы
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Экологиялық фактор туризм дамуына кері әсер ететін факторларының біреуі
Пәндер