Ахмет байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы


Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ахмет Байтұрсынов . оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы.
2. А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.
1. А.Байтұрсынұлы. «Тіл тағылымы» - Алматы, 1992.
2. Ғ.Есімов. «Хакім Абай» - Алматы, 1994.
3. Т.Құнанбаев. «Әкем Абай туралы» - Алматы, 1993.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ахмет Байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы.
2. А.Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында
туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі
ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне
оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны
жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен
И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы
жинағын Қырық мысал деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай
шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта
мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте
бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.

1. Ахмет Байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы.

Үздік дарын, ойшыл оқымысты Ахмет Байтұрсыновтың алпыс жылдан астам
құпия жәшікте сақталған, сарғайған, шаң-тозаң қапқан, кейінгі толқындардың
санасында өшкен айтулы шығармалары қиялымызға, ойымызға, тілімізге еркіндік
беріп, жұлдыздарға жалғастырған, замана перзенттерін ортамызға оралтып,
жақсыларымызбен табыстырған қайта-құру, бетбұрыс дәуірінің шарапат құдыреті
арқасында жарияланып, халқымызбен қауышып отыр. Жазушы нашрияты шығарған
Ахаңның бұл кітабына 1909 жылы Петербургте жарық көрген Қырық мысал,
1911,192 жылдары Орынбор, Қазан шаһарларында басылған Маса және ұлттық
әдебиеттану ғылымының негізгі іргетасы болып есептелетін Әдебиет танытқыш
(1926) атты еңбегі енгізіліпті.
Ардақты Ахаң поэзиялық шығармаларында қазақ қоғамындағы, оның
ағзасындағы арам бездерді, сыздауықтар мен теріскендерді, кесапаттар мен
ақауларды жүрегі сыздап, сүйегі сырқырап қабылдайды. Қайғысы мен ұйқысы,
зобалаңы мен зорлығы қисапсыз, қилы заманды гөй-гөйлетіп сөйлетеді.
А.Байтұрсыновтың құштарлықпен жырлайтын сыр-толғамға, астарлы мағынаға
ие бейнелі образ. Ақын мақсаты – байтақ даласын мекендеген қалың қазақ
жұртын алаңсыз ұйқыдан ояту, сергіту, ғылым-біліммен сусындату, өшпес
жарық, кетпес байлық даналық жолына түсіру.
Қазақ салты, Қазақ қалпы, Жиған-терген, Жұртыма, Жұбату
тәрізді ойлы-күйлі өлеңдерінде өз дәуірінің ащы шындығын, атап айтқанда
бірлік қып іс етуге шорқақ, ұрейсіз, қоян жүрек қорқақ жұртын сасық ми,
салқын жүрек, саласыздарын, жылтыр түймеге, шен-шекпенге құмарпаздарын улы
аяусыз әшкерелесе, екінші халқын, жөн-жосықсыз жазғыра бермейді, еркіндігі
жоқтығына өксіп қиналады.
Көркемөнердің түрлерін: сәулет өнері (архитектура), сымбар өнері
(скульптура), кескін өнері (живопись), әуез өнері (музыка), сөз өнері
(қазақшасын сөз, арабша - әдебиет) деген жіктемелерге ажыратады.
Ал сөз өнерінің құпия табиғатын тексеру үстінде қисапсыз жаңалықтар
тауып отырады. Оқымысты: Сөз өнері адам саласының үш негізіне тіреледі: 1.
Ақылға.
2. Қиялға. 3. Көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын тану, ақылға
салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгі нәрселердің
тұрпатына, бейнесіне ұқсату, суреттеу, ойлау. Көңіл ісі – түю, толғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша айтуға жарау - деп,
асыл сөздің неден жаратылып, бастау алатынын, қалайша құралып, дүниеге
келетінін дұрыс баяндайды.
Ахаң шығарма сөздің құрылысын еркін талғайды. Оны 1) ақын тілі, 2)
әншейін тіл деп жіктеп алады да, ішкі сырларына, иірім-ағыстарына (шығарма
түрінің ғылыми) терминдік атау ұсынады.
Ұлттық стилистикалық негізгі тармақтары, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы,
тіл (лұғат) анықтылығы, дәлдігі, көрнектілігі және көркем тілдің қасиет
белгілеріне, бейнелік сипаттарына орай тапқан көріктеу, меңзеу, айқындау,
теңеу, ауыстыру, алмастыру, түйдектеу тәрізді терминдік ұғымдардың алтын
тізбегін А.Байтұрсынов туындатқан.
Зерттеушінің сөздің дыбысталуы мен өлең сөздерінің өрнектілігіне
қатысты айтқан пікірлері де бағалы. Әсіресе, оралымдар жөнінде керемет
тапқырлық танытады. Бұл ғылымның логикалық ойлау жүйесінің тегеурін-қуатын,
түйсік-қабілетін, дария білімін дәлелдейді.
Өрелі ғалым өлең сөздің құрылымын, ішкі қабат-қыртысын жіті бақылап
анықтауда ұлан-ғайыр, көл-көсір табыстарға қол жеткізеді. Мысалы, буын,
бунақ, тармақ, шумақ, ырғақ, ұйқас ашық (өлеңнің графикалық суреті) улы
кезек, пауза, кіші кезек, әрқайсысының табиғи қасиеттерін жетік
түсіндіреді.
А.Байтұрсынов қазақ халқының ауыз әдебиетін мынадай жанрлық түрлерге
бөлшектеп қаратырады: анықтама, сарындама, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ,
жаңылтпаш, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, үміт өлең, толғау, терме,
мысал, ділмәр сөз, шешен сөз, тақпақ, мақал, мәтел, тойбастар, жар-жар,
беташар, жоқтау, жарапазан, бата.
Жазба әдебиетті зерделегенде, оны екі дәуірге бөледі: біріншісі –
діндәр дәуір, екіншісі – ділмәр дәуір.
Білім дария энциклопедист – ғалым қара сөз, дарынды сөз, көсем сөз,
өлең сөз қасиеттерін, тек-төркінін жарқырата ашады. Сөйтіп, беймәлім
ұғымдардың сырын ұғамыз. Соның бірі – қара өлең этимологиясы. Әні басым,
мәні кем, ажары аз өлеңге қара өлең деп қойып, әні кем, мәні мол ажарлы
өлеңге жыр деп ат қойған деп жазады Ахаң. (187 бет)
Асылы келгенде, өнер-біліммен мықтап қаруланған саңлақ санаткердің
Әдебиет танытқыш атты ғажайып еңбегі – оның интеллектуалдық мәдениетінің,
кемелдік, кемеңгерлік болмысының, мұхиттай шалқар кеңдігінің озық
көрсеткіші деуге болады.
Сондай-ақ осынау шығармалар жинағына Ахаңның Қазақтың бас ақыны деген
ойлы мақаласы енген. Абайдың ақындық құдіретін, өмірбаяндық деректерін,
өнерпаздық ортасын қысқаша сипаттайды. Не нәрсе жайынан жазса да, ішкі
сырын, қасиетін қармай жазады - дейді. Сонсоң Абай даналығына, асыл сөзіне
үңілгенде, оның 1) көсемдігін, 2) ойының шеберлігін, 3) білімділігін, 4)
сыншылық өнерін атап айтады.

2. А.Байтұрсынұлының аудармашылық
шеберлігі
Арада елу жылдан астам уақыт өткен соң саяси жинағынан да, азаматтық
толық ақталып, туған халқымен қайта табысқан қоғам қайраткерінің бірі –
Ахмет Байтұрсынов.
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық,
демократты бағыты ілгері жалғастырушы ірі ғылым-тілші, әдебиет зерттеуші,
түрколог, дарынды ақын-аудармашы АхметБайтұрсынов қалдырған бай мұраның бір
саласы – оның көркем аударма дамуына үлесі.
Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. ХХ ғ.
бас кезінде аудармада, әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін
қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақтаған еді. Сонау Абай,
Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия
Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М.Сералин, Б.Өтетілеу, Ғ.Қарашев
аудармаларының, газет журналдардағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір
топ ақын-жазушылар – А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов
Шығыс және Батыс елдерінің әдебиет үлгілерін, орыс классиктерінің
шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға
көп қызмет етті.
А.Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды.
Ахметтің ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы таныды. Ол орыстың
классикалық жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне
аударып, Қырық мысал деген атпен Санкт-Петербург 1909 жылы императорлық
ғылыми академиясының баспаханасында жеке кітап етіп шығарды. Бұл И.А.Крылов
шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш
жеке кітап болып бастырылуы еді.
А.Байтұрсынов Қырық мысал жинағында жазған Замандастарыма деген
кіріспесінде аударманың мән-мақсаты дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық
жағдайларында орындалғаны туралы айта келіп, былай дейді:
Орыстың тәржімә етіп мысалдарын.
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қашанып қоңырайма, құрбыларым!

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күй қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүбірлеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қояр деймін,
Естілсе құлағыма дүбір барып.
Әйтпесе арық шауыр оңдырар ма,
Жүргенде қамыт басып, қатып-талып.
Қырық мысалды Мұқтар Әуезов қалың қазақ жұртының естіген төңкеріс
рухындағы сөзі - деп бағалаған.
Крыловты кезінде Абай да аударған. Байтұрсыновтағыдай көп емес,
академиялық жинақта Абайға телініп жүргендері 12 мысал. Бірақ, Байтұрсынов
аты атаусыз қалып, оның әдеби мұрасына тыйым салынған кезде, Крыловтың
аудармашысы ретінде тек Абайды ғана білдік. Сондықтан Абайдың кейбір
басылымдарына Ахмет аудармалары кіріп кеткен кездері болған. Бірақ, мәселе
мұнда емес, біз үшін ең қызықтысы, ең мәндісі – бірін-бірі білмей, Крыловты
өздігінен аударған екі данышпанымыздың өлең стилі, сөз өнері бөлек болуы
тура. Аудару принциптері де қазақтың тосаң құлағына етене еніп, жеткізу
шеберліктері де айна-қатесіз бірдей десе де болады. Түпнұсқа мазмұнынан
ауытқымай, соны өз сөздерімен жеткізу емін-еркін тырысқан екі ақынның
орысшасындағы көркемдік бөлшектерді түсіріп алмай, соншалықты ұқыпты беруге
ұмтылған ұқсастығына қайран қалайық. Мысалы, Крыловтың атақты Қарға мен
түлкі атты мысалын Абай екі рет аударған.
Екеуінің де өлең өлшемі, көлемі де бірдей. Бірі – жеті, бірі сегіз
буынды жыр үлгісінде. Ал, Ахмет Байтұрсынов он бір буын қара өлеңмен төрт
жолдық шумақтар арқылы баяндайды.
Ну что за шейки, что за глазки.
Рассказывать – так, право сказки!
Какие перышки! Какой носок!
И, верно, ангельский быть должен голосок!
Осы шумақ Абайдың екі нұсқасында былай:
1 – нұсқасында.
Неткен мойын, неткен көз,
Осыдан артық дейсің бе
Ертегі қылып айтқан сөз.
Қалайша біткен япырай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей
Деп ойлаймын үніңіз...
2 – нұсқасында.
Есен-сау жүрсіз бе?
Ақынның төресі
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесі
Жүніңі, үніңіз,
Мұрныңыз , көзіңіз,
Құлаққа дөп тиген
Мақталған кеңесі...
Ал енді А.Байтұрсынов аудармасына үңілейік:
Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай,
Гаухардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай.
Крыловтың тәржіма жасау Абай шығармаларының соңғы кезеңдеріне жатады.
Демек, Абай немен аяқталған болса, Байтұрсынов дәл содан бастады деуге,
яғни Абай эстафетасын Ахмет жалғастырды деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, бұл жинақта орыс әдебиетінде мысал жанрын
қалыптастырушылардың бірі И.И.Химницердің Ат пен есек шығармасы қазақшаға
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ТІЛШІ
Ахмет Байтұрсынов өмірі
Ахмет Байтұрсынов туралы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)
Ахмет байтұрсынов (1872—1937)
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь