Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі ғылыми зерттеулердің рөлі



Қазіргі жаңа педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер енгізілуде, бұл мұғалімдерде ғылыми ізденушілік бағыттарын дамыту олардың ғылыми танымдық процестерді меңгеруге ықпал ететін құбылыс. Олай болса, мектептің және педагогикалық ұжымның өзіндік келбеті, оқу-тәрбие процесіне әсер ететін көздердің бірі ғылыми іс-әрекет және оларды оқу тапсырмаларында пайдалану міндеттері болып табылады.
Мысалы, студенттің ғылыми рефераттар, студенттердің өзіндік, курстық және дипломдық лсұмыстар орындауға бейімділігін арттыру жоғарыдағы пікірдің дәлеліне жатады. Нәтижеде мұғалімнің өз оқушысы, өзіндік тәрбиелік жүйесі пайда болып, мұғалім іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың мүмкіншілігі туындайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ

Қазіргі жаңа педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне
елеулі өзгерістер енгізілуде, бұл мұғалімдерде ғылыми ізденушілік
бағыттарын дамыту олардың ғылыми танымдық процестерді меңгеруге ықпал
ететін құбылыс. Олай болса, мектептің және педагогикалық ұжымның өзіндік
келбеті, оқу-тәрбие процесіне әсер ететін көздердің бірі ғылыми іс-әрекет
және оларды оқу тапсырмаларында пайдалану міндеттері болып табылады.
Мысалы, студенттің ғылыми рефераттар, студенттердің өзіндік, курстық
және дипломдық лсұмыстар орындауға бейімділігін арттыру жоғарыдағы пікірдің
дәлеліне жатады. Нәтижеде мұғалімнің өз оқушысы, өзіндік тәрбиелік жүйесі
пайда болып, мұғалім іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың мүмкіншілігі
туындайды.
Мектеп ғылым, әлемді танудың қайнар көзі болса, негізгі ғылыми негізі
бар дүние білім болады. Ал білімнің іргетасы бастауыш мектепте қалыптасады.
Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін
оның бастауыш буындағы оқу-тәрбие үрдісі ғылыми заман талабын
қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және
әдістемелік қамтамасыз етілуі міндетті.
Қазіргі педагогикалық процестердегі негізгі мәселелердің бірі —
оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесіне ғылыми дамуды негізгі тірек
ретінде пайдалану. Мұүғалімнің ғылыми іс-әрекеттеріне ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы білімінің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін ингенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін
пайдалану жұмыстары жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстардың нәтижелігі оқу-
әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми
тұрғыдан ұйымдастыруға әсері бар. Оларды бірнеше бағытқа бөлуге болады:
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-
әдістемелік жолын анықтау;
оқушылардың тәисірибелік іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу
үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды
пайдалануға үйрету;
мектептің материалдық технологиялық базасып нығайту. Бұл жоғарыдағы
талаптарға қол жеткізу үшін, ғылыми-педагогикалық зерттеулерге сүйенетін
мұғалімдер іс-әрекеттері болуы керек.
Студенттердің ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарына бейімділіктерін
дамыту педагогтар мұраты. Бұл мектепте-ақ қалыптасатын үрдіс. Онда:
- оқу үрдісін дербестендіру тәсілдері іске асады;
компыотер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және
бағалауға мүмкіндік алады;
материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
Оқушының сұранысын қанағаттандыруға болашақ мұғалімдердің дайындығы —
ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін ұжымды пайдалануға байланысты.
Мысалы, студенттердің теориялық білімдерді меңгеруі, олардың теориялық
ойларды дамытуы, оқу пәні мен болашақ маманның кәсіби мотивациясының
мазмұнына танымдық қызығушылық тудыру сияқты үш дидактикалық мәселені
шешуде қабілеттік тек ғылыми-педагогикалық зерттеулерге тәуелді екенін
ескерту ләзім.
Педагог дәріс оқу кезінде қарым қатынас жасаудың неғұрлым тиімді
құрылымын пайдалана білуді іздестіруге қабілетті болуы керек.
Белгілі материалды дайын күйінде оқушы бойына сіңіретін ақпараттық
дәріске қарағанда студенттер үшін жаңа білімді белгісіз күйінде
қабылданатын мәселелік (проблемалық) дәрістің маңызды ерекше. Өйткені,
қабылдаған ақпарат тыңдаушылар үшін өзі ашқан жаңалық түрінде меңгеріледі.
Дәріс құрылымында ізденуші, зерттеуші іс-әрекеттерді тануы тиіс. Бұл жерде
ұстаз меңгерілетін материалға тұлғалық қарым-қатынастың рөлін бағалауы
қажет.
Мәселелік (проблемалық) дәрістерде жағдаяттар туғызу арқылы оның
шешімін іздестіре отырып қажетті ақпарат алынса, дәстүрлі оқытуда ең
алдымен, білім, тәсіл, шешу, мысалдар беріледі, соңынан окушылар
(студенттер) мәселелік жағдаяттардың шешімін сол зерттеу нәтижесінде
алынған білімдеріне сүйене отырып іздестіреді.
Ғылыми зерттеулер оқушылар санасында сұрақтар пайда болу үшін
құрылады, оқу мәселесін шешуге беріледі. Оқу материалдары кейбір қарама-
қайшылықтарды көрсететін танымдық міндет атқаратын қисынды ойлау формасын
айқындайды және осы қарама-қарсылықтар, қайшылықтар айғақтайтын сұрақтармен
аяқталады. Сондықтан да болашақ ұстаздардың ғылыми-педагогикалық
зерттеулерінің бастауы ізденістен туатындығын үнемі ескерулері қажеттілік.
Студенттер тарапынан ұйымдастырылатын ғылыми-педагогикалық зерттеу
студенттердің (болашақ ұстаз), болашақ кәсіби іс-әрекеттері үшін неғұрлым
маңыздырақ лсәне зерттеуге қиындық туғызатын тақырып таңдап алынғаны
ұтымды.
Сөйтіп, белгілі бір саладағы тұлғаны калыптастыру тек жүйелі
жүргізетін ғылыми-педагогикалық зерттеулерге тәуелді. Дидактикалық оқу
үрдісі, негізінен: оқу материалы, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерінен
тұрады. Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыратын мұғалім олардан шығармашылық
талап етеді. Бұл ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгерудің көзі
ретінде лсоғары оқу орындарында орындалатын ясақтама лсұмыстарға байланысты
(реферат, СӨЖ, курстық жұмыс, баяндама, т.б.). Жоғары оқу орындарында оқу
тапсырмаларын орындауға студенттерге зор міндет жүктеледі.
Оқытудың дәстүрлі үстанымдары мен заңдылықтарын қазіргі нақты талап,
мүмкіндіктер мен ясағдайларға оңтайландыра және әртүрлі әдістерді
белсенділікпен қолдану арқылы негіздей отырын, кәсіби даярлығы жоғары,
нарықтық қатынас жағдайында еңбек етуге қабілетті, қоғамда маңызды
интеллектуалды мәдени көзқарасында тұратын мұғалімдер даярлау жоғары мектеп
алдындағы көкейкесті мәселе. Оқу процесінде кездесетін қателіктердің алдын
алуға, мұғалімнің әрбір әрекеттерінің зардабы мен пайдасын сезе білуге,
оқушыларға сабақ барысында жинақылық қасиет көрсетуге, педагогикалық
тұрғыдан жетілген тәсілдерді қолдануға дербес ізденісте болуға даярлауда
ғылыми-педагогикалық зерттеулердің кең мүмкіншіліктері бар.
Кәсіби педагогикалық зерттеу жүргізу үшін ұстаздар қарым-қатынастың
технологиялық мазмұны ретінде пайдаланылатын Коммуникативтік міндетпен
тығыз байланыста және бір жүйеде қалыптастырулар белгілі жағдайды талдау,
тиімді шешімді табу, талдау сияқты зерттеу объектілеріне мүмкіншілік
береді. Мысалы, педагогикалық жағдаятқа талдау жасау, ең дүрыс жауапты таба
білу, әдістеменің бағытын табу және педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын
таба білуге себепші болады. Сонымен бірге, коммуникативтік міндеттер ғылыми-
педагогикалық зерттеу міндеттері болып табылады да. Коммуникативтік
дайындық жас зерттеушілерге көмектесетін маңызды элементтердің бірі.
Оның зерттеу барысында іске асуының технологиясына төмендегілер:
белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету;
нақты ұжыммен қарым-қатынас жасау барысында нақты топқа сәйкестендіру және
жағымды эмоционалды жағдайды қалыптастыра келе жағымсыз әсер ететін
факторлардың туындауына жол бермеу әрекеттері;
бұл топқа қарым-қатынастың қай түрі сәйкес келетіндігін анықтау;
- сабақтағы материалды және сыныпты қалай қабылдайтынына көңіл
бөлу;
- қарым-қатынас стилін зерттеуші күн талабына сәйкестендіру жатады.
Егер зерттеушілер қарым-қатынас барысында таңдаған тақырыбына
материалдарды жуық арада таба алатын болса, ол өзінің тәсілін жиі-жиі
пайдалану арқылы зерттелуін табысты аяқтауға толық сенімді болады. Осы
орайдан алғанда, болашақ мамандық иесі тек оқушылардың оқу іс-әрекеттерін
ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін де ұйымдастырып және
одан өз зерттеуіне материалдарда жинай алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Педагог-ғалымдар мұны үш деңгейде бөліп түсіндіреді:
Үлкендердің сөзін бөлмейді, қақтығыстан кикілжіңсіз шығып кететін оқушы,
мінезі көпшілікке ұнайды.
Кейде әңгімені ұштастыра алмай қалады, бірақ әңгімені мұқият тыңдап, сөзді
бөлмейді. Өзін-өзі тез аңғаратын орташа деңгейлі жан.
Қарым-қатынасы, сөйлеу дағдысы, сұрақ қою икемділігі төмен. Сөздің
барысында мақсат қоя білу икемділігі жоқ (деңгейі төмендер).
Бұл жоғарыдағы ерекшеліктерді біліп алғаннан кейін ғана, зерттеуші өз
тақырыбының жоспарын, аяқталу мерзімін нақтылауға толық мүмкіншілік
алатынын ескеру керек.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудегі зерттеу бастауы, педагогикалық маңызы
бар әдебиеттермен танысудан бастау алып, зерттеушілер өз бағытын нақтылап
алып, зерттеу жұмыстарындағы басты бағдарламаны жасайды. Сол сияқты әлемдік
білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесінде реформалар жүріп жатқаны баршамызға мәлім.

Реформаға сәйкес жоғары оқу орындарыидағы педагогикалық үрдіске
инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу уақыт талабы болып отыр.
Сондықтан да, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдіснамаларын меңгеру болашақ
ұрпақ тәрбиешілері үшін мұқтаждық.
Технология — латынның техне — өнер, шеберлік, қолөнер және логос
— ғылым деген сөзінен шыққан. 1960—1970 жылдардан бастап педагогика
ғылымында педагогикалық технология ден аталатын жаңа ұғым пайда болды.
Бірақ бұған педагогикалық көзқарастар әртүрлі. Мысалы: С.Сполкин
Педагогикалық технологиялар — бұл мақсаттар қою, оқу, оқу жоспары мен оқу
бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің бүтіндей
бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына
байланысты және жаңа мақсат қоюдың тұтас үрдісі, десе, Б. Лихачев
Педагогикалық технология — оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер
ететін педагогикалық ықпал, дейді. Ал, Ш.Таубаева, Б. Барсай есімді
ғалымдар Педагогикалық технология — оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылық пен
терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін оқыту мен
тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі деп
есептейді. Жоғарыдағы пікірлерді сараптай келіп, ғылыми-педагогикалық
зерттеу әдіснамасының негізгі мақсаты — оқу мен тәрбие жүйесін үздіксіз
жетілдіру болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан да біздің болашақ ұстаз
-тәлімгерлеріміздің ізденушілікке бейімделуін жоғары оқу орындарында
қалыптасуына жағдай туғызып отыру қажетті үрдіске айналуы керек.
Педагогикалық технологияның ғылыми тұрғыдан негізделген амал-
тәсілдерін төмендегідей құрылымға бөлуге болады:
а) тұжырымдамалық негізі;
ә) мазмұндық бөлімі (мақсаты);
б) әрекеттік бөлімі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеуде зерттеушілер педагогикалық технологияның
тиімділігі педагогикалық және материалдық шарттарға байланысты болатындығын
есте ұстаулары қажет. Олар тұлғаның даралығы, мәдениеті, қызығушылығы
т.с.с. байлапысты да болады. Мысалы: Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға
қоғамның әлеуметтік сұранысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Пәндер