Қолданбалы экология. Табиғат ресурстары. Жіктелуі. Оларды қорғау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қолданбалы экология.
Табиғат ресурстары. Жіктелуі. Оларды қорғау.
Республика жерінде тау-тас орман тоғай шөп пен жемістер сияқты құстар мен аңдар да адамзаттың қажетін өтеп, сән-салтанаттын жарастырып отырады. Мұндай табиғат ресурстарына Қазақстан жері ежелден-ақ өте бай.
Табиғат байлықтары қоғамға керекті тамақ өнімдерін ауыл шаруашылығына жем-шөп орын, үй тұрғызуға құрылыс материалдарын дайындауға заводтар мен электростанциялар, жер суғару жүйелерін тұрғызуға құрылыс материалдарын дайындауға, минарелды тыңайтқыштар дайындауға пайдаланылады.
Бұл жерде айта кетерлік жайт адам еңбегімен жасалған байлық ағаштан жасалған үй планетаның материалдық байлықтары комплексіне жатпайды. Олар товарлы-материалдық құны бар, адам еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Баға жетпес табиғат байлықтары қатарына атмосфералық ауа, ауыз су, нұрлы күн көзі энергияға жатады.
Нақтылы табиғат ресурстары - өндіргіш күштер өндіріс қатынасының белгілі бір кезеңде адамдар кәдесіне жарап жүрген ресурстар. Бұларға: құнарлы жерлер, әр түрлі өсімдіктер, пайдалы қазбалар т. б. жатады.
Потенциалды табиғат ресурстары қатарына әр түрлі себептермен пайдаланылмай жатқан ресурстар жатады. Бұған күн көзі, жел энергиясы, теңіз ағыстары, және ай ресурстары жатады.
Республикамыздың экономмикалық дамуында нақтылы және потенциалды ресурстарды пайдаланудың арасындағы арақатынасты дұрыс сақтай білудің маңызы өте зор.
Сарқылатын ресурстар қатарына адам еңбегінің белгілі бір даму кезеңінде өз қорын түгелдей қорларды айтамыз. Олардың өзін төмендегідей бөлуге болады: қайта қалпына келтіруге, шамамен қалпына келтірілетін және қалпына келтіруге болмайтын табиғат ресурстары.
Қалпына келетін табиғат ресурстары қатарына адам белгілі бір кезеңінде адамдардың көмегімен қайтадан бұрынғы мөлшеріне келетін ресурстар. Бұларға пайдаланылатын ресурстар жатады.
Сарқылмайтын ресурстар: космостық ресурстар, - күн кқзінің радияциясы, космостық радиотолқындар, теңіз ағыстары. Олардың пайда болуы ай мен күннің тартылу күшіне байланысты. Климаттық ресурстар қатарына жататындар атмосфералық ауа, жел энергиясы, энергия көзін өндіруде қолданылатын су энергиясы.
Экономикалық даму дәрежесіне қарай кейбір табиғи ресурстары түрлерін өзара айырбастауға болады.
Өзара айырбастауға болмайтын, тек сол күйінде пайдалынатын табиғат ресурстары қатарына атмосфералық, ауа, ауыз су жатады. Сол сияқты түйе, жылқымен, қасқыр мен түлкәнә айырбастауға болмайды.
Бұлардан басқа табиғат ресурстары планетааралық ресурстардан - атмосфераның электірлендірілуі, жердің магниттік күші, қысым, ауа, су, тау жыныстары, химиялық элементер, жылу климат, биологиялық өсімдіктер, жануарлар дүниесі, аралас ресурстардан тұрады.
Планетамызда адам санының өсуіне байланысты табиғат ресурстарын молынан пайдалану - оларды сарқылмайды деген ұғымның ескіріп бара жатқанын, сондықтан қандай жағдай болса да үнемдеу керектігін әрбіріміз ескеріп, оны іске асыруымыз қажетті.
Жылдар өткен сайын табиғат ресурстарын деген көзқарас та өзгеріп отыр. Егер бұдан бірнеше ондаған жылдар бұрын жел күші кемелер жүргізу үшін пайдаланылса, қазір жүйрік мотролы кемелердің шығуына байланысты, транспорт есебіндегі маңызын жойды. Көмір өндірудегі игермес бұрын отын есебінде кит майы қолданылса, кейінірек ағаш, көмір пайдаланылды.
Бірақ, қолда бар байлықты тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
Қазақстан территориясындағы табиғат ресурстары байлығы сүйеніп оны қалай болса солай тиімсіз пайдалануға жол берілмеуі керек. Әсіресе, жергілікті жерде қоры бола тұрса да, табиғат ресурстарын бір ауданнан екінші ауданға тиімсіз тасымалдау орын алып келеді. Осының салдарынан өнімнің бір өлшеміне келетін табиғат ресурстарының шығындалу мөлшері өсе беретін болады.
Сол сияқты суармалы жер тиімділігін көтеруге жануарлар дүниесінің сақталуына, өсімдіктер қорының тиімді пайдалануына қамқорлық жасалуы керек.
Атмосфералық ауаны, өсімдіктер мен жануарлар алуан түрлілігін қорғау.
Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын тазалығын сақтау өте маңызды.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35 млн. сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн. сомға ауаны таза ұстау мақсатыңда ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның шығатын лас қалдықтар қорғасынғ күкірт ангридиді көмірқышқыл газы, азоттың, косоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.
Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаң-сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауа-ластауға себепші болып отырған Алматы қаласында -72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатылды.
Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келеді.
Семей қаласындағы республика өнеркәсіп құрылысы материалдары министрлігіне қарасты бірқатар кәсіпорындарда зиянды заттардың бөлінуін азайтудың маңызы зор.
Соңғы кездері қалалардағы автотранспорттың қозлысын реттеуге де айрықша көңіл бөліне бастады.
Ғылыми жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауа тазалаудың бірнеше әдістері белгілі болып отыр. Аппараттардың ішінде қазіргі талапқа сай жетілген түрі электрлі сүзгіш және басқа да тазалағыш тәсілдер. Ауаны таза ұстаудың кепілі, қолда бар машиналар жетілген үстіне жетілдіре беру. Әрине, күні бүгінге дейін ешбір тазалағыш аппараттың көмегімен жұмыс істеген. Әрбір кәсіпорын өзінен шыққан қалдықтарын
қайтадан толық немесе жартылай пайдалану арқылы жұмыс істеу, тұйықталған шеңбер жүйесі арқылы асыру үшін көрегендікпен жаңа технологиялық жүйк жасау қажет.
Ауаны таза ұстау мақсатында біздерге жасыл желектің көп көмегі бар. Ағаш жапырақтарын химия лабораториясы деуге де болады. Өйткені олар көмірқышқыл газын өздерін сорып, таза оттегін шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz