Ұйқы және оның мөлшері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ұйқы және оның мөлшері

Орта есеппен алғанда, адам өз өмірінің үштен бірін ұйқыға жұмсайды. Ұйқыда жатқанда тамырдың соғуы мен тыныс алу баяулайды, қан қысымы төмендеп, адам денесіндегі температура аздаған мөлшерде төмен түседі. Жүйке жүйесінің сезімталдылығы да бәсеңдеген күйге түседі. Осынау бір ес-түссіз күйге түсу арқылы ағза тынығады және денедегі жаңа жасушалар мен ағза тіршілігіне қажетті заттар түзіледі.

Биоритм

Адамның ағзасында өзіне тән биосағаты болады. Ішкі сағат адам ұйқыда жатқан шақта да өзінің қозғалысын тоқтатпайды. Әдетте, биологиялық сағаттардың периодтық ұзақтығы 24 сағаттан көп. Күнделікті қайталанатын күйбің тіршіліктегі әрекеттер биосағатты 24 сағатқа сәйкестендіреді. Биоритм үшін күн мен түннің, жарық пен қараңғылықтың ауысуларының өздеріне тән маңыздылықтары бар. Кейбір мәдениетте түс уақытысында ұйықтау да қалыпты жағдай саналады. Біздің көп уақыттан бергі ұйықтау уақытымыз, тамақтану уақытымыз, жұмысқа бару немесе сабаққа бару секілді күнделікті тіршілігіміз біздің биоритмге бекітіліп қойған. Әр адамның ритмі әртүрлі. Мысалы, таң уақытысында ұйқысы қанық болмайтындар мен ұзақ ұйықтағыш адамдар бар. Олар таң мезгілінде ұйқыларының қануы үшін көп ұйықтап, есесіне, түнде ұйқыға тым кеш жататындар ( жағдай қиын мұндай кезде ) . Бұндай адамдарға кері жағдайдағы адамдар да кездеседі. Олар таң атқанда ‘ ‘Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” дегендей, өздерін сергек әрі тыныққан адамдай сезінетіндер. Бірақ кешке ол адамдардың діңкесі ерте құрып төсекке құлай кетуге әзір тұрады. Адамдардың мұндай топтарын денедегі температурасы арқылы білуге болады екен. Егер адамның биоритмі тым ұзақ ұйқыны қажет етпесе, оны бұзып, ұйқыны ұзартудың қажеті жоқ. Бұндай жағдайлар биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады. Ал биоритм адамдардың жоғарыдағыдай екі түрін қалыптастырады: бірінде қалыпқа сай келмейді, енді бірінде қалыпты жағдай.

Ұйқының ұзақтығы

Бір адам орта есеппен қанша уақыт ұйықтау керек? Әрине, жағдайға қарай әртүрлі болады. Адамның жасы неғұрлым ұлғайған сайын ұйқысының ұзақтығы қысқара бастайды. Емшектегі сәби күніне 16 сағат, кішкентай балалар 11-13 сағат аралығында, ал жасөспірімдер шамамен 9 сағаттық ұйқыны місе тұтады екен. Ересек адамдар орта есеппен алғанда 8 сағат, ал 50 жасты алқымдаған кісілердің ұйқысыуақыт өткен сайын қысқара түседі және онымен қоймай, ұйқылары қанықпайтын бола бастайды. Тіпті, кей жағдайларда небәрі екі сағат ұйықтайтын қарт кісілер де болады екен.

Ұйқы.
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотктік, ауытқулық және шартты рефлекс.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктеріннің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
И. П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу - жеке зоналарға бөленген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. И. П. Павлов ұйқының тежелуге ауысатындығын, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығын анықтады.
Ұйқы мен сергектіктің алмасуы - тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік - күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.
Бұлай бөлінудің негізінде белгілі физиологиялық түрткілер, яғни тіршіліктік және биохимиялық көрсеткіштердің заңды тәжірибелері жатыр.
Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қаң қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.
Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау - ұйқы үшін өте маңызды.
Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.
Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.

Кесте. Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі ұйқының мөлшері.

Баланың жасы.: Баланың жасы.
Ұйқының уақыты, сағат.: Ұйқының уақыты, сағат.
Баланың жасы.: Баланың жасы.
Ұйықтау уақыты, сағат.: Ұйықтау уақыты, сағат.
Баланың жасы.: Жаңа туған сәби.
1-3 ай.
6 ай-1 жас.
2-3 жас.
4-5 жас.
Ұйқының уақыты, сағат.: 21-22
18-20
14-16
13-14
11-12
Баланың жасы.: 5-6
8-10
13-14
16-17
Ересек адам.
Ұйықтау уақыты, сағат.: 10-11
9-10
8-9
7-8
6-8

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫ НЕДЕН БОЛАДЫ?

Ұйқы безі адам денсаулығында, әсіресе, ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Сонда бұл нендей дерт?
Ұйқы безін анатомия құрылысына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без клеткаларының өндіретін ферменті түтік жолымен ұлтабарға құйылады. Сөйтіп, ас қорыту процесіне белсене қатысады. Без ісінгенде немесе ол жараланып, ішіне қан құйылғанда оның кейбір жерлері жидіп өле бастағанда (некроз) ұйқы безі қабынып қатты ауырады.
Ауру безді тұтастай немесе оның кейбір жерлерін ғана (басын, денесін, құйрығын) қамтуы мүмкін. Қатал панкреатитті көбінесе микробтар қоздырады, бірақ ауру кейде онсыз да басталады. Қабыну күші және аурудың барысы сол қоздырғыш факторына байланысты.
Ұйқы безінің қабынуы әрқашан шыдатпай, қатты ауырып басталады. Ауыру іштің жоғарғы (ұйқы безінің тұсы) бөлігінде болады. Қатты ауырғандығы сонша, кейде адам дөңбекшіп, есінен де танады. Өңі қашып, қол-аяқтары көгере бастайды. Артериялық қан қысымы төмендейді. Тамыр соғуы нашарлайды. Ауырғаны басылмай, адамның жотасына таралады. Арқасын белбеудей орайды. Ұйқы безі қабынған адамның ұстамасы келгенде құса бастайды. Рас, дене ыстығы нормадан аспауы мүмкін, бірақ адамның жалпы халі нашарлайды. Кейде жата да алмай, тек қисайып қана отырады.
Ұйқы безінің қабынуына өт жолының қабынуы қосылса, адамның денесі сарғаюы мүмкін. Бірқатар аурулардың дем алуы бұзылады, кейбіреулердің ішектері қызметін дұрыс атқара алмайды, үлкен дәреті жүрмей қалады. Сондықтан, осындай халге кездескен адамды кешіктірмей ауруханаға жеткізген немесе жедел жәрдем көмегін шақырған жөн.
Егер ауру ұстамасы ұйқы безі ісінгеннен пайда болса, онда оны дәрі-дәрмекпен емдеуге болады. Ауырған жерге мұз басып, екі бүйірден укол (блокада) жасаған пайдалы. Мұндайда диета сақтап, адамға ашығу (голод) да, қан тамырына новокаин, атропин енгізген тиімді.
Ал, без жидіп, өлі еттенсе (некроз), яғни іріңдесе, онда оған операция көмегі қажет болады.

Түскі ұйқы апаттан сақтайды.

Күні бойы қалың шудың арасында жүріп қатты шаршаған адамға түнде ғана ұйықтау денсаулық тұрғысынан жеткіліктіме? Макс Плэнк институтының ұйқыны зерттеу бөлімі мамандары мен психологтарының бірі:

«Еуропаның көптеген медицина мамандары мен биологтары күндізгі ұйқы жөніндегі зерттеулерге елеусіз қарап келді. Есесіне түнгі ұйқы көп зерттеліп, көп жазылды. Шығыс кітапханаларында қаншама жылдан бері осы төңіректе жазылған мағлұматтар көп кездессе де, әлі күнге жете көңіл бөлмей келгеніміз - біз үшін айтарлықтай кемшілік» - дейді доктор Жүрген Заллей.

Ғалымдар түскі ұйқы адамның денсаулығы мен сергектігі тұрғысынан өте пайдалы деген тұжырым жасап отыр.
Макс Планк институтында ұйқыны зерттеумен шұғылданатын доктор Заллей жұмыс орнындағы қызметкерлерге жүргізген бақылаулары мен зертханалардағы зерттеулерін ұштастырып, мынадай тұжырымға келді: «Зертханада мейлінше тыныштьық. Біз бақылауға алған кісі тыныш ұйқы құшағында. Бұл жерде жұмыс істеп тұрған нәрсе ЕЕГ (Электроэнсефалография) құралы ғана. Дененің белгілі орталықтарына жабыстырған құрал бұлшық еттердің босауы мен қозғалысын, қысымын бақылауда. Бір жағынан, дене температурасы да өлшенуде. Екі сағатқа созылған бақылаудан кейін компьютер мәліметтер мынаны ұқтырды: түскі ұйқы адамның жүрек, ми, барлық дене ағзаларын реттейтін табиғи жағдай. Ұйқыдан оянған кісі: «туу, қатып ұйықтап қаппын ғой» деп тыңайып, сергіп қалғадығын білдірген. Түнгі ұйқыға қарағанда түскі анағұрлым пайдалырақ.

Ұйқы зерттеушісі Жим Хорне бақылыу жасалған кісінің дене температурасы, ой қабілетімен қатар күндіз жоғарылап, түскенін байқаған. Зурич универсиітетінің Фармокология институтында зерттеу жүргізген Ирина Тоблер иттердің, тышқандардың маймылдар мен аттардың түс уақытында 20 минут, тіпті жарты сағаттай ұйықтағандықтарына куә болған.

Түскі ұйқының табиғи ритмі (Биоритм) сәбилер мен кішкене балалардан анық байқалады. Әсіресе, емшектегі сәбилердің түнгі уақыттарда ретті ұйықтамаса да күндізгі уақытта жиі-жиі ұйықтауы қалыпты деп қабылдануда. Уақыт өтіп, баланың жасы есейе түскен сайын түнгі ұйқысы реттеледі, алайда күндізгі ұйқыны (түскі ұйқы) да қажет етеді. Ол түскі уақыттарда үнемі есінеу, көздің талуы, дененің босаңсуы секілді табиғи реакциялар арқылы белгі береді. Амдам қартайған шағында түнгі ұйқыдан күндізгі ұйқыға көбірек бейімделе бастайды. Бұл кезеңде ұйқы мерзімі қысқа да болса жиі қайталанып тұрады. Күні бойы үш-төрт мезгіл көз ілінеді.

Олай болса, ешкім бас тарта алмайтын бұл түскі ұйқы қайдан пайда болуда? Мамандар ол «Адамның биологиялық сағаты» деуде. Түстен кейін сағат екі мен төрт арасында дене температурасы ең жоғарғы деңгейге жеткен кезінде адам шаршайды, босаңсиды. Бұл кезде тынықққан жөн. Түскі уақытта екі сағат көз шырымын алған адам тыңайып, әжептәуір сергектікке қол жеткізеді. Байқасаңыз, жол апаттарының болу қаупі дәл осы уақытта көп ұшырасады. Жол қазасының 23 пайызы осы уақытта болады екен. Мамандар ең үлкен тәуекел иелері ұшқыш, дәрігер, кезекшілердің түскі уақытта кішкене көз шырымын алса, қатердің болу қаупі сейілетіндігін байқаған. Өйткені, жарты сағаттық түскі екі сағаттық түнгі ұйқыға тең келуде. Батыстық ғалымдар енді аңғарып жатқан бұл ақиқатты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с. а. у. ) өмірінен көреміз. Ол түнде тұрып намаз оқу үшін үмбетіне күндізгі уақытта түс кезінде көз шырымын апу керектігін аманат еткен. Өзі де үнемі түс кезінде көз шырымын алатын болған. Тіпті жаугершілік кездерде де бұл әдетін тастамаған екен.

ҰЙҚЫҢЫЗДЫ «ҰРЛАТЫП» АЛДЫҢЫЗ БА?

Ұйқының адам баласына қаншалықты пайдасы бар екенiн көбiмiз бiле бермеймiз. Ұйқы денсаулыққа қажет, бiрақ көп ұйықтау да зиян. Сондықтан қанша сағат ұйықтау керек осы және басқа ұйқыға байланысты сұрақтарға тiлшiмiздiң зерттеуiнде.

Ұйқы - әр адамның тiршiлiк қажеттiлiгi. Адам өмiрiнiң үштен бiр бөлiгi ұйқыға кетедi. Ұйқы кезiнде физиологиялық процестер баяулайды да, ағзаның жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге жағдай жасалады. Бiрақ, ұйқы тек демалыс қана емес, өйткенi ұйықтаған кезде мидың бiрқатар жүйелерi жұмыс iстеп тұрады. Мысалы, жатар кезде кезде адамның күндiз көрген-бiлгенi, ренiш-күйiнiшi есiне оралып, орнығу процесi жүредi. көмегiмен ұйқының екi түрi анықталды. Олар: түс көрмейтiн бiрқалыпты - тыныш ұйқы және түс аралас қауырт ұйқы. Әдетте, бiрқалыпты ұйқы түнгi ұйқы ұзақтығының 75-80 пайызын, ал қауырт ұйқы 20-25 пайызын алады. Қауырт ұйқы мен бiрқалыпты ұйқының кезектесе келуi денсаулығы жақсы адамдарға тән. Мұндайда адам ұйқысы қанып сергек оянады. Әлсiн-әлсiн оянып, ұйқысы үзiле берген адам дұрыс демалмайды, еңбек қабiлетi төмендеп, ашушаң болады.

Түс көру көбiнесе қауырт ұйқы кезiнде (80-90 пайыз) немесе одан кейiнгi бiрнеше минут iшiнде байқалады.

Сондықтан ол тез ұмытылады. Әдетте адам оянып кетпесе, түс есте қала бермейдi. Өзiнiң мазмұны жөнiнен түс деген - адамның бұрын басынан өткерген әсерлерiнiң iздерi мен үзiндiлерiнiң кездейсоқ жүйесiз үйлесiмi болып табылады. Бiрақ, кейде бұлардың өзара сюжеттiк байланысы да болады.

Адамның бiрқалыпты ұйқысының ұзақтығы негiзiнен оның жас шамасына байланысты. Жаңа туған нәресте тәулiгiне 2-3 сағат қана ояу болады. Бала 6 айлық кезiнен 3 жасқа дейiн 14 сағаттан кем ұйықтамауға тиiс. 4-5 жастағы балалар тәулiгiне 13 сағат, 6 жаста -12, 7 жаста -11, 8-10 жас аралығында - 10-10, 5 сағат, 11-12 жаста - 9-10, ал 13-16 жастағы жасөспiрiмдер - 9 сағат, 17-18 жастағылар 8-8, 5 сағат ұйықтауы қажет.

Ересек адам тәулiгiне кем дегенде 6-7 сағат ұйықтауға тиiс. Ал қартая келе тәулiгiне кем дегенде 6-7 сағат ұйықтау керек. Бiрақ қартая келе ұйықтау ұзақтығы әдетте 5-7 сағатқа дейiн қысқарады. Ұйқыдан айрылу ағзаға аштықтан да жаман әсер етедi. Бiрқалыпты ұйқының ұзақтығы ересек адамдарда әр түрлi себептерге: ағзаның ерекшелiгiне (оның жүйке жүйесiне, зат алмасуына) еңбек жағдайына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Диабет
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Ұйқы безінің гормональды реттелуі
Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары
Ұйқы гигиенасы
Сілекей бөлу, сілекей құрамы. Сілекейдің бейім делу сипаты. Шайнау, жұту, сілекей бөлуді зерттеу әдістері
Тәуліктік ырғақтар
«Фитогормондар»
Эндокриндік бездер физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz