Логистикадағы қорлар


ЛОГИСТИКАДАҒЫ ҚОРЛАР
Материалдық қорлар түсінігі
Материалдық қорлар түсінігі логистикада маңызды болып табылады. Табиғаттан алынатын шикізат дайын өнім түрінде соңғы тұтынушыға келер алдында басқа материалдар мен орналасады, бірігеді, өндірістік өндеуге тартылады. Материал жүргізуші тізбек бойынша жылжып, шикізат (ал аясында жартылай фабрикат және дайын өнім) өзінің осы немесе басқа өндірістік немесе логистикалық операцияға енуін күтуінен кешігеді. Көпшілік мақұлдаған тұжырым былайша пайымдайды: материалдық қорлар - бұл өндірістің әр түрлі сатысында болатын және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім айналымындағы, жеке немесе өндірістік тұтыну үрдісіне енуін күтетін халық тұтынатын бұйымдар және басқа да тауарлар. Қорлардың құрылуы әрқашан шығындармен кездеседі. Қорлардың құрылуымен және құрамымен байланысты шығындардың негізгі түрлерін атап өтейік:
- қатырылган қаржы-қаражат;
- арнайы жабдықталған орынды күтуге кететін шығындар;
- арнайы персоналдың жалақысы;
- ұрлаудағы, бұзылудағы үздіксіз тәуекел.
Қорлардың болуы - бұл шығындар. Алайда қорлардын болмауы - бұл да шығын, бірақ өр түрлі жоғалтулар формасында көрсетілген. Қорлардың болмауымен байланысты жоғалтулардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- өндірістің тұрып қалуынан болатын жоғарулар;
- сұраныс пайда болған кезде қоймада тауарлардың жоқболуынан болатын жоғалтулар;
- жоғары бағамен шағын тауарларды сатып алуынан болатын жоғалтулар.
Қорлардың құрамы белгілі бір шығындарға ұшырайтындығына қарамастан, кәсіпкерлер оны құруға мәжбүр болады, өйткені қорлардын болмауы пайданың одан да көп жоғалтуларына алып келуі мүмкін. Қорларды ұтымды басқару қорлардың құрамына минималды шығындар кезінде үздіксіз-өндірістік және сауда үрдісімен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Материалды қорларды құру барысында кәсіпкерлер басшылықка алынатын негізгі себептерді атап өтеміз.
Сұраныстың ауытқу мүмкіндігі (шығатын материалды ағымның қаркындылығының төмендеуі) . Тауарға деген сұраныс ауытқуға шалдыкқан, бұны әрқашан тура болжап шешуге болмайды. Сондықтан, егер жеткілікті сақтандыру қоры болмаса, төлей алатын сұраныс қанағаттандырылмайтын жағдайы болуы да мүмкін, яғни кәсіпкер дүкендерде тауар болмаса және клиентті сатып алусыз, ақшамен жіберу тәуекелі болады.
Кейбір тауарлар түрлеріне сұраныстын мерзімді ауытқуы. Негізінен бүл ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты. Көп тауарлар сатып алута жеңілдіктің болуы қорлардың құрылу себебі болып табылады.
Нарықтық бағадағы өзгешелік . Кейбір тауарлардың бағасы тез өсіп кетуі мүмкін. Осы өсуді болжай алған кәсіпорын нарықтық бағаның өзгеруінен пайда табу мақсатымен қор құрады.
Тапсырысты жеткізу және орналастырумен байланысты шығыңдардың төмендеуі . Әрбір тапсырыстарды жеткізу және дайындау үрдісінде бірқатар шығындар болады жабдықтаушыны іздеумен, сонымен келіссөздер жүргізумен, іс-сапармен, қалааралық келіссөздермен және тағы сол сияқтылармен байланысты әкімшілік сипаттағы шығындар.
-тапсырыстарды тасымалдауға жұмсалатын шығындар.
Бұл шығындарды тапсырыстардың санын қыскарту арқылы төмендетуге болады, ол тапсырылған партиянын көлемінің көбеюіне жәнеәне сәйкесінше, қорлар мөлшерінің көбеюіне тен. Белгіленген жеткізу графикасын бұзу ықтималдығы (кіретін материалды ағымдардың карқындылығының төмендеуі) . Бұл жағдайда қор сауда кәсіпорнының пайдасын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын тауарлар үшін өте маңызды сауда үрдісі тоқтап қалмау үшін кажет. Өндірісте өндіріс циклі үздіксіз кәсіпорын үшін үрдістің жоспардан тыс тоқтап қалуы өте қауіпті.
Бұйым бірлігін өндірумен байланысты шығындардың төмендеуі . Сұраныстың пайда болуына байланысты бұйымды шағын партиямен шығаруға болады. Онда қорлар көп болмайды, алайда, өндірісті қайта жабдықтау бұйым бірлігінің өзіндік құнына ауыртпалық туғызады. Басқа бір жолы - бір үлкен партия шығарып және дайын өнімді запаста ұстау. Бұл жағдайда өндіріске бұйымдарды жіберумен байланысты шығындар көп бұйым санына бөлінеді, ол өз кезегінде қор өсіп кеткен жағдайда да бірліктің өзіндік құнын төмендете алады.
Өндіріс және таратылу бойынша бір қалыпты операциялардың жүзеге асырылу мүмкіндігі . Бұл қызметтің екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты: не өндірілсе сол таратылады. Қор болмаған жағдайда үлестіру жүйесінде материалды ағымдардың қарқындылығы өндіріс қарқындылығының өзгеруіне сәйкес ауытқиды. Үлестіру жүйесінде қорлардың болуы өткізу үрдісін бірқалыпты өндірістегі жағдайға тәуелсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік қорлардың болуы өз кезегінде шикізаттарды және жартылай фабрикатты жеткізіп тұрудағы ауытқуды басады, өндіріс үрдісінің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сатып алушыға жылдам қызмет көрсету мүмкіндігі . Сатып алушылардың тапсырыстарын мынадай әдістермен орындауға болады:
-тапсырылған тауарларды өндіру;
-тапсырылған тауарларды сатып алу;
-қолда бар қорлардан тапсырылған тауарларды жылдам беру.
Соңғы әдіс ең қымбат болып табылады, өйткені қорлар құрамын талап етеді. Бірақ бәсеке жағдайында тапсырысты жылдам қанағаттандыру мүмкіндігі тұтынушылар үшін күресте шешуші болуы мүмкін. Қор бөліктерінің болмауынан өндірістің тұрып қалуын минимумға келтіру. Бөлшектер қоры болмаған кезде жабдықтардың сынуы, әр түрлі апаттар өндіріс үрдісінің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін. Бұл әсіресе өндіріс үрдісі үздіксіз кәсіпорын үшін өте маңызды, өйткені бүл жағдайда өндірістің тоқгап калуы өте кьімбаткд түсуі мүмкін.
Өндірісті басқару үрдісін жеңілдету . Кәсіпорын ішінде өңдіріс үрдісінің әр түрлі сатысында жартылай фабрикаттар қорын құру туралы әңгіме болып отыр. Осы қордың болуы әр түрлі учаскіде өндіріс үрдісінің келісімділік дәрежесіне қарай талаптарды төмендетуге мүмкіндік береді, ал олай болса, осы үрдістерді басқаруды ұйымдастыруға кететін шығындар да азаяды. Жоғарыда айтылған себептер кәсіпкерді саудада және өнеркәсіпте қор құруға мәжбүр болуын куәландырады, өйткені ондай болмаса шығындар айналымы көбейеді, яғни пайда төмендейді.
Берілген курс шеңберінде жоғарыдағы айтылған жағдайлардың көпшілігінде қордың орнына, сондай-ақ өндірістік немесе сауда нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін, жылдам жауап қайтаратын логистикалық технология құруға болатынын ерекше атап өткен жөн. Мысалы, егер дүкеннін тапсырыстарын дайындап, жеткізіп тұру мерзімін үш күннен үш сағатка дейін қысқартса, онда аяқ астынан үлкен сатып алушылар сұранысы болған жағдайда өте аз сақтандыру қоры талап етіледі.
Үрдістерді логистикалық ұйымдастыру бұйымдар бірлігін өндірумен байланысты шығындарды қор деңгейін жоғарылатусыз азайтуға, қосалқы бөлшектердің болмауынан өндірістің тұрып қалуын минимумға келтіруге Материалды қорлардың түрлері
Жоғарыда айтылғандай, қор түсінігі материалдық өндірістің барлық саласын қамтиды, өйткені материалды ағым өзінің қозғалу жолында, яғни шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін кез келген учаскіде қор түрінде жиналуы мүмкін. Әрбір учаскідегі қорларды басқарудың өзгешілігі болады. Шикізаттың, соңғы бұйымға айналу жолында және осы бұйымның соңғы тұтынушыға дейінгі келесі қозғалысы жолында қордың негізгі екі түрі пайда болады:
- өндірістік қорлар;
- тауарлы қорлар.
Осы аталған қордың әрбір түріне сипаттама берейік. Өндірістік қорлар - өндірістік тұтынуға арналған материалдық өндіріс өрісінің барлық салалардағы кәсіпорындарда болатын қорлар. Өндірістік қорларды құру мақсаты - өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
Тауарлы қорлар - әзірлеуші кәсіпорындарындағы дайын өнімнің қорлары, сонымен қатар тауардың жабдықтаушыдан тұтынушыға жүру жолындағы қорлар, яғни көтерме, шағын көтерме және бөлшек саудадағы кәсіпорындардағы, дайындау ұйымдарындағы және жолдағы қорлар. Тауарлы қорлар өндіріс құралдарының қорлары және тұтыну заттарының қорлары болып бөлінеді. Бұдан басқа өндірістік және тауар қорлары үшін бірнеше топтастыру белгілері бар.
20-суретте қорлардың бірнеше негізгі топтастыру белгілері көрсетілген.
Логистикалық арнадағы өнімнің орны және оның түрі бойынша материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, ыдыс, қайтарымды қалдық қорларын бөлін көрсетуге болады.
Интегралды тәсіл тұрғысынан базистік логистикалык функцияларға қатынасы бойынша жабдықтаудағы материалдық ресурстар, материалдық ресурстардың өндірістік қорлары, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің қорлары тарату жүйесіндегі дайын өнімді сататын (тауарлы) корлар және тұтас материалдық қорлар.
Жабдықтаудағы қорлар - бұл жабдықтаушыдан тауар өндірушінің материалдық ресурстар қоймасына дейінгі логистикалық арнада болатын материалдық ресурстар, олар дайын өнім өндірісін қамтамасыз етуте арналған.
Өндірістік қорлар - бұл материалдық қорлардын және аяқгалмаған өндірістің қорлары, олар фирманың өндірістік-технологиялық бөлімшесінің шеңберінде өндірістік кестенің орындалуын қамтамасыз етуге арналған. Өткізетін (тауарлы) қорлар - бұл өткізу тауарларында және өндіруші фирманың дайын өнім қоймасында болатын дайын өнім қорлары және тұтынушылар (сату) сұранысын қанағаттандыруға арналған. Жабдықтау, өндірістік және өткізетін қорлар жалпы шығын тұрғысынан логистикалық менеджментті оңтайландыру объектісі болып табылатын фирманың жиынтық материалдық қорларын құрайды. Кешендік логистикалык функцияға қатынасы бойынша қоймалық, көліктік және жүк өңдеу қорларын атап өтуге болады.
Қоймалық қорлар - бұл логистикалық жүйенің белгілі звеноларының деңгейіндегі және әр түрлі типтегі қоймаларда болатын өнімнің қорлары. Көліктік қорлар (жолдағы қорлар, транзитгік қорлар) -бұл логисткалық жүйенің бір звеносынан басқаға немісе бір звено шеңберінде тасымалдау үрдісінде болатын материалдық ресурстар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім қойлары. Ерекше қоймалық қорларға логистикалық сақтау операциясынсыз жүк өңдеу үрдісіндегі қорлар жатады (мысалы, көліктік бір түрінен екінші бір түріне ауыстыру, ұзарту. сұрыптау және т. б. ) .
Функционалдык бағыты бойынша ағымдағы, сақтандыру (кепілдеме), дайындық және мерзімді қорлар болып бөлінеді. Ағымдағы қор (қордың бөлігі) - өндірістік (өткізген негізгі белігі, ол өзара байланысты екі жеткізулер арасындағы өндірістік үрдістің үзіліссіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Сақтандыру немесе кепілдемелік қор (қордың белгілі дайын өнімге сұраныстың күтпеген ауытқуымен, материалдық ресурстарды жеткізу бойынша келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауымен (мерзімнің бұзылуымен, жеткізу көлемімен, жеткізілетін материалдық ресурстардың сапасы және т. с. с) . өндірістік-технологиялық циклдағы жаңылулармен және басқа да күтпеген жағдаймен байланысты қаржылық тәуекелдікті және логистикалық тәуекелдікті жою үшін арналған. Дайындық қоры (қордын, бөлігі) - өндірістік (өткізу) қордың бөлігі, ол материалдық қорларды (дайын өнімді) өндірістік немесе жеке тұтынута дайындау үшін арналған. Берілген қорлар түрлерінің болуы қабылдау, рәсімдеу, тиеу-түсіру, тұтынуға қосымша дайындық (тазалау, түсіру жөне т. б. ) бойынша белгілі қарапайым логистикалық функцияларды орындау қажеттілігімен туған.
Мерзімді қор - бұл сұраныстың мерзімді ауытқуы иемесе өндірістің сипаты кезінде құрылатын және қолдау табатын дайын өнім жене материалдық ресурстар қорлары. Дайын өнімді жылжыту қорлары, әдетте бүкіларалық ақпараттық құралдарда кең масштабты жарнамамен жүретін рынокка фирма тауарды жылжыту мақсатында жүргізетін маркетинттік саясатына тез өсер ету үшін өткізу арналарында қалыптасады. Бұл қорлар фирманың дайын өніміне сұраныстың тез өсу мүмкіндігін қанағаттандыру керек (көбінесе кең тұтынатын тауарлар үшін: аудио және бейнетехника, темекі өнімдері және т. с. с) . Спекулятивті қорлар негізінен соларға бағаның көбею мүмкіндігінен немесе протекциониетік квоталарды немесе тарифтерді енгізу мүмкіндігінен сақтау мақсатында материалдық ресурстар (компоненттер. жартылай фабрикаттар) үшін фирмамен құрылады. Мысал ретіңде көптеген еуропалыкқ және американдық фирмалардың үлкен көлемде арзан элекртондық компоненттерді (микросхема, блоктар және т. с. с. ) - компьютерлерді. аудио және бейнетехникаларды Жапониядан, Кореядан, Сингапурдан сатып болып табылады. Ескірген (жұмсалмайтын) қорлар өндірісте логистикалық циклдир және таратулар тауардың өмірлік циклымен тура келмейтін кезінде пайда болады. Бұл жағдайда моральдық ескірген тауарлардың өтімділігі болмайды. Логистикалық басқарудың мәселесі осындай қорлардың пайда болу мүмкіндігін болдырмау болып табылады. Логистикалық тізбектің звеносына жөне логистикалық делдалдарға қатынасы бойынша қорлар жабдықтаушыда, тұтынушыларда, сауда делдалдарында, логистикалық делдалдарда болуы мүмкін.
Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаты
Қорларды басқару олардың нақты жағдайын бақылауды ұйымдастыруды алдын ала қарастырады. Қорлардың жағдайын бақылау - бұл қорлардың мөлшерінің ауытқуын анықтау және осы ауытқуды жою үшін оперативті шараларды қабылдау мақсатында өндірістік-техникалык бағыттағы қорлардың деңгейін халық, тұтынатын бұйымдарды және т. б. зерттеу және реттеу. Қорлардың жағдайын бақылау қажетгілігі қордың нақты мөлшерінің шектен шығып кету жағдайында шығынның көбеюімен байланысты. Қордың жағдайын бағалау берілген қорлардық есебі негізінде жүргізіледі және үздіксіз немесе белгілі бір мезгілден кейін жүзеге асырылады. Тәжірибеде бақылаудың көптеген әдістері қолданылады, оларды келесідей белгілері бойынша топтастыруға болады:
-тексеру тәртібі:
-мерзімді және үздіксіз;
-қордын басталу деңгейі: болуы немесе болмауы;
-тапсырылған партияның мөлшері: бірдей немесе әр
түрлі.
Қорлардын жағдайын бақылау жүйесінің топтастырылуы
21-суретте көрсетілген. Қорлардың, жағдайың бағалау және жабдықтаушыға тапсырыстың қалыптасуы төменде көрсетілген жүйелердің біреуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Оперативті басқару жүйесі. Белгілі бір уақыттан кейін оперативті шешім қабылданады: тапсырыс беру немесе тапсырыс бермеу. егер тапсырыс берсе, онда қанша тауар бірлігіне беріледі.
Біркелкі жеткізу жүйесі. Бірдей уақыт аралығынан кейін тауар бірлігінің тұрақгы саны тапсырысқа беріледі. Қордың максималды деңгейіне дейін толтыру жүйесі. Бұл кезде бірдей уақыт аралығынан кейін партия тапсырысқа беріледі, яғни тауар бірлігінің саны қордын белгіленген максималды деңгейінің және қордың нақты деңгейінің айырымына тең. Тапсырыстың көлемі тапсырысты орындау мерзімінде өткізілетін қорлардың мөлшеріне көбейеді қордың нақты деңгейін мерзімді тексеру кезінде тапсырыс мөлшері белгіленген жүйе. Қорлардың нақты деңгейі бірдей уақыт аралығы арқылы тексеріледі. Тауардың тұракты көлемінің тапсырысы туралы шешім тексеру кезінде тауарлы қор аз болса немесе тауарлы қордың белгіленген бастапқы деңгейіне тең болған кезде қабылданады. Олай болмаса, тапсырыс бермеу туралы шешім қабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz