Мемлекет функциясы туралы



Кіріспе

1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері
2. Мемлекет функциясының түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
10. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.
11. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
12. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
13. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
14. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет функциясы

Жоспары

Кіріспе

1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері
2. Мемлекет функциясының түрлері

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға
көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек
мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге
қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес
қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді.
Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын,
типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік
басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық
көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,
нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай
орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырак,
тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің
функциясын құрады.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі –
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін – мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең- сатылары: функция – орган –
аппарат – мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған
мүдде – мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге
болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық
және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке
бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау.
Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға
т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу,
халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1) Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2) Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1) Құқық шығармашылық;
2) Құқықты орындаушылық;
3) Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі – әкімшілік шарт
арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі
жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық,
ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру
қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік
орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл
қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдык-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-
пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді:
а) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары).
б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік
– билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты – адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы – қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып,
білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз – функциянын өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.

2. Мемлекет функциясының түрлері

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге
бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-
басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес
бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық
қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл
функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде
функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі
функциялары:
1. Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін
көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
бірінші – салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп,
басқару;
екінші – экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:
үшінші – ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты
процесс);
төртінші – мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет функция түрлері
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
Мемлекеттің қызметтері
Мемлекеттің ішкі функциялары
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет функциясы және даму эволюциясы
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциясының белгілері
Пәндер